Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Араб мемлекеті

ті.  Бұл  шайқаста  екі  жақта  нақты  нәтижеге  жеткен  жоқ [28].

      Әли  661  жылы  Куфа  мешітіне  кірер  есікте  хариджиттердің  пышақ  жұмсауынан  алған  жарадан  қайтыс  болды.   Хариджиттердің  үкімімен  өлімге  кесілген  Муавия  мен  Амыр  ибн  ал – Асаға  жасалған  қастандық  сәтсіз  аяқталды. 

       Төртінші  тақуа  халиф  Әли  ибн  Абу  Талиф  Неджефте  жерленді.   Оның  өлімінен  кейін  Мұхаммед  пайғамбардың  көрегіндікпен  айтқан  сөзі  дәл  келді.  Ол:  мен  өлген  соң  30  жыл  өткенде  Халифаттың  орнына  патшалық  келді.  Халифты  силау  әулеттік  принциппен  ауыстырылады  деген  еді.  Шынында  да  билікке  Омейялық  Муавия  ибн  Ауб  Суфьян (661 – 680  жж.)  келді  де  750  жылға  дейін  оның  үрім  бұтағы  биледі.

       Осылайша,  арабтар  20  жыл  көлемінде  Византия  империясының  құрамына  кіретін  Азияны,  Африкадағы  кең – байтақ  территорияны  жаулап  алды  және  Иран  патшалығын  түгелдей  бағындырып,  құдіретті  державаның  саяси  тәуелсіздігіне  нүкте  қойды.  Араб  жаулап  алушылығының  тез,  әрі  жеңіл  жүзеге  асуының  себептерін  араб  тарихымен  айналысатын  немесе  өз  еңбектерінде  осы  оқиғаға  жолай  тоқтаған  Еуропа  тарихшылары  анықтауымен  шұғылданды [24 ].

     Арабтардың  жеңіске  жетуінің  негізгі  себептерін  Византия мен Сасанидтік  Иранның  экономикалық  әлсіреуімен,  ең  бастысы  осы  мемлекеттердегі  әлеуметтік  қайшылықтардың  шиеленісуімен  түсіндіруге  болады. 

     Елдер мен  облыстардағы  еңбекші  халықты  езгі мен   қанаудың    күшейе  түскен  жағдайында,  қарапайым  халық  осында   келген  араб  жаулап  алушыларына  өз  билеушілерінің ауыр  езгісінен  құтқарушы  ретінде  қарауға  бейім  тұрды.  Оның  үстіне  арабтар   өздерінің  үстемдігіне  бағынған  жағдайда   өмір  сүрудің  әлде  қайда төзімді  шарттарын  ұсынды.  Соның  нәтижесінде  арабтар  жаулап  алған  елдердің  халқының  көбі  оларға  қарсылық  көрсетпек  түгілі,  бірден  олармен  одақтасуға  тырысты: (мысалы  ерте орта  ғасырлар). 

     Арабтардың  әскери жетістігінің  себептерін  түсіндірудегі  ескі,  аты  шулы  жаулап  алушыларды  тырп  еткізбеген  діни  фантизмнің   нәтижесі  деген  тұжырым  қазір  іске  асқысыз  болып  қалды.  Араб  әскерлерінің  негізгі  бөлігін  құрған  бедуиндердің  жаңа  ілімді  білмегені  және  біле  алмағаны  белгілі.  Өйткені,  мұсылман   діни  әдебиетінің  алғашқы  шығармасы – Құранды  құрастыру  арабтарды  жаулап   алу  жорықтарының   бірінші    кезеңі    аяқталған  кезде,  яғни   ҮІІ ғасырдың  ортасында  болатын [14]. 

 

 

 

2.3   Орта  Азия  халықтарының  ислам  дінін  қабылдауы

   

     Мұхаммед  пайғамбардың  ізбасарлары,  яғни  халифтер  тұсында  олар  Пиреней  тауларынан  Инд  өзеніне   дейін  созылып  жатқан  орасан  зор  мемлекет  құрды.  Араб  Халифатының  бір қарағанда,  орта  ғасырлардың  басында  бірінен  кейін  бірі  пайда  болып,  бірақ  елеусіз  жойылып  кетіп  отырған көптеген  мемлекеттерден  еш  айырмашылығы  жоқ  болып  көрінуі мүмкін. Басқада  мемлекеттер  сияқты,арабтар  өзінен  анағұрлым  дамыған  елдерді  өзіне бағындырды.  Алайда   халифат  ғұндардың,  готтар  мен  түріктердің  ұлан-байтақ  державалармен  салыстырғанда  анағұрлым  ұзақ  өмір  сүрді  және   сондай-ақ  әлемдік  тарихқа  өлшеусіз  зор  ықпал  етті.

    Мәселе  тек  бұл  мемлекеттің  өмірінің  ұзақтығында  немесе  көлемі  бойынша  өзіне  дейін  өмір  сүрген  державалардан  әлдеқайда  ауқымды (өзінің  шарықтау  шегіне  жеткен  кезде ол  Ескі  дүниенің  ширегінен  астамын  алып  жатты)  болуында  ғана  емес.  Тарих  үшін  ең  маңыздысы  мынада – халифатта  әр  түрлі  өркениеттердің  өзара  әрекеттесуі  жаңа,  жоғары  дамыған  мәдениетті  туғызды,  бұл  мәдениеттің  тілі -  араб  тілі, ал  идеологиялық  негізі – ислам  болды,   міне  осы  мәдениет араб  жаулап  алуларының  нәтижесінде  бүкіл  әлемге  дерлік   тарады.

     Бастапқыда  халифатқа  кірген  әрбір  ел  өз  бетінше,  бұрынғы  қалпымен  өмір  сүре  берген  болатын.  Жағдай  аббасилер  (750 – 1258  жж.)  әулетінің    билікке  келуімен  өзгерді.  Осы  кезде    барлық   мұсылмандардың  құқықтық   жағынан  теңестірілуіне  байланысты  халифаттың  барлық  аймақтарында  ислам  діні  қарқынды  түрде  тарап,  қасиетті  Құран   мен  пайғамбар  хадистерінің  тілі – араб   тілі  кеңінен   енгізілді.   Көптеген  жерлерде  бірте-бірте  жергілікті  халықтың  ана  тіліне  де  айналды.  Сонымен,  Аббаси  халифатының  ыдырауы  қарсаңында,    яғни   ІХғ.  екінші  жартысында  оның  батыс  бөлігі  біржолата  арабтандырылды.  Жаулап  алушылардың  аз  ғана  тобы  аса   көп  жауланып  алынған  халықтардың  арасына  сіңісіп  кетпегені  былай  тұрсын,  керісінше  оларды  өз  этнографиялық  ықпалына  бағындырды.  Және  де  араб  тілінің  жеңісі  араб  үкіметі  шараларының  нәтижесінде  емес,  керісінше  оның  еркіне  қарсы  іске  асты.   Жауланып  алынған   халықтар  арасында  ислам  дінінің  таралуы  халифаттың  бүкіл  қаржы  жүйесін  бұзды,  үкімет   мұсылман  емес  халықтардың  арасында  мемлекеттік  тілдің  тарауын  тіпті  де  қалмаған  еді.  Христиандарға  арабша  сөйлеуге  және  өз  балаларын  мұсылман  мектептерінде  оқытуға  тиым  салынды.  Соған  қарамастан  ислам  орасан  көп  халықтың  дініне  айналды,  және  халықтың  ислам  дінін  қабылдамаған  бөлігінің  өзі араб  тілін  қабылдады  (мысалы, ал-Андалустағы  мосарабтар).

      Араб  тілі,  сондай-ақ  біртұтастықтың  басқа  да  түрін  қалыптастырды:  ІХ  ғасырдың  өн бойында  барлық  ислам  дінін  қабылдаған  халықтардың  жақындасуына  және  “араб  мұсылман  мәдениеті”  деп  аталатын  туысқан  мәдениеттер  кешенінің  пайда  болуына  ықпал  етті. Қоғамдық  деңгейлеріндегі   айтарлықтай  айырмашылыққа,  жергілікті  халықтардың  дәстүрлері  мен  тарихи  тағдырына  қарамастан,  ұзаққа созылған  күрделі  өзара  ықпалдастық  процесі  нәтижесінде,  ал  соңғы  нәтижеде  ислам  иіріміне  тартылған  халықтардың  мәдениеттерінің  синтезі  нәтижесінде  Араб  халифатына  кірген  елдерде  біртұтас  жалпымұсылмандық  мәдениет  қалыптасты.  Бұл  мәдениет  оны  тұтынған  халықтардың  дүниетанымын,  психологиясын,  қоғамдық  мекемелері  мен  өмір&n

Пред.1112131415След.
скачать работу

Араб мемлекеті

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ