Араб мемлекеті
ен дайындалды. Ислам, бәрімізге белгілі, мұсылмандық Шығыстың, Африканың айтарлықтай бөлігі мен Еуропаның бірқатар халықтарының мәдениеті мен тарихында аса зор мәдени – жасампаздық рөл атқарған және әлі де атқарып отырған аса ірі әлемдік дін. Исламға, басқа да әлемдік діндер сияқты прозелитизм, яғни өз ықпалын басқа дінді ұстанушылар арасында таратуға ұмтылу тән. Исламның тарихынан белгілі, араб халифаты Мұхаммед пайғамбардан және одан кейінгі тақуа халифтер - Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әлиден бастап өз шекарасын миссионерлік қызмет арқылы, сонда-ақ жаулаушылық соғыстар арқылы да кеңейтуге тырысып отырған. Осының нәтижесінде мұсылман әлемінің шекарасы ІХ ғ. басына қарай айтарлықтай ұлғайып, өзіне Солтүстік Африкадан Орталық Азияның межелеріне дейінгі ұлан-ғайыр территорияны қосып алды. Араб халифаты территориясының геосаяси кеңейтілуі жаңа жерлер мен халықтарды жаулап алу жолымен жүрген болса (бұл ерте дүние мен орта ғасырлар және, сондай-ақ жаңа заманның барлық мемлекеттеріне тән жағдай), ал жауланып алынған халықтардың іс жүзінде ислам дініне өтуі күштеу жолымен жүрді деп айта аламыз. Көбіне арабтар өздеріне қаратқан жерлердің жергілікті халқы, бұл жерлерде ислам мемлекеттік дін болғанына қарамастан, өздерінің дәстүрлі діндерінде қала берген.
Халифатқа кірген территориялардың исламдану процесі баяу жүрді және оның өзіндік ерекшеліктері болды. Мысалы, Омея әулеті кезінде (661 – 750 жж.) мұсылмандар христиандар мен зороастийліктердің діни істеріне араласпаған. Құранда исламға тек, жаңа діннің басты жауы болып табылатын пұтқа табынушыларды өткізу қажеттілігі жөнінде ғана айтылады. Мұсылмандықты таратуда күш қолданбау “жаңа дінді” халықтың көпшілігінің өз еркімен қабылдау процесін тездетті. Бұл турасында Г.Э.Фон Грюнебаум былай деп көрсетеді: “ислам әлемі көптеген әр түрлі діни қауымдардың бейбіт қатар өмір сүру мәселесінің шешімін таба білді. “Қасиетті жазбалары бар халықтардың” (“Люди писания”), соның ішінде, ең алдымен, иудейлер мен христиандардың, ал олардан кейін зорастрийліктердің, егер олар билікке, әсіресе атқару өкіметі органдарына қатысуға ұмтылмаса, жеке ісіне қол сұғылмайтын болды”.
Ұлан-байтақ Орталық Азия аймағына исламның ықпалы УІІІ-ІХ ғғ. бастап тарай бастады. Исламның бұл аймаққа енуі тез арада іске асқан бір мезгілді акт болған жоқ, ол бірнеше ғасырларға созылған, ұзақ бір процесс болды.
705 ж. арабтар Амудариядан шығысқа қарай жатқан жерлерді жүйелі түрде жаулауға көшті. Кутейба ибн Муслим, ат-тарабидің мәліметі бойынша осы Балхтың бірқатар аудандарын басып алып, 706 жылы Пайкендке қарай жүрді. Түріктер мен соғдылықтардың біріккен күші араб әскеріне қарсы ойсырата соққы береді. Алайда Кутейба ибн Муслим одақтастар арасындағы алауыздықты пайдаланып, ақырында қаланы басып алады, бұдан кейін ол Бұқара мен Самарқандты алады. 714 ж. Ферғана мен Исфиджап жауланып алынды. 705 ж. Хорасанның әмірі етіп тағайындалған кутейба ибн Муслим әл-Бахили ақтық деміне дейінгі өмірін Мәуреннаһрдың мұсылмандануы үшін жұмсаған.
Мұсылман діні мен мәдениетінің ықпалы Орталық Азия аймағында 766 жылы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда саяси үстемдікке қол жеткізген қарлұқтар арасында ең алғаш рет тарай бастағандығын айттық. Олар исламды Халиф Махдидің тұсында-ақ (775-785 жж.) қабылдаған деген пікір бар. В.В.Бартольд: “бұл пікір қарлұқтардың тек бір бөлігіне ғана қатысты болса керек, өйткені қарлұқтар мемлекетінің көп бөлігін саманилер тек ІХ ғасырдың ортасынан бастап-ақ өздеріне қаратып, ислам дінін енгізген”, - дейді.
Алайда, бұл жерде В.В.Бартольд ислам дінінің түріктер арасында тек жаулап алу арқылы ғана емес, керісінше, көбіне бейбіт жолмен тарағанын ескермеген сияқты. Ислам дінінің қарлұқтар арасында бұл ерте тарауын 751 жылғы атақты Талас шайқасымен байланыстыруға болады. Жоғарыда айтылып кеткендей, бұл шайқас орталық Азия аймағы Қытай мен Аббаси халифаты өкіметтерінің қайсысына қарайды деген мәселені ғана емес, ол сондай-ақ бұл аймақ халықтары қиыршығыстық және араб-мұсылман өркениеттерінің қайсысының ықпалына түседі деген мәселені де шешіп береді. Талас шайқасында жеңіске жеткен арабтар бұл жерде тек бір гарнизонын ғана қалдырып, ал басым бөлігі Мәуереннаһрға қайтып кеткені белгілі. Алайда еркіндік сүйгіш түріктер (қарлұқтар) осы оқиғадан кейін өздеріне қауіп төндіріп тұрған екі империяның ішінде араб халифатының қол астында (қамқорлығында) болу анағұрлым тиімді екенін түсінді. Сондай-ақ талас шайқасынан кейін, арабтармен жақын араласа бастаған түріктер, олардың дінімен танысады, өйткені осы кезеңде Жетісу түріктері арасында ислам мәдениеті тез қарқынмен тарай бастаған еді. Бұл діннің өздерінің рухани сұраныстарына жауап беретіндігін ұғынған қарлұқтар оны өз еріктерімен қабылдаған деген болжам жұмсауға болады.
Сондай-ақ, талас өңірім мен жетісуда ислам дінінің УІІІ ғасырда-ақ тарай бастауын, бұл аймақтың Ұлы Жібек жолындағы маңызды пункт болғандығымен де түсіндіруге болады. Орта Азияда ислам үстемдікке жетісімен-ақ мұсылмандар бұрынғы сауда керуендерін жөнелте бастады. Қытай тарихынан біз мұсылман керуендері УІІІ ғасырда-ақ қарлұқтар елі арқылы жоғары Енисейге, қырғыздар еліне барып тұрғанын білеміз, мұсылман деректерінде де, орхон жазбаларында да осы сауда жолдары туралы мәліметтер кездеседі: Саян жотасы орхон жазбаларында да, мұсылман деректерінде де кегмен деп аталады. Сондай-ақ ертіске баратын екі жол туралы да мәліметтер бар. Арабтар, әрине, көбіне сол дәуірдегі негізгі бәсекелесі, аса қуатты мемлекет – Қытайға баратын сауда жолдарын көп зерттеген, сондықтан да осы жол туралы және оның бойындағы тұратын түрік тайпалары туралы мәліметтер мұсылман деректерінде өте көп. Исламның басты артықшылығы, әрине, мұсылман әлемінің сол дәуірдегі өркениетті халықтар арасындағы мәдени (материалдық және рухани) біріншілігіне байланысты еді. Дала халықтары әр кез отырықшы елдердің өнімдеріне, әсіресе, киім-кешек, тұрмыс бұйымдарына зәру болды. Отырықшы елдер мен далалықтар арасында болған, ол қай жерде жүрмесін –Қытайда ма, мұсылман елдерінде ме, көшпенділерге ең алдымен маталар қажет болды. Көшпенділермен сауда отырықшы халықтарға да тиімді болған, олар көшпенділерден анағұрлым арзан бағаға мал шаруашылығы өнімдерін, әсіресе ет алып отырған. Орта азиядағы түріктерге шекаралас жатқан мұсылман елдері үшін де өз кезегінде дала халықтарымен сауданың үлкен маңызы болды, Хорезм шеберханаларында дала халықтары үшін арнайы маталар шығарылып отырылған. Түріктер арасында исламды таратуда орта азиялық көпестер үлкен рөл атқарды. Махмұт қашқари өз “көпесі” бар адамды білдіретін “баста” деген терминді келтіреді. “Баста” белгілі бір мұсылман көпесі мен байланыста болады, оны жақсы біледі. Көпес үнемі соның үйіне тоқтайды, “оған ислам елінен киім-кешек, әйеліне орамал, біраз бұрыш, тары, жүзім және жаңғақ әкеліп тұрады”.
Таяу Шығыс, парсы елі және Орта Азиядан келген көпестер жай ғана көпестер емес еді, олар пайда табуды ғана көздеп қоймай, сондай-ақ дін мен мәдениетті таратушылар да болды. Сауда мен дін ол дәуірде бір-біріне қайшы келмеді (Мұхаммед пайғамбардың өзі діни қызметінің алдында саудамен айналысқан еді). Сауда керуендерімен, немесе бейбіт қоныстанушылар, дін уағыздаушы және саяхатшылар ретінде арабтар УІІІ ғ. өзінде-ақ Орталық Азияға – Ертіс бойындағы қимақтарға, шығысында – ұйғырларға, батыста – бұлғарлар мен хазарларға дейін жеттті.
Мұсылмандардың тауарларымен және жалпы өмірімен таныса отырып түріктер олардың мәдениетін, соның ішінде дінін де қабылдауға асыққан. Монғолияны мекен еткен халықтар жайында мұсылман әдебиеті ештеңе де айтпайды, алайда біз қытай деректерінен 924 жылдың өзінде-ақ Монғолияда мұсылман көпестерінің болғандығы жөнініде мәлімет аламыз.
Көріп отырғанымыздай, Орталық азияның қиыр Шығыс аудандарының өзіне УІІІ ғ. бастап-ақ мұсылмандар еніп, өз дінін уағыздай бастаған және оның негізгі жолы бұл дәуірде сауда жолдары болған.
Түріктер арасында исламның кеңінен тарауы, В.В.Бартольд атап көрсеткендей, Орта Азияда ирандық саманилер әулеті билік құрған кезден басталады. Саманилер арабтар бастаған “дін жолындағы қасиетті соғысты” одан әрі жалғастырып, әлі де болса ислам дініне өтпеген түріктерге қарсы жорықтарын бастады. 839-840 жж. Саманилердің билеушісі Нух ибн асад испиджабқа жорық жасап, қаланы бағындырды, сөйтіп жүзімдіктер мен егістіктерді қоршап, қамал тұрғызды. 859 ж. оның ағасы Насыр І ахмед Ибн Асад Шауғарды жаулап алды. Фарабтың мұсылмандардың қолында болғаны туралы Ибн хордабектің: “Фарабтың б
| | скачать работу |
Араб мемлекеті |