Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Араб мемлекеті

рриторияларында  араб  үстемдігін  орнатқан  араб  жаулап  алу  соғыстары  бірнеше кезеңдерден  тұрды.  Бірінші  кезең  алғашқы  үш “әділ  халифтардың- Абу  Бәкр (632-634 жж.)  және  Осман  (644-656жж.)   билігі  тұсында  өтті.

     633  жылы  күзде  немесе  634  жылы  көктемде, әрқайсысында 7500  жауынгерден  тұратын  үш  араб  әскері,  Сирияға  басып   кірді.  Медина халифатына  аравиялық  тайпаларды  бағындыру  арқылы  бұл  әскердің  күші  толықты.  Византиялық  қарулы  күшпен,  алғашқы  қақтығыс [31]  өлі  теңізден  оңтүстіктегі  Вади – л – Арабта  және Газды  ауданында  өтті. Бірнеше  бекеттер орналасқан  және  жергілікті  тұрғындардан  асығыс  жасақталған,  әлсіз  византиялық  гарнизондар  өз  дәрежесінде  қарсылық көрсете алмады.  634  жылы  жазда  арабтар  Бусраны  алып,  Аджнандин (Аджадейн)  және Фихм  түбінде  византиялық  әскерге соққы   берді.  Бекініс   қамалдарындағы  палестина  және  сирия  тұрғындары  тойтарыс  беретін  және  шабуыл  жасайтын  техниакалары  араб   отрядтарында  қарсы  қорғанысқа  өте  зауықсыз  қатысты.  Олар  арабтардың  әскер  басшыларымен  келісімге  келуді  артық  көріп,  “өмірін, мүлкін,  балаларын  сақтау  және  басы  салығын  төлеу  шартымен”  арабтарға  бекініс  пунктерін өткізіп берді.  Византия әскерлері  өздерінің  соғысу  қабілеті  жағынан  арабтарға  жетпеді,  олармен  шайқаста  үнемі  жеңіліс  тауып,  үлкен  қалаларға  жасырынып  қалатын.  635  жылы  ақпанда  Мардж  ас – Суффара   түбіндегі   шайқастың  нақты  барысы  қиял  туындысы  болмағанда,  византиялық  әскердің  қайсарлығын  мойындауға  болар  еді.  Белазуридің  хабарлауына  қарағанда  византиялықтардың  “қырғын  күреске  кіргені  соншалық,  суға  аққан  қанмен  диірмен  қозғалысқа  келтірілген” [4].

     Арабтардың  Хирамен  шекаралас  оңтүстік Иракқа  басып  кіруі  ал- йемамдағы   соғысқа  дейін  басталып,  шапқыншылық   сипат  алған. Йемамдық  халифтердің  қарсылығын  басқаннан  кейін,  қолбасшылығында  500  мединалық  пен  меккелік  қалған  Халиф  ибн ал – Валид  бекр ибн вайл  тайпасын  өз  жағына  тартып  солардың  көмегін Хираны  алады.

    Бек  ибн  вайл  Орталық  Аравияда  ал – Иемамнан  Парсы  жақтағы  жерге  көшіп  қонған  көп  санды,  әрі  құдіретті  тайпа  болатын.  Бұл  тайпаның  көп  бөлігін  несториандық  дінге  сенуші  христиандар  құрайтын. Сондықтан  ислам   діні  жаулап   алу  жорықтарына  үндейтін  себеп  бола  алмайтын.  Бірақ,  бұл   тайпаларда   ислам  пайда  болғанға  дейін-ақ  олжа  табу  мақсатымен    Оңтүстік  Иракқа  басып  кіру  арқылы  жинаған  тәжірибесі  бар  болатын.  610  жылы  осындай  отрядтар  Зу-Каре   түбіндегі  иран  әскерімен  шайқаста  оларды  жеңе   алды.  634  жылы  наурызда  500-800  салт  атты   әскері  бар   Хамид  бұйрық  бойынша  шөл  арқылы  Мединадан  Даманскіге  жіберілді.   Араб  отрядтары  Даман  маңындағы бау-бақшалы  аудан  Гутуды  алды  және  мұндай  бекіністі  не  тәжірибелері,  не  құралдары  жоқ  болғандықтан  қалай  аларларын  білмеді.  635  жылы  қыркүйекте  алты  ай  қоршаудан  кейін  комендант  және  жергілікті  эпископ  қала  халқының  қысымымен  Даманскіні  арабтарға  берді.  Қоршағандардан,  қосатынынан  қала  қабырғаларына  шығатын  бірде-бір  саты  табылмады, ал  бекініс  қақпалары  ішінен  тастармен  және  бөренелермен  бітеліп  тасталған  еді. Жеңімпаздарға  Гутудағы  бір  монастрдан  саты  алуға  келді.

     Арабтардың   басып   кіруі  ірі  жаулаушылыққа  айналып  бара  жатқанын  түсінген  Византия  әскери  қолбасшылығы  мператор  Ираклидің  басшылығымен  Солтүстік  Сирияға  көп  әскер  шоғырландырды.  Гректермен  (румдық)  бірге  оның  құрамына  ал – Джериа   мен  Армения  тұрғындары  мен  сириялықтардың  отрядтары  енді.  Византия  әскерінің   саны,  араб   тарихшыларының   асыра  санауымен  200  мыңға  жеткен  дейді.  Араб  отрядтары  жауынгерлерінің  саны  мәліметтер  бойынша  24  мыңнан  асқан  жоқ.  Византиялықтардың  жақындауына  байланысты  арабтар  Даманск  және  тағы басқада  қалаларды  тастап,  Иорданның  шығыс  тармағындағы  Йармук  ауданына  шегінді.  636  жылы  20 тамызда  осы  жердегі  ірі  шайқаста  византиялықтар  қирай  жеңіліп,  70  мың  жауынгерлерінен   айырылған.

     Визатиялықтардың  соғысу  қабілетінің  нашарлауына,  шайқасқа  дейін – ақ  өзара   қақтығысып  қалған  грек  және  армия  бөлімдерінің  алауыздығы  кері  әсер  етуі  Гассанид  патшасы  Джебел  ибн  ал – Айхан  бастаған  сириялық  арабтар  шайқас  кезінде  арабтар  жағына   шығып  кетті [15]. Йармукта  византиялықтарды  толық  талқандағаннан  кейін   арабтар  Сирияның  толық  билеушісіне  айналды.  Аңыз  бойынша  император  Ираклий  бұл  елді  мүлдем  тастай  отырып,  шекарадағы  бір  шатқалды: “Қош  бол,  Сирия !” – деген  екен.

     Арабтар  Даманскіні  қайта алып,  содан  кейін   Солтүстік  Сирияны  бағындырды.  638  жылы – жыл қоршаудан  кейін – Иерусалим, 640 жылы  7 жыл  қоршаудан  соң – Кайсария  берілді.  Мұндай  ұзаққа  созылған  қоршау  арабтардың   әскери – техникалық  мүгедектігінен  емес,  осы  портты  қалалардың  гарнизондарының  теңіз  арқылы үнемі  көмек  алып  тұруымен  түсіндірілді.  Арабтардың   визатиялықтардың   теңіз  флотымен  күрестен  еш  құралы  ол  кезде жоқ  болатын. 

     Иракта  Хираны  алғаннан  кейін  арабтар  сасанид  әскерімен  шайқаста  бірнеше  рет  жеңіліп,  бұл  қала  мен  оның  облыстарынан  кетуге  мәжбүр  болды.  Бедуиндерге  күшті  әсер  қалдырған,  олар  үшін  қорқынышты  жануар  болып  көрінген   иран   әскери  пілдері  еді.  Бірақ,  635  жылдың  аяғында  Бувейте  түбінде,  Евфратта  Иран  әскерлерін  әкеліп,  жеңілген  арабтар  қайтадан   Хираны  алды,  ал  637  жылы  31  мамыр  немесе 1 маусымда  Кадисия  түбінде  кейін,  осы  ірі  шайқастан  соң  арабтар  Сасанидтер  астанасы  Ктесифонға  кірді, ол  қала  арабтарда  Мадаин  деген  атпен  белгілі  Шахиншах  ІІІ – Йездигерд  пен  сарай  маңындағылар  қашып,  кетеннен  кейін  қала  тұрғындары  арабтарға  қала  қақпасын  ашты.

    Арабтар  әскер   басшыларымен   Иран  әскери  қолбасшылығымен  жасасқан  бейбіт  келісімі  көп  ұзамай  арабтар  тарапымен  бұзылды.   Сол  кезде  солтүстікке  қарай  жылжыған  араб  әскерлері  641  жылы  Мосулды  алып,  Хамадағы  Нехаведен  түбінде  ирандықтарға  күшті  тойтарыс  берді.  644-645  жылдары  Араб  әскерлері  Белуджистан

Пред.678910След.
скачать работу

Араб мемлекеті

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ