Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Араб мемлекеті

у  еді.  Жаңа  дінің  шағын  ғана  уағызшылары  Мұхаммедтің  өзі  бас  болып  осы  іске  жарғақ  құлақтары  жастық  көрмей   жанталаса  кірісті.  Құрайштардың  арасынан  жаңа  дінге  алғаш  боп  ден  қойған  Әбу  Бәкір  еді.  Ол  құрайштардың  Тайм  атасынан  болатын.  Ислам  дінін  өзі  ғана  қабылдап  қоймай,  ол  сонымен  бірге  оның  белсенді  үгітшісі  айналды.  Басқа  аталардан  Әбу  Бәкірден  кейін  Ислам  дініне  ынта  қойып,  қалтқысыз  мойын  ұсынған  Әбді  Шаме  атасынан  он  үш  жасар  Осман  ибн  Афан.  Әбді  Шаме  Меккені  ашса  алақанында,  жұмса  жұдырығында  ұстап  тұрған  ықпалды  екі  қауымның  бірі [45].

       Он  үш  жасар  Османның  Ислам  дініне  енуі - Әбу  Шаме  атасының  іргесі  сөгілуі  емес – ті.  Османмен  бір  тұста  мұсылман  жорасын  Асад  әулетінің  өкілі,  Мұхаммед  пен  Хадишаның  туысы  отыз  жасар  Әл – Зубейра  да  қабылдады.  Ол  Асад  әулетінің  ықпалы  жоқ ,  қатардағы  адамының  бірі  еді.  Ал  оның  есесіне  Зухра  әулетінен  Әбді  ар – Рахманның  Исламға  бой  ұсынуы  елеулі  жеңістердің  бірі  болды.  Осы  шамада  Зухра  әулетінен  он  жеті  жасар  Сайд  ибн  Уаққас,  Тайм  әулетінен  жас  Тальха  ибн  Ұбайдолла  да  мұсылмандықты  қабылдады.  Мұның  бәрі  Әбу  Бәкірдің  жігерінің  арқасында  жүзеге  асты.  Алтайда  енді – енді  орныға  бастаған  Ислам  дінінің  жолы  теп – тегіс,  даңғыл   бола  қойған  жоқ.  Алғашқыда  ол  жасырын  түрде  ағайындар  арасында  тарады.  Содан  біртіндеп  қанатын  жайып,  шеңберін  кеңейткендей  болғанымен,  іргеленіп  күш  алып  кете  алмады [13].

      Үш  жылда  мұсылмандыққа  өткендердің  саны  бар – жоғы  қырық – елуге  жетті.  Араб  тарихшылары  ұзақ  жылдар  бойы  мұсылман  үмметіне  алғаш  енгендердің  тізімін  жасап  келеді. Соған  қарағанда   жаңа  дінді  жақтаушылардың  көбі  жастар,  өздері  жеке  бастары  атақ-абыройға  жете  қоймағанымен,  ауқатты  әулеттен   шыққандар  да  жоқ  емес.  Ал  бір  кезде тұтқын  болып  басы  азаттық  алған  адамдар  мен құлдардың  мұсылман болғандары   тым  аз  еді.

     Құлдар мырзаларының  ықпалымен  жүріп  тұрды.  Мұхаммедті  қолдаушылар  негізінен  өзі  сияқты  ұсақ  саудагерлер  еді [39].

     Мұхаммед  пен  оны  жақтаушылардың  Иасрибке  қоныс  аударуы  араб термининде  хиджра  деп  аталды. 

     Бұл  жерде    Мұхаммедті  оның тайпалары  қабылдаған,  солар  кіретін  жаңа  діни  қауымның бас  уағыздаушысы, билеушісі ретінде  таныды. Мұхаммедтің  жағдайы  қиын  болды.  Иасрибдтегі  тайпалар  көсемі  оның  жоғарғы  діни  беделін  мойындағанымен,  шындығында  билік  пен  күштің  барлығы  солардың  қолында  болды.  Мұхаммедтің  қауымының  ішкі  өміріндегі  ұйымдастырулардың  алғашқы  қадамдары  өте  сақтықпен  жасалды.

    Дінге  сенушілердің  жаңа  қауымды  құрудағы  алғашқы  маңызды  келісімдердің  бірі  Мухаджирлер  мен  ансарлар   арасындағы  ағайындастық  құруы  еді. Бұл  арадағы   ағайындастық   құруда  оларды  туған  бауырластай  қылып жіберді.  Иасрибтағы   барлық  араб   тайпалары  ресми  түрде  исламды  қабылдағанымен,  олардың  арасынан  кейбіреулері  сыни  көзбен де  қарады.  Әсіресе  иудиліктер  жағынан  оппозиция  күшті  болды.

     Олар,  әрине  Мұхаммедтің  құдайшылық  миссиясын  таныған  жоқ.  Мұхаммедтің  Иасрибке  келгеннен  кейінгі  жарты  жылында  ол  мұнда мешіт  салдырта  бастады  [44].  Иасрибтегі  позициясы  әбден орныққаннан  кейін,  оның  Меккеде  де  қарсылық  көрсететін  ешкімі қалмады.  Сауда  жолдарының  Иасриб  жанынан   өтетіндігіне  байланысты,  Меккеліктердің    керуендеріне  ауыр  соққы  жасауларына мүмкіндік берді.  Көптеген  нәтижесіз  шапқыншылықтардан  кейін,  Иасрибті  ұстап  тұрған  билігінің   жеткіліксіздігінен   Мұхаммед  өзі   шапқыншылықты   басқа  алады.  624  жылғы  ең  бірінші   жеңістері  Мекке   мен  Таиф   жолындағы  Нахл   қаласын  аздаған  мұсылман  топтарының  алуымен  аяқталды.  Ал  ислам  тарихындағы  алғашқы   өлімдер,  түсірген  (құлдар)  тұтқындар  мен  пайдалар  туралы  мұсылмандар  мен  ансарлар   арасындағы   қарулы қақатығыстар  төңірегіндегі  әңгімелерден  көреміз.  624 ж. 15  наурызда  Бадр  маңында  Мұхаммед  пен  Әбу  Бәкір  бастаған  Мұсылмандар  мен   меккеліктер  арасында  кескілескен  шайқас   болды.  Өте   күшті  қарсыласының  бүйтіп  тас-талқан  болып  жеңілуі   екі  жақты  да  таң  қалдырады [41]. Мұхаммедтің  екі  жыл  бойғы  Иасрибтегі   уағыздауы   идеологиялық  танымдылық  пен  ішкі  сыртқы   ерекшеліктердің    түрін  байқатты.  Мұхаммедтің  жеңістері  көпшіліктің   алдындағы  оның  дұрыстығын дәлелдей  түсті.  Иасриб  қарапайым  қаладан  мұсылмандар  үшін  Мадинат  ан-наби  немесе  Седина  деген пайғамбар  астанасына  айналды.

     Бадр  түбіндегі  жеңілістен  Мединаға  қашқан  Абу  Суфиан   күйрей   жеңілгеннен  әбден  кектенді. Жалғыз  өзінің   күшімен  Мұхаммедті  жеңе  алмайтынын  білген  ол,  өз  жағына  Тафтың  сакифиттері  мен  ахабши  бірлестігіне  кіретін  тайпаларды  таратады.  Армияның  жалпы  санында  3000  адам  болды.  Бұл  армия  625 ж.  21  наурызда  Мадинадан  10  км.  оңтүстік-батыста  орналасқан  Зу–л–Хулайфы   жеріне  келеді [43].  Осы  кездерде   Медина  әлі  соғысқа  дайын  емес  еді.  Бірақ  адам  жинап  үлгерген  Мұхаммедтің  әскері   соғыс  аяғында  қашып үлгереді.  Соғыстың  Мұхаммедтер  үшін  жеңіліспен  аяқталғанымен,  оның  мединелік  жақтастары  арасында  беделі  түспеді.  Ал Мединаның  көршілес  көшпенді  тайпалары  Мұхаммедке, енді.  Ухудадағы  жеңілістен  кейін  де  Мұхаммедтің   соғыс   қозғалысы  бұрынғыдай  шығысқа  бағытталған  болатын.

    Ухудадағы  жеңілістен кейін  де  Мұхаммедтің  Мекке  мен  Медина  арасындағы  тайпаларға  ықпалы  тоқтаған  жоқ.  Қарсыластарына  төтеп  беру  үшін  меккеліктер  Мұхаммедке  қарсы  ең  соңғы  күштерін  жинады.  627 ж.  наурыздың  аяғында Медина  жаққа  қарай  ондаған  мың  курайшиттер  мен  олардың  жақтастарының  әскері  жақындап  келді. Мұхаммед  меккеліктердің  негізгі  әскер- кавалерияға  қарсы  Мединадан  6 км. ор  қаздыртып  тасады.  Енді  соғысты  ордың  ішінде  өткізуге  тура  келеді [25].  Меккеліктер  Мединада  қалған курайза  иудей  тайпаларымен   астыртын  келіссөз  жүргізіп  жатқан  кезде,  Мұхаммед  басқа   тайпаларды  өз  елдеріне  кетіруге  итермелеген  еді.

Пред.678910След.
скачать работу

Араб мемлекеті

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ