Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Араб мемлекеті

сы   күресті  әскери  ал- Иемамадағы  Мусейлима  деген   әулие  белсенді  жүргізді.  Мединалық  ислам  діндегілердің  үстемдігіне   қарсы  Орталық   Аравиядағы  асад  тайпасының  күресін  Тулейха  басқарды.  Ол  исламға  қарсы  күресін  Мұхаммедтің   тірі  кезінде-ақ  бастаған  болатын.  Мұхаммед  өлген  соң фазада,  тайм  тайпаларының  қолдаушылығына  ие  болды.  Халид ибн ал- Валидтің  әскері  Тулейха   жасағының тас-талқанын  шығарды.

     Тулейха   қашып  құтылды.  Кейін  ол  ислам  дінін  қабылдап, араб жаулап алушылықтарын  белсене  қатысты.  Сөйтіп, “ар-рида”  діннен  безу  емес,  тек  көпшілік  тайпалардың  жаңа  ислам  дінін  бірден  мойындамауы,  оған  алғаш  қарсылық  көрсетуі  болды.  “Ар-рида” екінші  жағынан  барлық  араб  тайпаларын  медина-меккелік  қауымының  билігіне  бағындырып, оларды  жаулап  алушылық  соғыстарына  тарату  болды.  Барлық  араб  тайпаларын  біріктіру екінші  тақуа  халиф  Омар  ибн  ал-Хаттабтың  (634-644 жж.)  тұсында  аяқталды.

     Ортағасырлық  араб   тарихнамасында  араб халифатының  құрылуы,  яғни  жаулап  алынған  жерлерде  бір орталыққа  бағындырылған  үкіметтің  құрылуы  осы  тақуа  халифтың  білікті  де  шебер,  данышпан басшылығының  нәтижесі  деп  көрсетілді. Ол  өте ақылды,  әділетті, қарапайым, белсенді, әскер  басшы  болған.  Ислам  діні  мен  мұсылмандар  мүдесіне жан-тәнімен  беріліп, адал  қызмет еткен. Ол  нағыз  демократ  болған.  Омар  мұсылманша  жыл санау  Хиджраны  енгізген.

     Омардың  тұсында  диван  құрастырылған. Ол парсы  сөзі, “тізімі”  дегенді  білдіреді.  Ол  тізімге  жаулап  алынған  жерлерден  салық  жинауға  құқысы бар  жеке  адамдар  мен  тайпа  аттары  енген.  Жаулап  алынған  жерлер   сол  тізімге  енгендер  арасында  бөлініп, ол  жерде  отырған  елден  “харадж”  деген   адам   басына  жер  салығы  жиналатын.  Ол  салықтан  түскен  табыс  мұсылмандар  арасына  тең  бөлініп  таратылған [17].

     Дивандағы  ең  бірінші  тұрған  Мединалық  қазынаға   және  аймақтардағы  бейт,  ал-малдарға  барлық  жиналған  алым - салықтардың  бестен  бірі  түсіп  тұрғды.

     Әскердегі  қызметін  арабтар  өздерінің  құрметті  борышы  деп  санады.  Ислам  әскері  араб  тайпаларының  жасақшыларынан  тұрды.  Араб  жауынгерлері  соғыста  түскен  олжадан  басқа  жергілікті  халықтан жиналатын  азық-түлік  есебінен  және  бейт  ал – малдан  бөлінетін  жалақы  есебінен  күн көретін.  Жаулап  алынған  елдерге  қоныстанған  арабтардың  көпшілігі  бағындырылған  жергілікті  халықтардың  есебіне  күн  көріп,  өнімді  еңбекпен  айналыспады.  Егіншілікпен  арабтар  айналысқылары  келмеді.

     Арабтардың   ру-тайпалық  ұйымдары  жаулап  алушыларды бағындырылған халықпен  араласып  кетуден  қорғады.  Арабтар  көбінесе  өздерінің  әскери  лагерлерінің  қасына  жергілікті  халықтар  да  қоныстана  бастады.  Олар  арабтарға қызмет  етіп,  тауып  жатқан  олжаларынан  үлес  алып,  күн  көретін.  Араб  әскери    лагерлерінің  маңына  қолөнершілер  мен  малайлар,  ұсақ-түйекпен   сауда-саттық  жасайтындар  қоныстанатын.  Олардың  арасында  әртүрлі  алаяқтар  мен  жезөкшелер  жеткілікті  болатын.

     Басып  алынған  ескі  қалаларда  арабтар   жеке  кварталдарға  орналасатын.  Кейде  ол  кварталдардың  тұрғындарын  көшіріп  жіберетін, сүйтіп  оны  толығымен  өздеріне  босатып  алатын.  Арабтар  өз  әскерінің    қатарына   жаулап    алынған   халықтардың  өкілдерін  алмады. (тіпті  олар  ислам  дінін  қабылдаса  да).  Ал  бұрын  Аравиядан  көшіп  келіп,  бірақ  көршілерінің  ықпалымен христиан  дінін  қабылдаған  арабтар  дереу  жаулап  алушылар  қатарына  барып  қосылып  жатты.  Әсіресе  Сирия  мен  Иорданиядағы  христиандық  арабтар  елеулі  әскери-саяси  рөл  атқарды.  Мұсылман-жаулап  алушылар  тек христиан, иудей діндегілерге  ғана  емес,  сондай-ақ зороастризм  діндегілерге  де,  манихейлер   мен  сабиялықтарға  да  ешқандай  зорлық-зомбылық  көрсеткен  жоқ,  ислам  дініне  кіру-кірмеу  еріктерін  өздеріне  қалдырды [32].

     Ислам  дінін  қабылдаған  жат  елдіктер  жан  басына   салынатын  жер  салығынан  босатылатын.  Бұл  қазынаға  байлықтың  аз  түсуіне   себеп  болатын.  Сүйтіп,  арабтар  жаулап  алған  деген  тұжырым  шындыққа  ұласпайды.  Шын  мәнінде  жаулап  алынған  жерлердегі   исламдандыру  өте  ұзақ   прцесс  болды.  Ол  процесс  кейбір арабтардың  шығыс  елдерінде  осы  күнге  дейін  аяқталған жоқ.  Мысалы, ІХ ғасырда  Египет халқының  басым  көпшілігі  христиан  діндегілер (копттер)  болды.

     Арабтардың  өркениетті  елдерді  жаулап  алып, оларда  өз  биліктерін  орнатулары  араб  қоғамындағы  экономикалық  және  әлеуметтік  дамуды  тездетіп,  күрделендіре  түсті.  Қолында  билік  бар  мұсылман  қауымының  мүшелері  баий  түсті,  ал  қолынан ешнәрсе  келмейтіндердің  жағдайы  онан  сайын  қиындай  берді. Бұл  халифтар алдымен  байуды  дегенді  білмеді.  Алғашқы  халифттер  өте  қарапайым  өмір  сүрген.

     644  жылы  ирандық   құлдың  қолынан  Омар  қаза  тапқан  соң  Осман  ибн  Ал-Аффан  халиф  болды.  Ол  да  омейя  руынан  болатын.  Ислам  дінін  қабылдағанға дейін ол  өсімқорлықпен  айналысатын  байлардың  бірі  болған.  Ол  сонымен  қатар  иіс  сулар  жасап  сататын,  асыл  тұқымды  сәйгүлік  ат  өсіретін.  Мұхаммедтің  Үркия  деген  қызына  үйленген.  Ол  қайтыс  болған  соң  тағы  бір  қызы  Үмму  Гүлсімді  алған.  Содан   ол  құрметті  “Зу–н –Нұрайын” – қос  сәлеге  бөленген  деген  атақ  алған.  Ол 644 – 645-шы  жылдар  аралығында  Халифтық  құрды.  Оның  ең  үлкен  және  аса  маңызды  жұмысы – Құранның толық  жинағын   әзірлеу,  кітап  қалпына  жеткізу  болды.

    Осман  өлген  кездегі  оның  байлығы  150 мың  динар  мне 1 млн. Дирхем  құрған.  Сонымен   қатар  100-ге  жуық  жылқысы, 1000  түйесі,  10 000  қойы  болған дейді  Е. Беляев.  Ақыры  бұл  байлығы  оның  түбіне  жетті  [14].  656  жылы  наразы  болған  арабтардың  өздері  көтеріліс  жасап,  Османды  өлтірді.

 

 

2.2 Алғашқы төрт тақуа халифтарының  тұсындағы  Араб жаулап алушылықтар

 

    Аравияны  толық  жаулап  алғанға  дейін  Мекке-Медина  қауымының  қарулы  күштері  мен  оларға  қосылған  бедуин  тайпалары  көрші өркениетті  елдерге  басып  кіре  бастады.  Нәтижесінде  ҮІІ-ҮІІІ  ғасырларда  Азияның,  Африканың  және  Еуропаның  ұлан-байтақ  те

Пред.678910След.
скачать работу

Араб мемлекеті

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ