Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Араб мемлекеті

  Нәтижесіз  болған екі  апталық  ордағы  соғыстан  кейін   меккеліктер  бұл  жерді  тастап кетеді.  Осы  кездерде  Мұхаммед  курайз   тайпаларынан  кек  қайтарады;  еркектерін  өлтіріп,  әйелдер  мен  балаларын  құлдарға  айналдырады.  Мединедегі исламның ең  соңғы қарсыластары  жеңілуі   осылай  аяқталады.

    628 ж. меккеліктер  бастаған  келіссөздерден  кейін  екі  арада  шабуыл  жасаспау  туралы  шартқа  келісім  береді.  Меккеліктердің   оларды  тең  жағындай  көріп,  келісім-шартқа   қол  жетуі – Мұхаммедтің  үлкен  саяси  жеңісі  болды.  Худайбидегі  келісімінен  кейін  мұсылмандар  Хайбар  оазисін  жеңіп  алады.  629 ж.  [23]  Мұхаммед  бастаған   2000  мұсылман Меккеге  қажылыққа  барып  келеді. 626  ж.  желтоқсанда  курайшиттермен  одақтас  тайпалар  Мұхаммед  әскерлеріне  Мекке  түбінде  шабуыл  жасайды.  Бұған   жауап  ретінде  630 ж. қаңтарда  ол  он мыңдаған  әскерін Меккеге   қарай  аттандырады.  Осымен  Меккенің   тағдыры шешілгендей  болды,  ал  Абу  Суфиан  ислам  дінін  қабылдайды.  12  қаңтар  күні  мұсылмандар    толығымен  Меккеге   басып  кіреді.  Осы  кездерде  Меккенің  солтүтік-шығыс   тауларында  мұсылман  шапқыншылығына  қарсы  хавазин  мен  скиф  тайпалары  дайындықта  еді.  Ай  аяғында  мұсылмандардың  12  мыңдық  әскері,  қарсыластарының   30  мыңдық  әскерін   үлкен   қиыншылықпен  жеңіп  шығады.  631  ж.  исламның  Аравияда  триумфалды  түрде  жүріп  өтуі  болды [40].  Бұл  Таиф   тұрғындарының   ислам  дінін  қабылдауынан  басталды  да,  Оталық  Аравияның   тайпалары  мен  Бахрейннен  елшіліктер  келе  бастады. Бұл  Мұхаммед  ілімдерінің  үлкен  саяси  күшке  біріккенін  дәлелдей  түсті.  Жылдың  соңында  Йамамның  солтүстік-шығыс  бөлігін  қоспағанда,  бүкіл  Аравия  түбегі  ресми  түрде  ислам  дінін  қабылдап,  Мұхаммед  өкіметін  мойындады.  Мекке  мұсылман  дінінің  орталығына,  бүкіл  мұсылмандардың “қасиетті”  қаласына  айналады.  Мұхаммед  мемлекет  пен  мұсылман  мешітінің  басқарушысы  болды.

    Әлемге  жаңа  діннің  келуі  Еуразия  аймағын  үлкен  өзгерістерге   ұшыратты.  ҮІ-ҮІІ  ғасырларда  Аравия  түбегінде  онан  кейінгі  ғасырларда    Африка, Пириней  жарты аралында  және Азияның  біраз  бөлігіне  тарала  бастаған  ислам  осы  елдердегі  халықтың  тілін,  дінін,  салт-дәстүрін  толығымен  өзгертті. Исламды  бейбіт немесе соғыс  жолымен  болсын  қабылдауы  олардың  жаңа  дінге  сенім  тудырғандығы  анық  еді.   Осы  кезде  кең  тараған  пұтқа  табынушылық,  христиан,  иудей  діндерін  ислам  діні  ығыстырып  шығарды [33].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      ІІ - ТАРАУ.  Халифаттың  құрылуы, жаулап  алушылықтары

 

     2.1 Араб халифатының құрылуы

 

     632  жылы  Мұхаммед  пайғамбар  өлген  соң  қауым  басшысы  болып  Мұхаммед  пайғамбардың  әрі  жақын  досы,  әрі  қайын  атасы  Әбу-бәкір (632-634)  жарияланды.  Ол  “Халиф”  (орынбасары)  деген атақ  алды.  Бұл  өте мазасыз  кезең  еді.  Жан-жақты  Мединаның  билігін  мойындағысы  келмеген  тайпалар  арасынан  жалған  пайғамбарлар  шыға  бастады. Осындай  мазасыз  кезеңнен кейін  араб  жазушылары  мен  тарихшыларының   еңбектерінде  “Ар-Рида”,   яғни, “дінінен  безу”, “дінінен  бөліну”,  деген  атаққа  ие  болады. Ал  шын  мәнінде  ол  “діннен  безгендер”  деп  саналған  тайпалар  әлі  ислам  дінін  қабылдамағандар  еді.  Жалпы  Мұхаммед  пайғамбар  өлген  кезде  Ислам  дінін  қабылдаған  араб  тайпаларынан  ол  дінді  әлі  қабылдап  үлгермеген  тайпалар  көп  болатын.  Олардың  кейбіреулері  өздерінің  бұрынғы  нанымдарында  қалғанымен,  мединалық  қауымның  саяси  билігін  мойындады.

     Енді  біреулерінің  арасында  ислам  дінін  қабылдап,  Мединаның  ықпалына  бағынуды  жақтайтын  топтары  болды.  Сондай-ақ    ислам  туралы  хабары  жоқ,  мединалық  қауымның  ықпалын  сезінбеген  тайпалар  да  болды  [29].

     Л. Кэтани  Аравия  тайпаларын олардың  ислам  дініне  қатынасы  жағынан  төрт  категорияға  бөледі:

     І – категориясына  ислам  дінін  қабылдаған  Мекке-Мединалық  қауым  басшылығының  қол  астындағы  тайпалар  жатады.  Бұл  негізінен   Мекке  мен  Мединада,  сол қалалардың  жақын  маңында  тұратын джухейн, мувейн,  бали, асджа,  аслале,  хузейя,  хуза т.б.  ұсақ  тайпалар  болды.

     ІІ – категорияның  құрамына  Орталық  Аравияның  хавазин, Амир  ибн-сасааб,  тайб, сулейм  тайпалары  кірді.  Бұл  тайпаларға  Ислам дінін  қабылдағандардың  ықпалы  зор  болды.  Бірақ  олардың  арасында кішігірім топтары  Медина  ықпалына  қарсы-күресте  өте  зор  белсенділік  танытты.       

     ІІІ – категориядағы  ислам  дінін   ұстанушылар  ықпалы  енді-енді  тарап  келе  жатқан  тайпалар кірді.  Бұл  тайпалардағы   мұсылмандар   өте  аз  болды.  Бұл  асад, гатафан, тамим  тайпалары.     

     ІҮ –  категорияға   өздерінің   саяси  және идеологиялық  тәуелсіздігін  сақтап  қалған  тайпалар   енді.  Олар:  ал – Исламдағы  Ханифа,  абд  ал – Кайс, азад  тайпалары,  Иемен  мен   Хабрамауттағы  тайпалардың  көпшілігі.      Ал   христиан  дінін  ұстанушы  араб  тайпаларына  жаңа  дін  өкілдері  ешқандай  ықпал  еткен  жоқ.  Бұл  келб, кудао, бахра, гассан, бекр  ибн-вайл, танух, таглиб  тайпалары  еді.

     Сондай-ақ  Махарадағы,  Иемен  мен  Хадрамауттағы  кейбір  политейстік  бағыттағы  тайпалар  да  ислам  дініне  еш  қатысы  болмады.  Бірақ,  бұл   соңғыларына  Иудейлік  діннің   ықпалы  күшті  болды  [36].

      Жекелеген  тайпалардың   саяси және  идеологиялық  тәуелсіздігін  жақтаушылар   жергілікті  әулие  пайғамбарлар  болды. Олардың   кейбіреулері   өз  насихатын   Мұхаммедтің  тірі  кезінде - ақ   жүргізді.

     Ислам  дініне  қар

Пред.678910След.
скачать работу

Араб мемлекеті

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ