Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Арқа ән мектебіндегі Мәди шығармашылығының сипаты

әженің ешкімге бетінен қақтырмай, жасытып, жабырқатпай өсірген немересі Мәди жасынан-ақ алғыр басынан өзгенің өктемдігін асырмайтын өжет болып өседі. Ол оңы мен солын тани келе ақындық, әншілік, сазгерлік, атбегілік, тіпті зергерлік пен етікшілік өнерге де бой ұрады. Ер жігітке сегіз өнер де аз дегендей табиғатынан тал бойына серілік дарыған Мәди шын мәнінде ел еркесі, той-думанның серкесі атанады. Сөйте жүріп ол қиянатқа жаны қас, озбырлыққа жүрегі тас азамат болып қалыптасады.

Сөзін де, әнін де өзі шығарып, оны әуелете шырқайтын Мәди "Жігіттік ақ семсердің жүзі емес пе, қайрап ап қалың жауға сермегендей" деп қанаты талмас қырандай саңқылдайды. Бірақ өнерді-есерлік, бетке тура айтылған әділ сөзді -бас бұзар тентектік деп бағалайтын қолында билік бар оның дөкір кеуде ағайындары алмас қылыштай жарқылдаған Мәдиді телі-тентекпен шайқасуға, кедей-кепшіктің жағасына жармасуға айдап салмақшы болады. Алайда дүниеқоңыздықты, зорлық-зомбылықты жастайынан жек көретін дарын иесі олардың ойлаған жерінен шыға қоймайды. Қайта ел тыныштығы үшін қиянатқа қасқая қарсы шығады, жарлы-жақыбайларды қанатының астына алуға тырысады.

Халқымызда "Сүтпен біткен мінез сүйекпен бірге кетеді" деген даналық сөз бар. Адамға құрмет, аяныш сезіммен қарау Мәдидің бойына Тәңір жазған мінез болып қалыптасады. Оны ауыздан-ауызға тарап, қалың ел арасында айтылып жүрген әңгімелер бекіте түседі. Сірә, оның жүрегіңде адамгершілік асқақ сезімді оятқан, сөз жоқ Абай өлеңдерінің шарапаты болса керек. Демек Мәди ұлы ақынның өлендерін жастайынан жаттап өскен. Бұған Абайдың оған жезде болуы  (Абайдың үлкен әйелі — Ділда Бәпидің  ағасы Жүсіптің қызы) игі әсерін тигізген. Ол он жасында-ақ Абайдың "Айттым сәлем Қаламқас", "Сегіз аяқ", "Татьянаның қырдағы әні" өлең  әңдерін шырқаған. Сонымен бірге Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбрай, Шөже мен Кемпірбай — Мәдидің рухани ұстаздары. Сары-арқада саф өнердің туын тіккен осыңдай саңлақтардың әсем әндері мен кестелі көркем жырлары Мәдидің жүрегіне ертеден-ақ ұялаған.

"Атадан ала да, құла да туады", демекші Қақабай сияқты тек алдындағы малы мен аз күндік бағына лепірген қарашоқпармен катар оның інісі Бәпиден сөйлесе төрт аяғы тең жорғадай көсілген, ән салса даусы алты қырдың астынан естілетін, күрессе жауырыны жерге тимеген, әділдік десе қоң етін кесіп беретін Мәдидің дүниеге келуі сирек кездесетін құбылыс. Қақабайдың айналасына әділетсіз каһарын жүргізген болыстық озбырлығы Мәдидің адамгершілігіне әсерін тигізе қоймайды. Еңді жарты патшамыз деп жүрген одан гөрі өнер иесі жалынды жігіт Мәдидің ел арасында қадірі артып, аз уакыттың ішіңде көптің сүйіктісі болып алады. Бұл жәй көркеуде Қақабайдың ішін удай ашытты, жүрегін сыздата түседі. Соңдықтан ол өзінен абыройы артып бара жатқан Мәдиге тор құра бастайды. Ақыры болыстың озбыр мінезі, ожар іс-әрекеті салдарынан Мәди Атбасар жағына жер аударылып, абақтыға жапқызылады.

Иә,  Мәди  ат  басын  тіремеген  жер     жоқ     шығар.    Ол кеудесіне нан піскен шонжар-шодырлардың талақтай жабысқан пәле-жаласынан ұры-қары, бас бұзар барымташы атанып, берісі Қарқаралы, Ақмола, Атбасар, Семей, әрісі Кереку, Омбы түрмелерінің ащы дәмін татты. Ол кезде бүгінгідей ақ-қараның жігін ашып, адамшылдық пен озбырлықты талдап, таразылап жатқан кім бар, мойынға бұғау түсіп, қол-аяқ кісенделіп, Мәди түрмеден-түрмеге айдалып кете барды...

Арқаның азаттықты ту етіп кетерген сегіз қырлы, бір сырлы табиғи талант иесінің өмірі мен шығармашылық өнерін зерттеп, оның туған халқымен қауыштыруға алғашқылардың бірі болып академик, дарынды сазгер   Ахмет   Жұбанов кіріскен еді. Ол сонау 1942 жылы Қазақтың біріккен баспасы арқылы Алматы қаласында жарық көрген "Қазақ композиторларының   өмірі  мен творчествосы", одан кейін жазылған "Замана бұлбұлдары" кітаптарында Мәдидің азаматтығы, ақылдығы мен әншілігі,   қажырлы   күрескерлігі  жайында толғана қалам тартқан екен.

"Замана бұлбұлдары" кітабында Ахаң түрмеден-түрмеге қамалған Мәди туралы былай деп сыр шертеді: "...Қайратты жігіт қанша күшіне мінгенімен, қолды бұғау, аяқты кісен тырп еткізбейді, налытады, ойға шомылдырады. Қазақтың ескі салтында тәрбиеленген Мәди қысылған жерде аруақты, ата-бабасын айтып, өзінің трагедиясына тоқтайды.

 

Бабамыз кешегі өткен Алшынбайды,

Ақылы өткел бермес терең сайды.

Әруағың Алатаудай бабаларым,

Көрдің бе ғарып болған біздің   -  жәйді.

-деп   оларға  да   жалбарынып   қояды.

  

Түрменің   қатал   тәртібін,   күннің  өтіп   болмайтынын,   іздеп

Келген  ағайынмен   де  дұрыстап  сөйлестірмейтінін  өлеңге  қосады.                            

Бұл күңде абақтыда біз жатамыз,

Көңілді құмалақлен жұбатамыз.

Алыстан іздеп келген ағайынмен,

Тесіктен алақандай тіл қатамыз, -

деп біресе "Үшқара" әнінің,  біресе "Қаракесек" әуенімен    түрмені    басына     көтеріп,    шырқай жібереді.   Қанша  қатал  болғанымен   күзетшілер өздерінен үлкен әкімдері келіп қалғанда болмаса, Мәдиді   қимайды.   Ал  басқа   еріксіздер  болса, олар   айта   түссе   екен   дегеннен   басқа   тілек тілемейді.   Мәди   осылай   біраз   уақыт   болып, мәселенің шеті көрінбей бара жатқан соң қалай да қашудың жоспарын жасайды. Қарулы жігіт түрменің іргесін қазып, күндіз оны жауып қойып, бір  күні  аман-есен   қашып  шығады.  Бұл   1915 жылдар.

Мәдидің "Үшқарасы", "Қаракесегі" өзінің тұсында ауыздан-ауызға көшіп, Қыр мен Сырға тегіс тарайды. Халық Мәдиді әнінен біледі, түсін көрмегендер оның бейнесін өздерінше неше саққа жүгіртіп, көз алдарына басқа адамнан өзгеше бір алып етіп суреттейді. Мәди халықтың қиялында ертегінің батырларындай эпикалық образға енеді. Мәди әкімдерден, оның ішінде Қақабайдан  қауыптеніп,  ұзақ уакыт еліне бармай, алыстан хабарласып   жүреді. Сол  алаң кездің өзінде де ол ән шығаруын тоқтатпайды.  Қапастан   босап,  елінің  еркін  ауасын жұтып, кенеліп қалған Мәди бір сәтте болса көңілі көтеріліп, атақты "Шіркін-ай" әнін шығарады. "Шіркін-ай" салған бетте үлкен интервалға жоғары секіріп басталады. Ол авторлық шалқыған ойын, мызғымас күшін береді. Тек өлеңнің соңғы жолында, қайырмаға келгенде әннің динамикасы азайып, бір сәт үлкен қиялға кеткендей, өткен бір қызық күңдері ойға түскендей, әсем үн, қоңыр дыбыс арқылы, құйқылжып барып ән бітеді. Мұны біреулер: Әуелі бұл шіркінді бастау қиын, Сонан соң көптің сөзін тастау қиын, — деген сөздермен айтады. Мәдидің өзі айтатын сездер біздінше басқа болуы керек. Өйткені, әннің алапат күшпен басталуы, сол дәрежеде орындаушының біраз ұстап тұруы, тек аяғында ғана дыбыс баяулап, бірақ қайғы-қасіреттен аулақ, тек бір тәтті қиял дүниесіне еніп кеткендей болып аяғының бітуі басқа бір текстер керек еткендей". Міне, Ахан бұл пікірді өте бір білгіштікпен дөп басып айтып кеткен.

Ал, Бектасов пен Адамбековтың "Қазақстан" баспасынан 1969 жылы жарық көрген "Мәди" атты өмірбаяндық очеркінде: "Оның ақылы мен мінезіне сұңғақты, кең иықты келбеті, атжақты, қыр мұрынды, жазық маңдайлы бет-пішіні, шамшырақтай шаралы, жалынды көздері жарасып, жарқырап тұратын. Ол ер тұлғалы сұлу денесіне жарасымды киімді де қымбаттан таңдап, жаңа үлгімен киінетін. Орысша киіміне қарағанда ол оқыған ғалымға, ширақ қимылына, ісіне қарағанда әскери адамға ұқсайтын. Омбыда оны соттаған процеске қатысқан бір қарт офицердің Мәдидің сұлу да сымбатты сүйегіне қызығып, тілмаш арқылы қасында отырған Қасенге: Шіркін-ай, мына тұлғасына, ақылына. жүректілігіне лайық европаша білім алса, әскери тәрбие берсе, өзінен қандай қабілетті генерал шығар еді" дегені бар деп жазған болатын.

Бүгінде Мәдиді көрген адамдардың көзі тірісі некен-саяқ. Алайда оның туыстары Мәди туралы айтқан әңгімелерінің бірқатары бізге жетіп отыр. Солардың арасынан 1980-шы жылдары дүние салған Мәдидің күйеу баласы Тоқаш Кәдікеев (Ол Мәдидің қарыңдасы Мәрпузаға үйленген) ерекше құнды. Ақиық ақынның қазір елдің қолында жүрген жалғыз суретін бой тұмардай сақтап ұрпағына табыс еткен де сол Тоқаң. Мәдидің суреті әуелі Атбасарда  руы  Қаракесек Жайсаң деген қажының баласы Қәмалдың, қолында болады да, кейінде 1953 жылы оның, әйелінен Тоқаш алады. Патша жендеттері Мәдиді 1914 жылы тұтқындап, басында Қараөткелге, одан кейін Атбасарға айдағаны мәлім. Жаңағы суретке ол 1915 жылы Атбасар абақтысынан қашып шығып, жасырынып жүргенде түскен. Тоқаш ақсақал бұл жөнінде «Мәди бір сөзінде: «осы суретке 1915 жылы Атбасар абақтысынан қашып шығып, жасырынып жүргеңде туысым Кәмал бір суретшіні үйге ертіп әкеліп, түсірткен еді. Басымдағы тымақты Алшын-Жаппас елінің азаматы, абақтыда бірге болған жолдасым беріп еді» дегені есімде», деп айтқан екен.

Тоқаш ақса

12345След.
скачать работу

Арқа ән мектебіндегі Мәди шығармашылығының сипаты

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ