Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Арқа ән мектебіндегі Мәди шығармашылығының сипаты

қалдың баяңдауынша Мәди жазда басына елтірі тымақ, қыста түлкі тымак, үстіне плащ пен пальто киетін. Кейде шаш қоятын, тіпті шылым да тартатын. Бұл оның түрмеден-түрмеге түсіп жүрген кездеріңде басқа ұлт адамдарынан көрген әсерден болса керек. Дауысы кеудеден күңгірлеп шығатын, құлаққа жағымды қоңыр үн болған. Ол көбіне-көп өзі шығарған әндерін орындайтын. Оның қазіргі айтылып жүрген әндерінен басқа да бірқатар әндері бар екен. Ал араб әліппесімен жазған жазулары тасқа таңба басқандай анық болған. Қыста ақ байпақты саптама етік киген.

Сексеннен асып, тоқсанға таяп барып өмірден өткен Тоқаң:

"Мәди ат сайысының пірі еді, шауып келе жатқан аттап қарғып түсіп, қарғып мініп кете беретін. Талай рет шаршы топ алдында балуанға түсіп, күш сынасқанын да көрдім. Қоянды жәрмеңкесі кезінде Жалғызтөбе деген жерде Керекудің түйе балуанын - жыққаны есімде қалыпты. Керекуліктер балуанын шынжырлап әкелді. Ол кезде шынжырлау балуанның күшгілігін көрсететін, жұрт алдында айбынын асыратын белгі, әрі өзінше бір сәні болатын. Өзі де бір атан түйедей неме екен, онымен күресуге дәті барып, жөпәлемде ешкім шыға қоймады. Бір кезде қарасам Мәди үндеместен шешініп жатыр. Шапанын бізге қарай лақтырып тастады да бешпетшең ортаға шықты. Аяғында өкшесінің биіктігі бір сүйем қара былғары етігі бар. Оны өзі тіккен. Апар-ай тобығы шьвып кетіп, жазым болар ма екен деп Аллалап біз түрмыз. Екі балуан жанаса бергеңде карасам, Мәди анадан әлде кайда биік, әлде кайда жіңішке. Түйе балуан оны олайда шиырып лактырады, былайда шиырып лактырады. Бірақ, Мәди жерге мысық сияқты тік ете түседі. Осылайша қарсыласын әбден қалжыратып, титықтатып алған Мәди бір кезде "әуп!" деп оны көтеріп арқалай жөнелді. Енді көзді ашып-жұмғанша анадай жерде алқа-қотан отырған би-төре, бай-бағлан, ақсақал-қарасақалдардың алдына апарып, жерге бір-ақ ұрды, шаң бұрқ ете түсті. Аржағында не болғанына қарағамыз жоқ, жүрегіміз жарыла қуанған көп жігіт Мәдиді тік көтеріп әкеткенімізді білемін, әйтеуір. Сол жолы балуанға түсіп, алған бәйгіден Мәди сыңар суыртпақ иеленген жоқ. Жиналған елге пышақ үстіңде үлестіріп берді..." дейтін.

Токаш қария Мәдидің қолынан мөр төгілетін ісімерлігін да тамсана отырып айтады екен. "Тамаша етікші еді, аякөз арулар Мәдиді қолқалап етік тіктіріп алатын. Киімді өзі пішіп, өзі тігетін. Оның орысша киінетінін мескарын байлар сөз етіп, Мәди шоқынған деп кемсітпек те болатын. Міне, Мәди Бәпиұлын тек әнші, ақын, сазгер ғана емес сегіз қырлы, бір сырлы сері деп отырғанымыз да осыдан.

Жастайынан әділетті ту еткен сері өзінің дүниеқоңыз қарау ағасы Қақабайдың қарына тап болып, патша өкіметі тұсыңда қуғын-сүргіннен көз ашпай түрмеден-түрмеге түскенін жоғарыда біршама сөз еттік. Ал ол қазан төңкерісі тендікке жеткізетін   жақсылық  әкелгендей  көріп,   Кеңес өкіметін Қарқаралы өңірінде жүру ісіне белсене араласады. Бұл жолда көзі ашық інісі Нығымет Нұрмақовты басшы санап, оның соңынан ереді. Сөйтіп,   Қарқаралыдағы   елді   басқара   бастаған Совдепке мүше болып кіреді.  Оның тапсырмасымен   ауылдық   жерлерде   бірсыпыра   игілікті істердің жүзеге асырылуына мұрындық болады. Бұдан кейін ақ гвардияшылар жасаған бүліншілік және   елді   жайлаған   азамат  соғысы   кезінде қайтадан тұтқындалады.  Мәдилерді  1919 жылы қызылдар түрмеден босатады.  Басқалар сияқты Мәди де жаңа заман ісіне бел буа кіріседі.

Оның:

Қырықта бостаншылық шықтым тауға,

Совдеппін, қимылдайтын басым сауда.

Николай, Колчактардың заманы өтті,

Болғанда тілім қышып, қалам найза,

Сілтейік, кетпесін кек залым жауға, —

    деп жар салуы соның нақты дәлелі болса керек.

Осыдан Үшқарадағы туған ауылында алаңсыз жаңа өмірмен араласып жүрген Мәди сол тұста нақақ жаламен Қарқаралы түрмесіне қамалған досы, Алашорда жағында қызметте болған Мұстақым Молдыбаевқа жолықпақ болып, Қарқаралыға келеді. Мұнда ол ат басын реальное училищесінде сабақ  беретін, бұрыннан көңілдері жараскан Кәмелдің үйіне тірейді. Оның, қасына ауылдан жақын туысы Мөшірап жәке бірер жігіт ере келеді, Мәдиді қуана қарсы алған үй иесі Садырбектің Әмейі, Сатыбалдының  РымСайы, Сәду, Бекен қари, ағайынды Әбіш пен Мұстапа молда дейтін адамдарды шақырып, бәрі көңілді бір мәжіліс құрады. Ертеңінде Мәди Мұстақымға жолықпақ болып абақтыға барады. Бірақ, мұндағы бастықтар оны Мұстақымға жолықтырмайды. Бұған ызаланған от жүрек әнші түрме бастығымен байланысуға дейін барады. Осы қылығы үшін мылтығын шоштандатқан, шаш ал десе бас алуға дейін баратын тобырлар Мәдиді дереу тұтқындап, ояздың кеңсесіне алып барады. Бәпиұлы өздерінің үстінен жоғары жаққа арыз түсіргендіктен уездік атқару комитетінің төрағасы Мейде және басқалар да оған қырын қабақпен қарап жүрген-ді.

Бұдан кейін оқиғаның немен тынғанын сол кезде Семейде шығып тұрған "Қазақ тілі" деп аталатын газетте басылған "Мәдидің өлімі" атты қайғылы қазанамадан оқып көрелік:

"Осы жыл (бұл 1921 ж. Б.М.) 1-февральда Мәди Бәпиұлын күндіз сағат 12-де Қарқаралы қаласында 5-ші учаскенің районный начальнигі Жасанов атып өлтірді. Мәдидің жасы 42-де. Екі қатынынан да баласыз еді. Өлім былайша болды.  Декабрь басында Едірей еліне продразвертканы (азық-түлік салығы) бөлгенде байлар Теміржанов, Малаев дейтін волпредседательді қолына қондырып алып, малды ауылдарға бөліп, кедейлерге аудара салды. Өткен замандарда стражник болып қан сорған, бүгінде коммунистің тонын айналдырып киіп, түрлі қиянаттар істеп жүрген Малаевтің істерін Мәди қуа Қарқаралы барып, онда отырған үкімет адамдарының кейбіреулері қазақ өміріне қолайсыз, мына заманға ұғымсыз һәм түрлі қиянаттарын, һәм алған параларын айтып, губисполком, губкрайотделге арыз беріпті. Мәди Қарқаралыдан сескеніп, енді Семейге кетемін деп жүргенде Қарқаралының әкімішілік бөлімі Едірей елінің жер құмар байлары Уранов, Теміржановтың доносымен оның жақсы көретін адамы Малдыбаевтардың малын заңсыз конфисковать етеді. Осы мал тұралы Қарқаралы барған Малдыбаевты жауып қояды. Осындай жұмыстар тақырыпты Бәпиұлы Мәди Қарқаралыға келеді. Өзінің ондағы хакімдер үстінен жазған арызынан қорқып, біреудің қатыны арқылы ескі бастықпен танысады. Мойынға түлкі оралады. Бірақ шы-райлары келмейді. "Менің губисполкомға жазған арызымды осында бір орыс оқып отыр екен, өзім қауыптеніп  шықтым" деп жолдастарына айтады. Мәди "Колчак заманында Едірейдің ескі болысы Теміржанов мені үкіметке қарсы деп көрсетіп, неше айлар абақтыда жаттым, енді мына үкімет заманында Малаевті қырғи қылып соңыма салып, мынандай қорқынышты халде жүрмін" деп отырады екен. Мәди достарына сырын айтып"...

Міне, газет осылай деп айта келіп, "Конвой түрмеге таяна бергенде келе жатқан Мәди Бәпиұлын аты тастағанын бірнеше адам көріп тұрады. Оқ қарақұстан тиіп, маңдайынан шығып кеткен..." деп жазған.

Осы жан түршігерлік қайғылы оқиғаны көргендердің аузымен айтылып бүгінде бізге мәлім болғанындай қар үстіне құлаған Мәдидің қасына ауылдан бірге келген туысы Мәшірап, Рымбай, Әмеш жүгіріп барады. Рымбай иманын айтады. Көлік әкеліп, Кәмалдың үйіне апарып, ақ жауып, арулап, Қарқаралының солтүстік кіре берісіндегі Мәлік сайының табанындағы Ақбейтке апарып жерлейді. Бұл жайыңда Мәдидің жиені, Қазақ ССР-інің тұңғыш жер-су наркомы, одан кейін де бірқатар жауапты қызметтер атқарып, дербес зейнеткерлікке іліккен, Алматыда тұрып, бертінде қайтыс болған Әшімбек Бектасовтың "Жазушы баспасынан 1973 жылы жарық көрген "Мәди" атты деректі кітабында егжей-тегжейлі баяндалады...

Әділеттілік жатындағы күресте құрбан болған Мәди ұзақ уакыт бойы ескерусіз қалып келген болатын. Ол - кеңестік заманның мұздағының ы,ірсьпъі да болар. Алайда сол сірескен мұзды алгаш бұзушылардың бірі қарқаралылық қаламгер Сапарғали Ләмбекұлы болды. Ол алпысыншы жылдардың, бас кезінде Мәди туралы көлемді дастан жазды. Бұл туылды әуелі сол тұстағы облыстық "Советтік Қарағанды" газетінде басылды да іле-шала "Жұлдыз" журналында жарық көрді. Осының артынша халык жазушы-сы Әлжаппар Әбішевтің Мади туралы "Найзағай" романы жарық ете түсті, Әшекеңнің жоғарыда аталғаи кітабы шықты.

Әшімбек Бектасов болса атақты нағашысы жөнінде калам тартып қана қойған жоқ. Бірінші болып Мәдидің қабіріне белгі койды. Ол жоғары жаққа қуына жүріп, ақыры 1974 жылы Мәдидің басына тамаша ескерткіш орнатып, келісті қоршау қойғызды. Бұл ізгілікті істен қолынан келіснінше Сапарғали да аянып қалған жоқ. Ол жөнінде кезінде аудандық, облыстық және респубдикалық  газеттерде суретімен материалдар басылды. Енді  Қазыбек би ауданындағы үлкен бір іргелі шаруашылық, Қарқаралы қаласындағы орталық көшелердің бірі Мәди есімімен аталып отыр.

Бұрнағы жылы іргесі қаланғанына 170 жыл толған Қарқаралыда мемлекет камқорлығына алынған саусақпен санарлық тарихи-мәдени ескерткіштер қатарында бірегей тәуірі делініп, Мәди Бәпиұлына қойылған ескерткіш аталып өтілді. Ал бүгін біз осынау қолжазбамызды ақиық ақын, тамаша әнші, әрі сазгер серілігімен қоса қамшының сабындай қысқа өмірінде әділетті ту етіп еткен күрескердің қаза болғанына 65 жыл толуына орайластырып отырмыз.

Сөз соңыңда айтарымыз Мәдидің бүгінгі ұрпағына қалдырып кеткен баға жетпес мұрасы әлі толық табылып, олардың қатына тиіп отырған жоқ. Ендеше оны іздестіріп, жалт еткізіп жарыққа шығаруға ел болып ат салысу қасиетті парыз деп білеміз.

 

1.1.1.  Мәдидің көркем

12345След.
скачать работу

Арқа ән мектебіндегі Мәди шығармашылығының сипаты

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ