Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Арқа ән мектебіндегі Мәди шығармашылығының сипаты

бейнесі

 

Биыл туғанына 125 жыл толайын деп отырған қазақтың ұлы перзенттерінің бірі, әнші,ақын композитор   Мәди Бәпиұлының бізге жеткен        бейнесі-туралы көп жазылып. та айтылып та жүр. - Иә, небары 41- ақ жыл ғұмыр кешкен, өмірі   арпалыспен аласапыран заманда өте шыққан Мәдидің шын келбеті осы ма екен деген сұрақ әлі де болса ойға келе береді.  Былтырдан бері   Мәдидің   125 жылдығын атап өту жөнінде әңгімелер көтеріле бастағаннан-ақ,       осы      сурет төңірегінде тағы да әр түрлі пікірлер айтыла бастады. Тіпті, бұл Мәди емес, басқа адам екен деген сөздерде айтылып қалды. Бірақ, бұл суретті 1968жылытуысқандарынан табылған нағыз Мәдидің өз бейнесі деп, белгілі өнертанушы Жарқын Шәкәрімов былтырғы жылы Қарқаралы қаласында Жүсіпбек Елебековтың         100жылдық мерейтойында сахнаға шығып тұрып салтанатты түрде аудан әкіміне  өзініңқолтаңбасымен табыс етті. Сондықтан біз бұдан былайғы жерде бұл сурет Мәдидің нағыз өз бейнесі екеніне сенуіміз керек.

Суретте жасы қырықтағы азамат емес, алпыстан асып, жетпіске жетіп     қалған, екіиығынан су кетіп, өмірден қажып, әбден шаршап, жүдеп отырған адам екені көрініп тұр. Бірақ, анықтап қараған адам көзіндегі нұрды, терең ақыл мен бойындағы зор күштің бар екенін байқауға болады. Әрине, ол кездегі техниканың шамасы да сол болды ғой. Оның үстіне, қуғын көріп, жағдайы болмай, арып-ашып, көңіл-күйі жабырқап, бірнеше күн қараңғы абақтыда жатқан жерінен алып шығып, басынабөтен біреудің тымағы мен күпісін кигізе салып түсірген суреттен Мәдидің бар болмысымен образын көре алмай жүрген шығармыз. Өкінішке орай, біздің ұрпақ Мәдидің осы бейнесін қабылдап өстік. Ал шын мәнінде Мәдидің түрі қаңдай болған? Өткен ғасырдан жеткен сапасы нашар жалғыз сурет келер ұрпаққа Мәдидің образын бере алмай кетіп барады емес пе? Бірақ, Мәдидің  образы            оныңәндерінде қалды. — Мәдидің образы оны көрген, бірге жүрген адамдардың әңгімелерінен бізге жетті. Бүгінгі күні Мәдиді көрген адам қалған жоқ.

Ендігі жерде сол бізге  жеткенсипаттамалар мен суреттемелерден құрастырып отырып, Мәдидіңсуретінжаңғыртып, ғылым мен техниканың жетістігін пайдалана отырып, келбетті кескінін көрсету керек деп ұйғардық. Бұл келерұрпақтыңсанасында Мәдидің нағыз өз бейнесін қалыптастырып, қалдыру үшін қажет. Біріншіден, негізге Мәдидің қолда бар суреті алынды. Қазіргі заманның жетістіктерін пайдалана отырып, компьютермен Мәдидің бейнесін жасаттық. Мәди туралы азды-көпті жазылған шығармалар  мен туысқандарының ауызынан естіген әңгімелергеарқасүйесек, ол кісі ірі денелі, батыр тұлғалы, «жауырыны жалпақ, көзі өткір адам болған. Киімді өте жинақы, өзіне жарасымды қылып киген. Мәди өте күшті және епті болған. Қақтығыстарда ат үстінен арқа өңірінде оны ешкім түсіре алмаған. Осыдан біз оның бабаларымыздан қалған жауынгерлік өнерді жете меңгергенін байқаймыз. Топты қараға жалғыз қарсы шыға берген. Бұл оның өте жүректі болғанын білдіреді. Осының бәріне қосыла, ол кісі мәңгі өшпес әндер шығарып, артында мол мәдени мұра қалдырған адам. Демек,           Мәдидіңбейнесінен біз оның рухани ішкі жан дүниесінің бай екенін көре алуымыз керек. Сонымен бірге Мәдидің орындалмай кеткен талай арманы болды ғой. Мысалы: "Шіркін-ай" өлеңіндегі .... "қызығын атқан таңның көре алмадым"... деген сөздері осыны аңғартпай ма?! Сонымен, Мәдидің жалпы сырт кескіні айқындала бастаған соң, ол кісінің көз қарасын зерттедік. Тағыда, менің әкем бірге болыпты, сол кісі айтып еді деген деректерден, ол кісінің көзі өткір, ат жақты, қоңқақ мұрын, қою қара мұртты, оны өте сәңді қылып бастырып отырған. Сақалдытөменгіерінініңастынан иегінің үстіне ғана қойған.Көбінееуропаша киініп, жұқа пальто киіп жүрген. Суреттеушілердің бөрі бірауыздан ол кісінің көзіне ешкім тіктеп қарай алмаған еді дейді. Болуы әбден мүмкін. Енді біреулер көзі қып-қызыл қасқырдың көзіндей болыпты мыс дегенді де айтады. Бір жағынан, ол заманда Мәдидің  даңқы,дақпыртпен араласып, өзінен озып, оның жолын               кескенағайындарына бұрын жетіп жатқандықтан, Мәди келді дегенде маңайдағылардың оның көзіне тіктеп қарай алмауы да түсінікті болып тұр емес пе. Осы жайттарды ескере келе Мәдидің фотографиядағы бейнесіндегі иығын тіктеп, мойнынкөрінетіндей қылып жағасын  ашып,басындағы ескі тымақты шешіп, бөрік кигізілді. Үстіндегі күпі ішікті де алып, орнына шапан жамылды. Бұның бәрін компьютер жасады. Ал енді осы өзгерістер адам денесінің табиғат жаратқан пропорцияларын бұзбау үшін, бет терісін, қабағы мен қасын пайдалану үшін, бойы мен жасы сол шамадағы, бірнеше адам, әр түрлі тұрғыдан фотоға түсірілді. Осы суретке Мәдидің фотосы бетіне салынып, көзі, жағы, мұрны, қас-қабағы,  ерні орнынақойылды. Компьютердің көмегімен күнге қарсы сығырайып қарап қалған көзі ашылды. Әрине, бетінің терісі, сақал-мұрты компьютермен жасалды. Енді үстіне қандай киім  кигізу керек дегенде, біз ол кісінің байдың тұқымы           екенін,бұлғыннанішік,құндыздан бөрік кие алар жағдайы әбден болғанын          ескереотырып, басына құндыз бөрікті компьютермен кигіздік. Үстіне қиғаш жағалы, шытырмалы ақ жібек көйлек кигізілді. Ал шапанды жұқа, қарапайымдау қылып кигіздік. Жағасы мен өңіріне жіңішкелеп оқа жіберілді, қанша десек те Мәдидің сері болғанын да ұмытпауымыз керек. Осының бәрін жасаған кезде көз алдымызға 32-35-тердегі Мәдидің бейнесі шықты. Әрине, біреулер    мүмкінөздерінің жақындарына, таныстарына ұқсатар, ол заңды құбылыс. Бірақ бұл бейне жинақталып, өңделіп жасалған образ. Кескіні мен келбеті жарасқан, бойында алапат күште, сабырлы да ақылды, сонымен бірге жан-дүниесі өте нәзік, өмірден көп нәрсені армандап, қыршын кеткен Мәди осындай болды деп сенейік! [1; 30 б.]

 

1.2. Мәди туралы айтылған деректер.

 

Мәди Бәпиұлының күрескерлігі өз алдына, ақын, сазгерлігі өз алдына бір әлем. Оған музыка зерттеушісі Александр Затаевич және Ахмет Жұбановтар сонау жылдары баға берді. Мәдидің әніне тұңғыш рет ғылыми баға беріп, нотаға түсіріп алған А. Затаевич екендігі Зарқын Тайшыбайдың  «Алтын бесік ән орда» (Қарағанды, 1998 жыл)  кітабында жан-жақты суреттелген. Онда Александр Викторовичтің Ғаббас, Мұсылманқұл, Жұман тәрізді әншілер шырқаған Мәди әндерін сүйсіне тыңдап, қуана нотаға түсіргені айтылады. А. Затаевич Мәдидің әнін нотаға түсіріп, «Қазақтың 1000 әні» музыкалық-этнографиялық жинағына енгізген [2; №661, 251 б.].Зерттеуші бұл әндерді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтан, жалынды ақын Сәкен Сейфуллиннен сонау жиырмасыншы жылдардың басында естіп, іштей қатты құмартып, қызыққан. Кейінде, 1926 жылдың жазында Қарқаралы - Қу өңіріне сол кездегі үкімет төрағасы Нығмет Нұрмақовпен бірге келіп, екі апта жатып, Мәди әндерін нотаға түсірді. Бағалы мұра осылайша тұңғыш рет ғылым   игілігіне қосылды. Мәдидің есімі, оның музыкалық мұрасы қазақтың әндері мен күйлерін терең зерттеуші, бес аспап білгір Александр Затаевичтің қаламына да ілікті: "Қазақ халқының 1000 әні" және "Қазақ халқының 500 әні мен күйі" деген іргелі ғылыми еңбектерге Мәди әндерінің нотасы мен сөздері енгізілді.[3; 45 б.]

Ал одан бұрын 1914-1915 жылдары қазақ даласында ән-күй жинаған, Шоқан Уалихановтың сүйікті досы Г.Н.Потаниннің назарына Мәдидің әндері іліккен. Белгілі орыс оқымыстысы «Сібір өмірі» дейтіп кітабында «Бүкіл Қарқаралы даласы Мәдидің әнін шырқап тұрғандай» деп жазған еді.

Академик-композитор Ахмет Жұбанов Мәдидің әншілік өнеріне мынандай баға берген: «Мәди халық бақыты үшін өмірін күреспен өткізген қайраткер. Оның шығармалары үнемі халықтың аузында, музыка майданында шаттық үніндей болып естіледі». Осы берілген баға - шын, әділ баға. Ал оның «Қаракесегі» жайлы Ахмет Жұбанов «Мәдидің «Қаракесегі» бүкіл қазақ халқының әнұраны десе болғандай»,  деп  бір ауыз сөзбен жеткізді. Асау өзендей буырқанған алапат күшті ән шырқалғанда 62 тамыры шымырламайтын қазақ жоқ![3; 46 б.].

Қазақтың ұлы перзенті Мұхтар Әуезов Қарқаралы уезіне барған сапарында, Мәдидің қайғылы қазасы жайлы естіп қатты қапаланды.     Ақынның қалай атылғанын, қайда жерленгенін сұрастырып білгеннен соң,    «Қазақ елі» газетінің 1921 жылғы 8 наурыздағы санына «Мәдидің өлімі» деген азалы хабар жариялады. Сол хабарда болған оқиғаны толық баяндай келіп: «Қайран, арыстан жүректі ер Мәди екі жылдан бері бұрынғы тентек мінезден тыйылып, сенімді халық азаматтарының қатарына кірген еді. Ақ қардың үстінде етпетінен құлап қанға бөккен Мәдиді  Қарқаралы жұртшылығы арулап, ақыреттеп Мәліксайға Ақбейітке қойды» - деп жазған болатын. [3; 45 б.]. |   

Тұңғыш рет Мәди туралы кітап жазған жазушы Әшімбек Бектасов болатын. Ол ел арасындағы әңгімелерді жүйелеп, ұлы бейнені жарыққа шығаруға талпыныс жасады. Оның «Мәди»деп аталатын алғашқы кітабы кестелі тілмен жазылған әдемі әңгіме еді. Мәдидің көркем бейнесіне көрнекті жазушы Әлжаппар Әбішев «Найзағай»атты үлкен роман арнады. Соның негізінде сахналық шығарма туғызды. Сөйтіп, Мәди тұлғасы театр сахнасынан да көрінді. Әлжекеңнің бұл еңбектері өте құнды, әрі тот баспас алтындай қымбат. Асыл бабамыздың әншілігі, сазгерлігі жайында ертерект

12345След.
скачать работу

Арқа ән мектебіндегі Мәди шығармашылығының сипаты

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ