Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Арнайы экономикалық аймақтардың мамандандырылуы



 Другие рефераты
Алматы қаласындағы екiншi нарықтағы тұрғын-үй бағаларының анализі Экономикалық жүйедегі жылжымайтын мүлік нарығы Арнайы экономикалық аймақ ретіндегі Ақтау теңіз портының бәсеке қабілеті стратегиясы мен нарық сегменттері «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның даму концепциясы

Арнайы экономикалық аймақтардың мамандандырылуына сай көптеген арнайы экономикалық аймақтарға тән құқықтық реттеудің төмендегідей механизмдерді енгізілген:

  • Белгілі жағдайларға сәйкес белгіленген мерзімде инвесторларды толық және ішінара салықтан босату;
  • өнім шығару, құрылғылар мен шикізаттар тасымалын кедендік төлемдерден босату;
  • Либералдық валюталық режим, шетелдік инвесторлар табысына валюталық және салықтық шектеулердің жоқтығы;
  • Тіркеу, есептілік және басқа да нысандардың  жеңілдетілуі;
  • Сәйкес өкілеттілік шеңберінде аймақта арнайы басқару органдарын құру;
  • Ғимарат пен жерді жалдауға, әртүрлі қызмсеттерге жеңілдетілген тариф;
  • Аймақтағы іскерлік белсенділікті қамтамасыз ету үшін сәйкес инфрақұрылымды қалыптастыру.

Біз мысалға алып отырған Ақтау теңіз порты бойынша төмендегідей тұжырымдар айтуға болады:

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында 9 инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы Қазақстанның, сонымен қатар Батыс өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайына оңды ықпалын тигізеді. Ал, отандық теңіз көлік әлеуетін тікелей дамытуға бір ғана жоба, яғни Ақтау халықаралық теңіз сауда портының солтүстік бағытта кеңейтілу жобасы әсерін тигізеді. Басқа жобалардың отандық теңіз көлік әлеуетіне жанама әсер беретінін назарға салу керек. Себебі, арнайы экономикалық аймақта орын алып отырған жеңілдіктер Ақтау порты үшін толық енгізілмеген. Жеңілдіктер тек қана арнайы экономикалық аймаққа кіретін жабдықтарға, кеден, баж және қосымша құн салықтары алынбауымен шектелініп отыр. Басқа жеңілдіктер түрі, мысалы корпоративті табыс салығы, жер және мүлік салығы секілді салықтық жеңілдіктер орын алмайды.

Дәстүрлі қалыптасқан порттардың қуаттылығы республикадағы салалардың экономикалық қажеттілігіне және арнайы мамандандырылған көлік флотының тиімді өңдеу міндеттеріне сай болуы қажет. Бұл жерде көліктік-экономикалық байланысты дамытудағы салалардың қажеттілігін қанағаттандыру және флоттың тасымалдау қабілеттілігін сандық және сапалық пайдалану жаңа порттар құрылысы мен жұмыс жасап тұрған порттарды дамыту арқылы қол жеткізіледі.  Портты техникалық жетілдіру процесі дамытуға қажетті ресурстар тапшылығынан келіп шығады, сондықтан бизнес-жоспарда есепке алғандағы ресурстарды бөлуді тиімді пайдалану тұрғысынан қарағанда порт және флот қуаттылығын салыстырмалы түрде өсіру мақсаты туындайды.

Теңіз порттары қуаттылығын өздері қызмет көрсететін тауар айналымы мен шаруашылық субъектілерінің өндірістік қажеттілігіне сәйкес өсіріп отырады. Көлік флоты мен портардың өзара қатынасы өз араларындағы шаруашылық келісімдері ережелері негізінде  құрылады. Әкімшілік жағынан бағынышты порттар бір жағынан флоттың жоғары интенсивті қызмет көрсетуіне жете алмайды, екінші жағынан, қуаттылығын толық пайдалана алмайды.

Табиғи жағдайлары мен ерекшеліктеріне сәйкес Ақтау порты мен көлік түрлері қызмет етуді орталықтандыру мен біріктіру үшін сирек және әлі толық пайдаланылмаған мүмкіндіктерімен сипатталып отыр.  Басқа ешқандай экономика саласы теңіз порты немесе басқа да көлік түрлері сияқты синтез негізінде өндірістің ұйымдастыру деңгейін көтеруге мүмкіндік беретін құнды қасиеттерге ие емес.  Бұл жердегі ерекше қасиет деп отырғанысмыз, өндіріс процесінің ішінде өндіріс құралдарының жазықтық-уақыт көрсеткіштеріне қайта қалыптасу қасиеті басқа өндіріс салаларымен салыстырғанда ерекше.

Теңіз порттарының дамуының экономикалық негіздерін зерттей келе олардың мәні мен ерекшелігін өндіріс процесі мен жүк жөнелту процестері өзара байланысты болып келетін біртұтас көліктік-шаруашылықтық кешен деп айтуға толық негіз бар.

Ақтау портында флоттың және теміржол қозғалмалы құрамы мен автомобиль көлігінің өз уақытында және сапалы қызмет етуін қамтамасыз ететін барлық қызмет етуші шаруашылықтар дамуы қажет. Инвестиция ағымдары порттың кешенді дамуы үшін теңіз көлігінің қызмет көрсету көлемінің өсуін, Ақтау портының қызмет ету сапасына тәуелді тасымал жұмыстары мен басқа да әкімшілік бөлімдері қызметтерінің өсу үлес салмағын ескеру қажет. Жүктеу кешенінің, порт флотының, бункерлік базаның, өту жолдары мен жөндеу шаруашылығының тиімді техникалық даму деңгейі тек порттың ғана емес, көлік флоты мен темір жолдың да талаптарына сай болуы қажет.

Жүк ағымының ұлғаюына әсер ететін негізгі факторлар болып табылатындар: паром кешенінің қалпына келтірілуінің аяқталуы; Ақтау-Баку-Ноушахр паром желісінің толық пайдаланылуы; Ақтау-Астрахан жаңа маршрутын ашу; жаңа жүк түрлерін тарту; теміржолдың толық пайдаланылуы.

Сонымен, жүк ағымдарының көлемін кідіртуші факторлар болып табылады:

а)   жүзу ауданының шектеулілігі;

б)   транзиттік жүктерге салынатын баж алымдарының ставкалары.

Теңіз көлік әлеуетін дамыту мәселесі төңірегінде ғылыми теориялық зерттеулердің нәтижесі «әлеует» терминінің әр түрлі сипаттағы түсінікте қалыптасқан анықтамалар мен тұжырымдардан тұратыны айқындалды. Соның нәтижесінде, «экономикалық әлеует» ұғымы – бұл әлеуметтік-экономикалық қатынастар үдерісінде қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана отырып,  қоғамдағы қажеттілікті, мұқтаждықты тауарлар мен қызметтер арқылы барынша қанағаттандыру және қалыптастыру мүмкіндіктерінің жиынтығы екендігі нақтыланды.

Теңіз көлік саласының ресурстық көздері бойынша және өндірістік факторларының әлеуетті мүмкіндіктері жиынтық күйде пайдаланылады. Ресурстық және өндірістік әлеутті пайдалану барысында, теңіз көлік әлеуеті қалыптасады және әлеуетті пайдаланудың нәтижесі көрінеді, олар өзара байланыста жүреді. Ал, перспективалы теңіз көлік әлеуеті қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану мен басқару жүйесінің ұдайы даму өндіріс үдерісіне ықпалын тигізетінін ескерсек, келешекте теңіз көлік әлеуетінің артуына ықпалын тигізетіні нақтыланып, теңіз көлік әлеуетінің қалыптасу мен даму сызбасы әзірленді.

Теңіз көлік инфрақұрылымының, атап айтсақ: айлақтар, каналдар, басқада гидротехникалық құрылғылар және портқа тиесілі су айдыны, якорлі тұрақтар, теңіз терминалдары, сүйреткіштер, мұз жарғыштар, навигациялық жабдықтар, тиеу/түсіру құрылғылары, теміржол және автомобиль жолдары, қоймалар мен ғимараттар, түрлі құрылғылардың толыққанды, сапалы, жедел және үзіліссіз қызметі өндірушілер мен тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталатындығы айқындалды.

Теңіз көлік инфрақұрылымы жалпы көлік саласының құрамдас бөлігі ретінде көлік әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін фактор екендігі нақтыланды. Көлік саласының ұлттық және әлемдік экономикалық қатынастың байланысына ықпалын тигізу  үшін экспорттық әлеуеттің деңгейін жоғарылату мақсатында теңіз көлік инфрақұрылымының жүк тасымалының қарқынына әсерін тигізетіні дәйектелінді.

«Солтүстік — Оңтүстік», «ТРАСЕКА», халықаралық көлік дәліздеріндегі Ақтау халықаралық теңіз сауда портының алатын орны мен тарнзиттік мүмкіндіктері ерекшеленді. Отандық порттың халықаралық порттардың бәсекелес жағдайда қызмет атқарып жатқандығы салыстырмалы түрде анықталынды. Қытайдан келетін жүк ағымының Таяу Шығысқа, Кавказға жүретін бағытын Ақтау порты арқылы өткізу тиімділігі сараланды.

Ақтау халықаралық теңіз сауда портына бәсекелес порттар анықталынды. Олар: Ресейдің Астрахань, Махачкала, Оля және Түркменстанның Түрменбашы порттары. Іскерлік серіктестік қызметіне Иран Ислам Республикасының Анзели порты, Ноушахр, Нека, Амирабад порттары жататындығы дәйектелінді.

Ақтау теңіз сауда портының ресурстық көздері бойынша әлеуеті жоғары, бірақ толық пайдаланылмай жатқандығы анықталынды. Бұл тұжырым келесі негіздемелер бойынша анықталынып отыр.

Ақтау порты арқылы ресейдің таранзитті металл өнімдерін тасымалдауға байланысты бесекеге қабілетсіз тарифтердің орын алуы транзитті жүк тасымалы көлемінінің ұлғаюына кері әсерін тигізіп отырғандығы анықталынды;

Ақтау және Әзірбайжан портындағы астық терминалдарының жылына 500-800 тонна астық арту қуаттылығын ескеретін болсақ, қазіргі күні Ақтау портынан артылған астық көлемі небәрі  187,9 мың тоннаны құрағаны ресми мәліметтер бойынша анықталынып, астық тасымалдаудың әлеуетіне астық терминалының қуатылығының толық пайдаланылмағындығы анықталынды;

Қытай мен Еуропа және Біріккен Араб Әмірлігінен Алматыға контейнерлі жүк тасымалының Серахс пен Ақтау порттары арасындағы тарифтерді салыстыру нәтижесінде контейнерлі жүк тасымалының әлеуетіне немесе транзитті жүк ағымын тартуға кері әсерін тигізетін фактор — баға саясатының қолайлы жағы ашық мәселе болып отырғандығы зерттелді;

Әзірбайжан, Грузия, РФ-ның территориялары бойынша өтетін транзиттік темір жол тарифі мен Ақтау – Баку бағытындағы шығындарды салыстыру негізінде ТРАСЕКА дәлізі бойынша жеңілдіктердің тартымдылығы анықталынып, оның жүзеге асуы мемлекет аралық келісімдердің шешілуіне тәуелді екендігі айқындалды.

Ақтау порты арқылы тасымалданатын транзитті жүк ағымын ынталандыру мақсатында  ТРАСЕКА дәлізі бойынша жеңілдетілген тарифтік ставканы енгізу, Ақтау портында ресейлік металл өнімдерінің транзиттік көлемін тегін сақтау мерзімін 90 күнге дейін ұзарту, «Каскор-Транссервис» АҚ-ның Ақтау портына дейінгі монополиялы және жоғары тарифтік ставкаларын  «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-ның жүк тасымалдау тарифіне сәйкес үйлестіру қажет.

Ақтау портының солтүстік бағытқа кеңейтілу үдерісін ескеріп, порт инфрақұрылымын халықаралық стандарттарға сәйкес деңгейге  көтеру үшін материалды-техникалық базасын жаңғырту қажет. Нақтылай келсек,  жаңа өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды салу, жүктерді тиеп/түсіру жұмыстарына арналған технологиялық құрылғыларды орналастыру, құрылыстар мен құрылғыларды күрделі жөндеуден ө

12
скачать работу


 Другие рефераты
Приборы с акустическим переносом заряда
Гражданская война и иностранная интервенция в Татарстане (1918-1920)
Антигитлеровская коалиция в годы Второй мировой войны
Общая и производственная педагогика


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ