Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Экономикалық жүйедегі жылжымайтын мүлік нарығы



 Другие рефераты
Бағалау тәсілдеріне сипаттама Алматы қаласындағы екiншi нарықтағы тұрғын-үй бағаларының анализі Арнайы экономикалық аймақтардың мамандандырылуы Арнайы экономикалық аймақ ретіндегі Ақтау теңіз портының бәсеке қабілеті стратегиясы мен нарық сегменттері

Жылжымайтын мүлік нарығының жағдайы мен динамикасын анықтайтын экономикалық және әлеуметтік факторларды табу зерттеушілердің де ж.м. нарығына қатысушылардың маңызды проблемаларының бірі. Қоғам мен жеке тұлғалардың ж.м-ті тұтынуы инвестициялардың табыстылығы нарықтағы айналымның жылдамдығы ж.м-пен операциялар жүргізетін кәсіпкерлер қызметінің тиімділігі осылардың барлығын анықтап көрсететін жоғардағы факторлар ж.м-тің физикалық және экономикалық активтер ретіндегі ерекшеліктерін ескере отырып, ж.м-ке әсер ететін сыртқы факторлар негізінде топтастырамыз. Ұлттық деңгейдегі экономикалық, қаржылық және әлеуметтік факторлар қатарына мына факторлар жатады:

1. Ел экономикасының даму деңгейі

2. Жылжымайтын мүлік  нарығы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері

3. Елдегі экономикалық идеялогия мен саясат

4. Ел экономикасы дамуының тарихи кезеңдерінің өзгешеліктері

5. Ағымдағы экономикалық саясаттың ерекшелігі

6. Елдегі қалыптасқан қаржы жүйесінің жағдайы мен ерекшеліктері

Жылжымайтын мүлік  нарығы қалыптасуының тарихи ерекшеліктерін жылжымайтын мүлік сферасындағы меншік құрылымы тұрғын үйді тұтынудың жеке және қоғамдық шығындары арасындағы ара-қатынас жылжымайтын мүлікті қаржыландыру жүйелері мен салық салу ерекшеліктері сияқты сипаттамалары анықтайды. Аталған факторлардың ішінде басымдылық экономикалық факторлар нәтижесінде жергілікті деңгейдегі факторлар жүйесі қалыптасады. Олар жылжымайтын мүлік  нарығының жағдайы мен динамикасын нарықтағысұраныс пен ұсынысты зерттеу арқылы анықтайды.

Экономикалық факторлар:

  1. Тұрғындар табысының деңгейі
  2. Тұрғындарды олардың табыстары және оның динамикасы бойынша жіктеу
  3. Кәсіпкерліктің даму деңгейі және динамикасы
  4. Қаржы ресурстарын алу оңайлығы, соның ішінде несиеге қол жеткізу мүмкіндігі
  5. Жылжымайтын мүлікке тартылатын инвестициялар тәуекелділігі
  6. Құрылыс құны
  7. Коммуналдық қызметтер мен энерго-ресурстарға тағайындалатын бағалар мен тарифтер

Әлеуметтік факторлар:

1                  Тұрғындар санының өзгеру деңгейі және олардың жас шамасы

2                   Тұрғындардың білім деңгейі

3                   Тұрғындардың әлеуметтік құрылымы өзгеруінің деңгейі

4                   Қылмыс деңгейі

 Әкімлішік факторлар:

  1. Салықтық тәртіп
  2. Аймақтық шектеулер
  3. Үй салуға немесе жаңартуға құқық алудың құқықтық және экономикалық шарттары
  4. Мәміле жасаудың шарттары

Қоршаған орта жағдайының факторы:

  1. Инфроқұрылымның даму деңгейі
  2. Транспорт желілерімен қамтамасыз етілуі
  3. Экологиялық жағдай

Жоғарыда келтірілген факторлар қатарында экономиканың нақты секторы жағдайын сипаттайтын, сондай-ақ қаржылық нарық сферасына қатысты факторлар да бар. Жылжымайтын мүлік нарығы мен нақты экономика байланысының жақсы жақтарымен қатар теріс жағдайлары да бар.

Жылжымайтын мүлік объектілерін салу мерзімінің ұзақтығына байланысты жылжымайтын мүлік нарығындағы ұсыныстың азаюының ықтималдылығы төмен. Нәтижесінде ұсыныстың сұраныстан артуы туындайды, бұның өзі шектес салалардағы, яғни құрылыс материалдарын өндіру, жабдықтарды дайындау т.б. жағдайлар әсер етеді. Егер жылжымайтын мүлік  нарығындағы жағдайлар нашарлай бастаса, жалпы экономикалық жағдай да төмендейді. Ал қарама-қарсы жағдайда нақты экономикалық жағдай да төмендейді. Ал қарама-қарсы жағдайда нақты экономиканың өсе бастауына жол ашылады.

скачать работу


 Другие рефераты
Николай Гумилев
Қылқобыздың қос қыраны
Система музыкального воспитания Золтана Кодая
Виды и свойства информации


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ