Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Депозиттік теория негіздері

герлер ассоциациясының” төрағасы Д. Сенбаев 400 млн. доллардан астам ақшалай қаражат халық қолында қалып отыр, оны экономикаға банк жүйелері арқылы тарту халықтың банктердегі салымдарын сақтандыру қорын ашуменен іске асады десе, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы қаржыгерлердің конгресінде халық қолында 1 миллиардтан астам қаражат бар, ол қаражаттарды сақтандыру қаражат иелеріне де, ел экономикасына да тиімді дей келе, Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру-банктердің өздерінің шешетін мәселесі, бірақ мемлекет тұсынан көмек пен реттеуді қажет етеді деп тұжырымдады.
Екінші деңгейдегі банктердегі тұрғындардың және ұйымдардың салымдарын банктердің төлем қабілетінің болмай қалуынан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банкке екінші деңгейдегі ірі банктерімен бірлесе отырып қысқа мерзімде тұрғындардың депозиттерін ұйымдық сақтандыру жүйесін құруды және оны іске қосуды тапсырды. Көп ұзамай, 1999 жылдың 5 қарашасында Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктермен банктер ассоциациясымен және қаржыгерлер ассоциациясымен бірлесе отырып екінші деңгейлегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын міндетті түрде ұжымды сақтандыру ережесін енгізді. Осы сақтандыру жүйесі шеңберінде жарғылық қоры 1 миллиард теңгені құраған “Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) кепілдендіру (сақтандыру) қоры” ЖАҚ құрылды.
Бұл қорға қаржы жағдайы тұрақты халықаралық стандарттар негізінде қызмет көрсетуші тұрғындардың мерзімді салымдарының 90% мөлшерін өздеріне жинақтаған 17 банк алғашқыда мүше болып отыр. Бұл банктер: “Тұран-Әлем Банкі”, “ЦентКредит Банкі”, “Қазақстанның Халық жинақ Банкі”, “Алматы Сауда Қаржы Банкі”, “Темір Банкі”, “Көмір Банкі”, “Демір Қазақстан Банкі”, “КазКоммерцБанкі”, “Цесна Банкі”, “Нұр Банкі”, “Евразия Банкі”, “Каспий Банкі”, “Қазақстанның Сити Банкі”, “Қазақстанның HSBC Банкі”. Қазақстанның жеке тұлғаларының салымдарын сақтандыру Қоры “Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын міндетті түрде ұжымды кепілдендіру (сақтандыру) Ережесі” негізінде және басқа да Қазақстан Республикасы Конституциясына, Заңдарына нормативті актілеріне сүйене отырып қызмет ететін қаржы мекемесі. Бұл қордың негізгі мақсаты – қатысушы-банктердің еріксіз жойылуы жағдайында жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру жолымен салымшылардың мүддесін қорғау. Қор салымшымен банктің арасындағы қатынаста салымның сақталуының кепілі ретінде үшінші тұлға болып қызмет атқарады. Салымшылырдың мүддесін қорғау банктерге деген тұрғындардың сенімін қайта қалыптастыруға бағытталған. Өйткені халықтың банктерге, қорларға, басқа да қаржы мекемелеріне деген сенімі соңғы бес-алты жылда өте төмендеп кетті.Бұған себеп аталып отырған мекемелердің өз қызметтерін дұрыс атқара алмауы нәтижесінде жабылып қалуы, банкротқа ұшырауы, міндеттелерін өз уақытында орындамауы, оған мемлекеттің қолданатын шараларының болмауы және тағы басқа көптеген жағдайлар.
Өз жұмысын жаңадан бастап отырған Депозиттерді сақтандыру қоры тәжірибесі көп шетелдердің депозиттерді сақтандыру қорларының жеке тұлғалардың сұранымды, мерзімді салымдарын және жеке фирмалардың шотарындағы ақшалай қаражаттарын сақтандыру мүмкіндігін өз қаржы жағдайы күшейіп алғаннан кейін енгізуіне болады. Нарықтық экономикасы жақсы дамыған елдердің банк жүйесінің бірден-бір бөлінбес бөлігі – салымдарды сақтандыру қоры болып табылады. Өйткені салымдарды сақтандыру жүйесі салымшылардың сеніміне жауапты және олардың салымдарының жоғалмауына, тәуекелден қорғалуына кепілдік береді. Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру жүйесі шет ел тәжірибелеріндегі сақтандыру жүйелерінің Қазақстан экономикасы жағдайына қолайлы, тиімді жақтарын алып, қалыптасуда. Қор бүгінгі күні өз Ережесін бойынша қаржы жағдайы нашарланған банкті банкрот деп сот шешімінің жариялануымен агент-банк арқылы оның салымшылырына сақтандырылған салым сомасын төлеуді ғана міндеттеніп отыр. Қаржылық қиыншылық көріп отырған банкке қаржылық көмек көрсету немесе келесі бір қаржы жағдайы тұрақты банкке осы банктің активтерін сату туралы ешқандай сөз қозғалмайды. Қор өз қызметінде қатысушы-банктердің сақтандыру жарнасының жоғарылмауы жағдайын ескеріп өз Ережесіне шетелдер сақтандыру жүйелерінің озық нәтижелерін енгізуі керек.
Қазақстанның салымдарды сақтандыру қорының қарамағында әр уақытта өсіп отыратын қордың резервін құрайтын сақтандырылған салымдар бойынша өтеу үшін төлеуге арналған ақша сомасы бар. Әр тоқсан сайын қатысушы-банктердің күнтізбелік жарналарды аударуымен қордың резерві толығып отырады. Егер қатысушы-банктің бірінің жойылуы барысында сақтандырылған салымдар сомасын өтеуге арналған қордың активтері жеткілікті болмай жатса, онда жетпеген ақша сомасының жартысы қатусышы-банктердің қосымша жарна төлеуі есебінен төленеді. [11.14-19б]
Салымдарды өтеу қордың қатысушы-банктер арасынан тендр өткізіп анықтаған агент-банкі арқылы іске асады. Осы агент-банк арқылы салымшылар өз салымдарын алуына болады. Ал қордың алған қарызы, төлеген қосымша жарна сомасы және өтелінуге жұмсалынған алғашқы қордағы бар резервтік активтер сомасы жойылып жатқан банкке регрестік талап қою есебінен қайтарылады. Қордың алған қарызы және жарғылық қор есебінен сақтандырылған салымдар сомасын өтеуге жұмсалынған қаражаты қатысушы-банктердің күтілмеген жарнасы есебінен өтелінуі мүмкін. Мұнан түсінетініміз – салымдарды сақтандыру жүйесі ұжымды болып табылады. Сондықтан да қатысушы-банктер еріксіз жойылып жатқан банктің салымдарын өтеу (қайтару) бойынша бірлесіп жауапкершілік жүктейді. Ақшалай қаражаттарын банк депозиттеріне салу барысында салымшы ол банктің сақтандыру жүйесінің мүшесі ме, әлде жоқ па екен білуі керек. Салымдарды сақтандыру жүйесіне мүше болып табылатын банктердегі мерзімді депозит қана сақтандыру объектісі болып табылады, ал басқа депозиттер сақтандыруға жатпайды.
2006 жылдың шілде айына дейін депозиттерді сақтандыру келесі мазмұнда болды: егер қатысушы-банк еріксіз жабылатын болып жатса, онда Қор банк-агент арқылы салымшыға 200 000 теңгеге дейінгі салымы бойынша 100% өтеу жүргізеді, ал одан ары қарай бекітілген ережелер бойынша өтелінеді. Қатысушы-банктегі бір салымшыға салымы бойынша максималды өтеу көлемі 1 000 000 теңгені құраған. Бұл салымдарды өтеу жағдайы жеке тұлғалар үшін кейбір жағдайларды түсініксіз және сақтандыру қоры мен банктер үшін көп жұмыс уақытын алатын тиімсіз болғандықтан, бұл жағдайды өзгерту мәселесі көтерілді.
Кесте 1.1
Салымдарды кепілдендірудің өсу көрсеткіштері.

2007 жылдың 1 қаңтарына дейін 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап

Кепілдендірілген депозиттер Мерзімді депозиттер 7 млн.теңгеге дейін;
Талап етуге дейінгі депозиттер;
Карт-шот пен ағымдағы шоттардағы ақша қалдықтары;

Жеке тұлғалардың барлық депозиттері
Кепілдендіруді қамтамасыз етудің максималдық көлемі 400 000 теңге 700 000 теңге

Кепілдендірудің қамтамасыз ету төлемі төленеді
Депозиттік валютада
Теңге бойынша
Кепілдендірудің қамтамасыздығының төленуінің басталуы сот шешімінің күшіне енуінен бастап 7 жұмыс күн ішінде сот шешімінің күшіне енуінен бастап 14 жұмыс күн ішінді
Кепілдендірудің қамтамасыз етілуінің төленуі банк-агент арқылы Төлем басталғаннан кейін 3 ай мерзім ішінде Төлем басталғаннан кейін 6 ай мерзім ішінде
Кепілдендірілген депозиттер бойынша сыйақының максималдық көлемі
Қормен бекітіледі
Қормен бекітілмейді (әр банк өз бетінше бекітеді)

7 шілде 2006 жылы Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің депозитті міндетті сақтандыру » заңы бойынша, депозиттік кепілдендірудің жүйесін жаңарту және салымшылар алдында кепілдендірудің тартымды түрлерін ұсыну туралы құқықтық негіз құрылды. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір салымшыға деген сақтандырудың максималдық көлемі 700 000 теңгені құрайды.
Ал қазіргі уақытта жеке тұлғалардың депозиттерінің көлемін сақтандыру деңгейі теңге бойынша 700 000 теңге, ал шетел валютасы бойынша 360 000 теңге немесе 90 пайыз мөлшерінде және депозит сомасының пайызы Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасын 50% есебінде қайтарылу жағдайыменен қайта қаралып, бекітілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің басқармасының бекіткен “Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымды кепілдендіру (сақтандыру) Ережесі” Қорды басқарудың негізгі құжаты болып табылады.
Ұлттық банк қормен бірлесе отырып, салымдарды сақтандыру жүйесін жетілдіре түсу мақсатында жұмысын жалғастыруда.
Депозиттер нарығындағы ерекше жыл, негізінен, 2006 жыл болып табылады. Өйткені, бұл жылы халықтың қолындағы айналысқа түспей отырған ақшалай қаражаттарын Банк жүйесіне тарту мәселесі бойынша көптеген қызметтер атқарылды. Олар: депозиттің әр түрлерін ашу; депозиттер түрлері бойынша ұтыс ойнату; салымдарды сақтандыру қоры тарапынан жарнамалардың көптеп жүргізілуі және ең басты мәселе – мемелекет тарапынан Қазақстан Республикасы азаматтарының шетел банктерінің шоттарында сақталынып жатқан заңдастырылмаған (легализацияланбаған) және көлеңкелі нарықта айналыста жүрген ақша қаражаттарын легализациялық процесті жариялау арқылы еліміздің экономикасына тарту.

2 – бөлім. Қазақстан Халық Банкінің экономикалық мазмұны.

Халық Банкінің тарихы – бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы. «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа

Пред.678910След.
скачать работу

Депозиттік теория негіздері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ