Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Депозиттік теория негіздері

> Банктің 2006 жылғы шоғырландырылған таза табысы 72% — ға ұлғайып, 27,159 млн теңгеге жетті. Банктің бұл көрсеткішке қол жеткізуі ең алдымен таза пайыздық табыстың 98%- ға, ал комиссиялық және алым түріндегі таза табыстың 39% — ға ұлғаюымен тікелей байланысты болып отыр, өз кезегінде бұл аталған көрсеткіштер пайыздық емес шығыстардың 48% — ға және табыс салығы бойынша шығыстың 139% — ға өсуімен ішінара теңгерілді. Қарапайым акцияларды иеленушілер арасында бөлінуге тиіс таза табыс 25,080 млн теңге болды, бұл 2005 жылғы көрсеткішпен (14,200 млн теңге болған) салыстырғанда 77% — ға артық. Операциялық табыс құрамына таза пайыздық табыс, комиссиялықтар мен түрлі алымдар түріндегі таза табыс және басқа да пайыздық емес табыс кіреді, 2006 жылы бұл көрсеткіш 66% — ға өсіп, 64,572 млн теңгеге жетті, 2005 жылы – 38,926 млн теңге болған. Операциялық табыстың 59 пайызын құрайтын таза пайыздық табыс 2006 жылы 98% — ға дейін ұлғайды және 2005 жылы 19,259 млн теңге болса, өткен жылы 38,132 млн теңгені құрады, ең алдымен бұл несие портфелінің өсімімен табысы жоғары бөлшек несиелер есебінен мүмкін болды.
Комиссиялықтар мен алымдар түріндегі таза табыс операциялық табыстың 33 пайызын құрады әрі 2006 жылы 39% — ға өсіп, 2005 жылғы 15,248 млн теңгеден 21,135 млн теңгеге дейін жетті. Бұл табыс бойынша өсімге зейнетақылық активтер мен есеп айырысу – кассалық қызмет көрсету арқылы алынған табыс нәтижесінің артуы арқылы қол жеткізілді. Операция шығыс көлемі 2006жылы 48% — ға ұлғайды және 2005 жылғы 19,560 млн теңгелік шамадан өткен жылы 28,971 млн теңгеге дейін артты, бұл қызметкерлер санының, жалақы деңгейінің өсуімен және басқа да әкімшілік шығынның артуымен байланысты.
2006 жыл Халық Банктің банктік қызметтер нарығында шапшаң талпыныс жылы болды. Бұл туралы Халық банкінің бухгалтерлік балансымен куәләндырады.
Кесте 2.1
Бухгалтерлік баланс.

Млн. Тенге 31 желтоқсан
2006 ж 2005 ж
Клиенттік қарыз нетто 596,216 411,097
Барлық актив 991,359 559,665
Клиенттік депозиттер 597,935 323,515
Барлық міндеттемелер 870,732 495,221
Барлық меншікті капитал 120,628 64,444
Барлық меншікті капитал және міндеттемелер 991,359 559,665

Банктің жалпы активтерінің шамасы 2006 жылы 77% — ға өсті және 991,359 млн теңгеге жетті, 2005 жылғы 31 желтоқсанда көрсеткіш 559,665 млн теңге болған. Мұндай шамаға ұлғайту негізінен несие портфелі мен инвестициялық бағалы қағаздар портфелі ауқымының артуы нәтижесінде мүмкін болды. Несие портфелінің өсімі 2006 жылдың аяғындағы жағдай бойынша 45% — ға артып, 596,216 млн теңгеге жетті, 2005 аяғында бұл көрсеткіш 411,097 млн теңге болған, аталған өсім Банктің несие беру қызметінің айтарлықтай жандандырылуымен, әсіресе, бөлшек несие беру мен шағын және орта бизнес саласындағы несие берудің белсенді түрде жүргізілуімен тығыз байланысты деуге болады. Мұнымен қатар Банктің инвестициялық бағалы қағаздар портфелінің көлемі де өсіп отыр: 2005 жылғы 12,099 теңгеден 2006 жылы 123,338 млн теңгеге дейін өсті сонымен ақша мен оның балама құралының, оның ішінде мемлекеттік қысқа мерзімді облигациялардың ауқымының өсімі 2005 жылғы 57,102 млн теңгеден 2006 жылы 127,799 млн теңгеге дейін жетті, бұл жағдай өткен жыл ішіндегі депозит базасын жоғары қарқындылығы нәтижесінде Банк өтімділігінің шамадан тыс артуымен байланысты болды. Бөлшек (жеке тұлғалар) банкинг жалпы несие портфелінің 31 пайызын құрайтын бөлшек несие портфелі 2005 жылғы 130,602 млн теңгеден 2006 жылы 197,181 млн теңгеге жетіп, өсім 51% болды. Ипотекалық несиелер бөлшек несиелердің жалпы көлемінің 56% құрады және ауқымы өткен жылы 40% — ға артты, ал тұтыну несиелері портфелінің көлемі 67% — ға өсті. Бөлшек несие бойынша түскен табыс 2006 жылғы жалпы пайыздық табыс ауқымының 41 пайызын құрады, 2005 жылы бұл көрсеткіш 36 пайыз болған.
Меншікті капитал 2006 жылдың аяғында Банктің меншікті капиталының көлемі 2005 жылдың аяғындағы көрсеткішпен салыстырғанда 87% — ға ұлғайып, 120,628 млн теңгені құрады. Мұндай нәтижеге жарғылық капиталды толықтыру және бөлінбеген табыс пен өзге де резервтерді ұлғайту арқылы қол жеткізілді. Банктің жарғылық капиталы 2005 жылдың аяғында 29,016 млн теңге болса, 2006 жылдың басында айырбасталатын артықшылықты акцияларды орналастырғаннан кейін және қыркүйек айында 30 000 000 қарапайым акция, ал желтоқсан айында Лондондағы халықаралық биржада жаһандық депозитарлық қолхаттарды (ЖДҚ) бастапқы жариялық түрде орналастыру (IPO) шеңберінде 55 000 000 қарапайым акция шығарылғаннан кейін 2006 жылдың аяғында жарғылық капитал өсімі 109% — ға немесе 60,684 млн теңгеге жетті.

Сурет 2.1. 2006 жылғы Халық Банкінің негізгі операцияларының қаржылық көрсеткіштері.

Халық банкі өзінің клиенттер базасы мен кең таралған бөлімшелер желісі жағынан көш бастаушылар қатарында келе жатқан Қазақстандағы бірден бір қаржылық мекеме болып табылады. Банк бүгінгі күні жеке тұлға – клиенттер мен корпаративтік клиенттерге және шағын және орта бизнес өкілдеріне ауқымды қызмет түрін (банктік қызметтер, зейнетақы қорының қызметі, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызмет, активтерді басқару) ұсынатын әмбебап қаржылық топ ретінде даму қағидасын ұстанып отыр. Халық банкінің бөлшек депозиттері мен ипотекалық несие беру нарығындағы портфелдік үлесі — 20 % — ға жуық. Мұнымен қатар Банк төлем карточкалары нарығының сөзсіз көш бастаушысы болып табылады – бұл саладағы үлесі 50 пайызды құрайды. Өзінің бөлімшелер желісі мен банкоматтар арқылы сондай – ақ соңғы уақытта айтарлықтай жедел қарқынмен дамып отырған «Интернет — банкинг» және «Мобилдік -банкинг» жүйелері көмегімен 6млн — ға жуық клиентке қызмет көрсетуде. Клиенттерге ұсынылатын қызмет ауқымы өте кең әрі сан алуан: банк өнімдері мен қызметтері, оның ішінде ағымдағы шоттар, мерзімдік депозиттер, тұтыну несиелер, ипотека, кредит және дебет карточкалары, жол чектері, валюта айырбастау, мұның сыртында – 2006 жылдың ішінде іске қосылған бірқатар жаңа карточкалық өнімдер бар. Банктің корпоративтік банкинг бөлімшелері копоративтік клиенттерімен шағын және орта бизнес өкілдеріне, қаржы мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарға көтермелі банк өнімдері мен қызметтерінің бірнеше түрін ұсынады.
2002 жылдың қыркүйек айынан бастап зейнетақы салымдары ай сайынғы түсетін көлемі бойынша алда келуде. Осы жылдың ақпанындағы көрсеткіш 3483615848 теңгені құрайды немесе 26,67% құрайды.Осы көрсеткіштерді мына сызбадан көруге болады.
Кесте 2.2
2005 жыл бойынша негізгі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы

Атауы Саны Нарықтағы үлесі Жылдық өсім
1.1.05 1.1.06
Салымшылардың саны 1242881 1459198 19,16% 216,317 17,4%
Зейнетақы қоры оның ішінде салымшының есебінде бөлінген инвестициялық кіріс 121173855000

23777636000 168342666000

36139503000 25,95%

23,29% 47168811000

12361867000 38,93%

51,99%

Сомма 5962875000 8247821000 23,05% 2248946000 38,315%
Алымшылардың саны 211366 266409 55043 26,04%

Халық банкінің зейнетақы қоры ең капиталды қоры болып табылады. Оның төленген жарғылық капиталы 1 млрд теңгені құрайды. 2006 жылдың 1 қаңтарындағы қордың жеке капиталы 2 828 734 мың теңгені құрайды.
Зейнетақы қор жүйесінің 2006 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіштері:
- 168,3 млрд. Теңге оның ішіндегі инвестициялық кіріс 36,1 млрд. теңге, жалпы зейнетақы қорының көлемінің 25,95% — ын құрайды;
- 42 млрд.теңге зейнетақы активтерінің көлемі бойынша жақын бәсекелесушімен құрайды;
- 1 459 198 адам, немесе жалпы зейнетақы қорының салымшылары 19,% — ын құрайды;
- 2005 жылдағы салымшылардың зейнетақы жинақтаушыларының зейнетақы қорының өсімі 38,93% құрайды;
- 2005 жылғы таза инвестициялық кірісінің өсімі 51,99% — ды құрайды;
- Зейнетақы салымының жалпы көлемі 24,3% — ын құрайды, 124,7 млрд.теңгені құрайды;
- 2005 жыл бойынша ай сайынғы зейнетақы салымдарының ортақ көрсеткіші 295 млрд.теңгені құрайды немесе зейнетақы салымдарының айлық көлемінің 26,5% — ын құрайды.
Алдыңғы жеті жылда қор өзінің резервтерімен, өзінің ішкі потенциалымен өсіп, дамыған болатын. Халық банкінің зейнетақы қорын республика мен жақын шетелдің сарапшылары көрсетеді:
- Қордың салымшыларына қаржылық топтағылардың алғашқысы болып кешенді өнімді енгізеді, қаржы топтарының мүшелерінің айналымдық қызметтерін қосады.
- Мемлекеттік емес қорлардың ішіндегі алғашқысы болып зейнетақы активтерін өзіндік басқаруға көшірді.
- Қазақстан Халық банкінің банкоматтары мен интернет банкингісі арқылы жеке зейнетақы шотынан көшірмені алу мүмкіндігін енгізді.
- Зейнетақы активтерінің көлемі бойынша бірінші орынға шықты және республикадағы ең үлкен қор болды.
- Республиканың қаржы секторындағы салымшылардың зейнетақы салымы бойынша 1 млрд доллар рекордтық сомаға жетті.
- Мемлекеттік емес қорлардың ішіндегі бәсекелестік күресте 1 млн салымшы рубежіне жетті.
- Зейнетақы қорлардың ішінде алғашқылардың бірі болып жарғылық капиталды 1 млрд теңгеге толтырды.
- «Жыл таңдауы» республикалық конкурсының алты рет «Қазақстандағы №1 зейнетақы қоры» атағын иеленді, нарықты зерттеу Еуропалық орталығының «Еуромаркет» сыйлығымен марапатталды.
- Ең атақты, ең таза, ашық және атақты қор болып аталған.
- JAS-ANZ аккредитациясының негізінде халықаралық орган «Total Quality Certification Services International Pty Ltd» сертификаты бойынша ISO 9001 : 2000 стандарты бойынша сапа менеджментінің сертификациясын ойдағыдай өткізді.
2003 жылдың ақпан айы мен 2006 жылдың ақпан айы аралығындағы Халық банкіндегі жалпы зейнетақы қорының, зейнетақы активтері бойынша номиналды кірісінің орта есптегі коэфициен

Пред.678910След.
скачать работу

Депозиттік теория негіздері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ