Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Екі дүниежүзілік соғыстар аралығындағы европалық тарихнама. АҚШ тарих ғылымы

.Зигфрид, ұсақ меншіктің Батыс Франциядағ әктік топырақ жағдайында,саяси еркіндіктің, республикашыл және демократияшыл негізі болады деп түйіндеген. Тұрғындары сирек орналасқан, топырағы тастақты жерлердегі ірі меншіктік кедейлерге тән сипаты болуы, шіркеулерге, монархистерге, аристократтарға артықшылықтар берді. .Француз саяси ғылымының келешектегі дамуында,сайлаушылардың саяси тәртібінің мотивін зерттеуді жалғастыру болды.

Соғысаралық кезеңде Француз коммунистік партиясының құрылуымен, Француз тарихнамасында дамудың жаңа стимулы болды.1930-шы жылдың ортасында ғана компартия сектанттыққа икемделіп және «интернационализм» мен қызыл тумен,төңкеріс символы «Марсельеза» мен Ұлы Француз төңкерісінің үштүсті туын мойандады.Соғысаралық кезеңде кәсіптік тарихпен айналысқан,алғашқы француз тарихшы марксистері ұрпақтарының қалыптасуы жүрді. 1934 жылы Огюст Корню Париж университетінде : « Карл Маркстың жастық шағы» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады.

1930 жылдың екінші жартысында болашақ белгілі марксист..француз тарихшысы Альбера Собуля Ұлы Француз төңкерісі тарихын алғаш рет жарыққа шығарды.

 

1918 — 1945  жж.  Ұлыбританиядағы тарихи ғылым.

ХХ ғасырдың басына таман Ұлыбританияда тарихи білімнің мамандану үрдісі жалғасын тапты. 1917 жылы Оксфордта және  1920 жылы  Кембриджде тарихи мәселелер бойынша диссертациялар дайындаған университет бітірушілеріне берілетін философия докторлары ғылыми дәрежесі тағайындалды.  1921 жылы  Лондонда алғашқы басшысы  А. Поллард болған, тарихшы мамандығын жетілдіру үшін жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім ретіндегі тарихи зерттеулер Институты ашылды.     уақытылы жүйеге айналған, бірінші ағылшындық – американдық конференциясы өтті.   1930 – жылдары тарихи зерттеулердің лондондық Институты «Графтықтардың викториандық тарихы» атты көп томдық кітапты шығаруды басшылыққа алды. Корольдік тарихи қоғам өз қызметін  жалғастырды.  1918 жылы онда мұрағат құжаттарын жариялаумен және дықкомитет құрылды.   1921 жылдан бастап  британдық сыртқы саясат тарихы бойынша құжаттар баспаға шыға бастады. 1937 жылдан бастап 1900 жылдан кейінгі кезеңді қамтыған британ тарихының библиографиясы жүйелі түрде шыға бастады. Елде 1930 жылдары мүшелер саны – 4.5 мыңға  жеткен тарихшылар ассоциациясы жұмыс істеді. Ол жыл сайын шығатын тарихи әдебиеттің  «Тарих» атты шағын  журналын шығарды.   Аймақтық тарихты зерттеу кеңейе бастады, және бұл үшін жергілікті мұрағаттық және антикварлық қоғамдар мен графтықтар мұрағаттар қызметін үйлестіретін аймақтық тарих бойынша комитет құрылды.   1932 жылы Британдық мұрағат ассоциациясы құрылып, «Мұрағаттар» журналы шыға бастады. 1924 жылы ақпараттық қамсыздандыру бойынша кітапханалық Ассоциация құрылды(«Аслиб» қызметі).

Тарихи ғылымда ары қарай ұйымдасқан түрде мамандану жүрді.  1930 – жылдары оқу орындарында ежелгі дүние тарихы, орта ғасырлар тарихы, жаңа заман тарихының жеке кафедралары құрыла бастады. Бұл тағы да жаңа тарихтың дербес академиялық пәнге айналуымен байланысты болды.    XIX – XX ғғ. Шетелдік елдерде университеттер саны өсе бастады, және Манчестрде, Лидсада, Бирмингемде, Шеффилда және басқа да қалаларда «қызылкірпіштілер» деп аталатын қалалық университетер пайда болды. Тарихтан сабақ беретін оқытушылар санының өскені байқалды, 1900 жылы олардың саны 30-ға жуық, ал 1939 жылы 400-ге жетті.

Тарихи ғылымның теориялық – методологиялық негізінде британ тарихнамасында бастаушы таным әдісі тарихы үрдісте өзінің себеп – салдарлық  байланыстарын орнатудағы  мақсаттарын шектеген және жалпы әлеуметтік заңдарды жариялауға ұмтылған континенттік позитивизмге қарсы шыққан британдық нұсқадағы позитифизм болды.  Мұндай позицияны тарихшылардың Кембридждік мектебін құрушылардың бірі, Джон Бьюри (1861 – 1927) болды. Бьюри қоғамның дамуында материалдық және әлеуметтік факторлардың әсерін ескере отырып, тарих барысына дербес еркіндікті анықтау әсерін басып айтып, психологиялық салада тарихи үрдіске айқындаушы әсерді іздеді.  Бьюри жаңа тарихты зерттеуге мән беріп,  ХІХ ғ. аяғынан бастап жаңа тарих кезеңін  ерекше бөліп көрсету керектігін айтты. Тарихшылардың академиялық қауымдастығының басты мәселесі «оның өзі үшін» тарихын зерттеу қажеттілігін түсіну болды және тарихтағы жекелік пен біріңғайлылықты зерттеуге шешуші мән берілді. Тарихта жаратылыстану ғылымдарына тән әдістерді қолдану мүмкін емес деп саналды. Тарихты осылай түсіну тарихты ғылыман гөрі әдебиет пен өнерге жақындатты. Позитивизм бағыты британ тарихшылары ортасында, демек, неокантиандық көзқараспен сай келді.

1930 – 40 – жж. Британ тарихнамасының теориялық – методологиялық ізденістерінде А. Дж. Тойнби және Р. Дж. Коллингвуд идеялары орын алды.  1934 жылы Ұлыбританияда  Арнольда Джозефа Тойнбидің (1889 – 1975) «Постижение истории» атты 12 томдық шығармасының алғашқы кітабы шықты. Ол антика, халықаралық қатынастар тарихымен айналысты, Париж бейбіт конференциясы жұмысында британ делегациясы құрамында қатысты, Лондон университетінің саясат және экономика мектебінде халықаралық қатынастар тарихынан сабақ берді.  1926 жылдан бастап халықаралық қатынастардың Корольдық институтын басқарып, 30 жыл бойы оның директоры болды. Әлемдік тарихқа мәдени- тарихи жақындық жолында жұмыс істей отыра, ол өз концепциясында позитивизмді интуитивизм элементтерімен байланыстырды. Үлкен эмпирикалық мәліметтер жинақталған жұмыста келтірілген фактілер ортақ қатынастар үшін келтірілген мәліметтерге қарағанда, дүниежүзілік-тарихи үрдіс ойдан құрастырылған тірек сызбасына тек сурет болған.  Тойнби ортақ рухани мәдениеттері бар елдер мен халықтар үшін аймақтық өркениет ұғымын негізді. Ол өркениеттерді біріншілік, екіншілік және үшіншілік деп бөлді. Бұл көрсетулер бойынша, қазіргі әлем  бес негізгі өркениеттен (батыстық, православиялық-христиандық, исламдық, индуистік және таяушығыстық) тұрады.  Олар әрқайсысы бұдан бұрынғы өркениет белгісін алып отырған. Тойнби бойынша адам үшін прогресс саласы  адами рухтың даму болып өткен психология, мораль саласы болды.  Батыс өркениетінде Тойнби британ қоғамы мен мемлекетін батыстық өркениеттің маңызды бір құрамы (индустриализм, парламенттік демократия, национализм) деп қарастырды.   Тойнбидің еңбегі британ тарихнамасында европацентризмнен алшақтап, әлемдік тарихи үрдістер түсінігіне келуіне әсер етті.

Тағы бір британ тарихшыларының ішінен тарихи таным саласындағы белгілі теоретиктердің бірі  Робин Джордж Коллингвуд (1889 – 1943) болды. Оның негізгі еңбектері – «Автобиография» (1939), «Тарихтың идеясы» (1946). Коллингвуд Оксфордта философия және антикалық тарихтытың  профессоры болды. Ол позитивистердің тарихи әдісін «қайшы мен желім тарихы» деп атап, қатты сынға алды, өйткені  оның пікірінше, тарихшы  жинақталған және дәстүрлі қалыптасқан факт ізімен жүрмей, керісінше, айналасында зерттеу жүруі үшін сұрақтар қоя білу керек. Тарихи үрдіс оларға идеалистік тұрғыдан түсінікті болды – бұл дегеніміз, тек танымға ғана мүмкін, ал танымға тек ойлау ғана тән және ойдан басқа тарихи білімнің пәні болып табылатын еш нәрсе жоқ.

XX ғасырдың басында британ тарихнамасында  толығымен тарихтың либералды концепциясына деген ұстаным таралды. Осыған сәйкес тарихи үрдіс жаңаның ескімен күресі барысындағы прогресс баспалдағымен мемлекеттің не қоғамның өрлеуі және өкілдік демократия мен жеке дара еркіндіктің түсініксіз кеңеюі сияқты болды.  1920 – 30 – жылдары тарихи таным түсінігінің либералды интерпретация сыны концепциясының кейбір ережелерін өзара түсінуге деген тенденция байқалды. Бұл тенденциялар Кембридж университетінің оқытушысы Герберт Баттерфилдтің (1900 – 1979)  «Тарихтың Вигалық интерпретациясы» (1931), «Ағылшындық және оның тарихы» (1944) еңбектерінде көрініс тапты. Баттерфилдтің айтуы бойынша,  вигизм тарихнамалық дәстүр ретінде тарихи білімде өз міндетін орындады, ол британдықтарға  өткен тарихы бар қазіргі демократиялық қоғамның сабақтастығын түсінуге мүмкіндік берді.   Баттерфилд тарихшылардың келешек ұрпақтарының алдында жаңа міндеттер тұрады, және өткен тарихтың мәнін айқын ашу үшін тарихты зерттеуді қазіргі құндылықтарға бағындырудан босату керек деп санады,  өйткені тарихқа библиялық көзқарас тарихи дамудың жорамалдық концепциясына сай келетін фактілерді тарихтан таңдап алуға әкеледі.  Тарих жеңілдетілген және сызба түрінде болды. Баттерфилд моральдық құндылығы бар  «прогрессивтілік» және «кертартпалық» түсініктері тарихшының  сөз қорынан жоғалуы тиіс деп санады.  Баттерфилд тарихи үрдісті қақтығыс жолымен заттың бір күйден екінші күйге өтуі деп түсінді, сондықтан да  библиялық тарихшылар сияқты «тарихты миға сиымсыз логикамен» іздеумен айналысу парықсыз. Тарихи танымның мәні байланысы тарихқа аяқастылық және ғажайып нәтиже беретін бірегей элементтердің көптүрлілігінде жатыр. Тарихшы – шебер маманның ісі жалпы шынайылылық пен заңдарды бекіту емес,  тарихи үрдістердегі өзгерістердің барлық үйлесімділігін зерттеу болып табылады.  Баттерфилдтің пайымдауы бойынша,  «шын мәнісінде тарих – бұл саяхаттар туралы кітаптардағы сипаттамалық шығарманың бір түрі». Тарихшы, оның айтуынша, «сот емес, ақтаушы да емес … ол куәлік беруге міндетті адам ұстанатын жолда жатыр».

Британ тарихнамасында зерттеу тақырыбы негізінен саяси және конституциялық тарих болды, бірақ ақырындап экономикалық

12345
скачать работу

Екі дүниежүзілік соғыстар аралығындағы европалық тарихнама. АҚШ тарих ғылымы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ