Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Екі дүниежүзілік соғыстар аралығындағы европалық тарихнама. АҚШ тарих ғылымы

теріне сараптама жасады. Тарихында прогрессистер әлеуметтік күресті орта таптың либералдық-демократиялық бағытты ұстануының нәтижесі деп көрсетеді.

Прогрессистер Американың шексіз демократиялық даму мүмкіндіктерін қарастырды. 1930 жылы көптеген адамдар Ф.Д. Рузвелттің «Жаңа курс» саясатын АҚШ-тағы үшінші «монополистікке қарсы революция» ретінде таныды. Прогрессистер америка тарихынның  1861-1865 жылдардағы Азаматтық соғысты оқытуда жетістікке жетті. Олар феодолизмнің коллониалдық кезеңідегі әлеуметтік-экономикалық дифференциациясын көрсетті.

Солтүстік Американың коллониалдық экономикасы қара түстілердің және ақ түстілердің қинап еңбек еткізу нәтижесінде жетістікке жетті.  Прогрессистердің санауы бойынша 1770 жылы Солтүстік Америкаға 250 мың қара түсті құл және 250 мыңдай тағы ақ түсті құлдар әйелдер мен балалар әкелінді.

Коллониалдық кезеңде тәуелсіздікке қарсы күреспен бірге, 1775 – 1783  жылдары ішкі әлеуметтік қақатығыстар да орын алды.

 

Прогрессиситік тарихшылар ішінде тәуелсіздік үшін күресті зерттеуші беделді тарихшы Джон Ф. Джеймсон (1850 – 1937) болды. АҚШ тарихнамасында бірінші болып XVIII ғасырдағы Америка революциясын Ұлы Француз революциясымен салыстырып, екеуіне де әлеуметтік революция түсінігін енгізді. Джеймсон пікірі бойынша революциялардың әлеуметтік сипаттамасы, мемлекеттік төңкеріс емес, жалпы халықтық қозғалыс деп сипаттады. Олардың мақсаты жерді пайдаланудағы феодалдық жүйені өзгерту, қысым жасап еңбек еткізу, аристократиялық саяси жүйені өзгерту болды. Прогрессистер демократиялық партияның орта тап мүддесін қорғап, халықтың жаппай көтерілісін қолдауын Э. Джексонның (1829 – 1837) президенттік қызметін, АҚШ-тағы демократиялық реформасын  «Алтын ғасыр» деп бағалады.

1920 жылы прогессист-  тарихшылар  1861 – 1865 жылдардағы азаматтық соғысты да терең қарастырды. Олар Солтүстіктің экономикалық–саяси капиталистік заңдылығы және Оңтүстіктің құлиеленушілігін тарихи ауытқу ретінде емес, заңдылық ретінде қарастырды.

Прогессистер ішінде азаматтық соғысты зерттеушлер  Ч. О. Бирд (1874 – 1948) және Артур үлкен М. Шлезингер  (1888 – 1965) көп үлесін қосты. Бирд Азаматтық соғысты дәстүрлі әсери тарих ретінде жазудан бас тартып, сол уақытта болған әлеуметтік әлеуметтік өзгерістерді жазды.  Бирд Азаматтық соғысты сипаттай отырып, қара түстілердің әлеуметтік- экономикалық мәселелерін шешпегенін мойындайды. 1940 жылдың басында либералды-реформисті прогрессивтік бағыт американдық тарихнамада дағдарысқа ұшырады, олар америкалық тарихты бағалауда әлеуметтік –сыни бағытқа ауыса бастады. Ч.Бирд  соңғы он жыл  ішінде 1930-1940 жылдары бағалы эволюциялық идеямен жұмыс істеді.  Ф. Д. Рузвельттің «Жаңа курс» бағытына сүйене отырып, америкалық ерекшеліктер теориясын жасады. Бұл туралы әйелімен бірге жазған 4 томдық «Америкалық өркениеттің көтерілуі» (1927-1942) еңбегінде көрсетті. АҚШ-ты ерекше мәдени-психологилық қоғам ретінде, бірегей және тиянақты өркениет ретінде қарастырды. Осыдан кейін Бирд АҚШ Конституциясына сыни көзқарасын өзгертті.

Бирд сонымен қатар тарихи методологияда позитивистік бағыттан бас тартты. Тарихи заңдылықтарды күмән ете отырып, обьективті тарихи фактілерді тарихшының субьективті қабылдау категориясы ретінде жариялады. Соңында Бирд тарихнамада қоғамдық –саяси ойлардың әр түрлеріне теңеді. Тарихшы-прогрессистер американдық тарихтың маңызды факторы ретінде әлеуметтік қақтығыстарды түсінуден бас тартып, реформаларды білім беру және болжағыш президенттер факторы деп жариялайды. Олар тәуелсіздік үшін күресті антиколлониалдық және әлеуметтік қозғалыс ретінде түсінуді қаламады, отарланушылар көтерілісі жеңісінен кейін түпкілікті қоғамдық өзгерістерге ұшырауы мүмкін деген күман туындады.

1920-1930 жылдары оңтүстік штаттар университетінде қара түстілердің дискриминациясын қорғаушылар өз пікірлерін ашық жариялады. Осындай оңтүстік тарихшыларды бірі Ульрих Б. Филипс (1877 – 1934), азаматтық соғысқа дейінгі оңтүстіктік өмірді жазуға тырысты. Құлиеленушілік еңбек пен капиталды біріктіруде адамгершілік жүзеге асырылған үрдіс, құлиеленушілер құлдарға өздерінің қымбатты затындай қарады,-деген пікірін дәлелдеуге тырысты. Сол кезде құлдық жүйесі Филипстің сөзі бойынша «Варварлық нәсілді» өркениеттік қоғамға дайындау мектебі ретіндеболды

Тарихи әскери кезеңде АҚШ-та Джонсон Коммонсон құрған (1862 – 1945) шаруалар көтерілісін зерттейтін ғылыми мектеп жұмыс істеді. Джонсон Коммонстың редакциясымен 10 томдық «Американдық индустриальды қоғамның құжаттық тарихы» атты еңбегі  (1910 – 1911), сонымен қатар 4 томдық «АҚШ-тағы гаруалар қозғалысының тарихы» атты еңбегі  (1918 – 1935) жазылды. Коммонс зерттеу жұмысының принципін неміс политэкономикалық тарихи мектеп пен К.Бюрхер идеясына негіздеді. Коммонс идеясы бойынша, АҚШ капитализмі дамуының алғашқы кезеңінде каптиталға негізделіп өнеркәсіптік буржуазия қарызға батады, жалдамалы жұмысшы тарапынан кіріс есебін көбетуге тырысады. Өнеркәсіптік капитализмде өнеркәсіпшілер жалдамалы жұмысшыларға қарсы қақтығыспауға тырысады. Коммонстың ойынша тред-юниондар ұйымдастырған жұмысшы қозғалысы ең біріншіден жұмысшы таптар арасында эмигранттар тарапынан мамандандырылған және мамандандырылған емес бақталастық орын алды. Политэкономикалық неміс мектебінің әрбір елдердегі әлеуметтік-экономикалық дамуы концепциясы америкалық жұмысшы қозғаласы кезінде кеңінен тарады. Коммонс назарында Америкалық Еңбек Федерациясының қамқорлығына тред-юниондық қозғалыс американ шаруаларының 20 %-ын қосып алып, радикалды юнионизмге мән бермеді және екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Коммонс мектебі өз дәрежесін жоғалтты.

Американдық тарихнамада әскер аралық кезеңде ашық антимонополистік позицияны жақтайтын солрадикалды бағыт пайда болды. 1920 жылдары бұл бағыттың өкілі Вернон Льюис Паррингтон (1871 – 1929) болды. Ол 3 томдық «Американдық ойдың негізгі ағымдары» (1927 – 1930) атты шығармасы болды. 1962-1963 жылдары орысша аудармасы жарыққа шықты.

Американдық тарихтың түпкі мағынасы тәуелсіздік үшін күрес және адам құқығының концепциясы. 1787 жылғы Конституция іс жүзіндегі мақсаты жеке меншіктік құқықты қорғау. Негізгі қаһармандары ұсақбуржуазиялық-радикалды және әлеуметтік –реформистік партиялар тарапынан шықты, дағдарыс кезеңінде екіпартиялық жүйеге еңбек етуші массаның құқығын қорғауға мәжбүр ету. Солрадикалды тарихшылар либералдық реформизмге сыни тұрғыдан қарады. Антимонополистік заң қоғамдық пікірді тыныштандыру үшін ғана, шындығында монополистерге қарсы күрес антимонополистерге қарсы шығу мүмкін емес.

Солрадикалды бағыттың өкілдері АФТ құрамына кіретін оппртунистік кәсіподақ Американың барлық жұмысшылары, мамандандырылғандар және маман еместер, ақ және қара түстілер бірігіп кетсе саяси төңкеріс болады деп жрамалдай отырып, бұған жол бермеуге тырысады.

Америкалық таринамада дара негрелрдің тарихнамасы пайда болды. Бұл қоғам қайраткері  Г. Вудсонның (1875 – 1950) іс-әрекетімен жүзеге асты. Ол Сорбонда оқыды, 1912 жылы Гарвард университетінде докторлық диссертация қорғады. 1915 жылы негр халқының тарихын оқытуда Ассоциация негізін қалады. 1916 жылдан бастап «Негр тарихы» атты тоқсандық журнал шығарып отырды. Нерг тарихнамасын жазуда прогрессистік мектептің әсері болды. бірақ сол кезде АҚШ-та «расизм», «шовинизм», «ақтар» тарихнамасына көп назар бөлініп, АҚШ-тағы афро-американдықтардың рөлі деп қана қарастырылған. Негрлік тарихшылар АҚШ тарихында тәуелсіздік үшін күресті, XIX ғасырдағы демократиялық реформа қабылдауды, азамат соғысын жазғанда үнемі сынға ұшырап отырды. Негр тарихшылар көбінесе тарихта Реконструкция кезеңіне мән берді. Бұл мәселені ең жақсы зерттеуші Уильям Дюбу (1868 – 1963). Бл мәселені зерттеудегі ең жақсы жұмысы «Қара реконструкция» (1935). Оңтүстіктегі демократиялық қайта құрудың жүзеге аспау себебі әлеуметтік топтардың қара мен ақ нсілге бөліну себебінен деп көрсетті.

АҚШ-тың латынамерикалық саясат тарихнамасында ең маңызды мәселе Монро доктринасының эволюциясы. Монро доктринасының тарихын оқытушысы солтүстікамерикандық маман Декстер Перкинс (1889 – 1984). Ол АҚШ-тың Латын Америкаға байланысты экспансионистік көзқарасын жасырып қалды. АҚШ пен Латын Америкасының қатынасын зерттеуші маман Сэмуэль Ф. Бимис (1891 – 1973). Ол АҚШ-ты европа мемлекеттерін Латын Америкаға жібермеуге тырысты деп көрсетеді. 1898 жылғы испандық-американдық соғысты бағалауда көптеген американдық тарихшылар, испандық отарланушылар бостандық және тәуелсіздігі үшін күресті деген қағида ұстанды. АҚШ-тың Қытайдағы «Ашық есік» саясатын сынға ала келіп, Қытай өз елін европалық державалардың  отарлауынан сақтап қалды дейді.

Американдық тарихнамада радикалды бағыттың өкілдері , американың ішкі саясатында экспансионистік аспектіні сынға аламыз деп, ресми топтардың арасында өзі сынға түсті.

12345
скачать работу

Екі дүниежүзілік соғыстар аралығындағы европалық тарихнама. АҚШ тарих ғылымы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ