Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Екі дүниежүзілік соғыстар аралығындағы европалық тарихнама. АҚШ тарих ғылымы



 Другие рефераты
Демократия Алаш көсемі – Әлихан Бөкейханның зиратына белгітас қойылды Қажылыққа барған мұсылмандар Арафат тауында жиналды Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Сабақтың мақсаты: 1918-1945 жж. аралықтағы шет елдік тарих ғылымының ерекшеліктерін аңықтау.

Тақырыпқа арналған сұрақтар:

  1. Францияда позитивистік тарихнаманның қалыптасуы
  2. Ұлыбританияның тарих ғылымындағы дәстүрлер мен жаңалықтар
  3. Германдық тарихнамадағы сабақтастық мәселесі.
  4. АҚШ- тағы тарих ғылымы. Прогрессивті мектептің дамуы.

 

19 ғасырдың аяғында-20 ғасырдың басында қалыптасқан Француз тарихы ғылымы ұйымы екі соғыс кезеңі аралығында сақталды. Көпшілік тарихшылар жұмыс істеген тілдік лексикалық сөздік факультеті университеттің тарихшыларды даярлайтын және басты тарихи зерттеу орталығы болды. Ғылыми дәреже атағын және диссертация қорғауды тек ғана Франзуз университеті қабылдайтын. Тарихи ғылымды дамытуда маңызды үлес қосқандар: Ұлттық хартия мектебі, Жоғарғы қалыпты мектеп, Колледж де Франс, ертеректе құрылған ірі ғылыми -білімдік мекеме. Маңызды тарихи кезеңдерді мәселелерді зерттеуде, үлкен ұйымдастырушылық рөл атқарған және бұл кезеңдерді зерттеу әрекетімен айналысқан тарихи қоғамдар мен журналдар болды. 1958 жылға дейін француз тарихшылары,диссертация қорғауда,гуманитарлық ғылымдары докторы дәрежесін алуға ұсынылған.Бұл дәреже тарихшылардың филологтармен бірдей атауда  болды.Докторлық дәрежеге талап өте жоғары болды.Ізденушіден екі мәтін тапсыру ұсынылған:негізгі және қосымша.Негізгі мәтінде зерттеудің түпкі мазмұны кең деректік негізде алынған болса, ал диссертацияға қосымша да автордың деректанушылық және тарихнамалық  зерттеу мәселесі аймағындағы компетенттігін көрсететін болған.Қорғалған диссертация жарыққа шыққандықтан, француз тарих ғылымы көлемді зерттеулермен үнемі толықтырылған.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ұлттық өзіндік санада француз қоғамында үлкен орын алған осы оқиғаға байланысты патриоттық рухты жанаша ойлау болды.Елде әлеуметтік күрестің ықпалымен әлеуметтік..экономикалық мәселелерге қызығушылық өсті.Әдістемелік ғылымды дамытуда танымдық ахуалдың үлкен әсерімен А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясына ауды осыған сәйкес: физикалық құбылыс есебінен абсолюттік жүйе бақылаушыға тәуелсіз өмір сүрмейді   және абсолютті уақыт болмайды, қандай да бір есептік жүйеден байланыссыз,микроәлем заңдылықтары нағыз сипатқа иеленеді.Адамның мінезі оның санасымен жиі анықталмайды,ол сана бөліктері және сана бөліктерінің әртүрлі кешенінде бекиді деген З.Фрейд идеясын зор қызығушылықпен қабылдаған болат ын.Бұл барлық идеялар, салыстырмалы қағидадан фрейдизмге дейін,әлемді объективті тануға ақыл-ой қабілетсіз екендігінің куәсіндей жиі талқыланды. Францияда А.Бергсон философиясы осы салада танымал болуы оның сөзі бойынша,түпкі өмірді ұғыну адамның шығармашылық әрекетінің ақылдылығынан емес деген тұжырыммен, оның интуициясында деп ақылдылық көзқарасты басуға ұмтылды

Бірінші дүние жүзілік соғыс аяқталған соң,француз тарихи ғылымына зор ықпал еткен ,дәстүрлі позитивистік бағыт болды.Олар көпшілік француз университеті кафедраларын басқарды,журналдарды басқарды,бірнеше ірі жинақтық басылымдарды әзірледі           «Қазіргі Франция тарихы төңкерістен бейбіт 1919 жылға дейін     «(1920-1922) 10 томдық,Француздың ұлттық тарихы» (1929) 19 томдық, 1933 жылы Сеньобос: «Француз ұлтының ақиқат тарихы» деген еңбегі басылып шықты.Соғыстан кейінгі кезеңде француз тарихнамасына « адам географиясы» идеясы мектебі ықпал ете бастады, оның негізін қалаған Пьер Видаль де ла Бланш (1845-1918) болды.Бұл мектеп демографиялық фактор мен қоршаған табиғи қоғамға ықпалын зерттеді және оның өкілдері тұрғындардың көші -қоны мәселесін қарастырып,экономикалық және демографиялық өсуді,тарихи зерттеудің объектісі салдары тұрғысынан алғашқылар болып бастады.

Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында -ақ, 1938 жылы Р.Арон Философияға кіріспе тарихын ол релятивистік және субъективистік тұрғыдан тарихты ұғынудағы немістік неокантиандық рухты қалады.

Француз тарихнамасының жалпы позитивистік кейпін өзгертуде Люсьен Февр  (1878-1956) және Марк Блок (1886-1944) басты рөл атқарды.Февр Дижонда және Страсбургта профессор болды, содан кейін Коллеж де Франста қазіргі өркениет тарихы кафедрасын басқарды.Оның қызығушылық шеңбері:география, ортағасыр мәдениеті тарихы және тарихи психология болды.Блок Страсбург университетінде жұмыс істеді, содан кейін  1936 жылы Париж университетінде экономика тарихы кафедрасын басқарды.Феврдің негізгі еңбегі:»Мартин Лютер тағдыры»(1928)»Проблема неверия в  16 веке. Религия Рабле»   (1942) . Февр тағы да көптеген санды мақалалар, рецензиялары жарық көрді.оның жинақтары:» Тарих үшін күрес» (1962),»Тарихтың тұтастығы үшін» (1962) .М.Блоктың негізгі еңбектері:»Короли чудотворцы»(1924),Франция тарихының аграрлы ерекшелік сипаты»(1931),»Феодальдық қоғам» (1939-1940) 2-кі томдық.

Л. Февер мен М.Блоктың көзқарастарыА.Берра, Э.Дюркгейм және маркисизм әсерімен қалыптасты.Февер мен Блок дәстүрлі позитивистік құбылыстық тарихнаманы өткір сынады.Олар тарих құбылысты суреттеп қана қоймай ,болжамдарды қозғап, мәселе қойып, шешіп және жалпыкөлемдік синтетикалық ғаламдық тарихты жасауға ұмтылып,адамдар өмірін жан-жақты қамтитын  әлеуметтік,психологиялық,моральдық,дінилік және эстетикалық, саяси ,экономикалық көзқарасты білдірді.Февр мен Блок әлеуметтік экономикалық қатынасты қоғам тарихында географиялық және демографиялық фактордағы зерттеуге және тарихшыларды пәнаралық синтезге бағыттады.Жаңа зерттеу мәселесі, олар көңіл аударған, қоғамдық психология тарихы,ұжымдық құндылықтар мен көріністерді зерттеу болды, сондықтан Февер мен Блок тарихи ділділікті анықтаған. Олар тарихи фактілер қатарына оқиғалар ғана емес, әлеуметтік- экономикалық даму үрдісі және қоғамдық психология өзгерістірін де кіргізген.Блок пен Февер пайдаланатын деректер шеңберін кеңейтуге шақырыды және жазбаша деректерге сүйеніп, зерттеу мақсатына барлығын қолданып,адамдарға қатысты, адамға қызметке байланыстының болуын көрсетті.Олар тарихи үрдістің барысына ықпал ететін  қандайда бір факторды түсіндірмеді, бірақта үнемі  маңызды фактор рөліне ұжымдық психология, ділдікті алға қойды.Зерттеу барысы бойында барлығы тарихшының көрсетіп,бейнелеуімен берілгендіктен, осы тұрғыда Блок пен Февер көрсеткендей, тарихи факты тарихшысыз өмір сүрмейді,олардың ашылып, құрылуында тарихшының зерттеу фактысы барын атаған.Бірақ та Блок пен Февер тарихшының танымдық мүмкіндігіне сенеді, және адам мен табиғатты тануға, түсіндіруге болады деген.   1929 жылы Блок пен Февер жаңа жалпы тарихи журнал бағдарламасымен « Анналы экономической и социальной истории »  атты журнылдың негізін қалайды.Олар «жаңа тарихи ғылымдар» негізін салып, екінші дүниежүзілік соғастан кейін АҚШ..та «жаңа ғылыми тарих» атауын алды.

«Аналлдар» негізін қалаушылармен қатар француз тарихнамасында әдістер мен тақырыптарды жаңартуда экономикалық тарих мамандығы бойынша:Франсуа Симиан (1873-1935) және Эрнест Лабрусс (1895-1988) Ф. Симиан қоғам өміріне экономикалық циклды кіргізуге ұмтылды: ұзақ үлкен , қысқа, аралық циклдар. Ол циклдардың ауысымдық себептерін ақша массасының кірісі мен шығысынан қарастырды, ақшаның баға өзгерісіне, бағаның ауытқуына, қозғалысына қарады, онда еңбекақы деңгейі анықталды,табыс және басқадай табыстар,  баға ауытқушылығы және табыстар, оның талқылауынша, ұжымдық психологияға ықпал етіп, сол арқылы әлеуметтік қатынасқа әсер еткен. Осы бағытта Э.Лабрусс еңбегінде :экономикалық цикл өзінің ырғағымен, тарихи дамуды анықтайды,өйткені бағадағы өзгерістер, әртүрлі әлеуметтік топтар табыстары және әлеуметтік..саяси күрестерге бұрып әкеледі деген ойды дамытқан.Осы көзқарасқа тоқтаған Лабрусс, екі көлемді еңбек жазады:  «18 ғасырдағы Франциядағы баға қозғалысы мен табыстары очеркі» (1933 -1936) 2- кі томдық және « Француз экономикасындағы ескі тәртіптің соңында және төңкеріс  басындағы дағдарысы»(1944).Лабрусс ауқымды мұрағат материалдары негізінде  1726-1789 жылдары ұзақ уақыт еңбекақының төмендеуі және өмір сүру құнының өсуін анықтады. Ол 18 ғасырда Францияда әлеуметтік қайшылықтардың өршуіне әсер еткен ірдістерді көрсетіп,онда шаруалардан ондық және заттай сеньорлық төлемдердің өскенін, жалдық төлемдер динамикасын  көрсетті. Лабрусс мынадай қортындыға келді: 1789жылы төңкеріс басында,ұзақтығы әртүрлі үш экономикалық үрдіс болған «ұзақ толқын» жоғарғы нүктесі, экономиканың өрлеуі және бағаның өсуі, 1730 жылы француз буржуазиясын байытқан; экономикалық конъюнктурдың құлдыраған цикларалық шыңы ,ескі тәртіптің соңғы екі он жылдығына  келеді; онда егіннің шықпауы,өткір азық-түлік тапшылығы дағдарысы мен жаппай кедейлердің маусымдық қымбаттаушылығының апаттық шырқауы, 1789 жылы шілде тоқуына жеткізеді.  18 ғасырдағы экономиканың өрлеуі, бағаның өсуі тым ұзақ уақыт ахуалдың дамуына ықпал еткен; мұның өзі буржуазияның өрлеуін қамтамасыз етіп,оның реформатырлықшылдығын тудырды.

Лабрусс өзінің логикасына жақындай келе, әлеуметтік қозғалысты, төңкерістік және саяси дағдарысты сөзсіз экономикалық ауытқушылықты  коньюктурамен байланыстырады.Француз төңкерісі онда «ескі типтегі» экономикалық дағдарыстың салдары «қайыршылық дағдарысты» тудырған және нан бағасын қымбаттатқандықтан қозғалыста басты рөлді айқындаған.

Соғысаралық кезеңде Француз тарихнамасының ортақ тақырыбы Ұла Француз төңкерісі болып қалды.

Француз тарихшылары ерікті және еріксіз 1789 жылғы төңкеріспен, Ресейдегі қазан төңкерісін өзара талдауға көңіл бөлді. Консервативті тарихшы П.Гаксотт 1928 жылы «Француз төңкерісі» деген кітабын басып шығарды,онда, якобиншілдер мен большевиктерді үйлестіріп,төңкерісті

12345
скачать работу


 Другие рефераты
Русский космизм
Рубенс
ЖК мониторы
Казахское ханство 15-17 века


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ