Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Екі дүниежүзілік соғыстар аралығындағы европалық тарихнама. АҚШ тарих ғылымы

және әлеуметтік тарих та қамтыла бастады. Саяси тарихта үлкен орынды сыртқы саясат тарихын зерттеу алды. Дипломатиялық тарих мұрағат және баспа деректерін талдау негізінде дамыды. Париж бейбіт конференциясында британ делегациясы құрамына тарихшылар сарапшы ретінде кірді.   1920 – 1924 жж.  Г. Темперлидің редакциясымен  6 томдық  «Париж конференциясының тарихы» атты еңбек шықты. 1927 – 1938 жж. ресми түрде 11 томдық  «Соғыстың шығуы туралы британ құжаттары, 1898 – 1914» атты еңбек басылып шықты, оның мақсаты  Германияның соғыстағы шешуші ролін кінәлі етіп көрсету болды. Осылайша, британ тарихи ғылымы насихаттық функцияны белсенді атқарып келді. Соғыс жылдары Ұлыбританияда сыртқы саясат тарихы бойынша басқа да еңбектер шықты.   Лондон университетінде славян зерттеулерінің мектебі ашылып, мұнда Ресей мен Орталық және Оңт-Шығыс Европа елдерінің сыртқы саясаты зерттелді. Зерттеудің бұл бағытына Р. Ситон – Уотсон жетекшілік етті. Сондай-ақ, Британдық отарлық империя тарихын зерттеу жалғасын тауып, 8 томдық «Британ империясының Кембридждік тарихы»  (1929 – 1959) шықты. Зерттеудің дәстүрлі бағыты ретінде Ағылшын революциясы қалды. Тарихты библиялық жолмен түсінуді сынға ала отырып, британ тарихшылары ХҮІІІ ғасырдың ортасындағы Англиядағы оқиғалар үшін «Революция» терминін қолданудан бас тарта бастады. ХҮІІІ ғасырдағы Ұлыбританияның саяси тарихын зерттеуде үлкен үлесті концервативтік бағыттың ірі тарихшысы  Льюис Бернстейн Нэмир (1888 – 1960) қосты. Ол Манчестер университетінде жаңа тарих кафедрасын басқарды.  Оған үлкен атақты  «(1760 – 1820 жж. ІІІ Георгтің тақта отырған тұсындағы саяси құрылым» (1929) және  «Англия американ революциясы кезеңінде» (1930) еңбектері әкелді. Нэмир нақты тарихқа үңіле отырып, ол ХҮІІІ ғасырда елде парламенттік демократия институттарының күшею үрдісі жүргендігі туралы вигия концепциясының ең маңызды жағдайын сынға алды. Ол саяси көшбасшылардың кеудемсоқтық пен ашкөздік жақтарын, саяси өмірдің шектен шыққан арсыздығын ашты, бірақ бұл моральдық бағамен сүйемелденбеді. Нэмир өзінің айтуы бойынша, «адам іс-әркетінің маңызды мотивациялық факторларын» ашуға тырысқан. Саяси идеялар оған жеке адамдардың өзіндік іс-әрекеті болып көрінді. Нэмир британдық саяси өмірді зерттеу үшін парламент мүшелерінің әлеуметтік байланыстары, карьерасы мен өмірі туралы мәліметтер жинау  әдісін байқап көрмекші болды, және қоғамның саяси өмірін идеялар күресі емес, жеке байланыстар негізінде қалыптасқан топтар мен қауымның қақтығысы деп елестетті.

Екі дүниежүзілік соғыс аралығы кезеңінде британ тарихи ғылымының тағы бір  даму тенденциясы экономика тарихына  деген қызығушылықтың өсуі болды, және университеттерде бірінен соң бірі экономикалық тарих кафедрасы ашыла бастады,  1920 жылы Манчестер университетінде,   1921 жылы Лондон университетінде,  Кембриджде –  1928 жылы және  Оксфордта  1931 жылы.  1926 жылы Экономикалық тарих Қоғамы құрылды, ал   1927 жылдан бастап «Экономикалық тарихқа шолу» атты журнал шыға бастады. Үкіметтің араласуымен  1938 жылы   Лондонда әлеуметтік және экономикалық зерттеулердің Ұлттық институты құрылды.  Либералды және радикалды-демократиялық бағыттағы тарихшылар әлеуметтік тарихта өздерінің түсініктерін оңашалады, олардың ішіндегі ең белгілілері Р. Тоуни және Дж. М. Тревельян болды. Олар әлеуметтік тарих астарында әр түрлі тарихи кезеңдегі  қоғамның төменгі қабатының жағдайы, тұрмысын және әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуді жатқызды.  Әлеуметтік тарих бойынша ең белгілі еңбек Дж. М. Тревельянның « Англияның әлеуметтік тарихы» (1944)  атты зерттеуі болды, онда әлеуметтік тарихтың пәні өткен уақыттағы берілген ел халықтарының күнделікті өмірі сияқты кең таралды, ол адамзаттық қатынасты, әр түрлі таптардың бір біріне деген экономикалық қатынасты, үй шаруашылығын, отбасылық қатынастар сипатын, еңбек пен демалыс жағдайын қамтыды. Адамның табиғатқа қатынасын, осы тұрмыс жағдайында пайда болған әр кезеңдегі мәдениетті қамтиды. Әлеуметтік тарихқа аймақтық тарихта ене бастады.

Әлеуметтік – экономикалық тарихпен айналысып жүрген зерттеушілер, ағылшын революциясын саяси – конституциялық келіспеушілік ретінде түсіндіруде қанағаттанбаушылықты сезінді. Бұл вигиялық тарихнамаға тән болатын және оның пайда болуын әлеуметтік – экономикалық факторлар әсерінен деп түсіндіруге тырысты. Бұл бағыттағы еңбектердің негізін  Ричард Тоуни (1880 – 1962) салды, 1912 жылы  « XVI жүзжылдықтағы аграрлық мәселе» атты еңбекті басып шығарды. Ол Лондон университетінің профессоры болды және лейбористік партия әрекеттеріне қатысты. 1926 жылы Тоуни «дін және капитализмнің өсуі» атты еңбегін басып шығарды, онда  ол протестантизм капитализм қалыптасуының факторы болды деген пікірді ұстанатын М.Вебермен айтысты. Тоуни  капитализм діни феномендер негізінде пайда болды, ал протестантизм капиталистік дамуға дағдыланып, капитализмнің діни ақтау атмосферасын құру бағытында жеке әсер алды.   1941 жылы  Р. Тоуни  «Джентридің өркендеуі, 1558 – 1640жж» атты мақаланы басып шығарды, онда ол ағылшын революциясының пайда болуын джентрилердің көтерілуімен және экономикада капиталистік құрылыстың дамуымен байланыстырады.

Британ тарихнамасы соғыс жылдары марксизмнің әсерін де байқап көрді. 1938 жылы  А. Л. Мортон Британияның қысқаша тарихын марксистік позицияда жазып көруге тырысып бақты. Соғыс аралық кезеңде 1940 жылы Ағылшын революциясын буржуазиялық революция ретінде жазған еңбегін басып шығарған белгілі тарихшы  Кристофер Хилл болды.

Британ тарихнамасында елдегі өндірістік төңкеріліс тарихына үлкен мән берілді. Солшыл либералды тарихшылар осы кезеңмен байланысты «өндірістік революция» түсінігін де қолданды. Соғыс жылдары экономикалық тарих бойынша аса ірі еңбекті   Джон Клэпэм (1873 – 1946) басып шығарды.  Оның  3 томдық «Ұлыбританияның экономикалық тарихы» (1926 – 1938) еңбегінде  XIX –  XX ғғ.  елдің экономикалық дамуы көрініс тапты. Еңбектің авторы «өндірістік революция» түсінігін қолданудан бас тартты.  Клэпэм экономикалық тарихқа келгенде ол қатаң санды талдауға негізделуі керек және фабрикалық өндірістің қалыптасу үрдісінде жалданып жұмыс істейтін адамдардың тұрмыс деңгейінің төмендеуі туралы тезисті ұстанды.

Білімнің ерекше саласы ретінде бұл кездері тред-юниондардың пайда болуы және еңбекшілердің әр түрлі топтарының жағдайын зерттеумен айналысатын «Жұмысшы тарихы» да қалыптаса бастады.

Мұндағы ірі тарихшы, Оксфорд университетінің профессоры Джордж Дуглас Говард Коул (1889 – 1959) болды, ол лейбоистердің сол қанатына жатты. Ол жұмысшы қозғалысы тарихы бойынша биографияларды басып шығарды. Коул фабрика жұмысшылары біртіндеп өз жағдайына бейімделіп, тред-юниондар құра отырып оны жақсарту үшін күресті. Ол социализмді түсінуге этикалық ыңғайды ұсынды.

 

АҚШ- тағы тарих ғылымы. Прогрессивті мектептің дамуы.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін америка тарихнамасында релятивизм (тарихи танымның обьектитвтілігін жоққа шығару) кеңінен дамыды. Тарихшылар арасында ғылыми теорияның пайдалы жағын анықтайтын философиялық прагматизм таралды. Америка тарихнамасы тарихи заңдылықтар мен тарихшылардың тарихи қайталанбас оқиғаларды жазуын жоққа шығару, неокантианттық идеясын да қабылдады. Сонымен қатар тарихқа шығармашылық өнер туындылары ретінде  көзқарастар болды. Бірақ америкалық тарихнама ғылымында негізгі «теориялық факторлар» позитивизм методология бағытын сақтады. «Ұлы депрессия» жылдарында қоғамдық өмірде әлеуметтік және экономикалық жағынан маңызды орын ала бастады.

Американдық тарихи ассоциацияда әскери аралық кезең белсенді әрекет етті. 1945 жылы жергілікті тарихи қоғам саны 833-ке өсті. Бірнеше жалпылама жұмыстар жасалынды: «Америка хроникасы» 50 том (1918 – 1921), «Американдық өмірдің тарихы» 12 том (1927 – 1948). 1945 жылы АҚШ-та 86 тарихи журнал басып шығарылды. Анықтамалық –библиографиялық қызмет, архивтік іс жүзеге асты. 1934 жылы Вашингтонда Ұлттық архив негізі қаланды. Ірі университеттерде және жергілікті тарихи қоғамдарда көптеген құжаттық материалдар сақталынды. 1920-1930 жылдары американдық қоғам және әлеуметтік қақтығыстардың дамуын оқытатын «Прогрессистік мектептің» либералды-реформистік бағыты жұмыс істеді. Тарихшы-прогрессисттер АҚШ-тың тарихи дамуын басқа елдерге «америка ерекшеліктерін» көрсетуге тырысты. Солардың бірі үлкен М.Шлезингер (1888 – 1965) АҚШ-тағы және батыс Еуропа елдеріндегі буржуазиялық қоғамдық құрылысты, машиналық өнеркәсіп, ұлттың құрылуын, қоғамдық мектептердің дамуын,  әйелдер мен балалар жағдайына көңіл бөлу, гуманитарлық реформаларды айқандап көрсетті.

Прогресситік мектеп тарихшыларының көзқарасы бойынша америка тарихының негізгі идеясы аристократтарға қарсы күрес, құлдықтан бостандыққа және теңдікке ұмтылу қозғалыстары. Олар америка қоғамын екі негізі топқа бөлді: жоғарғы үстем тап және төменгі таптарға орта және ұсақ буржуазиядан пролетариатқа дейінгі топтар. Америка тарихының әрбір кезеңдерінде  — ерте кезең (Солтүстік Америкада құлдықтың пайда болуынан XVIII ғасырдың соңына дейін), орта кезең (1860 жылға дейін), соңғы кезең (1861-1865 жылдар азаматтық соғыстан қазіргі заманға дейін) «жоғарғы» және «төменгі» таптар арасындағы қақтығыстар жалғасып отырды, нәтижесінде саяси күйзеліске әкелді. Прогрессистік мектеп алғаш рет американдық тарихнамада АҚШ тарихының әрбір кезеңіндегі  үстем тап әрекет

12345
скачать работу

Екі дүниежүзілік соғыстар аралығындағы европалық тарихнама. АҚШ тарих ғылымы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ