Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Экономика – елдік тұғыры

н модель нарық экономикасын қолда­нуда тәжірибесі бар елдерге, ол оның негізгі мақ­саты нарық жүйе­сін жаңадан енгізу емес, қол­даныстағы жүйені, нарық кеңіс­тігін одан әрі жетілдіруді көздеген еді. Осыған қарамай аталмыш модельді жоғарыда айтылған себептерге байла­нысты нарық экономикасын бұрын қолданбаған, оған керекті дайындығымыз жоқ біздер де қолда­нысқа алуға мәжбүр болдық.

Ал осы модельдің теріс салдарын оған тездетіп көшкен елдер, оның ішінде біз де молы­нан көрдік. Аталмыш үлкен іске керек маман­дары жоқ немесе аз, нарыққа керек инфрақұ­ры­лымдары мен заң­да­ры жасалмаған, оны енгізу тетіктерін атүсті жа­сауға мәжбүр болған елдер­дің бәрі де көптеген қиындықтарды басынан өткізді. Ел ішінде хал­қың­ның да осыған дайын болмағанын айтуымыз керек. Дайындықсыз бастаған реформалардың берекесіздігін Нобель сыйлығының лауреаты, әлемге есімі танымал ғалым Джозеф Стиглицтің мына бір пікірінен көруге болады: «Жаңа дамып келе жат­қан майда елдер қалтылдаған қайық сияқты. ХВҚ күштеп таңған капиталды жеделдете ырықтан­дыру оларды қаусаған құрсауын жамамай тұ­рып, капитандары дайындықтан өтпей тұрып, құтқару көкірекшелерін бортқа алып шықпай тұрып тол­қынды теңіз төсіне аттандырып жіберумен бірдей еді. Тіпті дүлей дауыл келіп соқпағанның өзінде бортқа ұрған толқынның өзі-ақ әлгі кемені ауда­рып кете алатын».

Иә, біздерге ұсынылған «есең­гі­рету емін» батыс елдерінің бір де бірі бұрын қолданған жоқ еді. Ек­інші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия экономикасын жедел кө­тер­ген Людвиг Эр­хард: «неміс­тер­дің экономи­ка­сы­ның таңғажайып нәтижесіне жал­пылай ыр­ық­тан­ды­ру­сыз, өнер­к­ә­сіп саласын толығы­мен жеке­шелен­дір­мей-ақ, көп­теген сыртқы қатынас­тарға қойылған шек­­теу­лерге қара­май қол жеткізілді» – деп көрсетті. Аталмыш со­ғыс­тан күйреген эко­номи­каны Ба­тыс Еуропа, Жапония, Тайвань, Оң­түстік Корея елдері мемле­кет­тің осы са­лаға бас­шы­лық етіп, тікелей ара­ла­суымен қай­та тұрғыз­ды. Ба­тыс Еуропада өн­діріс­тің шешуші сала­лары мемлекет мен­шігіне алын­ды, ал Франция мем­лекеті осыған қоса банктерді де өз меншігіне айнал­дырды. Бұл өт­кен ке­зеңнің тәжі­рибесі. Ал біз реформалар көшін бастаған кезеңге орал­сақ, «есеңгі­рету емінен» бірден бас тартқан елдер бол­ды. Мы­салы, Венгрия, Чехия, Словакия. Поль­ша болса 3 айға осы тәсілдерді бастап, арты­нан бір­ден тоқтатты.

Өкінішке орай, біз – Ресей, Украина, Қазақ­стан, Орталық Азия және Кавказ мемлекеттері осы «шо­ковая терапия» тетіктерін біршама қолданып, оның зарда­бын тарта білдік. Біз ша­ғын елміз, неге осы жол­мен реформалар жүргі­зу­ге мәжбүр болғаны­мыз­ды жо­ға­рыда айттық. Бұрынғы ке­ңес­тік импе­риядағы ең беделді, күші де, қуаты да басқа республикалардан оншақ­ты есе көп Ресей Федерациясы неге сөз болып от­ыр­ған жол­дың қо­лайсыз екенін сол кезде аңғар­мағаны түсініксіз жағдай. Ағыл­шын про­фессоры А.Ноувтің мына бір пікірін келтірсек те артық болмас: «Болашақ ұрпақтар ел үш­ін ең бір қиын шақта дәл Ресейде Чикаго док­три­насы қабыл­данғанына таң қала­тын болады, неге десеңіз Батыста, соның ішінде Амери­ка­ның өзінде де ол идеологиядан бас тарту басталған болатын».

Біз еліміздегі экономикалық реформалардың бастапқы жылда­рын­дағы кездескен қиындық­тар­ға, оларды туғызған себеп-жағ­дай­лар­ға жоға­ры­да­ғы­дай толығырақ тоқтау­ды жөн көрдік. Өйт­кені еге­мендігіміздің 20 жылды­ғы­ның ал­ғаш­қы ұзақ мерзімі, тіпті оның тең жартысы десек те болады, осы қиыншылық­тарды жеңу, олар­дың салдарымен кү­ре­сумен өтті. Осыларды айтпай, халықтың тұр­мы­сы неге күрт төмендеп, содан бері әлеуметтік сала­ға оны жақсарту жо­лында тынбай жасалып жатқан шараларға қара­мастан әлі күнге дейін халық тұр­мысы бізге керекті деңгейге жете алмай отырғанын түсін­діру қиын. Аталмыш жағдай­ларды айтпай, ин­фля­цияның неге жоғары екенін, бәсекелесті орта­ның неге айтарлықтай қалып­таспағанын, сыбай­лас жемқорлық етек жайып, онымен күрес әлі күнге дейін толық нәтиже бере алмай отыр­ғанын да түсіндіру қиын. Бағаның он-жүз еселеп өсуі­нің салдарынан халық бұрын жиған қорының көбінен айырылды, нәтижесінде жекешелендіру науқанын­да жаппай бұқара не кәсіпорынды, не жер телімдерін сатып алу ісіне толығымен қатыса алмады. Шетелдік капитал­дың Қазақстан байлығының шұрай­лы да қо­мақты бөлігіне ие болуына да сол кезде бізге тықпалаған сыртқы сауданы ырықтандыру сая­са­­ты себеп болды.

СЫН САҒАТЫ

Қазақстан үшін экономикалық реформалар­дың алғашқы жылдары нағыз сын сағаты болды десек қателеспейміз. Егемендік алған халықтың орасан қиындықтарға төзімділігінің, арманда­ған тәуелсіз­дігін қалай да сақтап қалуға берік се­ні­мінің сыны болды. Елдің рухы, қажыр-қайраты, бірлігі сынға түсті. Көш бастаған азаматтардың білімі мен біліктілігі, ел ісіне деген жауапкершілігі сынға түсті. Елбасы, жаңа көшімізді баста­ған Нұрсұлтан Әбіш­ұлының келешекке деген сенімі, қиыншылықтан шығатын жолдар табу мүмкін­дігі, алған жолына белінің бекемдігі сын­ға түсті. Президент Назарбаев өзінің «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде осы кезеңнің қиын­дығын, өзінің сол кездегі күмәні мен үмітін жан-жақты баян­дайды. Осы сындардан халық та, Елбасы да абы­роймен өтті. Өміршең, өзе­гі таза, өжет қазақ деген ел бар екендігі, еліне сенген ері бар екендігі әлемге дәлелденді. Жиырма жыл­дық тәуелсіз­дігімізді атай отырып, осындай тарихи сыннан өткен кезеңімізді ерекше еске алуы­­­мыз керек. Сол кездегі алыс-жақын көрші­лері­міз­дің біздің тіршілігімізге үңіле, күдікпен қарап, қа­зақтар осы дербес ел бола алмайды-ау деген күмә­нін жа­сырмай ашық айтқандары да болатын. Орын алған қиыншылықтардың төркі­нін терең тү­сі­ніп, оларға тосқауыл болатын деректі, тиянақты шаралар жүргізіп біздер ол кү­мәнді жоққа, теріске шығардық. Ал ол қадамдар қандай еді?

Алдымен, Қазақстан халықаралық қауым­дас­тыққа өзінің бейбітсүйгіш ел екенін, басқа елдермен ашық, әрі өзара тиімді саяси, эконо­микалық қатынастарға дайын екендігін, өз елінде ұлтара­лық келісім мен ішкі ұлттық бірлігін сақтай білетіндігін, демократиялық даму жолы­ның туын берік ұс­таған, әлем қорындағы парасат пен құнд­ы­лық­тар­ды жоғары бағалап қана қоймай, оларды дамытуға атсалысатын ел екендігін көрсете білді. Осы ба­ғыттағы ерен ең­бектің иесі, бастамашысы Елбасы, Тұңғыш Прези­дентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бол­ды. Ол егемен қазақ елінің сыртқы саясатының негізін қалау­шы, архитекторы болды десек артық емес. Семейдегі атом полигонын жабу, өз қолын­дағы ядролық қару-жарақтан бас тарту, Америкаға, Батыс Еуропаға, Қытай Халық Республикасына, басқа да елдерге достық қа­рым-қатынас орнату үшін жасалған сәтті сапарлар, әлемде әрі беделді, әрі дамыған үлкен елдермен ұзақ нысананы көз­де­ген стратегиялық әріп­тестікті жасау, көр­шілеріміз­бен дау-дамайсыз, сабырлы да өзара түсіністікпен жүргізілген шекара туралы нәти­желі келіссөздер, тағы да басқа көптеген Президент тарапынан жасалған іс-шаралар әлем елдерінің оң назарын аудара білді. Қазақстан ашық демократиялық қоғам құрып жатқан ел екеніне олардың көзін жеткізді.

Нәтижесінде әлем елдерімен, алыс-жақын көр­ші­лермен достық, өзара түсіністік негізінде тұрақ­ты қарым-қатынас орнады. Нәтижесінде біз өз ішіміздегі реформаларды сырттағы ешбір елдерге, ешбір жағдайға алаңдамай дамытып, кеткен олқылық­тарды түзетіп, ілгері жылжуға мүмкіндік алдық. Қазақстанның әлем өркение­тінің жолымен жүре бастаған ел екеніне көзі жеткен мемлекеттер, қар­жылық қорлар, транс­ұлттық компаниялар бізге молынан инвестиция құя бастады. Сол алғашқы онжылдықта бұрын­ғы кеңестік республикалардың ішінде шетел инвестициялары молынан келген бірінші ел Қазақстан екенін біз мақтанышпен айта­мыз. Жалпы, тәуел­сіздік жылдары елімізге 120 млрд. доллардан астам инвестиция келген екен, ТМД елдерінде бұл ең жоғары көрсеткіш. Қорыта айтсақ, Қазақстанның сындарлы сыртқы сая­саты ел ішіндегі экономи­ка­лық реформалардың тоқта­май жүруінің шешуші факторларының бірі болды. Осындай жағдайды біз ерекше айта да, бағалай да білуіміз керек, өйткені бір-бі­рі­мен соғысқан немесе қатынасы шиеленіскен жә­не өз ішінде тыныштық жоқ елдерде рефор­ма­­лар­дың қалай тұралап қалғанын жақсы білеміз.

Өз ішіміздегі реформалардың тоқтамай және барған сайын жедел жүруі Қазақстан халқы, Қа­зақ­стан қоғамы ұстаған бағытынан таймай, қиын­шы­лықтарды жеңе отырып, көздеген мақ­сатына жету жолында көрсеткен табандылық­пен байла­ныс­ты. Сонау бір қиын, басқа түскен көп­теген қиыншылықтармен қызу күрес үс­тінде 1997 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қа­зақ­стан-2030» Даму стратегиясы жариялан­ды. Онда тек қана сол кезеңдегі күрделі мәсе­ле­лер­дің шешуі айтылып қоймай, Қазақстан­ның ал­ды­­мыз­дағы отыз жыл ішінде асатын асулары, ха­лық тұрмысы­ның өсіп, әлем халық­тарының дең­гейі­не жету жолдары, барша халықтың ба­сын біріктіретін, олардың жаңа заманға ынта­сын артты­ратын іс-қимылдар жан-жақты баян­далды. Дә­лі­рек айт­сақ, Стратегия­ның негіз

12345След.
скачать работу

Экономика – елдік тұғыры

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ