Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Экономика – елдік тұғыры

гі, іргелі басым бағыт­тары ұлттық қау­іп­сіздік, ішкі саяси тұрақ­тылық­ты сақтау, ашық экономикаға негізделген эконо­ми­­калық өсу, Қазақстан аза­матта­рының ден­сау­лығын сақ­тау, әл-ауқатын өсіру, энерге­ти­ка ре­сурс­та­рын тиімді пайдалану, ин­фрақұ­ры­лым, кө­лік және бай­ланыс сала­ларын дамыту, кемелді мемлекет құру болып анықтал­ды. Орын­далу мерзімі 4 кезеңнен тұра­тын Стратегия аяқталған кезеңінде қазақ елі дамыған елдер санатына қосылуын көздеді.

Сөз реті келгенде айта кетейік, Президент соң­ғы Жолдауында: «… 1997 жылғы халыққа ал­ғашқы Жолдауымда мен былай деген едім: «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қой­май­тын елде өмір сүретін болады». Осы сөз­дерге күмән келтіргендер аз болған жоқ. Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жастың өзінде жеттік!» – деді. Осы пі­кір­дің бірден-бір дұрыстығына біз кешегі Ас­танадағы өткен ЕҚЫҰ Саммитіне, әлем елде­рі­нің көбімен тығыз байла­нысымызға, беделіміз өскен сыртқы жағдайға қарап көзіміз жетіп отыр.

Тәуелсіздіктің іргесін бекітуде оның саяси, рухани салаларын жүйелі түрде қайта құрып, жан-жақты дамытудың маңызы зор. Осыған сәй­кес демократиялық қоғам құрып, оны осы жолмен жү­руге сілтейтін Ата Заң қабылданды. За­й­ырлы мемлекет талабына сәйкес үш тармақ­тан тұ­ратын билік жүйесі, қоғамдағы әртүрлі пікір, көзқарас­тар­ды топтастыратын саяси партиялар дүниеге келді. Демократия талаптарына сай аш­ық сайлау жүйесі құрылды. Демократия­лық үр­діс, саяси бостандық­қа жету ұзақ жол, қазір жол үстіндеміз, шығатын биіктеріміз әлі алда.

Біздер, қазақтар, отаршылықты көріп, үш ға­сырға жуық бодандықтың құрсауында болған ха­лықпыз. Осы ұзақ жылдар ойлаған ойымыз, айт­қан сөзіміз, істеген ісіміз біреулерге қарап алаң­дау­шылықпен өтті. Тарихымыз бұрмалан­ды, ата-бабадан қалған асқақ рух пен мол қазынаны дұрыс игере алмадық. Ұлттық сана осылай басқаға тәу­елділік негізінде қалыптас­ты. Сондықтан да егемендіктің тұсында рухани жаңғыру майданы, орасан зор мәдениет құры­лысы басталды. «Қазақ жеріндегі халық көбі­несе қазақ пен орыс. Қазақ мәдениеті орыстан кем болған соң жем болатыны шексіз. Ол жем болудан мәдениеті жетілгенше құтылмайды. Қазақ жем болудан түбінде декрет қуатымен құтылмайды, мәдениет қуатымен құты­лады. Мәдениет күшейеді – өнер-білім күшімен, өн­ер-білім күшейеді оқумен. Азаттықтың асылы мәдениетте», – деген екен Ахмет Байтұрсынов.

Данышпан бабамыздың осы бір толғанысы егемен Қазақстанның рухани саласын жаңғыр­ту­дың, өркениет жолындағы, мәдениет са­ласын­дағы іс-жоспардың негізі болғандай. Білімді, ғылымды дамытатын бір емес бірнеше ау­қым­ды бағдарла­малар, «Мәдени мұра» жобасы, қайта жазылып жатқан тарих, көп жылдар ұмытылып, егемендік тұсында елімізге оралған құндылықтар, халық са­насын жаңа заман тала­бымен шыңдауды көздеген жобалар мен іс-шаралар осы рухани жаңғыруы­мыздың негізін жасап жатыр. Рухани тәуелсіздікке жетпей тәуел­сіз ел болдық деп айта алмайсың. Сон­дықтан да бәсекеге, «әлем деңгейіндегі бәсе­кеге қабілетті қазақтар, қазақстандықтар үшін» деп Прези­денттің халыққа Жолдауындағы көрсе­тіл­ген жол, оны іске асыру шаралары да біздегі өскелең ұрпақтың білімі мен біліктілігі, дүние­танымы, жаңашылдығы, іскерлігі жағынан басқа да әлем елдеріндегі өз замандастарынан кем болмай, тең болуды көздеп отыр. Осы мақ­сатқа жету рухани тәуелсіздіктің шешуші фак­торы болмақ.

Саяси және рухани тәуелсіздік жолдарының маңызы зор екенін айттық. Дегенмен реформалар басталысымен тәуелсіздіктің іргесін бекітуде ең күрделі де қиын, шешуші сала экономика екені айқындалды. Осы жағдайды Елбасы терең түсінді, алғашқы мезгілдің күрделі қайшылық­та­рынан тезірек шығу үшін тың жол, тиянақты шешімдер іздестіру қамына кірісті. Еліміздегі сан алуан ре­фор­малардың ішінде бірінші ба­сымдық осы эко­номика саласында деген түйі­нін халыққа жария етті. «Алдымен экономика» – алысты көз­деген Пре­зиденттің стратегиялық тұ­жырым­дамасы дү­ние­ге келді. Оны орындау мақсатында тиянақты іс-шаралар жүзеге асы­рыла бастады.

Осыған байланысты тағы бір ерекшеліктерді атап кетуіміз керек. Яғни, жоғарыда баяндалған батыс елдері мен халықаралық ұйымдардың реформа жүргізу жолындағы біздерге жасаған ұсыныстарын сын көзбен қарау басталды. Дәлі­рек айтсақ, көптеген жағдайда өз ерекшеліктерімізден туған тығырықтан тезірек шығу жол­дары ізделінді. Оларды жедел іске қосу үшін биліктің заң шы­ғарушы және атқарушы тармақ­тарының дайынды­ғы төмен екенін ескере отырып, Президент эко­номика саласындағы реформалар жүргізуді өз жауапкершілігіне алуы­на тура келді. Барынша қиын да тәуекелі мол міндет. Осы мақсатпен тек бір ғана 1995 жыл ішінде Президенттің заңдық күші бар 140-тан астам Жарлығы жарияланды. Олар атал­мыш саладағы реформалардың елімізде екпінді жүруіне негіз салды. Реформалардың заман тала­бына сәйкес нормативтік-құқықтық базасы салынды.

Нәтижесінде реформалардың қарқыны жа­ғы­­нан бұрынғы Кеңес одағында болған әріп­тесте­рі­міздің алдына шықтық. Қазақстан ре­фор­маларды табандылықпен жүргізіп жатқан ел екенін шетел басшылары мен мамандары айта бастады. Қанша қиналғанымен бұрын одақтас болған әріптес­тері­мізге де осындай шындықты мойындауға тура келді. Тек мойындап қойған жоқ, біздің озық тәжі­ри­бемізбен танысуға атал­мыш әріптесте­рі­міз бірінен соң бірі Қазақ­станға келе бастады. Сол кездегі жағдайды Ресей президентінің эко­но­мика сала­сын­дағы ке­ңес­шісі, белгілі эконо­мист А.Илла­рио­новтың жур­на­листердің «Қазақ­станның экономи­ка­лық ре­фор­маларының қайсы­сы, сіздің пікіріңіз­ше, Ресей үшін қызықты және пайдалы болуы мүм­кін?» – деген сұрағына тө­мендегі жауабы көр­сетеді: «Іс жүзінде барлығы да. Қай жағы­нан алып қарасаңыз да, барлық тәжірибесі пайдалы: тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лық рефор­ма­сы, электр энергетикасы, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қаржы рефор­ма­­лары, ұлттық резерв қорын жасау, ұлттық банк­тің валюта саясатын іске асыруы – жалпы республиканың әр бағыттағы жеткен әсерлі жетістіктерінің саны өте көп. Олар­дың ерекше әсер қалдыратын себебі – Қа­зақстан мен Ресей көптеген өлшемдер бойынша бір-біріне ұқсас елдер: ең алдымен экономика, саясат, адамдар, ортақ тарих, мәдениет, эко­но­микаға, бизнеске ортақ көзқарас – осылардың бәрін салыстырып келгенде сіздердің тәжіри­бе­леріңіз ерекше пайда­лы болып табылады».

Сөйтіп реформа саласындағы айшықты қа­дам­дар жақынның да, алыстың да көңілін ау­дарды, өз халқымыз олардың жемісін көре бас­тады. Көпте­ген жолдар тыңнан басталды, олар қазақ еліндегі реформалардың нәтижелі ерекшеліктері болып танылды. Осыдан барып әлем­дік қауымдастық біздегі реформаларға «Қа­зақ­стан жолы» деп ат қой­ып, айдар тақты. Бұл біздерге мақтаныш, ал бас­қаларға өзіміз жүрген жолдың ғибраты мол екені­нің айқын айғағы болды. Осы жолдың сүрлеуін сал­ған, осы жолмен елін жаңа заманға, жаңа эко­но­мика әлеміне бастаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екенін айтуымыз орынды. Өзінің бір­неше шет тілдеріне ау­да­рылған «Қазақстан жо­лы» атты еңбе­гінде сол кезеңде өзі бастап тәуелсіз мемлекет, тиімді экономика құру іс-шараларын жан-жақ­ты баяндап, ой елегінен өт­кі­зеді. «Мен тәуелсіз­дік стратегиясын жа­­сау үшін әлем елдерін аралап, олар­­дың егемен мемлекет құру­дағы тәжі­ри­бесімен, осы жолда кездескен қи­ындықтарды жеңу ша­ра­лары­мен таныстым. Әл­ем­­нің бір де бір елі түбірлі эко­но­микалық өз­ге­ріс жо­­­лын­да туған қиын­дық­­тардан құтылмаған. Үлкенді-кішілі құл­ды­рау­ларды Англия, Франция, Германия, Америка Құрама Штаттары да басынан өткізді. Мемле­кет­тің негізін салған екі қайрат­керді – Франция Президенті Шарль де Голльді, Сингапур Президенті Ли Куан Юді ерекше айтқым келеді» – дейді Президент аталмыш еңбегінде. Бұлар және де АҚШ Президенті Франклин Д. Рузвельт, Қытай рефор­ма­торы Дэн Сяопин, Малайзия премьер-министрі Махатхир Мохаммад экономика саласында өте нәтижелі реформалар жүргізген тарихи тұлғалар. Осы­лар­дың қата­рын­да «Қазақстан жолының» ав­торы да өзіне тиісті жоғары орнын алары сөзсіз.

Реформалардың тетіктері жасалып, инфра­құ­ры­­лымдары дамып, экономиканың барлық салала­рын қамтығаннан бастап Қазақстанның алдына қой­ған мақсаты биіктеп, не істесек те әлем дең­гейін­дегі жетістіктермен салыстырып, оларға жету жолдарын айқындау басталды. Осы үрдіс Прези­денттің Қазақстан халқына әр жылдағы арнайы Жолдауынан басталды. Ең алғашқы 1997 жылғы Жолдау Президенттің Қазақстан халқына өзінің «2030 – Стратегиялық даму» бағдарламасын ұсы­нудан, оны орындау­дағы басты мәселелерді айтудан басталып еді. «Қазақстан-2030 Стратегия­сы­ның ерекше рөлі мен маңызы туралы біз жоғарыда айттық. Одан кейінгі әр жылдағы жолдаулар Қа­зақстан өр­ке­ниеті мен экономикасын әлемдік дең­гейге көте­ру­дің тиянақты жолдары және әлемдегі жүріп жат­қан саяси, экономикалық, рухани үрдіс­тер­дің өктем талабынан туған іс-шаралар дер

12345След.
скачать работу

Экономика – елдік тұғыры

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ