Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Фашист тұтқынынан құтылған майдангер - Нұрмұханов Әжігерей



 Другие рефераты
Предмет и задачи педагогики Қазақтың ұлттық салт – дәстүрлері туралы ырымдар Педагогика - психология коллектива в средней школе Тамұқтан аман шыққан жан

Фашист тұтқынынан құтылған майдангер - Нұрмұханов Әжігерей

 

            Кешегі әлемді дүр сілкіндірген неміс шапқыншылығы еліміздің көптеген атпал азаматтарының бірқатарын қыршынынан қиып, мүгедек қылып, бірқатары хабарсыз жоқ болып кетіп, ел ішінде зор зобалан туғызды. Соның бірі өзімнің әкем Жайлаубаев Өрбісін 38 жасында майданға алынып, содан осы күнге дейін хабар жоқ.

 

            Төменде әңгіме еткелі отырғаным майдангер ағамыз Нұрмұханов Әжігерейдің қан майданда басынан кешкен естеліктері. Ол 1914 жылы Тайсойғанның “Кіші Ойтан” деген жерінде өмірге келген. Майдан жорықтары туралы өзі былай деген еді:

 

- Әскери  дайындықтан кейін 1-Украина майданында болдық, Селгород қаласына жақын жерде мергендер взводында болатынмын. 1943-жыл, 5-шілде күні немістер. Аспаннан бомба, жерден оқ жауды.Біз бір-бірімізді таба алмай қалдық, тек қасымда бір татар жігіті бар екен, екеуміз кейін шегініп бір шағын орманға келдік. Сол жерде бес күн түнедік, қару-жарағымыз бар, тек тамақ жоқ, ешқандай байланыс та жоқ. Бәріміз ақылдасып, кейінде 10 шақырымдай жерде штабымыз болған, соған қарай бағыттап жүрдік. Келсек, штаб тұрған жерді немістер басып алыпты, бұл 10-шілде 1943-жыл болатын. Біз не істерімізді білмей сасып қалдық, сол арада немістер бізді көріп қалып атқылай бастады, кешкі сағат 7-8 дер шамасы еді, сол аяғымның тізесіне оқ сарт ете қалды. Разрывная пуля екен, сол тіземнің быт-шытын шығарды. Біз қоршауда қалған екенбіз, біздің әскерлердің кейін шегініп кеткенін білмеппіз.

 

Содан өзім бір аяғымды сүйретіп жорғалап, бір ауылға жеттім. Ауылдың біржар үйінің

терезелерінен қарасам, дүние-мүлік, аяқ-табақ жайнап тұр, ауылда тіпті ұшқан қарға да жоқ. Аяқ қансырады, ісіп кетті, өзім де әлсіредім, көзім қарайды. Содан 17 шілде күні жол үстінде құлағыма ызылдаған дыбыс келді, қарасам бір жеңіл машинадан 2 неміс офицері түсіп жатыр. Пагондарына қарасам осал адамдар емес сияқты, олар әуелі немісше, сосын орысша сұрай бастады. Мен жарақаттанып осы жерде 7 күн бойы жатқанымды айттым. Олар кетіге ыңғайлана бастаған сәтте, мен олардан мені атып тастауды сұрадым. Бір-бірімен өзара сөйлесті де, маған жақындап, машинаға мін деп иығымнан демеп көмектескен болды. “Победа” секілді аласа машина екен. Мені 50-60 шақырымдай жерге әкеліп, өздерінің штабы болар,бір медпунктке тастап кетті. Сол жерде дәрігерлер аяғымды байлап көмек көрсетті және зембілге салды, сол жерде біздің көп жаралы адамдарымыз бар екен, соларға қосып қойды. Кеште көп адамды машинаға тиеп, Харьков қаласына әкеліп қызыл тастан тұрғызылған 4 қатарлы мектеп бар екен, соған орналастырды. 1943 жылдың 25-шілдесі күні 4 қатарлы мектепке сыймай жатқан ауруларды бір топ комиссия аралап қарап, әр жерден бір адамның фамилиясын жазып тізімге тіркеп жүрді. Бұл комиссия кеткен соң күтушілерден сұрағанда, олар: сендер Германияға алып кетеді, ал тізімге ілінгендер қалады, - деп айтты. Тізімге өте ауыр жаралылар, яғни екі аяғы жоқ, екі қолы жоқ, екі көзі жоқ мүгедектер жазылған екен. Тізімде болмаған соң менде де кететін болдым. Қасымда Краснов деген Саратовтың орыс жігіті бар еді, өзі өжет батыл жігіт, өкпесінде осколка бар, аяғын әрең басып жүреді, дәрменсіз еді. Оның айтқан кеңесі мынау болды: Біз бәрібір өлдік, бізді Германия жеріне жөнелткелі жатыр, неміс өлгеннен гөрі осы Украина жерінің топырағында қалайық, біз қазір бәріміз бармаймыз деп айқай салсақ, олар бізді атады, сосын осы жердің топырағында қаламыз, - деген. Мен сенің пікіріңе қосыламын деп келістім. Осыдан 2-3 күн бұрын аяғыма операция жасап гипсте жатқанмын. Науқастардың аяғымен жүретінін бөлек, жүрмейтінін бөлек зембілмен тасып шығарып тастаған. Алдын бастап машинаға тиеп вагонға апарып жатыр. Кезек маған келгенде жанағы келісім бойынша, мен қазақшалап ауыр жаралымын бармаймын деп ойбайды бастым, даусым тарғылданып жаман бақырдым. Адамдар жиналып қалды, бұл несі деп сұрастырып жатыр. Көбі орысша сөйлейді, менің сөзімді аударған болады. Ішіндегі үлкені олай болса, манағы қалатындардың тізімін әкел деп бұрық береді, маған фамилияң кім деп сұрады, мен Нұрмұханов деп жауап бердім.Енді өлдім ғой деп өмірмен іштей қоштаса бердім. Соның арасында фамилияң Махманов па деген дауыс саңқ ете түсті. Сол сөзді естуім мұң екен не болса ол болсын да деп, ия деп жауап бердім, олай болса бұл кісіні қалдыруға деп, менен өтіп жанағы Саратовтың жігіті Красновқа барды. Ол да жаман дауыспен бақырып жатыр, бірақ елең қылған жоқ, сенікі дәлел емес деп, екі аяғыңмен жүріп жүрсің деп, солдаттар екі-үш рет омақастыра құлатып, ұрып-соғып сүйрелеп алып кетті. Енді сол 4 қатарлы үйде әр жерде 1 адамнан сиреп қалдық, бұрынғы күзет жайына қалды, есік терезелеріміз ашық, азық-түлік түгелдей тылға жіберілген.  Бірақ қаланың халқы әкеліп тамақ беріп жатты.Қалалық комендатура бұйрық шығарып, хабарлама жасаған. Мектепте қалған совет елінің ауыр жаралы солдаттары бар, оларды бір жағына шыққанша қала тұрғындары үйлеріне алып бағып, қарауларына лұқсат етілгені туралы бұл хабарды естіген қала тұрғындары біздерді үйлеріне алып кете бастады. Маған ең соңында жасы  ортадан асқан әйел адам келді. Ол Курылова Татьяна Давыдовна деген апай екен, Чергинов көшесі, 9-а үйде тұратын. Сол апай мені 30-шілдеге дейін бақты, әке-шешем де ондай бақпаған шығар, ол кісіге сондай борыштымын. 30-шілде күні немістер Харьковты тастап қашып кетті. Сол күні біздің әскерлер қаланы түгел алды. Келесі күні қаланың әкімдері тағайындалып, біздің хабарымызды горвоенкомат естіп, хабарлама жазып барлығымызды орталық ауруханаға жинады. 8-қазан күні әскерге жарамайтын болған соң мені ауылға босатты. 1943 жылы 16-қазанда Доссордағы өз үйіме келдім.

скачать работу


 Другие рефераты
Великие русские путешественники
Религия в период от февральской революции до перестройки
Семейные конфликты и их решения в семьях
Испания


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ