Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ғашықтардың күндері (әңгіме)



 Другие рефераты
СОҒЫС ЖАЛМАҒАН БАЛАЛЫҚ Елбасы және жастар ФАМИЛИЯСЫ ЖОҚ ҰЛЫ ҚАЗАҚ Мемлекет пен құқық теориясының негіздері: Пәні, әдісі және заң ғылымы

Өз-өзіне еркелеп, керіліп оянған Чехра төсегінен наздана тұрды. Қою қара қайратты шашын нәзік саусақтарымен желкесінен көтере бір тастады да, айнаға жақындады. Өз дидарына өзі сүйсіне қарап тұрған ол беліне түсетін қолаң шашын бір жайып, бір түйіп, сылқ-сылқ етіп қайта-қайта беліне түсіреді. Қап-қара қанат қастарын қаға, піліктей қабағын жасырып тұрған бота көздерін де қаттырақ ашып, айнаға жақындай қарады. Бейне бір сұлулық тұңғиыққа тығылғандай қап-қара қарашығының да айналасын зерттей үңілді. Кезек дөңгелек келген аппақ ұлпа бетін аралап өтіп, инеліктің екі қанатындай үлбіреп тұрған ерініне келді. Шиедей қызарып тұрған ернін жұмсақ саусақтарымен сипалап тұрып, орташа әрі сәл сүйірлеу келген мұрнын да «қандай әдемі, ә» дейді өз-өзіне. Өз-өзіне тамсанып айна алдында ұзақ тұрған Чехраның көңіліндегі көсілген қуанышы төсегіне қайта сүйреп әкелді. Болмысына бағынбай тұрған ерке назы жүйрік қиял мен тәтті арман жетегіне ілеспек. Кенет Тахирдің кеше өзіне берген сағаты есіне түсіп, жүрегі тарсылай тумбоға жүгіріп, сағатты қолына тағып, «Тахир, мен сені сүйемін, шын сүйемін, сағатыңды да сүйемін» деді сыбырлай сағатын сүйіп. Сағатты қайта-қайта сүйіп, төсегінде аунай бастады. Нұр жамылған дүние де ыңыранып қояды. Кенет оң жақ бетінің ерніне таман жағын ыстық леп ескендей болды. Жүрегі қайта тарсылдап, екі беті ду ете қалды. Екі қолымен екі бетін ұстағанда екі алақанынан шыққан отқа онсыз да қызара нұр ойнаған беті лапылдап қоя берді. Қызыл еттің тарсылы одан сайын күшейе түскенде қан қысымы көтеріліп, бой жылуы алпыс градусқа көтеріліп кеткендей болды. Бүкіл денесі отқа оранған Чехра Тахир екеуінің кешегі кездесуін еске түсіргісі келгенінен лезде бас тартуға мәжбүр болды. Әйтпегенде лапылдап жанып кетердей қорықты. Тек Тахир берген сағатты жүрегіне басып: «Жаным! Мен сені сүйемін!» деп қайталай берді. Кенет дәлізден біреу келе жатқандай болды. Дүниеде теңдесі жоқ, бұл өмірде теңеуі табылмас соншалықты нәзік сезімнен бір сәтте-ақ арылудың азабын сезінген Чехраның маңдайынан бұрқ етіп қара тер шығып кетті.

Алпыс градусқа көтерілген дене қызуы бейне бір секунд арасында алпыс градусқа төмендеп кеткендей денесі мұздап сала берді. Ондағысы сезіп қояды деп сезіктенгеннен еді. Жүрегі тарсылдап соғып кетті. Анасы екен. Есікті ашып:

– Е, Чехра, ояндың ба? Жұмысыңнан қалып қойма, сағат сегізге жиырма минут қалды, – деді де шығып кетті.

– Иә, иә, кәзір, кәзір, – деді қалбалақтап. Ыстық отқа мұздай су құйып жібергендей болды. Жүрегі қайта тарсылдап аузына тығылды. Ыстық сезімнің шыңына да, суық сезіктің тұңғиығына да бірдей тарсылдайтын жүрекке дауа жоқ екен. Апаттың қай түріне де қасқайып тұра білетін жүрек сондықтан да жүрек екен ғой. Сондықтан да мықты екен ғой. От пен мұздың арасын минут арасында сезінуден ауыр күй болмас бұл өмірде. Орнынан дереу тұрды да, ақ жемпірі мен қоңыр сызықты юбкасын киді. Тахир берген сағатын қолына тағып, үйдегілер көріп қоймасын дегендей ақ кофтасының жеңін түсіріңкіреп қойды. Асығыс шәйін ішті де жұмысына бет алды.

Екі күннен кейін 1-мамыр. Иә, мектепте оқып жүрген кезінде бұл мерекеге екі ай бұрын дайындық жасаушы еді. Бүкіл мектеп оқушылары бірдей киім киіп шеруге шығатын. Ал, қазір ше? Мерекеге екі күн қалса да жұрт тып-тыныш.

Сәуір айының өзіндік сәні жүрегін елжіретіп барады. Жасыл желегіне еркелей желбіреген жапырақтар күн шапағына малынып-ақ алған. Ағаш басындағы торғайлар қыстың қыспағын көрмеген-ау, сірә, әрқайсысы торсықтай. Асыр салып ойнайтын балдардай бірін-бірі қуып, шықылықтап қояды. Қаз-қатар қабырғасы бір-бірімен жалғасқан үйлер тап-таза көшенің сәнін одан да аша түскендей. Көлік жүретін көшесімен қоса сыпырып тастайтын бұлар түкірсең түкірігіңді іліп алудан тайынбайды-ау, сірә. Әр үйдің дарбаза сыртындағы осындай тазалығына жолға дейін егіп тастаған райханның иісі мұрныңа еріксіз келіп, көңіліңді арбайды. Әне, анадай жердегі мәжнүн талды қарашы. Соншалықты майда жапырақтар шыбығына жабысып, иіліп сәлем беріп тұрғандай ма, көрікті-ақ. Өрік ағашы тәуше байлаған ба, қалай? Алла бұйырса, әне-міне пісіп қалады. Әне, екі қабатты ғимарат – балалар бақшасы. Оң жақ қапталында түп-түзу терек ағашы сапта тұрған сардарларша бой түзеген. Үйдің арт жағында көлемін кеңдеу алған әр түрлі жеміс ағаштары. Сол бет қапталындағы жазғы бассейннің шетіне жер шыршасы егілген. Түп-түзу жолды тық-тық басып сыртқы есікті, одан дайындық тобының есігін ашты. Балалар әлі келе қоймапты. Тәрбиеші Чехра балаларды бірінен кейін бірін күтіп алып отырды.

***

Бүгін сенбі. Түн бойына көзі бір ілінбеген Чехра лүпілдеген жүрегі кеудесінен шығып кетердей, қайта-қайта аузына тығылғандай. Сыртында қос аққудың суреті бар альбомын бүгінгі түн жүз рет ашқан шығар. Бесінші бетінде құрбы қызы Нілумен бірге түскен суретінің артында Тахир екеуі түскен сурет тығулы. Суретті алған сайын Тахирден көзін алмай қарайды да, ойша мойнына асылып, екі аяғын көтерген бойда еркелей қалады. Ара-арасында суретті бетіне тақап, көзінен, мұрнынан, қасынан, маңдайынан, бетінен сүйіп қояды. Неге екені, ернінен сүйе алмайды. Оң жаққа қайыра тараған қайратты шашын сипап-сипап, одан төмен қарай жазық маңдайы арқылы қыр мұрнының ұшын жағалай ерніне түсе саусағы сипаланады да қалады. Жымиып тұрған жүзіндегі бүкіл сұлулықты жымқырып алған сұлу ернін әрлі-берлі сипай береді, сипай береді. Үстіндегі көкшіл футболкасын саусағымен қайта сызып келеді де, қақпақтай кеудесіне алақанын баса қояды. Көк джинсыйын бейне бір шаң болғандай қағып-қағып, крассовкасының бауын бір шешіп, бір байлайды. Қайта-қайта Нілудің артына тығылып, қайта-қайта Чехраның қолына түсетін суреттің де сиқы кетердей болды, әйтеуір. Ал өзі Тахирмен кездесетінін ойлаған сайын қуанышы қойнына сыймай, өзін қоярға жер таппай, қиялға беріліп, суретті сипап, сағатты тағып әуре. Бір тұрып, бір отырып, айнаға бір қарап, суретке он қарап, таңын да атырды-ау, әйтеуір.

Кештің батуы осыншалықты қиын болады екен-ау, ә, тәйірі! Неткен ұзақ уақыт, тіпті басын ауыртып жатыр. Түннің кірпік қақтырмай, мазақ қылғаны аздай күндізгі уақыттың келемеждегенін қарашы. Үйдегілерден жасырына сағатына қараған сайын сағат өтті десе, минут та өтпей әбден әуреге салды. Чехра үшін бүгінгі уақыт бір жерде тұрып қалды. Қалай тамақ істеп, ыдыс табақтарын қалай жуғанын, үйді тазалап, гүлдерге қалай су құйғанын екі қолы ғана аңғармаса жаны мен тәні тіптен қаперсіз. Бар ойы мен бүкіл сезімі Тахирді күнасты желбесікке салып тербетіп жатқандай еді. Әрең дегенде батысқа ауған күнге қараумен болған Чехра өз бөлмесіне кірді. Тағы да айнаның алдында тұр. Өз сұлулығына тамсанып, сылана бастады. Тахир мен сені сүйемін! – деді. Сағатына қарады. Міне, бір ғасырға тең уақыт та жетті. Тахирмен кездесуге бес минут қалды. Бар сән киімін киген Чехра сылаң қағып үйден шықты.

Тахир де белгіленген жеріне бір сағат бұрын келіп, тағаты таусылардай Чехраны күтіп тұр. Сұлу бейнесі көз алдына келді дегенше асау жүрек кеуде тебеді. Сыңғырлаған күлкісі, жібектей қою қара шашы, мойылдай көзі, нәзік дауысы көз алдына келіп, көлбең қағып қоймады. Бірде аппақ білектер мойнына асылса, бірде басын кеудесіне қойып, нәзік қана күрсініп қояды. «Чехрам менің» деп бүкіл болмыс-бітімінің сезімін бір нүктеге түйіп тұрғанда Чехра көрінді анадайдан. Екі жүрек аңырап қоя берді, арқырап сала берді.

– Чехра!

– Тахир!

– Чехрам менің, сені қалай сағынғанымды білсең ғой!

– Мен ше, мен де сені қалай сағынғанымды сезсең ғой.

Ауыздарына басқа сөз түспеді. Түсіп қайтеді. Басқа теңеу табылмас сөздердің бәрі бұлардың қан айналымымен бойларын билеп алған болса. Бір бірін көрмегеніне бір жеті өтіпті. Қалай шыдаған екен, екеуі де таң. Сағыныш күші бір-бірінің қолынан ғана ұстағанына мәз болуға да, жүрексіне қыз тамағынан иіскеп қана қоятынына да көнбеді. Тағатсыздықтан әбден титықтаған, шегіне жеткен сағыныш ыстық еріндерді дәл бүгін табыстырды. Ыстық еріндердің жалыны екеуіне қанат бітіріп, биік-биік шыңдарға, аспан әлеміне ұшырып әкетті. Тірі жан білмейтін, екеуіне ғана арналған сол өзге әлемде ұзақ қалықтады.

– Жаным менің, – деді Тахир.

– Махаббатым менің, – деді Чехра.

Ыстық еріндерге елітіп қалған екеуі үйлеріне қайтудың қасірет екенін дәл бүгін сезінді. Бір- бірінсіз бір минуттың өзі оңай емес екенін ұқты.

– Ертең құда түсуге кісі жіберемін, – деді жігіт.

Қыз жымиып басын изеді.

***

Чехраның нәр тартпағанына төртінші күн. Тахир дейтін дерт жанын жегідей жеп барады. Амалсыз дерт. Үнсіз дерт. Дыбыссыз дерт. Арлы дерт. Қыз бала болып туылмағанда мүмкін бұл дерттің атауы басқаша болар ма еді, кім білер. Махаббаттың алапат алауы ішін өртеп, жалыны аузынан шығып, жүзін шарпиды. Екі беті шоқтай болып, ыстығы көтерілгеніне де екі күн болды. Ас тұрған жерде ауру тұрмайды дейді.

– Қызым-ау, тамақ ішсеңші,– деген анасының сөзі далаға кетті. Дәрігердің ыстығын түсіреміз деп салғандардың бәрі сандырақ болды. Көзі бақырайып, төбедегі бір нүктеге қарайды да жатады. Иә, бүгінгі ішкен суына әке-шешесі қуанып, беті бері қарай ма дегені әшейін еді. Онысы ішіндегі өртке су құйғысы келгенін әрине жан білмейді. Ләм-мим деуге дәті жетпей бір жеті жатқан. Чехра осы уақытқа дейінгі бір түспей қойған ыстығынан сандырақтап, сөйлей бастады. Тахир қалай кетіп еді, не айтып еді, ешнәрсе есінде қалмапты. Қанша күннен бері бір түспей қойған ыстықтан ба, жанына жабысқан жегі құрттың азабы ма, өткенін де, кешегісін де ұмытатын болды. Міне, бүгін төсек тартып жатқанына да оныншы күн. Қолындағы сағатына қарады, сағаттың қанша болғанын әрине, біле алмады, бірақ сағаты соншалықты әдемі екен, көзін алмай біраз қадала қарады. Тұрайын деп еді, дәрмен қалмапты. Жәй басын көтеріп отырмақшы еді, көзінің алды қарауытып, басы айналды. Әлем-жәлем дүние де шыр айналып кетті. Тоқтаусыз айналған дүн

123
скачать работу


 Другие рефераты
Власть как первооснова политики
Древние цивилизации Америки
Психология конфликта и выход из него
Государство и право Жетису в Х-ХІІ веках


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ