Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ХІХ ғ. еуропалық тарихнама

дістердің дамуына неміс ойшылдарының рухани бастамалары негіз болды.

Неміс ағартушылары толығымен әрекет ете алмады, олар тәжірибелі-саяси қайраткерлердің әсер етуімен сананың қалыптасуына үлес қосты.  Немістің ірі ағартушылары  – Г. Э. Лессинг, И. Г. Гердер, И. В. Гете болды.

Адамзат тарихындағы түсініктерді терең дамытушы Өрлеу заманындағы ірі неміс философы Иммануил  Кант  (1724 – 1804) болды. Оның айтуынша қоғамда табиғатынан пайда болған адамзатты қадағалайтын белгілі бір заң бар дейді. Қоғамдағы өмірдің сипаты жеке мақсаттар мен адамның қоғамдағы қызметінің нәтижесі сәйкес емес болуы.

Кант бойынша тарихты  — адамның бірлесіп нәтижелі мақсатты істі жүзеге асыруы, соның ішінде құқыққа қатысты азаматтың құқықтық жағдайы және толық құқылы болуы деп қарастырады. Кант ойынша тарихты қарама-қайшылықтар дамытады, тіпті халық арасындағы антогонизм деп те атауға болады, халықтың бір-бірімен тіл табысуы және халықтар арасындағы жағдайды, тәртіпті реттейтін билеуші мемлекет. Қоғамдағы маңызды мәселе әрбір адам өзінше заң шығаруға тырысады дейді. Сол себепті мемлекет билеушісін заңға сәйкес іс әрекетін қадағалап отыратын орган болмаса, өз билігін шектен асыра пайдалануы мүмкін. Қоғамдық істерді басқару үшін мемлекеттік құрылыс туралы білім мен тарихтан мықты іс тәжірибе қажет. Сонымен қатар адамның жағымды қасиеті қоғамда Құдайға ғана қатысты емес, сонымен қатар халық алдында парыз түсінігі болуы қажет. Кант адамзат қоғамының дамуын прогрессивті және заңды деп қарастырды. Ол сонымен қатар еңбек ролі мен қоғамдық дамуда оның бөлімдеріне баса назар аударды. Кант мәдениет теориясын құрды. Ол мәдениетті өркениеттен айыра білді. Кант мәдениет деп адамзат ойының құндылықтары деп білді, ал өркениет деп қоғамдық құрылыстың мәдени құндылықтардан бөлініп шыққан қазіргі даму типі деп көрсетті. Кант мемлекетті адамзаттың жалпы болмысының мәдени институты деп қарастырды. Кант халықаралық қатынатардың идеялды түсінігін «К вечному миру» атты трактатында қалыптастырды. Ол әлемдік масштабта халықаралық мемлекеттер одағын қруды жобалады. Әлемге ұмтылу деп әрбір мемлекеттің сыртқы саясатында императивке айналдыру қажет деп санады.

Қоғамдық даму туралы өзінің ойын жеткізген жаратылыстанушы — Иоганн Вольфганг Гёте (1749 – 1832). Ол әлеуметтік прогресс миллиондаған адамдардың мақсаттары мен қызығушылықтарының нәтижесінде еріксіз пайда болады деген. Гёте ойынша қажеттіліктерден жалпы қоғамдық идеялар пайда болады. Тарихи әртүрлі тұлғалардың ойларын түсіну үшін, сол заманда өмір сүру қажет және қандай әсерлер сезінгенін білу қажет. Ол бүкіл халықтық көтерілістерге, соның ішінде Француз революциясына дүниежүзілік тарихта жаңа дәуір ашылды деп оң көзбен қарайды. Оның ойынща революция әрқашан билеушінің кесірінен болады, бірақ революция –жауыздық, мемлекеттің құлауына да әкелуі мүмкін. Революция нәтижесінде әрқашан қоғамдық қатынастардың, мемлекеттік орындардың жаңаруына, реформаларға, түбегейлі өзгерістерге әкеледі.

Неміс ағартушыларының ірі өкілі Иоганна Готфрида Гердера (1744 – 1803). Негізгі еңбегі «Идеи к философии истории человечества» (1784 – 1791). Ол француз ағартушыларының қоғам дамуы туралы түзу сызықты схемалық көрсетіліміне өзгеріс енгізді. Былай түсіндліруге болады; қайта өрлеу, даму және гүлдену кезеңдерін секіріс кезеңі деп сипаттайды. Ағартушылардың прогрестік идеялары, жеке тарихи дәуір мен халықтардың ерекшеліктері деп көрсетеді. Әрбір халық өз мәдениетінің дамуына үлес қосты деп санайды. Мәдениет деп ол тіл, ой, дін, ғылым, өнер, еңбек, сауда және қоғамдық қатынастарды кең әлеуметтік түсінік деп қарастырды. Гердер Веймар герцогтігінде басты билікті атқарды. Гердер романтиктердің қызметіне көңіл бөлді. Ол халықтың әнін,жырын, аңызын зерттей отыра «Голоса народов в песнях» Европа халқының шығармашылықтары туралы жинақ шығарды. Ол сонымен қатар, сыни әдістерді Библия мен ежелгі грек поэмаларын зерттеуде пайдалану қажет деп табады. Герман ағартушыларымен біруақытта тарихи танымды дамытуда консервтивтік ойлар пайда болды.

Өз ойын танытушы бюргерлік топтан шыққан заңгер, вестфальк княздігінде қызмет еткен Оснабрюк Юстус Мёзер (1720 – 1794). Ол Англиядағы өнеркәсіп төңкерісін оң бағаламады.  Мёзер өз ойын 3 томдық «История Оснабрюка» (1765 – 1824) қоғамдағы адамзаттың прогрессивті дамуын ұлттық тарихты оқытуда ескі идеяға негізделгенін айтты.

 

Оның негізгі идеясы тұйық сословиялық-корпоративті құрылыс және ұсақ шаруашылық пен меншік шаруаны көрсету болды. Мёзер ойынша саяси құқықты және еркін деп жоғарғы сословия өкілдері деп санады.ол мемлекеттік және қоғамдық құрылыста құқықтық форма орын алғанын көрсетті. Мёзер бірінші болып Германияның аграрлық тарихында қауымдық-марктерді мәселе етті. Бірақ та рулық қауім мен ерте орта ғасырдағы көршілік қауімде ешқандай айырмашылық жоқ деп көрсетеді.

Сонымен қатар тарихқты тек қана құжаттық деректерге сүйене отырып жазуды атап өтеді. Эмпирикалық әдіске сүйене отырып, тарихты зерттеуде нағыз ғылымға айналдыруға болады дейді. Герман тарихнамасында романтиктер жазған баяу дамып жатқан қоғамдық қатынастарға Мезер дәстүрлік принципті насихатымен әсер етті.

XVIII ғасырда Германиядағы Геттингенск университеті тарихты оқытатын ірі ғылыми-педагогикалық орталыққа айналды. Тарихи зерттеулерді ұйымдастырушы университет профессоры Иоганн Кристоф Гаттерер (1727 – 1799) болды. Мемлекеттегі дұрыс басқару формасы моральды өзін өзі тәрбиелеу және әлемді ақылмен тану арқылы құрылады дейді. тарихты жеке ғылыми пән ретінде құру үшін 4 түрлі тапсырмаларды арқылы орындау керек: 1) тарихи зерттеулердің толық анықтамасы 2) тарихи танымның даму теориясы 3) тарихи зерттеулердің әдістерінің жоспары 4) мамандандырылған тарихи мекемелер құру. Тарихитың шындығын қозғаушы күштер ашу қажет.  Саяси –дипломатиялық тарихқа көңілі толмады, тарихшылар оқиғаның рухани және материалды негізін, географиясын, климатын, қоғамдық және саяси қатынастарды, сауданы, ауылшаруашылығын, халықтың өсуін, сенім формасын, өнер, ғылым, әскердің соғыстағы әдісі мен мақсатын зерттеу қажет деп көрсетеді. Ол тарихи зерттеудің екі әдісін атап көрсетті: хронологиялық және синхронды. Хронологиялық әдіс тарихты мемлекеттің, ұлттың, мәдениеттің құрылуын, ал синхронды әдіс статистикалық мәліметтерге жүгіне отырып ұқсас үрдістерді зерттеу. Гаттерер тарихтың қосалқы пәндеріне дипломатика, хронология, нумизматика,география және геология пәндеріне көңіл бөлді.

Геттинген мекебінің ірі өкілдерінің бірі Август Людвиг Шлёцер (1735 – 1809). Швециядан және Ресейден келген соң 1779 жылдары осы университетте философия факультетінде саясаттану курсынан және құрамдас бөліктері статистика, мемлекеттік құқық және тарихтан дәріс берді. Шлёцер лекциясында 700-900 студенттер отыратын. Шлёцер лекциясын болашақ прусс реформаторы Штейн және Гарденберг тыңдаған.

Шлёцер саяси публицистикамен айналысты, 1791жылы сәуірде Германияда бірінші болып француздық «Адам және азамат құқығының декларациясын» жариялады, бірақ Франциядағы ушыққан революция соған қарсы бағыт ұстады. Оның саяси идеалы «абсолютизмдік өрлеу». Прогрестің әсерлі қаруы мемлекет деп санады. Шлёцер өмір бойы орыс тарихына көп қызығушылық артты. Геттенгенде алғаш рет орыс тарихын оқытатын қоғам құрды. Орыс жылнамаларындағы алғашқы тексттердің реконструкциясын зерттеу үшін тарихи-филологиялық сынның салыстырмалы әдісін пайдаланды. Ежелгі орыс мемлекетінің құрылуында норман теориясын пайдаланды, шығыс славяндардың тарихында варягтардың ешқандай ролі болған жоқ деп көрсетті. Германиядағы Француз революциясы кезеңінде якобиншілердің жақтастары пайда болып, буржуазиялық-демократиялық республиканы құруға шақырды. Солардың ішінде ең атақтысы Георг Форстер (1754 – 1794) болды. Ол гавайлықтар өлтіріп кеткен ағылшындық капитан Джеймса Кукпен (1728 – 1779)бірге дүниежүзілік саяхатқа қатысады. Осыдан кейін «Путешествие вокруг света» (1777) деген кітап шығарады. Тынықмұхиты аралындағы елдерде ешандай «Алтын ғасыр» және бақытты өмір де жоқ, сол үшін адамзат прогреске ұмтылу қажет деп  санайды. Сонымен қатар,  Форстер қоғамдық дамуда әртүрлі таптардың арасында әлеуметтік үзіліссіз күрестер жалғасуда деп жазды.

 

XIX ғасыр басында наполеондық соғыстан кейін герман тарихнамасында екі негізгі қағида болды: консервативті – романтикалық, ол Пруссия мен солтүстік герман мемлекеттерінде етек жайды, және либералды -ағартушылық, ол елдің оңтүстік батысында қанат жайды. XIX ғасыр басында неміс студенттерінің саны 7 мыңнан 1830жылдары 15 мыңға дейін өсті. Олардың үштен бірі теологиялық факультетте оқыды, 20 %  жуығы  философияны зерттеді, филология мен тарихты оқыды. XIX ғасыр басында дәстүрлі университеттік факультеттер  – теологиялық, философиялық, юристік, дәрігерлікпен қатар, мамандандырылған секциялар оның ішінде тарихи де пайда бола бастады.

Университеттерде деректер зерттелетін семинарлар өткізіле бастады, және талқыға салынған рефераттар жазылды. 1815 жылы Герман Одағының құрылғанынан соң ұлттық тарихқа деген қызығушылық артты, бұл тарихи деректердің басылып шығарылуын қажет  етті. Бұл жұмыста бастамашы болған танымал пруссиялық мемлекеттік қайраткер барон Карл Штейн, және  1819 жылы Майндегі Франкфурте өзінің журналы бар көне герман тарихының деректерін зерттейтін Қоғамдастық ұйымдастырылды.  Әйгілі «Германияның тарихи ескерткіштері» сериясының негізі қаланды, (Monumenta Germaniae Historica), ол әлгі күнге дейін шығарылады. Мұндағы құжаттардың көбі орта ғасыр тарихына арналған және де жаңа заман тарихына да көңіл бөлінген.  XIX ғасырдың бірініші жартысында  Германияда көптеген аумақтық таихи қоғамдастықтар құрыла бастады.  1840 дылдардың ортасына қарай  44 тарихи

12345
скачать работу

ХІХ ғ. еуропалық тарихнама

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ