Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ХІХ ғ. еуропалық тарихнама

арағанда Ранке халықтың ішкі дамуы сыртық әсерге де байланысты деп тұжырымдаған. Шындығында Ранке ең жақсы саяси құрылыс  герман ұлтының қасиетті Рим империясында деп санады.

Ранке тарихи сыни әдіске өз үлесін қосты, және бұл әдісті деректің шынайылығын тексеруге қолданды, оның алғашқы немес кейінгі сипатын анықтау, зерттелінген дәуірдің деректе көрәну деңгейін, деректерді салыстыру, олардың шынайлығын тексеру. Романтиктерге қарағанда Ранке тарихты тануға болатынын мойындады, объективті тарихи шындықтың бар екендігіне сенді.

Ранке  тарихи зерттеуде  ең алдымен ресми түрдегі деректерді қолдануды таңдаған, ол дипломатиялық мұрағаттық материалдармен жұмыс істеген. Бұған қоса ол мемуарлар, публицистика, ақпарат құралдары мүлдем менсінбеді, себебі оларға Ранке шынайылығы аз тарихи деректер ретінде қарады, бірақ дипломатиялық құжаттардың шынайлығын асыра құптады.

XIX ғасырдың бірінші жартысында Германияда сонымен қатар либералды романтикалық тарихшылар бағытты болды.  Генрих Луден (1780 – 1847)  1808 жылдан бастап  Йен университетінде Германия тарихынан дәрістер курсын оқыды, онда Германияның бірлігі мәселесін қолдауға тырысты, тарихты патриоттықты оятушы күш ретінде қарастырды.  Кейінгі кезде  Луден либералды профессорлар мен студенттер мүддесін білдірушы ретінде танымал бола бастады. Ол бірнеше ірі еңбектерді жария етті,  3 томды «Халықтар мен мелекеттердің ортақ тарихы», және 12 томды «Неміс халқының тарихы» (1825 – 1837), 3 томды «Германдықтар тарихы» (1842 – 1843).  Ол тарихта болған көтерілістерді қолдамады, бірақ олардың маңыздылығы мен терең себебінің болғандығына сенді.

Тағы бір либералды тарихшы Карл фон Роттек (1775 – 1840), ол да тарихты еркіндікті насихаттау үшін,елін сүюге шақыру мақсатында  қолдану керек деп пайымдаған.   Ең ақылға қонымды билік түрі конституциялық құрылыс деп есептеді.  Саяси күресте ол заңды тәсілдерді қолдану дұрыс деген. Роттек  германия жерлерінде таралған лозунгті паш етті, ол «Еркіндіксіз бірлік болғанша, бірліксіз еркіндік болсын» деген,   Германияны австриялық немесе прустік тақ басқарғанша ұлттық бірігу мүмкін емес, бұл шынайы прогресивті құбылыс бола алмайды. Пруссияда оны бар құрылысқа дұшпан деп айптаған.

Саяси  тұрғыда ұстанымды көзқарасқа ие болған  Фридрих Кристоф Дальман (1785 – 1860), Кил, Геттинген және Бон жоғарғы оқу орындарында білім берген. Ол мемлекеттің саяси маңыздылығын жоғары бағалаған, және мемекеттің сақталуы құқық пен әділеттіліктің негізінде жүруі қажат деп тұжырымдаған.  Бұған қоса  Дальман  халықтың әл ауқатын ашық құрылым мен  конституция арқылы жүзеге асыруғы болады, бірақ бұған, ең тиімді саяси мемлекеттік құрылыс республика емес, конституциялық монархия деп есептеді. Ол керек уақытта либералды конституцияны енгізу арқылы көтерілісті болдырмауғы болды деп жазған. Ағылшын және Француз  көтерілістері тарихы бойынша жұмыстарында  оның радикалды кезеңдерін төмендетіп, оны террор мен анархияның етек жаюы деп қарастырды, мұны ешқандай құрылымдық өзгеріс әкелмеген еп сынады.

Неміс либерал тарихшыларының арасынан  сонымен қатар гейдельберг – либералды ағартушылық мектеп те танымал болды. Оның ірі өкілі болған Фридрих Кристоф Шлоссер (1776 – 1861) өзінің «XVIII жүзжылдық тарихы» және  18 томды «Дүниежүзілік тарих» атты еңбегінде  ағартушылық абсолютизмді насихаттауды жалғастырды, пус королі Фридриха II жұмысын жоғары бағалады, ол германия дворяндары мен кішігірім княздері арасынағы қайшылық жағдайында еркіндік пен даму жолына жол ашты. Ағартушы монарх, Шлоссердің ойынша, елді басқара алады, ал халықты қараң және ынжық, кез келген бұзақылықтарға баратын  топ деп қарастырды.  Ол германия үшін еркіндікті халық көтерілісі алу мүмкін емес және дұрыс емес деді.  Шлоссер  ұсақ және орта бюргерлік монархиялық тұрғыдан дамудың капиталистік жолын айыптады, одан Шлоссер тек әлеуметтік езушілікті ғана көрді. Шлоссердің еңбектері деректерді ойластырылған әдістемелік анализсіз жазылған, тартымсыз әдеби стильсіз, бірақ өзінің демократиялық ұнатушылығынан ұсақ буржуазия арасында қолдау тапты.  Шлоссерді  орыс тіліне Н. Г. Чернышевский аударған.

Шлоссердің либеральді – демократиялық  көзқарастарын қолдаған оның шәкірті  Георг Готфрид Гервинус (1805 – 1871). Әсіресе оны неміс әдебиетінің тарихы және оның қоғамның саяси өміріне ісері қызықтырды. Өзінің  5 – томды « германиядағы поэтикалық ұлттық әдебиеттің тарихы» атты еңбегінде Германиядағы ағартушылық кезеңнен бастап ұлттық сананың дамуы мен бірігуінде тіл мен әдебиет басты орын алады деп пайымдаған. Оның екінші ірі еңбегі болған 8 томды   «История девятнадцатого столетия со времени Венских договоров». Мұнда ол монархиядан аристократия және демократияға дейінгі  тарихи дамудың ережелері бар, ол қоғамның әрдайым көтеріліс формасында жүзеге асады.  Гервинус сонымен қатар Еуропа тарихында тек германдықтар қоғам құрылысында  нағыз демокаратиялық жүйені енгізе алады деп тұжырымдаған. Оның ойынша, тек роман халықтары ғана биліктің орталықтану мен авторитарлы тәсілін жүзеге асыра алады. 1860 жылдары  Пруссияның активтелуі бұл елде және герман жерлерінде қалыптасқан жүйеге қарсылық ретінде қабылданды.

Гейдельберг мектебіне қараған танымал тарихшы Вильгельм Циммерман (1807 – 1878) – ауыл пасторы кей уақыт Штутгарте Жоғары мектепте білім берген. Ол әдеби шығармалар көп жазған, сонымен қатар 3 томды «Ұлы шаруалар соғысының тарихы» (1841 – 1843)  және 2 томды «Герман көтерілісі» (1848).    Германиядағы шаруалар соғысын ол Штутгарт мұрағатының  үлкен деректер негізінде жазды. Мұнда ол үлкен көлемде әлеуметтік қайшылықтарға қарағанда  діни – саяси мәселелерді қарастырды, бірақ шаруалар жайлы езілген халыққа деген аянышымен жазды.  «Германия көтерілісі» атты еңбегінде ол жаңа іздерге сүйене отырып  1848 жылы нурызда өткен Геманияның оңтүстік батысындағы шаруалар көтерілісін нақты суреттеп берді, сонымен қатар 1848 жылы болған Берлинде, Венада, Мюнхенде наурыз көтерілістері мен басқа неміс қалаларындағы бой көтерулер туралы зерттеулер жүргізіп жазған.  Бұған қоса, ол либеральды буржуазияның көтерілісін асыра сілтеп жіберді, және ұсақ буржуазияның бастауымен болған қарулы көтерлістерге құптау білдірмеді.  Циммерман көтерілістердегі сәтсіздіктерді көтеріліске неміс халқының дайын болмағандығында деп көрсетеді,  Франфурктегі парламенттегі либералдарды қолдауға кедергі болған халықтың  саяси санасының және жетілудің болмауында деп атап көрсетті.

1850-1860 жж француз тарихнамасына позитивистік идеялар кіре бастады. Позитивизмнің негізін қалаушы Огюст Конт (1798 – 1857), ғылымға пәні мен міндеттерін қоса отырып, әлеуметтану ұғымын енгізеді.

Конттың басты еңбегі «Курс позитивной философии», ол 1832-1842 жж басылған, ондағы Конттың негізгі ойы умозрительдік бағытқа  қоғамдық өмірді түсіндіруде, қоғамға позитивті ғылымды бақылау мен фактілер арқылы  қоғамға ортақ әлеуметтанулық орта құру еді. Тарихқы осы бағытты ала отырып, сонымен қатар тек қана көрнекті тұлғаларға ғана көңіл аудармай, тарихқа әсер ететін объективті фактор құруға шақырды. Тарихқа рухани жағынан көңіл бөле отырып Конт, материалдық факторларға да назар ударды, мысалы, биологиялық, географиялық, экономикалық жағдайлар.  Қоғамның динамикасы мен өмірдегі маңызды шешімдерге Конт, адамдардың индивидуалды, коллективті  санасы деп айтқан жоқ. Адам тарихы құбылмалы үш түрлі коллективті санамен көрсетіледі: теологиялық, метафизикалық және позитивтік немесе ғылыми. Конттың ойынша, осы түрлі танудың ауысуы, адамдардың жетістігі. Жетістіктің идеясын айта отырып Конт, финалисттік мінездеме береді: тарих позитивті ғылымға жылжып барады. Конт сонымен қатар, агностицизм негізінде, ғылым қоғамның дамуы мен оның басты себептеріне жауап бере алмайды және оның заңдылықтарын ғылымға енуіне болмыстардың пайда болуына негізделетін функционалды құрылыммен шектеледі. Сондықтан, Конттың ойынша, позитивті қоғамдық ғылым немқұрайлы философияны қолдануды қажет етпейді. Конттың нақты фактілермен ұсынған идеялары қоғамды зерттеп білуге және тарихты ғылымға айналдыруда, тарихи зерттеулердің әдіснамасын ұғынуға жол ашты.

12345
скачать работу

ХІХ ғ. еуропалық тарихнама

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ