ХІХ ғ. еуропалық тарихнама
Другие рефераты
Сабақтың мақсаты: ХІХ ғ. еуропалық тарихнама туралы түсінік алу, негізгі бағытттарын аңықтау
Тақырыпқа арналған сұрақтар:
1 Тарих ғылымының жағдайы.
2 Негізгі мектептер мен бағыттар.
3 Позитивизмнің пайда болуы
4 О.Конт тарихи ойлары.
ХІХ ғасрдың бірінші жартысындағы Франция тарихнамасы.
Революция жылдарынан кейінгі уақытта тарих ақырындап 1806- 1808 жылдары құрылған жоғары және орта білімді мемлекеттік жүйеде өз орнын тапты. Тарихтан дәріс беру Наполеон тұсында пайда болған лицейлерде енгізілген, жаңа университет жүйесі негізінде құрылған, құрамында «аралас факультеттер», тарих мамандықтары қалыптасты. Тарихтан дәріс беру Наполеон тұсында пайда болған лицейлерде енгізілді, және құрамына жаңа универмитет жүйесі незінде құрылған «құрамдас факультеттер», тарих кафедрасы қарастырылды. 1812 жылы жоғарғы жаңа мектеп ұйымдастырылды, ол мемлекеттегі ең басты жоғары оқу мекемелерінің бірі болды. 1816 жылы дерек беттерінде эрудиттік дәстүрді жалғастыратын жазу академиясы қайта құрылды. 1821 жылы мұрағатшылардың дайындауымен хартия Мектебі ұйымдастырылды. 1819 жылы тарихи есткеркіштерді сақтау үшін жылдық қаржылар бөлінді. Наполеон тұсында автритарлық режим қоғамдық ойлаудың дамуына мүмкіндік бермеді, бірқ кейін Реставрация тұсында тарих қоғамдық мағынасын жандандыра бастады.
Өткен тарихқа романтизмнің ықпалы зор болды. Тарих сонымен қатар, Француз революциясына, сақтауға және жаңа көтеген саяси негіздерді қалыптастыруда, саяси дворяндық реакцияға және либерал буржуазияда өз орнын тапты. Осы уақыттағы тарихи ойлау және тарихнама нақты ұйымдастырылған, және ірі тарихшылар саяси өмірге өздері араласып отырған.
XVIII – басы XIX ғасырларда Француз революциясының аяғында француз мәдениетінде романтикалық ағым қалыптасты. Алғашында романтикалық тарихи ойлау Француз революциясы тұсында дәстүрлік реакция ретінде пайда болды. Оның өкілдері дворяндық эмиграциядан шығушылар болды, және олардың ішінде саяси көзқарастары барлар ультророялизммен ерекшелеіп тұрды. Солардың ішіндегілердің бірі Жозеф де Местр (1753 – 1821), 1802 – 1817 жж Петербургте өмір сүрген. 1796 жылы эмиграция тұсында «Соображерния о Франции» атты трактатын шығарады. Сонымен қатар, белгілі трактаттарының бірі «О папе», «Петербургсие вечера» деп аталады. Де Местр ойшылдардың адамдарға деген көзқарастарына қарсы болды. Оның ойынша, адамдар дөрекі, сондықтан әлемдік заңда зұлымдық пайда болады, құқық бұзушылық пен соғыс болады, сондықтан қоғамды басқаруда шіркеуді және мемлекетті басқаратын шексіз билік, инквизация мен баскесерлер болу керек деген.
Ең жақсы мемлекеттік тәртіп- дворяндықтың көмегімен басқаратын корольдің шексіз билігі.
Де Местр сонымен бірге паптардың күнәһарлығы туралы тезис қалдырды. Ол қоғам мен мемлекеттің қалыптасуындағы болымсыз негізді заңдар мен конституция негізінде қалады. Мемлекет жазба конституциямен қаланбайды, керісінше адамдардың өмірндегі рационалды, бірақ алып күштер, дәстүрлер, іс-қимылдары, адамдардың бостандығы мен ойлауына билік ететін адамдардың рухына байланысты. Франциядағы революция француздардың күнәсі үшін құдайдың жібергеніндей болды. Қоғамдық атамандардың құлатылуына және де Местрдың ойынша ірі Реформацияның әсері еді, себебі діни сенімді бұзды. Де Местрге өзінің көзқарасы бойынша жақын болған Луи де Бональд 1754 – 1840) еді, оның негізгі жұмыстарының бірі «Теория политической и религиозной власти в гражданском обществе, основанная на разуме и истории» (1796) болды. Бональдтың пікірі бойынша, қоғамдық тәртіп үш негізден тұрды- дінге билік, әлеуметтік теңсіздік, абсолюттік монархия. Мемлекет, Бональдтың дәлелдеуінше, адам құқығынан емес, іс-тәжірибе және дәстүр негізінде қаланады.
Тарихнамаға өте үлкен ыұпал көрсеткен атақты жазушы, публицист Франсуа Рене де Шатобриананың (1768 – 1848)еңбегі зор болды. 1797 жылы ол «Исторический, политический и моральный опыт о древних и новых революциях» басып шығарды, онда тарих тек жабық аймақта ғана жүріп, және француз тарихында революция кезінде антикалық тарихта болған ұқсастықтарды жазады.
Француз революциясындағы ірі өкілдердің бірі Шатобрианның ойынша, ағатушылардың абстрактылық идеяларын әрі қарай дамыту, және соңында якобиншілер адами болудың жолдары туралы, және оның мекемелері туралы жалған идея жібереді. Тарихи олауға сонымен қатар Шатобрианның «Гений христианства» және «Мученики» шығармалары әсер етті. Шатобрианның дәлелдеуінше, христиандық мәдениетке, ұлы архтииектураның дамуына, адамдардың шынайыөмір сүрулеріне жағдай жасады. Шатобриан қоғамдық және саяси құрылымдағы идеал ортағасырлардағы христиандықтан деп көрді.
Тағы да бір консервативті жазушы граф Ф.Д. Монзолье (1755 – 1838), реставрация жылдарында граф Буленвильенің ортағасырлардағы Францияның қоғамдық-саяси құрылымдық идеяларын насихаттады, негізгі трактаттарның бірі «О французской монархии от ее основания до наших дней» (1814 – 1821)деп аталады.
ХІІ ғасырдан бастап, Монзольенің ойынша, үшінші тап- құлдардың ұрпақтары, еріктілер мен крепостнойлар мемлекетті құлатуға тырысқан, және соңында француз революциясы өскен қоғамдық тәртіпті құлдыратты. Наполеон әскерінің кіруінен Францияның құлдырауы, Монзольенің ойынша, франктерге тән жаңа жаулап алу, мұнда қайта Францияны жаңғыртып, қайта дворяндық құрылымды өмірге әкелу.
1820 жылдары Францияда жаңа ғылыми ашулар, романтикалық бағыттағы тарихшылардың жаңа ұрпақтары еді, олар саяси көзқарас бойынша либералдар болды. Солардың ішіндегі атақтылары Огюстен Тьерри, Франсуа Гизо, Франсуа Минье, Адольф Тьер болды. Оларды либералды-ағартушылық бағыттарынан, прогрессивті міездемеде адам тарихының дамуынан танымал болды.Франция үшін өкілдік басқаруды талап етті, яғни олардың ойынша бірінші орынға буржуазиялық конституциялық монархияның болуына және ортағасырлардағы тарихқа буржуазияның пайда болуымен генезисін, сонымен қатар оларды қызықтыратын саяси мемемелер болды. Реставрация кезінде либералды тарихшылардың басты құндылықтары, тарихи ойлаудың дамуы қоғамдық топтаудың концепциясы және тарихтағы таптық күрестің рөлі еді. Бұл тарихшылар Француз революциясының мағынасына көп назар аударды. Оларды сонымен қатар, осы мемлекеттегі сияқты революциядан кейін, ХVІІ ғасырлардағы конституциялық монархияның қалыптасып келе жатқан Англия тарихы да қызықтырды.
Реставрация тұсында тарих мектебінің негізін қалаушы Огюстен Тьерри (1795 – 1856) болды, оның негізгі еңбегінің бірі «История завоевания Англии норманнами» (1825) және «Письма об истории Франции» (1827).Тарихшы Тьерриедің түсінігінше, өткенді қайта жанданрыруға уақыт рухына кіру, оған бейнелік елестету деп есептеді. Сонымен бірге, Тьерри рационалды танудың әдістерін де теріске шығармады, және олардың құрылымына нақты тарихи заідылықтар әбден мүмкін деп есептеді.
Жастық шағында (1814 – 1817) ол атақты әлеуметтанушы- утопист Анри Сен- Симонның хатшысы болған, және сол кезде жаңа идеялар туындады, тарих таптық күреске толы деп тұжырымдаумен, тарихты әлеуметтік тарих ретінде таныды. Ол тек қана ұлы тұлғаларды ғана атап өтумен ғана емес, сонымен қатар барлық халыққа да назар аудару керек деген. Үшінші тап алғаш рет өзін ХІІ ғасырдағы «революциялық коммуналдар» деп шешім шығарды. Тьерри сонымен қатар жанашырлықпен шаруалырдың таптық күресіне назар аударды.Тьерри бойынша, таптық күрестің тарихы өзіндік бір форманы құрайды, және әр ұлттар арасындағы жаулаушылық соғыстар деп есептеді. Жаулап алу туралы тезисінде қоғамдық таптардың пайда болуын және бұл проблеманы шешудің басқа жолдарын көрмегендігін түсіндіреді. Тьерри үшінші таптағы класстық күрестің негізін көрмеді.
Сонымен қатар, атақты тарихшылардың бірі Франсуа Гизо (1787 – 1874) болды. Оның басты еңбектерінің бірі «Опыты по истории Франции» (1823), «История цивилизации в Европе» (1828), «История цивилизации во Франции» (1829 – 1830). 1823 жылы 26 және 31 томдық англия және франция революциясы туралы екі сериялы заманхат басып шығрады.
Ең бірінші, өркениеттің басты негізі, европейлік, қоғам жағындағы даму, және адмдардың рухани байлығы деп есептеген.
Қоғамдық өмірде Гизо сонымен бірге, класстар мен таптар арасындағы күрестің мәнін көрді, класстардың пайда болуына соғыстардың ықпалы, бірақ тұтас алғанда класстық күрестің басты негізі мүлік теңсіздігінің әсерінен деп есептеген. Сонымен бірге, Гизо қоғам тарихын саяси принципке арасындағы күрес десе, мысалы, абсолюттік монархиямен бірге саяси бостандыққа ұмтылысы деп қарастырады. Гизо сонымен қатар, осы төрт таптық бөлініс бір емес, тіпті ХІІ ғасырдағы коммуналды революция кездің өзінде Гизоның айтуы бойынша, байларға деген өшпенділік деген.
Оның ойынша, қалыптасқан таптар үшінші таптың негізгі рухының түрі. Бұл адамдар, ерекше ойлау қабілеттерімен қатар мінездерімен, капитал құра алған, ол әлеуметтік шарықтауға әкеп соқтырды.
Үшінші тап өзінің тарихи маңыздылығын конституциялық монархиялық тәртіптің қалыптасуы, және соның негізінде бостандық дәстүрі негізіне берік болды. Осы тәртіптің құрылуына Гизоға европейлік өркениеттің дамуын ала отырып, қайта құруын қарастырды.
Гизо англия революциясының тарихымен көп айналысты, және арнайы еңбегінде өзінің қорытындыларын шығарды. Оның дәлелдеуінше, англия революциясы, ерекшеліктеріне қарамастан, француздардікіне ұқсас, ал діни және саяси күрес әлеуметтік мағынаны алған және онда класстар арасындағы күресті, билікті жасырып отырған. Англиядағы монархия мен аристократия ХVІІ ғ
| | скачать работу |
Другие рефераты
|