Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ХІХ ғ. еуропалық тарихнама

қоғамдастық жұмыс істеді, олардың  8 –  Баварияда,  7ден – Саксония мен Тюрингияда. Олар  9 мың адамды қамтыды. Жергілікті тарихи журналдар да құрылды.  1820 – дың ортасында бірұлттық тарихи қауымдастықтардың құрылуы туралы қадамдар жасала бастады, бірақ бұл мақсатқа әкімшілік кедергі болды.  Алғашқы бүкілгермандық тарихшылар және филологтар  жиналысы 1846  жылы қыркүйекте Майндағы  Франфуркте өтті. Оңтүстік Батыс Германияның либералды тарихшылары мен австро -прусстік консервативті тарихшылар арасындағы қайшылықтар нәтижесінде бүкілгермандық қоғамдастықтың жоспарлары жүзеге аса алмады.

Саяси бытыраңқылық жағдайындағы Германияда ұсақ мелекеттерді байланыстыратын бүкілгермандық фактор философияда да етек жайды. Неміс классикалық философиясының өкілдері тарихи процестер мен оның барысын идеалистік қалыпта талқыға салды. Герман тарихи ғылымының және әлемдік тарихнамаға өзінің үлесін қосқан Георг Вильгельм Фридрих Гегельдің (1770 – 1831) ойлары болды. 1818 жылдан бастап ол Берлин университетінде философия тарихынан дәріс берген. Ол әлемдік тарихты қарама қайшылықтар арқылы дамитын дамушы процесс деп қарастырды.  Тарих – бұл еркіндік санасының үздіксіз өсуіне негізделген алғашқы әлемдік рухтың өзіндік дамуы. Адамзаттың шынайылығы әлемдік рухқа негізделген, және де әлемдік рух та адамзат бірлігінен нәр алады. Рух құрылымы Гегельде үш топқа бөлінеді: ортақ, дара, ерекше. Ортақ – бұл әлемдік рухтың өзі, дара – жеке адам,ал ерекше – бұл бөлек халықтың рухы, ол әлемдік тарихтың басты субъектісі. Халық рухын ол тарихи өзгермелі деп қарастырды. Әлемдік тарихтағы әртүрлі кезеңдерде алғашқы орынға әртүрлі халықтар шығып отырды.

Гегель алғашқы болып тарихты ұлы адамдар жасайтының айтты, және де тарихтың өзі де даму барысында тарихи қайраткерлерді танымал етеді немесе шет қалдырады, ал қоғамның дамуы объективті заңдылыққа  бағынышты,  оны тануға болады, ол еркіндікті тануда жатыр деген.  Гегельдің көзқарасына сай тарих көне Шығыстан басталады, онда алғаш рет еркіндік пайда болған, бірақ депотиямен тұншықтырылған.  Көне Грецияда еркіндік танымы басты құндылық ретінде болды, бірақ тек таңдамалылыар ғана бұл еркіндікті сезіне алды. Еркіндікті танудың үшінші кезеңінде Гегель христиандықтың пайда болуымен және оның герман халықтарында таралуымен байланыстырды. Тарих әрдайым қарама қайшылықтар күресіне толы болғандықтан, Гегель соғыстар адам тарихынан тыс болмайды деп ойлаған, бұған қоса мемлекеттің денсаулығы бейбіт кезде тексерілді, ал соғыс кезінде мемлекеттің мықтылығы мен оның жеке элементтермен байланысы тексеріліп, сынна өтеді деген.  Соғыс мемлекеттің жетілуі үшін қажет болғандарды көрсетеді. Мемлекет – еркіндік принціпі дамитын форма, және де жеке адам, адамның барлық құндылықтары, оның барлық рухани шындығы тек мемлекет арқасында дамиды деп пайымдайды Гегель.

Гегель мемлекеттік құрылыстың ең тиімдісі конституциялық монархия деп санады, оның пікірі бойынша, ол демократия немесе  көпшілік немесе  жеке мүддені қорғайтын тиранияға қарағанда тұрақты болады. Бөлшектеген әлсіз Германияның жағдайында Гегель орталықтанған мықты билікті жақтады. Гегель  монарх ұлттың бірлігі нышаны ретінде ғана керек деген, ал ондай ролді  сайлау нәтижесінде танылған билеуші де атқара алады.  Гегель сонымен мемлекеттік бюрократиялық  машинаға да маңыздылық артты, оның айтуы бойынша билік жеке адамдар қолынан корпорациялар қолына көшті. Гегель бұған қоса бөлектену түсінігін енгізді, ол бойынша қоғам тарихында жеке адамдарға жат бірақ оларға билік жүргізетін күш пайда болды. Қоғамдық өмірдің құрылымы бойынша негізгі адамдар тобы ауыр жұмыстарды атқаруға мәжбүр, сол кезде  азғантай ғана адамдар байлыққа кенеліп, басқаларды қанауға мүдделі. Бірақ Гегель революциялық төңкерістерді құптамады, оған қоса реформаларды жақтады, дегенмен адамадар өз құқытарын қорғауға  күресуі кректігін мойындап, бұны істемеген құл болып қалады, себебі өз өмірлерін қауіпке тиккісі келмейді.

XVIII – XIX ғасыр ширегінде неміс тарихи ғылымында романтизм бағыты пайда болды. Оның пайда болуы йен үйірмесінің романтиктерімен тығыз байланысты болды.  (олардың ішінде ең танымалдары болған  Фридрих және Август Шлегели, Фридрих Гарденберг – Новалис, және олармен байланысты берлиндік теолого және философ   Фридрих Шлейермахер). Романтиктер Ұлы Француз революцияның  нәтижелеріне риза болмады, оларға  бұл қатал деп көрінді.

Романтизмде негізгі екі бағытты көрсетуге болады – реакцишыл және либералды. Ағартушылықты жоққа шығыра отырып, неміс романтиктері  тарихтағы тұлға орнын атап көрсетті, тарихи оқиғалардың  жеке жіне қайталанбастығын атады. Романтиктер  патриархалдық ортағасырлық  сословиелік жүйені «рыцарлар мен әулиелер» пір тұтты, кейбіреулері өткенге оралуды насихаттады.  Нақты  тәжірибе жағдайында романтиктер XIX  ғасырдың бірінші жартысындағы бар жағдайды сақтауға шақырды, яғни неміс қоғамының жартылай абсолюттік және сословиелік жағдайдағы дамуында. Олардың ойынша, тек осы ғана қоғамның патриархалдығын сақтауға және аристократия басқаратын дворяндар мен буржуазия арасындағы теңдік пен келісушілікті сақтай алады.  Романтиктер бұған қоса әлеуметтік теңдік пен адамгершілік жайлы айтқан, сол себепті олардың көзқарастарында Ағартушылық аз да болса біліп тұрды. Неміс  романтизмі сонымен қатар солтүстікгермандық протестандық және оңтүстік германдық католиктік деп бөлінді.  Романтикалық тарихнама өзінің үлесін тарихилыққа сөзсіз енгізді. Романтиктер қоғам тарихындағы әрбір кезеңді ортақ дамудағы  қажетті бөлшек ретінде қарастырды, оны басты құбылыс деп есептеді.  Бұны  реформалармен бұзуға болмайды, ал көтеріліс тіптен көмектеспейді. Ол тарихылықты романтиктер ортағасырлық орынға және түсінкке негіздеді, ал буржуазиялық қоғамды олар жоққа шығарып және оны тарихи деп санамады. Романтиктер сонымен қатар ұлттық бірлікті және халық мәдениетін жоғары бағалай білді.

Мұрагерлік және дәстүршілдік қағидаларын неміс тарихнамасында құқық мектебі жақтады. К. Маркс бұл туралы мысқылдап жазды, оның өкілдері «қамшыға қарсы кез келген басыбайлы дауысты  бой көтеру деп санады, егер бұл қамшы ескі, мұрадан қалған, тарихи қамшы болса ғана» деп жазған.  Бұл мектептің ірі өкілі Фридрих Карл Савиньи (1779 – 1861) болды, 21 жасында ол Марбург университетінің профессоры болған, кейін Берлин университетінің ректоры лауазымының иегері болды, Пруссияның юстиция министрі және өзін конституциализ жақтаушысы ретінде жарқын танытқан, бүкіл Германияда ортақ құқықтық жүйенің қалыптасуына қадам жасаған.   Савиньи құқық сананың жемісі деген анықтаманы жоққа шығарды,оны кез келген халықтың табиға жағы деп атап, оны тілге, салт және дәстүрге теңеді. Оның пікірі бойынша құқықты құраструға немесе көрші мемлекеттен алуға болмайды. Ол халық рухының органикалық құбылысы болды, ол құрастырылмайды, жеке заңмен жоққа шығарылмайды, себебі ұлттың ішкі негізінен және оның өткен тарихынан туындайды. Савиньидің қолдаушысы және пікірлесі  Карл Фридрих Эйхгорн (1781 – 1854)болды, ол 1830 жылдары консерваторға айналды.  Оның басты еңбегі болған  4 – томды «Неміс мемлекетінің және құқығының тарихы» (1808 – 1823),  Геттингте басылды,онда ол герман құқығының тарихын оның басталуы мен  XIX ғасырға дейінгі уақытта қарастырды.  Халық  тарихи құқық мектептің концепциясында бейнесіз дәстүр мен консервативті ойларды тасушы болып қарастырылды, біркелкі ұлттық рухы бар біркелкі масса ретінде анықталды. Онда таптық әлеуметтік қайшылықтар болмайды. Тарихи мектептің зерттеушілік мақтанышы болған алғашқы деректерге сүйенуі, бірақ бұл тәсіл тарихи процестегі мемлекеттік құқықтық анықтамаға жақын болды.

Құқық мектебінің пайда болуы ХІХ ғасырдың ірі неміс консервативті тарихшысы Леопольд Ранке (1795 – 1886) есімімен байланысты. Ол Лейпциг пен Галле университеттерінде теология факультетінің студенті болды, Одердегі Франфурктегі гимназияда мұғалім және  1824 жылы өзінің алғашқы  «История романских и германских народов с1494 г. по1535 г.» атты еңбегін жария етті, бұдан кейін оны Берлин университетіне дүниежүзілік тарихтан дәріс оқуға шақырды.   1834 жылдан бастап  Ранке университетте тұрақты түрде студенттермен деректерді сыни тұрғыдан зерттеу семинарларын жүргізді. Бүкіл өмірі бойында ол Жерорта елдерінің тарихы, рим папасының тарихы, Реформация кезеңіндегі неміс тарихы,  Пруссия, Англия, Франция тарихы жайлы және халықаралық қарымқатынас жайлы өте көп жазып, зерттеген.  Оның зерттеулер жинағы 54 томды құрайды. Өзінің  тарихи көзқарасы бойынша Ранке рационализм және діни консервативті тарихи қағидаларға қарсы болды.  Оның танымал талабы «тарихты шын мәнінде болғанындай жазу»  тарихқа  сот құрған ағартушылар мораліне қарсы бағытталды, және тарихи шындықты  әсерлеуге тырысқан романтиктерге қарсы болды. Ранке жеке тұлғаның қызығушылықтары мелекет қызығушылықтаымен тепе тең болуы керек деген.  Мемлекет басқа мелекеттерден толық тәуелсіз болғанда ғана толық гүлденуге жетеді деп ойлаған. Сол себепті бірінші маңыздылық әскери көмекте болу керек, ал сыртқы саясат ішкі саясат бағыттарын айқындайды. Осы себепті Ранке тарихтағы  әлеуметтік экономикалық және мәдени мәселелермен  тіптен шұғылданбаған, оның бүкіл назары халықаралық қатынастар мен жеке мемлекеттердің саяси тарихына арналған. Ранкенің пікірі бойынша әлемдік тарихтағы жетекші орынды саяси және діни факторлар алады, олардың көмегімен тарихтағы кез келген оқиғаны түсіндіругк болады.  Фактілер теңізінде тұншығып қалмау үшін Ранке бойынша тарихшы тарихи процеске өз әсерін тигізетін ірі оқиғаларды анықтап алуы қажет. Тарихи құқық мектебіне қ

12345
скачать работу

ХІХ ғ. еуропалық тарихнама

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ