Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы

raquo; үрдісін бастап береді. Басында қазақтар, әсіресе оқыған жастар қазақша сөйлеуді біртіндеп ұмтытып, қытайша сөйлей бастайды. Сөйтіп басталады өзі. Әрине, ешкім де қазақ тіліне қысым көрсетіп, «қазақша сөйлеме» деп немесе «қытайша сөйле» деп зорлық қылмаса да, демографияның салқыны 20 шақты жылдан соң осыған өзі де әкеле бастайды...

 

Ондай жағдайда мысалы 100 жылдан соң, Қытай қазақтарының 30 пайызынан айырылып қалу қаупі бар. Және ол кезде Қытайша сөйлейтін қазақ енді қазақ тілін үйренбейтін болады. Қазақстандағы қазақ тілін ұмытқан қазақтардың (орыстілділердің) қазақ тілін 20 жыл өтсе де үйренбеуімен қалып, ақыры тек сол күйінде өліп қана азайып, сөйтіп таусылып жатқаны сияқты ғой. Қытай қазақтары одан соң да қазақстаннан барған қазақтармен толығып отырды. Оның келесі кезеңі 1916 жылғы көтеріліс кезінде басталды. Бұл кезеңде де Қытайға қоныс аударған қазақ рулары болды. Одан кейінгі Қытайға кету 20-30 жылдары ұжымдастыру, бай-кулактарды кәмпескелеу мен аштық жылдарында жалғасты. Сөйтіп, 270 жыл бойы қазіргі Қытай қазақтары қалыптасты. Бұл тарихқа кейін тоқталатын боламыз, енді Қазақстанның өзіне және Ресей империясына келейік.

 

Ресей империясы шын мәнінде «халықтар түрмесі» болатын. Онда 500-дей халық өмір сүрді. Және өздерінің ежелгі жерлерінде. Олардың ішінде 150 халық ақыры жер бетінен түпкілікті жоғалып кетті. Ресей империясы өз еліндегі аз халықтарға халық санағын жүргізуді 1860 жылдардан бастады. Мысалы 1880 жылдардағы Ресей халқының құрамы төмендегідей еді. Бізге керекті көршілес халықтар және Түркі халықтары ғана алынып отыр:

 

Башқұрттар - 600 мың, Балқарлар - 3 мың, Буряттар - 270 мың, Орыстардың өзі - 58 млн, Елизаветполь Қазақтары (Кавказ қазақтары) - 1 мың 100, Құмықтар - 24 мың, Қалмақтар - 200 мың, Камасиндер - 400, Тофалар (қарағастар) - 400, Қарайымдар - 10 мың, Қарашайлар - 25 мың, Қарақалпақтар (Аштархандықтар) - 250, Қарапапахтар - 24 мың, Качиндер (Барабин татарлары) 12 мың, Қызылдар (Алтайлықтар) - 600, Қырғыздар - 300 мың, Қазақтар - 3 млн, Құмықтар - 108 мың 800, Украиндар - 17 млн 110 мың, Наурыздықтар - 5 мың 120, Ноғайлар – 61 мың 550, Нухурлар – 1 мың 150, Самагарлар – 900, Сарттар – 690 мың 300, Татарлар – 2 млн, Тәжіктер – 137 мың 260, Телеңгиттер – 18 мың 470, Тептерлер – 130 мың, Трухмендер – 19 мың, Тубалар – 920, Туралидіктер – 2 мың 100, Түріктер – 70 мың 216, Түрікмендер - 262 мың 800, Өзбектер - 182 мың 120, Чуваштар - 540 мың, Якуттар - 233 мың 433 адам болған.

 

Бұл санақта 19 ғасырда Қазақтар санының Империяда Орыстар мен Украиндерден кейінгі үшінші орында тұрғанын және ОА-да Тәжіктер, Өзбектер, Қырғыздар, Сарттар, Түрікмендер – бәрін қосып есептегендегіден де гөрі көп болғанын көреміз. Өзбектер ол кезде 182 мың болса, қазір 27 млн, ал қазақтар ол кезде 3 млн болса, қазір 9 млн. Өзбектерге енді Сарттарды және Нухурларды қоссақ – 782 мың болады екен. Бәрібір қазақтардың санынан 4 есеге аз. Одан бері 150 жыл өтті. Ал қазір қазақтар Өзбектерден 3 есе аз. 150 жыл ішінде Өзбектер 30 есеге көбейген, Түрікмендер 20 есеге көбейген, Қырғыздар – 15 есеге көбейген, Қазақтар – 3 есеге көбейген. Ащы сандар. Алайда Орыстардың өзі 2,8 есеге көбейген, Украиндар - 2,7 есеге көбейген. Яғни аштық пен репрессия алдымен үлкен халықтарды жалмаған екен. Кеңестік қызыл империя қаймана Қазақтарды да, қарапайым Орыстарды да, Украин шаруаларын да аяған жоқ. Қыра берді...

 

Қазақстанның көп ұлттылығы 18 ғасырдың орта шенінен басталады. Оған дейін Қазақ хандығы заманында елде қазақтан басқа тек Өзбектер, Дүнгендер, Ұйғырлар, Татарлар, Башқұрттар, Ноғайлар, Түрікпендер тұратын еді. Алайда 20 ғасыр басталғанға дейін Қазақтардың елдегі саны 80 пайыздан төмен түсіп көрген жоқ. Мысалы 1897 жылғы Бүкілресейлік санақта қазақтар 3 392 751 адам болса, оның қазақ губернияларындағы пайызы 81,7 % құраған.

 

Ал осы 1897 жылы Қазақ еліндегі орыстардың саны 454 402 адам (10,95 %), украиндар - 79 573 адам (1,91 %), татарлар - 55 984 адам (1,34 %), тараншалар (қазір ұйғыр дейді оларды) - 55 815 адам (1,34 %), өзбектер - 29 564 адам (0,7 %), мордвалар - 11 911 адам (0,28 %), дүнгендер - 4 888 адам (0,11 %), Түрікмендер - 2 883 адам, немістер - 2 613 адам, башқұрттар - 2 528 адам, еврейлер - 1 651 адам, поляктар - 1 254 адам болған. Бұларды жүргізілген санаққа 110 жыл өтіп кеткендіктен, Қазақстанның ертеден тұратын халықтары деп түсінуге болады. Соның ішінде немістер, еврейлер, поляктар және мордвалар жер аударылып келген...

 

20 ғасырдың басы Қазақстан халықнамасына көптеген өзгерістер әкелді. Столыпиннің әйгілі ауыл шаруашылық реформалары басталды. Қазақстанда «переселендер» көптеп пайда болды. Соның ішінде Орыстар мен Украин шарулары көбейді. 1911 жылы Орыстар мен Украиндердің жалпы саны 1 543 138 адам құрап, олар Қазақстан халқының 28,5 пайызын құраған. Қазақтардың пайызы 67,2 % болды. Содан бастап қазақтар ел ішінде пайызы бойынша кеми берді.

 

Алғашқы Бүкілодақтық санақты Кеңестер империясы 1926 жылы жүргізді. Қазақтардың саны 3 713 394 адам құраған (57,10%). Өткен 1897 жылғы санақпен арада, 16 жылғы көтеріліс және революциялар жатыр. Ал 1937 жылғы санақ қазақтардың 2 182 мың адам екенін, ал пайыздық бөлігі 38,8% екенін көрсетті. Бұл аралықта аштық жылдары мен колхоздастыру кезеңі жатыр. Осы он жылда, көп балалы болу дәстүрлі болғанымен, қазақ халқы 39,8%-ға кеміген. Яғни аштық жылдары қазақтар өз санының тең жартысын жоғалтты деген сөз шындыққа сәйкес келеді.

 

40 жылдары өтуі тиіс санақ жүргізілген жоқ, фашистік Германиямен болған Отан соғысына байланысты. Ал 1959 жылғы санақ қазақтар санының - 2 794 966 адам екенін көрсетті. (20 жылда 28%-ға өскен), алайда қазақтардың елдегі пайыздық көрсеткіші - 29,87 % құрады. 1960 жылдар Қазақ халқының ең бір жедел өсу дәуірі болды. Ол кезде әр жанұяда 5-6 баладан болатын. Соның нәтижесінде 1970 жылы қазақтардың саны 4 234 166 адамға жетіп, Қазақстан халқының 32,54 %-ға өскен. Бұл кезең «қазақтардың бірінші демографиялық тасқыны» деп аталады. 1979 жылы санақ өтіп, қазақтар 5 289 349 адамға жетті. Ал Қазақстандағы пайызы - 36,02 %-ға жетті. 1989 жылғы санақта қазақтар - 6 534 616 адам болып, елдегі пайызы енді -39,68 %-ға жетті. Міне біз тәуелсіздік қарсаңында осылайша елде 39 пайыз болған едік...

 

Енді басқа халықтарға келейік 1926 жылы Қазақстанда 1 279 979 орыс тұрды. Бұл – жалпы Қазақстан халқының 19,68 %-ы. 860 822 украин болды (13,23 %), 1959 жылғы санақта 3 974 229 орыс болды (42,68 %) және 762 131 украин тұрды (8,18 %). Бұлардың өсімі 210 % құраған. Бұл осы халықтардың соғыс және соғыстан кейінгі жылдары, сонымен қатар тың игеру және жаңа өндіріс орындарын игеру мен жаңа қалалардың салынуына байланысты еді. 1970 жылы Қазақстанда 5 521 917 орыс болды (42,44 %) және 933 461 украин тұрды (7,17 %). Ал 1979 жылғы санақ орыстардың 5 991 205 адам екенін көрсетті (40,80 %) және Украиндер 897 964 адамға жетті (6,11 %). Ал 1989 жылғы санақ енді Орыстардың пайызы азайып келе жатқанын көрсетті - 37,82 %. Олардың саны 6 227 549 адам болған. Оның себебі қазақтардың бала табу саны орыстарға қарағанда 70 жылдары да жоғары болып қалды.

 

Соғыс жылдарында жер аударыған немістер көбейді. 1926 жылы елде 51 102 неміс тұрса, 1970 жылы 858 077 адам болды, ал 1979 жылы немістер 900 207 адамға, 1989 жылы 957 518 адамға жетті. Сөйтіп, Немістердің саны Қазақстанда Қазақтар мен Орыстардан кейінгі үшінші орынға шықты. Соның ішінде 1926 мен 1989 жылдар аралығында Татарлар - 80 642 адамнан 327 982 адамға өсті, белорустар - 25 614 адамнан 182 601 адамға көбейді, Ұйғырлар - 63 434 адамнан 185 301 адамға, ал кәрістер - 42 адамнан 103 315 адамға көбейген. Сонымен қатар Өзбектер 213 498 адамнан 332 017 адамға жеткен. Өзбектер мен Ұйғырлар тез көбею арқылы өссе, басқа халықтар жер аударылып келген және көптеп көшіп келген еді.

 

Тәуелсіздік таңы атты. Бұл кезең тағы да Қазақстанның халықтық құрылымына елеулі өзгерістер алып келді. Ең алдымен Қазақстан халқының едәуір кемігенін көреміз: 1989 жылғы санақ Қазақстан халқының 16 464 464 адам екенін көрсетті. Ал 1999 жылғы санақта Қазақстандықтар 14 953 126 адам болған, яғни 9,1 %-ға кеміп кеткен. БҰҰ есебі Қазақстан халқы одан әрі де кеми түсетін болады деп мәлімдеді. Олардың ойынша біз 2009 жылғы санақта 12 млн жарым болуға тиісті екенбіз. Алайда біз қазір анық білеміз – келе жатқан санақта, 2009 жылдың 1 қаңтарына Қазақстан халқы 15 млн 700 мыңға жететін болады. Сонда бҰҰ сарапшылары неден қателесті...

 

Олар үш нәрседен қателесті. Біріншіден, олар Орыстар мен Украиндар әлі де Қазақстаннан кетіп, жаппай көше береді деп есептеді. Славян халықтарының көшіп кетуі 2000 жылдан кейін толастады. Екіншіден, олар Қазақ халқының 1990 жылдардағы өз табиғи өсімін тоқтатқаны енді тоқтатқан болады деп есептеді. Алайда 2000 жылдан кейін қазақтар тағы да көп балалы болуға көшті. «Қазақтардың үшінші демографиялық тасқыны» басталды. Бала санын шектеуді бастаған орыстілді қазақтар болатын. Алайда қазақтар бала санын олардай бір баламен шектеген жоқ. Керісінше күтпеген жағдай болды, ауыл қазақтарының өсімі төмендеп, қала қазақтарының өсімі одан асып түсті. Оның себебі де белгілі, қалаларда тұмыс деңгейі жоғарылап, ауылдарда құлдырап кетті. Бұл үрдіс қазақтардың бала санын шектейтін қоғамға әлі де жете қоймағанын, бала табудың 1990 жылдардағы төмендеуі уақытша нарық қиыншылықтарына және елдің юолашаққа деген сенімі әлсіреуіне ғана байланысты екенін көрсетті. Ал үшінгі тасқын әлі де жалғас ып 2012-2015 жылдары өзінің шарықтау шегіне жететін болады. Үшіншіден, оралмандардың мәселесі ол кезде қиын шешіліп, бұл бастама енді тығырыққа тірелді деп ес

Пред.678910След.
скачать работу

Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ