Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы

ептеген. Олай болмады, 2000 жылдан бастап оралмандардың елге келуі артты. Қазақтардың саны бұл кезде негізінен квотасыз көшіп келгендер есебінен көбейді. Ал көптеп көшіп келген Өзбекстан, Түркменстан және Монғолия қазақтары халқымыздың ежелгі көп балалы болу дәстүрін жақсы сақтап қалған еді. Олар әдеттегідей орта есеппен алғанда 4,5 балалы болып келеді...

 

Ал елдегі басқа ұлттардың өсімі әртүрлі болды. Алдымен Немістер күрт азайды, себебі көпшілігі Германияға көшіеп кетті, сондықтан 957 518 адамнан 353 441 адам қалды. (63,1%-ға азайған). Орыстар 6 227 549 адамнан 4 479 618 адамға азайды. (28,6 %-ға кеміген), украиндар - 896 240 адамнан 547 052 адамға кеміген. (38,9 %-ғак азайды), татарлар - 327 982 адамнан 248 952 адамға азайды (24,1 %-ға кеміді), белорустар - 182 601 адамнан 111 926 адамға азайды (38,7 %-ға кеміді), кәрістер - 103 315 адамнан 99 657 адамға кеміді. (3,5 %-ға азайды), азербайджандар - 90 083 адамнан 78 295 адамға азайды (13,1 %-ға кеміген), поляктар - 59 956 адамнан 47 297 адамға азайды (21,1 %-ға кеміген) – бұлар тиісінше тарихи Отандарына - Ресейге, Украинаға, Белоруссияға, Татарстанға, Кореяға, Әзірбайжанға және Польшаға көшіп кетті.

 

Немістер мен Гректер және Поляктар кеткенде, қазақтар күнелте алмайтындай көрінген. Ештеңе де болған жоқ. Орыстар, Украиндер, Белорустар кеткенде Қазақтар елде қалып, экономика кері кететіндей көрінген. Шындығында бәрі де жақсы мамандар еді. Сондықтан Қазақстанның даму тұрғысынан көп шығынға батқанын айтқан жөн. Олар кетпегенде, әрине, экономикамыз әлдеқайда бай болар еді, қазіргідей мамандар тапшылығына (дәрігерлер, ғалымдар, инженерлер, спортшылар т.б.) ұшырамас едік, Алайда соншама дағдарыс болатындай ештеңе болған жоқ. Өмір бұрынғысынша өтіп жатты, экономика да көтеріліп, елдегі қалыпты еңбек ырғағы үзілмеді.

 

Ал кеткен халықтардың ішінде Немістер, Кәрістер, Поляктар шынында еңбекқор халықтар еді. Сондай-ақ тағы да Қазақстанда саны азайған халықтар мыналар: шешендер, башқұрттар, молдавандар, ингуштар, мордвалар, армяндар, гректер, қырғыздар, болгарлар, лезгиндер, түркмендер т.б. Ал Қазақстандық Өзбектер мен Қарақалпақтар, Ұйғырлар мен Дүнгендер, Күрділер және Түріктер кеміген жоқ, керісінше өсті.

 

1989 жылдан 1999 жылға дейін қазақтардың өсімі 6 534 616 адамнан 7 985 039 адамға жетті (22,1 %-ға өскен), Өзбектер - 332 017 адамнан 370 663 адамға жетті (11,6 %-ға өскен), Ұйғырлар - 185 301 адамнан 210 339 адамға өсті (13,5 %-ға), дүнгендер - 30 165 адамнан 36 945 адамға жетті. (22,4 %-ға өсті) және күрділер - 25 425 адамнан 32 764 адамға өсті (28,8 %-ға жетті). Бұл мәліметтерден Қазақстанда ең жедел өскен халықтар – Күрділер, сосын Дүнгендер, одан соң үшінші орында Қазақтар екенін көреміз. Осылайша алып империя КСРО құлап, орнына бірнеше тәуелсіз республикалар пайда болды. Оның ішінде бесеуі (Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан және Әзірбайжан) Түркі халықтарының мемлекеттері болатын. Бұрын бұл Еуразияны емін-еркін жайлаған ежелгі халықтың ұрпақтарының ішінде Түркиядан басқа тәуелсіз ел жоқ еді...

 

Енді көшіп кетуге келсек, ең көп пайызбен көшкен Немістер еді содан кейін славян халықары - орыстар мен украиндар және белорустар, соның ішінде ресми мәліметтер бойынша ғана алғанда 1993 жылы - 170 129 орыс, 1994 жылы - 283 154 орыс, 1995 жылы - 160 883 русских, 1996 жылы - 120 427 орыс, 1997 жылы - 174 616 орыс, 1998 жылы - 186 397 орыс, 1999 жылы - 89 998 орыс көшіп кетті. Көптеп көшіп келген де орыстар болды, оның себебі КСРО тараған сәтте-ақ шет мемлекеттер болып кеткен елдер арасындағы қарапайым халық өз туыстарына қарай жылжып қоныстанды. Ал Қазақстанда Ресейліктердің жағдайы жақсы туыстары көп еді және ол кезде, 1990 жылдары Қазақстанда үй-пәтер тым арзан болатын.

 

Сондықтан кеткен орыстардың көптігіне қарамастан олардың санының азаюы ондай тез болған жоқ: Орыстардың Қазақстандағы саны 1993 жылы - 123 777 адамға, 1994 жылы - 251 934 адамға, в 1995 жылы - 126 468 адамға, 1996 жылы - 96 384 адамға, 1997 жылы - 157 462 адамға, 1998 жылы - 124 494 адамға, 1999 жылы - 72 335 адамға азайды. Сонымен 1989 жылмен салыстырғанда 1999 жылы орыстардың саны 1,3 млн адамға, яғни 29 %-ға кеміді. Енді орыстардың өзінің Қазақстандағы табиғи өсімін және туыстарын сағалап көшіп келген орыстарды, көшіп кетіп, Ресейді жатырқап қайта келген орыстарды шығарып тастағанда, елден 1,5 млн орыстың біржола кеткені мәлім болды. Әрине, өзге елге кету қашанда қиын. Себебі халық сол елдің тұрмысына және салтына бейімделіп кетеді. Қазақстанның Өзбегі - Өзбекстанның Өзбегіндей емес, ол қазақ-өзбек, Қазақстанның орысы Ресейдің орысындай емес – ол қазақ-орыс. Бір жағынан Қазақстан орыстары Ресейге барғанда оларды сол жақтағы жергілікті орыстар «Қазақтар», «Монғолдар», «Азиаттар» деп атай береді. Қазақстанда да Монғолиядан, Өзбекстаннан, Түркиядан, Қытайдан т.б. келген қазақтарды «Монғолдар», «Өзбектер», «Түріктер», «Қытайлар» т.б. деп атайтыны сияқты...

 

Екіншіден қазақтың салт-дәстүріне бойы үйреніп қалған орыстарға Ресей бәрібір суық ел болып көрінеді. Достары, жолдастары, сүйікті жұмыстары қалып қоя барады. Ресейде енді Қазақстандағы сияқты қарттарға төрден орын бермейтін болады, бас сұққан қонаққа шәйнегін ала «шай ішіп кет» деп жібермей қоятын да әдет жоқ, туғаныңнан қарызға да ақша сұрап ала алмайсың, ата-ананы, ата-енені сыйлау да бұндағыдай емес, бесіктен белі шықпай-ақ қызы/баласы/келіні/күйеу баласы бас салып айтыса кетеді, үй ішінде аяқ киіммен жүре береді т.б. сөйтіп үйренбеген әдеттер толып кетеді де қазақстандық орыстарға оның бәрі де жағымсыз болып көрінеді. Әсіресе қазақ ауылдарынан кеткен орыстар Ресей деревняларындағы бейбастақтық пен ластықты, күндіз-түні арақ ішуден қолы босамайтын жұртты көргенде түңіліп кетіп, кері қашады. Қазақстандық орыстарға күйеуі мен әйелі, атасы мен келіні соғыстырып арақ ішкен олар бір моральдық азғындаған халық болып көрінеді. Ешкімнің де азғындамағанын, тек өздерінің аздап "қазақ болып кеткенін" бұл орыстар басында қайдан білсін...

 

Ал орыстардың бәрі негізінен түгелдей үдере көшіп кетпеді. «Сары орыстың бәрі орыс» болғанымен, орыстың да түр-түрі бар. Бұл халық та туған жеріне көп мән береді. Алдымен қолынан іс келетін, іскер, білікті мамандар қай жерге басра да жұмыс табады ғой. Сондықтан, ондайлар алдымен кетеді. Қолынан көп ештеңе келе қоймайтын, өзіне сенімсіз болса, оның үстіне өзі араққұмар, жұмыссыз, сотталған т.б. басқа болса, ол қайда барып сияды. Сондай орыстар қалады. Тағы басқа қырынан алғанда, мысалы соғыстан кейін тың жерді игеруге және елді индустрияландыруға, жаңа өндіріс орындарына келген орыстар, немесе 50-70 жылдары келгендер, олар Ресейді жақсы біледі, Ресейде туыстық байланыстары бар, Ресейде оқыған. Олар алдымен кетті.

 

Енді тағы бір орыстардың буыны олар соғыстан бұрын келгендер, яғни елде Кеңес үкіметі орнамай тұрғанда-ақ келгендер, қазақша айтқанда «переселендер», олардың көптеп келген жылдары 1900-1910 жылдар аралығы еді. Қарап отырсақ бұдан 100 жыл бұрын да, 1911 жылғы өткен санақта Қазақ жерінде 1 млн 543 мың орыс болған. Қарап отырсақ, олардың әкесі де, атасы да Қазақстанда туған, Ресейді тіпті де білмейді, қазақ болып кетіп жүрген осылар, олардың Ресейде несі бар. Оларға «келімсектер» деген сөз де онша үйлесе қоймайды, себебі арғы атасының да моласы осы жерде жатыр. Бұлардың Қазақстанда тұруы, келген жылдары бойынша алып қарасақ (1860-1905), мысалы, Қазақтардың Баян Өлгейде тұруы сияқты....

 

Мысалы, Жайық бойында казак-орыстар көп тұрады. Жайық казактары. Шамамен бұдан 250-300 жыл бұрын келіп қоныстанған. Жайықтың бойы казактар сол кезде салған бекіністерге толы. Бұлардың Қазақстанға келген жылдарын есептесек, 1720-1760 жылдар, Қазақтардың Қытайға (соның ішінде, Алтай мен Тарбағатай және Жоңғар Алатауы тауларының күнгей-шығыс беткейлері мен бөктерлеріне) барып қоныстанған уақытымен шамалас. Ауылдық жерлерді жағалай қоныстанған Казактар орыс тілін шала біледі, қазақ тілін жақсы біледі. Алайда өздерінің казак екендігін ешқашан ұмытпайды. Қазақстанға алғаш келген орыстар – казак-орыстар. Олар бір кезде казактар көтерілістері (С.Разин, Е.Пугачев) қанмен басып-жаншылған соң, Орыс Патшасының қаһарынан ығысып келген еді. ..

 

Қазақтың кей жерін «бұл - орыстың жері», «бұл – ұйғырдың жері» дейтіндерге қатысты айтып отырмын. Егер бір халық сол жерде 300 жылдай тұрса, ол жер сол халықтікі болып кете ме. Ұйғырлар Қазақстанға 1860-1870 жылдары көшіп келді. Қытайдағы Ұйғырлар мен Дүнгендер көтерілісі сол жылдары күшпен басылған соң, «Қытайлар бізді енді тірі қоймайды» деп олар бері қарай Ресейді паналап қашқан. Мысалы, Құлжа өңірі Қытайға сатылған кезде, оның жергілікті халқына екі жақтың, империялардың келісімі бойынша не Ресейді не Қытайды таңдау құқығы берілген. Сол сәтте көптеген ұйғырлар мен дүнгендер Ресейдің жеріне, Іле бойына (Ұйғырлар, ол кезде тараншалар) және Талас бойына (дүнгендер) келіп қоныстанып, сол кезден бері тұрып жатыр...

 

Ал башқұрттар, қаралақалпақтар, өзбектер, түрікмендер, ноғайлардың Қазақ жерінде пайда болған уақытын дәл айту қиын. Мысалы, Тәуекел ханның лауазымы – «Қазақтар (қарақалпақтар, башқұрттар) мен қырғыздардың және қалмақтардың ханы». Ал өздерінің Хақназар хандары туралы аңыздар Башқұрттарда, Ноғайларда, Қарақалпақтарда сақталған. Бұл айтып отырғандары, әрине қазақтың Хақназар ханы ғой. Алайда, ол кісі қазақтар кең байтақ даланы иемденген кезде, осы шағын халықтардың үстіне де билігін жүргізген. Қазақстандық Өзбектер де Қазақтар сияқты арғы аталарын жатқа санайды, сөйтіп өзінің 15-ші атасының да Қазақстанда тұрғанын көрсетіп бере алады.

Пред.678910След.
скачать работу

Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ