Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Қарулы Күштері

ымдарды жасақтауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекітеді;

20)       азаматтық және аумақтық қорғанысты жоспарлауды және оған басшылық жасауды жүзеге асырады;

21)       Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жерді, орманды, суды, және басқа да табиғи ресурстарды қорғаныс мұқтаждары үшін беру және пайдалану тәртібін белгілейді;

22)       пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) тәртібін белгілейді;

23)       әскери ынтымақтастық және үкіметаралық келісімдерге қол қою мәселелері бойынша халықаралық келіссөздер жүргізу туралы шешімдер қабылдайды;

24)       қорғаныс мұқтаждары үшін жеке және заңды тұлғалардан реквизицияланған, сондай-ақ берілген мүліктің құнын мемлекеттің өтеу тәртібін белгілейді;

25)       әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару тәртібін белгілейді;

26)       қару мен әскери техниканың, стратегиялық материалдардың, озық технологиялар мен қос мақсатта пайдаланылатын өнімдердің экспортын бақылауды ұйымдастырады;

27)       Конституциямен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Президенттің актілерімен өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

10-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының қорғаныс саласындағы құқықтары мен міндеттер                                   

1.Қазақстан Республикасының азаматтары:

1)         келісім-шарт негізінде ерікті түрде әскери қызметке баруға;

2)         қорғанысты нығайтуға жәрдемдесетін ұйымдардың қызметіне қатысуға құқылы.

2. Қазақстан Республикасының азаматтары:

1)         әскери міндеттілікті орындауға;

2)         азаматтық және аумақтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларға қатысуға;

3)         жұмылдыру кезеңінде және соғыс жағдайында өздерінің меншігіндегі мүлікті қорғаныс мұқтажы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оның құнын кейіннен мемлекеттің тең бағада өтеуімен беруге міндетті.

5-тарау. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар

18-бап. Қарулы Күштер және олардың мақсаты:

1.         Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін қорғауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады.

2.         Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Президенті шешімінің негізінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жоюға, сондай-ақ террорға қарсы операциялар жүргізу және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін тартылуы мүмкін.

3.         Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінен туындайтын міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштерді қолдану Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда келісілген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.

4.         Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрамының бір бөлігі Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес біріккен қолбасшылықта болуы мүмкін.

20-бап. Қарулы Күштерді жасақтау.

1.         Қарулы Күштердің жеке құрамына әскери қызметшілер мен азаматтық персонал адамдары кіреді.

2.         Қарулы Күштер:

1)  азаматтарды аумақтан тысқарылық және аумақтық принцип бойынша әскери қызметке шақыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың әскери қызметке ерікті түрде келуі арқылы әскери қызметшілермен;

3)         Қазақстан Республикасының еңбек және мемлекеттік қызмет туралы  заңнамасына сәйкес азаматтық персоналмен жасақталады;

3.         Қарулы Күштерді жұмылдыруды өрістеу үшін мемлекетте әскери оқып үйретілген резерв запасы құрылады.

21-бап. Қарулы Күштерге басшылық және оларды басқару

1.         Қарулы Күштерге әскери-саяси басшылықты Қазақстан Республикасының  Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы жүзеге асырады.

2.         Жоғарғы Бас қолбасшылық (Жоғарғы Бас қолбасшылықтың Ставкасы) соғыс уақытында Қарулы Күштерге басшылық жасайтын жоғары әскери саяси орган болып табылады.

3.         Жоғарғы Бас қолбасшылықтың Ставкасы Қарулы Күштерді басқаруды Штабтар бастықтары комитеті арқылы жүзеге асырады.

4.         Қарулы Күштерді бейбіт уақытта басқаруды Штабтар бастықтары комитеті арқылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі жүзеге асырады.

6-тарау. Соғыс кезі. Соғыс жағдайы. Жұмылдыру. Азаматтық қорғаныс. Аумақтық қорғаныс

  28-бап. Соғыс кезі

1.         Соғыс кезін Қазақстан Республикасына басқа мемлекет (мемлекеттер тобы не коалициясы)  қарулы шабуыл жасаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Парламенті жариялайды.

2.         Соғыс кезі жарияланған немесе соғыс қимылдары нақты басталған сәттен бастап соғыс уақыты басталады, ол соғыс қимылдарын тоқтату туралы хабарланған кезден бастап аяқталады, бірақ соғыс қимылдары нақты тоқтатылғаннан бұрын аяқталмайды.

29-бап. Соғыс жағдайы және жұмылдыру

1.         Соғыс жағдайы режимі, жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актілерімен айқындалады.

2.         Соғыс жағдайы кезеңінде Қарулы Күштер, сондай-ақ оның құрамына кіретін Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері , Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Республикалық ұлан, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының басқару органдары мен қорғаныс бөлімдері  және арнаулы құралымдар соғыс кезінің жариялануына қарамастан, агрессияға тойтарыс беру жөнінде ұрыс қимылдары мен өзге де іс-қимылдарды жүргізе береді.

7-тарау. Қорытынды ережелер

32-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастығы

1.         Қазақстан Республикасының агрессиядан бірлесіп қорғануды қамтамасыз ету, бейбітшілікті қолдау және қауіпсіздік жөніндегі басқа мемлекеттермен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес құрылады.

2.         Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Парламентінің Конституцияға сәйкес қабылдаған шешімі негізінде бейбітшілікті қолдау және қауіпсіздік жөніндегі халықаралық міндеттерді орындайды.

3.         Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде  бейбітшілікті қолдау және қауіпсіздік жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға тікелей қатысқан және ұрыс қимылдарына араласқан Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің осындай қатысу кезеңі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

33-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы заңнамасын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауаптылықта болады.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.

Астана, Ақорда, 2005 жылғы қаңтардың 7-сі. №29-ІІІ ҚРЗ

 

 

                                                                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша №3

 

Қазақстан Республикасының Заңы

Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы (үзінділер)

            Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери міндеттілігіне және әскери қызметіне қатысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын нег

Пред.678910След.
скачать работу

Қазақстан Қарулы Күштері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ