Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Қарулы Күштері

sp;   әскери қызметке шақыруды;

4)         әскери қызметті өткеруді;

5)         запаста болуды;

6)         запаста болған кезеңінде әскери жиындардан өтуді;

7)         соғыс жағдайын енгізу кезеңінде азаматтарды жалпы әскери оқытуды қамтиды.

3. Әскери міндеттілікті атқару тегіне, әлеуметтік, қызметтік және мүліктік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, саяси және өзге де сенім-нанымына, қоғамдық бірлестіктерге тиістілігіне, тұрғылықты жеріне байланысты болмайды.

4. Азаматтар осы Заңда көзделген негіздер бойынша әскери міндеттіліктен босатылады.

    5. Әскери міндеттілікке қатысы бойынша азаматтар әскер жасына дейінгілер, әскерге шақырылушылар, әскери қызметшілер, әскери міндеттілер және әскери міндетті еместер санаттарына бөлінеді.

4-бап. Әскери қызмет мазмұны

1.         Әскери қызмет Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда белгіленеді.

2.         Әскери қызмет:

1)         шақыру бойынша әскери қызметті;

2)         келісім-шарт бойынша әскери қызметті қамтиды.

Шақыру бойынша әскери қызметке:

1)         сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамының мерзімді әскери қызметі;

2)         осы Заңның 24-бабына сәйкес шақырылған офицерлердің әскери қызметі;

3)         жұмылдыру, соғыс жағдайы, соғыс уақыты және әскери жиындардан өту кезіндегі әскери қызмет жатады.

Келісім-шарт бойынша әскери қызметке:

1)         сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамының лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызметін өткеретін әскери қызметшілердің әскери қызметі;

2)         әскери оқу орындары курсанттарының және тыңдаушыларының әскери қызметі мен оқуы жатады.

3. Әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілер әскери  қызмет міндеттерін атқарады.

4.         Азаматтардың ішкі істер, қаржы полициясы органдарының, қылмыстық-атқару жүйесі оқу орындарының және өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орындарының күндізгі оқу бөлімдерінде оқыған уақыты мерзімді әскери қызметті өткеруге теңестіріледі.

5.         Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының халқына адалдығы туралы әскери ант қабылдайды.

Бұрын әскери ант қабылдамаған әскери міндеттілер оны әскери жиындарға және жұмылдыруға шақырылған кезде қабылдайды.

6.         Осы Заңмен айқындалған тәртіппен азаматтар әскери қызметтен кейінге қалдырылуы немесе әскери қызметтен босатылуы мүмкін.

 

2-тарау. Азаматтарды әскери қызметке даярлау

10-бап. Азаматтарды әскери қызметке даярлау

1.         Азаматтарды әскери қызметке даярлау - әскер жасына дейінгі және әскер жасындағы азаматтарды әскери қызметтің негіздеріне үйрету мақсатында олармен міндетті түрде жүргізілетін іс-шаралар кешені.

2.         Азаматтарды әскери қызметке даярлау:

1)         бастапқы әскери даярлықты;

2)         әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлауды;

3)         жалпы орта білім беру ұйымдарында қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлауды;

4)         жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлауды;

5)         дене шынықтыруды, медициналық көмекті, әскери-патриоттық тәрбиені қамтиды.

3.         Азаматтарды әскери  қызметке даярлауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік ұйымдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

4.         Ұйымдардың басшылары әскер жасына дейінгілер мен әскерге шақырылушылардың әскери қызметке даярлықтан өтуін қамтамасыз етуге міндетті.

5.         Азаматтарды әскери қызметке даярлау ісінің ұйымдастырылуы мен өткізілуін бақылауды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады.

11-бап. Бастапқы әскери даярлық

1.         Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жалпы орта, бастауыш кәсіби және орта кәсіби білім беру ұйымдарында азаматтармен бастапқы әскери даярлық жүргізіледі.

2.         Әскерге шақыруға жататын және бастапқы әскери даярлықтан өтпеген азаматтар тиісті жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша одан мерзімді әскери қызметке шақырылар алдында өтеді.

3.         Бастапқы әскери даярлықтың өткізілуіне бақылауды Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарымен бірлесіп жүзеге асырады.

4.         Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы, Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы бастапқы әскери даярлықтың практикалық сабақтарын ұйымдастыруға, оқу-материалдық базасын құруға көмек көрсетеді.

5.         Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру мен өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

17-бап. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу

1. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу – тиісті жергілікті атқарушы органдар әскер жасына дейінгілерді әскери есепке қою үшін жергілікті әскери басқару органдары арқылы жүргізетін әскери есеп іс-шаралары.

2.Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтар шақыру учаскелеріне тіркелуге жатады.

            Шақыру учаскелеріне тіркеу жыл сайын қаңтар-наурызда:

1)         азаматтарды әскери есепке алу;

2)         олардың санын анықтау;

3)         әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау;

4)         жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу;

5)         дене даярлығы деңгейін анықтау;

6)         әскерге шақырушыларды алдын ала белгілеу;

7)         әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында жүргізіледі.

3.         Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

4.         Кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері және ұйымдардың басшылары жыл сайын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілеген мерзімде тиісті жергілікті әскери басқару органдарына шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін береді.

5.         Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу үшін аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аудандарында шақыру учаскелері және құрамында:

комиссия төрағасы – тиісті жергілікті әскери басқару органының бастығы;

            комиссия төрағасының орынбасары – жергілікті атқарушы органның уәкілетті өкілі;

            комиссия мүшелері:

            тиісті ішкі істер департаменті (бөлімі) бастығының орынбасары;

            медицина қызметкерлерінің жұмысына басшылық жасайтын дәрігер – медициналық комиссияның төрағасы;

            хатшысы бар тіркеу жөніндегі комиссия құрылады.

            Тіркеу жөніндегі комиссияның дербес құрамын және оның жұмыс тәртібін жыл сайын тиісті жергілікті атқарушы орган бекітеді.

6.         Шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде азаматтар әскери қызметке

жарамдылық деңгейін анықтау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережелерінде (бұдан әрі

Пред.678910След.
скачать работу

Қазақстан Қарулы Күштері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ