Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Қарулы Күштері

ізгі ұғымдар

Осы Заңда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1)         әскери қызмет – Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы әскери қызметшілердің мемлекеттік қызметінің ерекше түрі;

2)         әскери қызметшілер – Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызметте тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;

3)         әскери міндеттілер - әскери есепте тұратын және әскери есепте тұрудың шекті жасына дейін запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;

4)         әскери атақ - әскери қызметші мен әскери міндеттіге берілетін әскери айырым белгісі;

5)         әскери міндеттілік – Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі конституциялық міндеттілігі;

6)         әскери киім нысаны - әскери қызметшілердің Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиістілігін айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген погоны бар нысанды киім(киім-кешек) мен жабдықтар;

7)         шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер – мерзімді әскери қызметке шақырылған, сондай-ақ офицерлер құрамы лауазымдарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары;

8)         келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер – Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке ерікті түрде кірген Қазақстан Республикасының азаматтары;

9)         әскери лауазым – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемесінің әскери атағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген лауазымдық өкілеттіктер мен міндеттер жүктелген құрылымдық бірлігі;

10)       әскери жиындар - әскери қызметшілердің әскери даярлығы, әскери білімін жетілдіру жөнінде, сондай-ақ әскери міндеттілердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын арттыру мақсатында оларды әскери бөлімдерге шақыра отырып, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен  әскери құралымдарда жүргізілетін іс-шаралар;

11)       әскери есеп - әскери қызметшілердің, әскерге шақырылатын және жұмылдырылатын ресурстардың есебін жүргізу және оларды талдау жүйесі;

12)       әскери тағылымдама – практикалық дағдыларды меңгеру және жетілдіру, офицерлердің даярлау бағдарламасы бойынша алған білімдерін тереңдету және орнықтыру;

13)       тәрбиеленушілер - әскери даярлық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта, бастауыш және кәсіптік орта білім беру ұйымдарында оқитын Қазақстан Республикасының азаматтары;

14)       жалпыға бірдей әскери оқыту – соғыс жағдайы енгізілген кезеңде Қазақстан Республикасының азаматтарын бастапқы әскери даярлыққа міндетті оқыту;

15)       әскер жасына дейінгілер - әскери есепке алынғанға дейін әскери қызметке даярлықтан өтетін еркек жынысты азаматтар;

16)       әскери міндеттілердің запасы(запас) – аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті әскери басқару органдарында әскери есепте тұратын, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды толықтыра жасақтау, өрістету және шығынының орнын толтыру мақсатында пайдаланылатын әскери міндеттілер;

17)       әскери қызметті ерікті түрде өткеру туралы келісім-шарт (бұдан әрі келісім-шарт) – келісім-шарт бойынша әскери қызметті қамтамасыз ету және өткеру мүддесі үшін тараптардың міндеттемелері мен  жауапкершілігін белгілейтін шарт;

18)       курсанттар – оқу-жаттығу бөлімдерінде (орталықтарында), орта немесе жоғары әскери оқу орындарында оқитын сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамының әскери қызметшілері;

19)       жұмылдыру – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарын, халқын, аумағы мен экономикасын (жалпы жұмылдыру) немесе олардың қайсыбір бөлігін (ішінара жұмылдыру) соғыс жағдайы режиміне көшірумен байланысты жалпымемлекеттік іс-шаралар кешені;

20)       бастапқы әскери даярлық - әскери іс және адамның қауіпсіздігі мен тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету негіздері бойынша міндетті оқыту пәні (оқу пәні);

21)       ұйымдық-штаттық іс-шаралар – Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда өткізілетін штаттарды құру, тарату, орын ауыстыру, қайта жасақтау, бағыныштылығын өзгерту, ұлғайту мен қысқарту жөніндегі іс-шаралар;

22)       кейінге қалдыру – азаматтарды әскери қызметке шақыруды осы Заңда көзделген негіздер бойынша кейінге қалдыру;

23)       отставка - әскери қызметшілерді әскери қызметтен босату немесе запаста болудың шекті жасына жеткен әскери міндеттілерді әскери есептен шығару не әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдарды әскери есептен шығара отырып әскери қызметтен босату;

24)       офицерлер – офицерлер құрамының тиісті атағы берілген әскери қызметшілер;

25)       тексеру жиындары – соғыс уақытының ұйымдық-штаттық құрылымындағы міндеттерді орындауға арналған әскери бөлімдердің даярлығын тексеру мақсатында өткізілетін әскери жиындар түрі;

26)       әскерге шақырылушылар – аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті әскери басқару органдарының шақыру учаскелеріне тіркелген және мерзімді әскери қызметтен өту үшін Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға шақыруға жататын еркек жынысты азаматтар;

27)       шақыру учаскесі – аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары азаматтарды әскерге шақыру және шақыру учаскелеріне тіркеу кезеңінде құратын учаске;

28)       шақыру пункті – азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу және әскери қызметке шақыру кезінде оларды медициналық куәландырудан өкізетін, сондай-ақ әскери патриоттық және спорттық-көпшілік жұмысты жүргізетін пункт;

29)       запаста болу - әскери міндеттілердің әскери есепте және әскери есепте болған кезеңінде әскери жиындарда қызмет өткеруге байланысты міндеттерді атқаруы;

30)       жиын пункті - әскерге шақырылушыларды бақылау медициналық куәландырудан өткізу, медициналық көмек көрсету, әскери-патриоттық, спорттық-көпшілік жұмысты жүргізу, Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскерге шақырылушылардың командаларын құру және жөнелту пункті;

31)       сержанттар (старшиналар) – сержанттар (старшиналар) құрамының әскери атақтары берілген әскери қызметшілер;

32)       сарбаздар (матростар) – сарбаздар (матростар) құрамының әскери атақтары берілген әскери қызметшілер;

33)       тыңдаушылар – жоғары әскери оқу орындарында, офицерлер құрамының білімін жетілдіру (қайта даярлау) курстарында оқитын офицерлер құрамының әскери қызметшілері;

34)       арнайы жиындар – төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында және Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда өткізілетін әскери жиындар түрі;

35)       мерзімді әскери қызмет – еркек жынысты азаматтарды осы Заңда айқындалған тәртіппен Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға шақыруға негізделген әскери қызмет;

36)       оқу-жаттығу жиындары - әскери міндеттілерді даярлау мен қайта даярлау мақсатында өткізілетін әскери жиындар түрі.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңнамасы

1.         Қазақстан Республикасының әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

2.         Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3-бап. Әскери міндеттілік мазмұны

1.         Әскери міндеттілік азаматтарды әскери мамандықтар бойынша даярлау және бейбіт кезде және соғыс уақытында Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленеді.

2.         Әскери міндеттілік:

1)         азаматтарды әскери қызметке даярлауды;

2)         азаматтарды әскери есепке алу мен шақыру учаскелеріне тіркеуді;

3)     &nb

Пред.678910След.
скачать работу

Қазақстан Қарулы Күштері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ