Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы (1861-1917 жж.)

іліктілігінің төмендігі, кәсіпкерлердің белгілі бір салада маманданбауы, аймақтың өнім беру мүмкіндігі жоғары жерлерді анықтай алмауы және т.б. мәселелерге байланысты болды. Сонымен бірге, кәсіпкерлік тәуекелділікті қажет ететін, пайдасы тұрақты емес әрекет болса, ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігі оның ішіндегі ең қиыны еді. Оның нәтижелілігі біріншіден табиғатқа, одан кейін ауыр еңбекке және іскерлік қабілетке тікелей тәуелді болды. Егер табиғи қолайсыздық туған жағдайда, кәсіпкер үшін осы іске салған барлық қаржысынан айырылып қалу қаупі басым тұрды. Сондықтан да кәсіпкерлер сауда сияқты неғұрлым жеңіл салаларға көп көңіл бөлді. Соған қарамастан, қарастырып отырған кезеңде ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерліктің алғашқы негізі қаланды. Өлкеде жастарды кәсіпке мамандандыратын оқу орындары, яғни ауыл шаруашылық мектептері ашылды.

«Халыққа қызмет көрсету жүйесінде кәсікерліктің пайда болу үрдісі» деп аталатын бөлімшедетасымалдау кәсібінің дамуы, қолөнер өндірісі немесе ұсақ және орта кәсіп түрлері және тұрмыстық қызмет саласындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы және даму тарихы сарапталған.

ХІХ ғ. екінші жартысындағы қазақ қоғамының жаңаша өзгерістерге бейімделу барысында, халықтың дәстүрлі шаруашылықтары мен кәсіпшілігі жалғасын тауып, кәсіпкерліктің жаңа салалары туындады. Соның бірі - халыққа қызмет көрсету саласында кәсіпкерліктің қалыптасып, дамуы. Бұл мәселе үш түрге бөлініп қарастырылады: тасымалдау кәсібінің дамуының көліктік қызмет саласындағы кәсіпкерліктің қалыптасуына әсері; қолөнер өндірісі немесе ұсақ және орта кәсіп түрлерінің кәсіпкерлік сипаты; тұрмыстық қызмет саласындағы кәсіпкерліктің даму үрдісі.

Тасымалдау кәсібі ХІХ ғ. екінші жартысында барынша ұйымдаспаған түрде жүргізілгенімен, ХХ ғ. басында бір жүйеге түсті. Олардың басқару органы, қаржы есептеу және бөлу жүйесі қалыптасып, арнайы ережелерді сақтау қамтамасыз етілді. Жұмысшылардың және жолаушылардың құқықтарын қорғау дұрыс жолға қойылды. Жасалған шаралардың барлығы көлік қызметі жүйесінде кәсіпкерліктің қалыптасып, дамығандығын байқатты.

Халыққа қызмет көрсету саласында кәсіпкерліктің дамуына, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде ғасырлар бойы орын алған қолөнер кәсібі әсер етті. Қазақстанда ұсақ және орташа кәсіпкерліктің қалыптасуы екі жолмен жүрді. Біріншісі, капитализімнің енуімен байланысты, жергілікті шеберхана кәсібі мен қолөнердің жаңа жағдайға бейімделе отырып дамуы нәтижесінде, ал екіншісі, қоныс аударушы шаруалардың тіршілік көзі ретінде кәсіпкерлікпен айналысуы барысында туындады. Ертеден келе жатқан және отырықшыландыру барысында қалыптасқан елді-мекендерде сондай-ақ, қалаларға, жәрмеңкелерге, базарларға жақын ауыл тұрғындарының арасынан ақша үшін әр түрлі кәсіппен айналысушы қазақ кәсіпкерлері шыға бастады. Ауылдар мен орыс елді-мекендерінде, қалалардың базарлары мен көшелерінде кәсіпкерліктің әр түрлі салаларындағы шағын шеберханалары көбейді. Қазақ ауылдарындағы жекеленген шеберхана мен қолөнер өнімдері енді арнайы сату үшін өндіріліп, тауарлық сипат алды.

Қолөнер кәсібі өндірісінің дамуына Қазақстан қалаларында құрылған қолөнер комитеттерінің ықпалы жоғары болды. Мысалы, Түркістан аймақтық қолөнер комитетінің белсенді әрекетінің нәтижесінде, 1899 ж. қалалық училище құрамында бір кәсіптік училище және төрт кәсіптік сынып жұмыс істей бастады. Ташкенттегі реальдық училищеде 270 адам, кәсіпкерлік училищеде 83 адам білім алды [11; 2 б. ]. Ондағы кәсіптік білім беретін училище 1896 ж. ашылды. Сол жылы сырттан келгендердің 27,6%-ы, ал 1897 ж. 30%-ы училище жатақханасында тұрды. Осы училищенің пайдасына қолөнер комитеті 2692 сом қаржат бөледі [12; 3 б.].  

Халыққа қызмет көрсету саласының үшінші түрі – тұрмыстық қызмет. Бұл саладағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуында өзге ұлт өкілдерінің үлесі жоғары тұрды. Осы саладағы қызмет еткен кәсіпкерлердің ұлттық  арақатынасын анықтау барысында, олардың басым бөлігін орыс қоныс аударушылары, одан кейінгі орынды ортаазиялық халықтар иеленсе, ең аз бөлігін жергілікті қазақтар құрағандығын байқауға болады. Тұрмыстық қызметтегі кәсіпшіліктің арақатынасының жоғарыдағыдай бөлінуіне ұлттық ерекшелік пен ұлттық психология ықпал етті. Атап айтсақ, ресейлік кәсіпкерлер ойын-сауық орындарында, ортаазиялық кәсіпкерлер шайханаларда қызмет көрсетті. Ал, жергілікті қазақ халқының қонақжайлық психологиясында жататын жер мен ішетін тамақты сатып, ақша табу жат түсінік еді. Сонымен қатар, қазақтар спирттік ішімдіктерді пайдаланбады және оны кәсіп еткен жоқ.

1861-1917 жж. аралығында халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласында кәсіпкерлік өзінің дамуының алғашқы сатысында тұрды. Аталған кәсіпкерліктің қалыптасуына көп жағдайда, қоныс аударушылардың айтарлықтай ықпалы болды.

«1861-1917 жылдар аралығындағы кәсіпкерлердің әлеуметтік топ ретінде қалыптасуы»  деп аталатын үшінші бөлім екі бөлімшеден тұрады.

«Кәсіпкерлердің этникалық құрамы мен әлеуметтік құрылымы»атты бөлімшеде патшалық Ресейдің қоныстандыру саясатының нәтижесінде кәсіпкерлердің әр түрлі ұлттардан құралғандығы мен олардың әлеуметтік шығу тегі сарапталады.

ХІХ ғ. екінші жартысындағы әр түрлі ұлт өкілдерінің оңтүстік аймаққа қоныс аударуы нәтижесінде, бұл өңірде кәсіпкерлік белсенді түрде дами бастады.

Қазақстанда  сауда және қолөнер кәсіпкерлігінің қалыптасып, дамуына өзбектер айтарлықтай үлес қосты. Мысалы, Жетісу облысындағы өзбектердің 80%-ы, Сырдария облысының өзбектерінің 41%-ы көпестер және ұсақ саудагерлер ретінде ауыл шаруашылығы өнімдерін алып-сатумен айналысты. Сонымен қатар, олардың көпшілігі, әсіресе Сырдария облысын мекендегендері қолөнер кәсібіне бейімделді [13; 51 б.]. Жетісуда ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерліктің дамуына ХІХ ғ. 70-90 жж. Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендердің әсері жоғары болды. Осы кезеңде Жетісу облысына Қытайдан 55 мыңға жуық ұйғырлар мен дүнгендер қоныс аударды [13; 46 б.]. Орыс және украин ұлттарының Қазақстанға келуі, ХІХ ғ. екінші жартысы - ХХ ғ. басында Ресей империясының отарлау процесін күшейтуімен тікелей байланысты болды. Қазақстандағы қоныс аудару саясатының ерекшелігін Жерге орналастыру және Жер өңдеу басқармасының бастығы Кривошеиннің мына сөзінен анықтауға болады: «Болашақ қоныстанушы орыс поселкелері далалық қыстақтардан кедей емес, әлдеқайда бай болуы керек. Орыс қоныс аударушылары, біріншіден, жергілікті мұсылман тұрғындарына қарсы орыс билігіне сүйеу болса, екіншіден, Ресей үшін көптеп нан өндіруші болу керек» [3; 102 б.]. Қазақстанда сонымен қатар, саудамен айналысатын шетелдіктер де өмір сүрді. Сырдария облысында бірінші бүкілресейлік халық санағы кезінде 2 935 бұхарлық, 515 хиуалық, 47 қытайлық, 34 парсылар (ирандықтар), 65 өзге де азиялық елдердің азаматтары, соған қоса 67 басқа да елдердің азаматтары, барлығы 3663 шетелдіктер тіркелді [14; 9 б.]. Аталған халықтардан басқа, Қазақстанның оңтүстігінде еврейлер, поляктар, қалмақтар, башқұрттар өмір сүрді. Аталған ұлттардың кәсіпкерлік қабілетінің жоғарылығы мен орыс кәсіпкерлеріне үкімет тарапынан қолдаудың білдірілуі, кәсіпкерлер қатарының молайып, дамуына қолайлы жағдай туғызды.

 Жоғарыда көрсетілген ұлттардың әлеуметтік шығу-тегіне қарамастан, кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндіктері болды. Қазақстанның оңтүстігіндегі кәсіпкерлер құрамын көпестер, өнеркәсіпшілер, қаржыгер-биржевиктер, помещик-кәсіпкерлер, орта шаруалар, қолөнерші және ұсақ саудагерлер құрады.

Кәсіпкерлердің басым бөлігін қамтыған әлеуметтік топтың бірі −көпестер. Көпестер ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және орыс өнеркәсіп тауарларын сатумен айналысты. Келесі ірі кәсіпкерлер тобын өнеркәсіпшілер (зауыт, фабрика және ұсақ кәсіпорын иелері) құрады. ХІХ ғ. соңы –ХХ ғ. басында помещик-кәсіпкерлердің саны өсті. Сол уақытта Қазақстан Ресей империясының отары болғандықтан, аймақтағы қаржы саласындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы да ресейлік капитал негізінде іске асты. Себебі, жергілікті кәсіпкерлікті ресейлік қаржы кәсіпкерлері қаржыландырды. Өлкеде Ресейдің көптеген кәсіпкер-қаржыгерлер және биржевиктері қызмет жасады. Сол сияқты, белгілі бір деңгейдегі капиталдары мен жекеменшік иеліктері бар мещандардың да кәсіпкерлікті дамытуда маңызы зор болды. Әлеуметтік топтардың ішінде, мещандардың құрамы күрделі әрі өзгелерге қарағанда көптігімен ерекшеленді. Оған ұсақ саудагерлер, қолөнер шеберханаларының иелері, қолөнершілер, шенеуніктер, тіпті аңшылықпен, тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлер де енді.

«Ұлттық кәсіпкерлердің құрылуы» деген бөлімшеде қазақтың буржуазия өкілдері мен іскер азаматтарының жаңа қоғамдық дамуға бейімделу барысында кәсіпкерлік іскерлігінің шыңдалуы, қазақтың дәстүрлі шаруашылығының кәсіпкерлік сипат алуы сарапталады.

ХІХ ғ. екінші жартысына дейін жергілікті халық дәстүрлі өмір салтын ұстанды. Ал, капиталистік экономикалық жүйенің ең басты категориясы – байлық, жеке меншік жанама бағалылық ретінде қабылданды. Халық байлықтың сыртқы формасын ғана иеленді. Байлық бар болғанымен, ол күнделікті тіршілік көзі ретінде пайдаланылды және экстенсивті түрде дамыды. Оны әрі қарай жетілдіруге көңіл бөлмеді. Мал басын көбейтуге баса назар аударылғанымен, ол және оның өнімі өндіріске негіздеген жоқ. Сол сияқты, ақша қорын жинақтауға, ақша айналымын жасауға мән бермеді. Жеке меншік қазақтарда өте күрделі мәселелердің бірі болды.

Осындай ұлттық мәдениеттің ерекшеліктіріне қарамастан, ХІХ ғ. 60-шы жылдарынан қазақтардың арасынан жаңа өмірге бейімделген кәсіпкерлер шыға бастады. Олар өздерінің іскерлік қабілеттерімен дәстүрлі шаруашылықты жаңа заманғы экономикалық талаптармен ұштастыра бастады. Қазақстанның оңтүстік өлкесінде орта ғасырлардағы кәсіпкерлік, капиталистік қатынастар заманында өзіндік мәнге ие болып, жалғасын тапты.

Қазақ буржуазиясының қалыптасуының әлеуметтік құрылымындағы бір

Пред.6789
скачать работу

Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы (1861-1917 жж.)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ