Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы (1861-1917 жж.)

ар жүйесін жүргізді.

Қазақстанның оңтүстік өлкесінде тау-кен ісінің неғұрлым белсенді дамыған уақыты - 1866-1867 жылдар болды. Орынбор генерал-губернаторлығына 1866 жылдың 1 шілде – 1867 жылдың мамыры аралығында өнеркәсіпшілер ашқан алтын және басқа да тау-кен байлықтарын өндіріске қосу туралы барлығы 57 өтініш түскен. Бірақ, одан кейінгі жылдары өтініштер саны төмендеді [3; 14 б.].

Қарастырылып отырған аймақтың ең жоғарғы дәрежеде орын иеленетін минералды қазба байлығы - тұз өндірісі болды. Мемлекет саясаты бойынша халықтың барлық сословиеден шыққан кәсіпкерлеріне минералды қазба байлығын еркін игеру мүмкіндігі берілді. Аймақтағы көмір кендерін өндіру ХІХ ғ. 80-жж. қолға алынды. Кәсіпкерлер өздерінің өндіріс орындарын отынмен қамтамассыз ету мақсатында ғана қолға алған болатын. Себебі, өлкедегі көмір кендерінің сапасы нашар болды.

Қазақстанның оңтүстік өлкесіндегі тау-кен өндірісі саласындағы өнеркәсіптің даму барысында бірқатар кедергілер орын алды: өлкедегі пайдалы қазба байлығының мардымсыздығы (минералды қазбадан басқа); өлкеде тұтас та терең геологиялық зерттеудің жүргізілмеуі; өндіріс капиталының жетіспеуі; барлау жүргізуге рұқсат алуда формальды істердің көптігі; орыс кәсіпкерлері мен жергілікті тұрғындардың бірлесіп әрекет жасамағандағы. Тау-кен ісінде басты орынды орыс капиталы иеленсе, одан кейінгі орында жергілікті кәсіпкерлер тұрды.

Қазақстанның оңтүстік аймағында өңдеуші өнеркәсіптегі фабрика–зауыттық типтегі кәсіпорындардың қалыптасуы көрініс берді. Өлкедегі тері өңдеу зауыттары экономикалық жағдайдың дамуында маңызды орын алды. Қазақтар мал өнімдері: тері және жүн шикізаттарын өңдеу орталықтарына өткізіп, пайда тапты. Дайын шикізаттар Ресейге тасылып, орыс көпестері бұл салада үлкен байлыққа ие болды. Оңтүстік өлкеде егіннің өсірілуі, дәнді дақылдарды өңдеу кәсіпорындарының жұмысын жандандырды. Ұн диірменін ұстау мемлекет тарапынан қадағаланып, міндетті түрде диірмен алымы алынып отырды. Одан мемлекет айтарлықтай кіріс түсірді. Қазақстанның оңтүстік өлкесінде ауылшаруашылығы өнімдерін өсіру және өңдеу фабрикаларының бірі −темекі өндірісі болды. Қарастырып отырған кезеңде бұл сала өзінің алғашқы даму деңгейінде тұрды. Өнеркәсіп орындарының ішінде мақта тазалайтын зауыттар жабдықталуы жағынан айтарлықтай жоғары тұрды. Олар су, бу немесе керосин двигательдерімен жұмыс істеді. Қазақстанның оңтүстік өлкесінде, оның ішінде Сырдария облысына қарасты Шымкент және Түркістан қалаларында мақта зауыттары осы аймақтарда өсірілген өнімді өңдеді.

Аймақтың өңдеуші өнеркәсібі жеке иеліктегі кәсіпорындар сипатында болды. Ресейлік кәсіпкерлер қазақ жерін шикізат көзі ретінде бағалап, өз капиталын тез және артығымен өндіріп алатын шағын, ұсақ және орта кәсіпорындарға салды. Олардың ішінде арақ-шарап, сыра, сабын қайнату, балауыз жасау және т.б. кәсіпорындар болды. Қарастырылып отырған кезеңде, оңтүстікте әлемде сирек кездесетін дәрілік өсімдік өсті. Одан іш ауруларын емдейтін сантонин өндірді. Кәсіпкерлер осы өсімдікті өңдеуге қызығушылық танытты. Соған байланысты, Шымкентте сантонин зауыты ашылды. Бұл өндіріс кәсіпкерлерге мол пайда әкелді.

Аймақтағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшелігі болды. Себебі, кәсіпкерлер тез пайда табу мақсатында көбінесе өз капиталдарын өндірістің саудамен тығыз байланысты салаларына салды.

ХІХ ғ. екінші жартысы - ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің даму қарқынының баяулығын төмендегі себептер арқылы түсіндіруге болады: біріншіден, аймақтың әлеуметтік-экономикалық қатынастары каптиалистік дамуға дайын емес еді. Оған қажетті экономикалық алғышарттар толық қалыптаспағандықтан жергілікті шаруашылықтар тауар айналысына баяу тартылды және ол мұндағы капитализмнің даму қарқынына әсер етті. Екіншіден, Рессейдегі капитализімнің дамуындағы қайшылықтар, ауыл шаруашылығының өнеркәсіптік дамудан артта қалуы, жергілікті дәстүрлі қатынастармен араласа отырып, күрделене түсті. Үшіншіден, Қазақстанның оңтүстігі басқа да метрополияға тәуелді аймақтар сияқты, отар ел сипатында дамыды. Жергілікті өнеркәсіптің негізгі міндеті - метрополия мен шетел кәсіпкерлері үшін шикізатты табу және алғашқы өңдеуден өткізу болды. Жергілікті тұрғындардың өнеркәсіп тауарларына сұранысы негізінен Ресей мен шетел өнеркәсібінің бұйымдары арқылы қамтамасыз етілді. Өнеркәсіптің дамуын тежеген бұл негізгі үш себепке мамандардың жетіспеуі, қолайлы жол қатынастарының болмауы және т.б. жағдайлар қосылды.

 «Сауда саласындағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері» атты бөлімшедекәсіпкерлерінің басты қызығушылық танытқан саласы –саудаға арналған.

Оңтүстік өлкедегі сауданың дамуы, алғашқы қарапайым айырбас сауда, жәрмеңкелік сауда және сауда үйлерінің құрылуы қарастырылады. Аймақтағы сауда кәсіпкерлігі әр түрлі формада көрінді. Оның ішінде, жеке адамның өзі сататын жеке (разносная торговля) сауда, тасымалдау (развозный) саудасы, керуен саудасы, жәрмеңкелік сауда, тұрғылықты қалалық базарлар, сауда үйлері, дүкен және сауда сәкілері және т.б. бар.

Сауда-саттық саласының алғашқы кезеңінде айырбас-келісім жүйесі басым болды. Айырбас саудасын көбінесе ұсақ саудагерлер мен әр түрлі сауда фирмаларының өкілдері жүргізді. Олар далалы аймаққа өздерінің тауарларын алып келіп, оны мал және оның өнімдеріне айырбастады. Тасымал саудасына тән ерекшелік – онда ақшалай есеп және сауда бәсекесінің болмауы, сауданың тауарды мал басымен немесе оның өнімімен бағалау арқылы жүргізілуі болып табылады. Сауданың бұл түрі жергілікті халықты алдауға көп мүмкіндік берді. Осыған байланысты, қазақ интеллигенттері баспа беттерінде қазақтарды алданудан сақтануға шақырды. Аймақтағы тасымалдаушы айырбас және керуен саудасының эквивалентінің болмауы, олардың сұранысты толық қамтамассыз ете алмауы, тауар сапасының төмендігі және таңдау мүмкіндігінің жоқтығы - аталған сауда түрінің біртіндеп әлсіреуіне алып келді. Осы себептерге байланысты, сауданың тасымалдаушы айырбас түрі баяулап, жергілікті қазақтар үшін жәрмеңке саудасы неғұрлым тиімді болды. Соның негізінде, өлкеде жәрмеңке саудасы белсенді түрде дами бастады. Қазақстанның оңтүстік аймағы бойынша жәрмеңкелік сауда үш дәрежелі болып қалыптасты: далалық, қалалық, уездік. Капиталды ұйымдастырудың аймақта біршама кең тараған түрі - ХХ ғ. басында қалыптасқан сауда үйлері болды. Сауда үйілерінің пайда болуы, сауда кәсіпкерлігінің біршама жоғары деңгейге көтерілгенін көрсетті. Бұл тауар айналымының жоғары дәрежеге көтерілгенін және осы салада кәсіпкерліктің рөлінің артқанын айқындай түседі. Дегенмен, облыстарды салыстырып қарағанда, тауар айналымының арақатынасы тең болмады: тауар айналымы Сырдария облысы бойынша - 72%, Жетісу облысы бойынша - 28%-ға сәйкес келді [7; 103-104 пп.].

Сөйтіп, алғашқы кезеңде сауда саласындағы кәсіпкерлік тауарды тасымалдау, керуен саудасы және жәрмеңкелер арқылы жүзеге асты. Дала жәрмеңкелері қазақ-орыс саудасын дамытуға бағытталды. Жәрмеңкелік сауда орыс сауда капиталын және оның өкілдерінің қазақ даласына енуіне жақсы жағдай жасады. Кейіннен өлкеге сырттан келген көпестер мен кәсіпкерлердің ықпалымен сауда жүргізудің неғұрлым жетілген түрлері - сауда орталықтары мен фирмалар ұйымдастырылды. Ресей өнеркәсіп тауарларына деген үлкен сұранысты қажет ететін аймақты экономикалық жаулап алып, арзан мал шаруашылығы шикізатына қол жеткізді.

«Өңірдегі ауыл шаруашылығы саласында жеке кәсіпкерліктің қалыптасу өзгешеліктері» деп аталатын бөлімшедеҚазақстанның оңтүстік аймағының табиғи мүмкіндігіне байланысты кәсіпкерлердің ауыл шаруашылығы саласын игеру қызметі сараланды.

Қазақ жерін отар аймаққа айналдырған ресейлік үкімет өлкеде жер өңдеуге аса көңіл бөліп, бұл іске кәсіпкерлерді жұмылдырды. Мысалы, осы кезеңде Сырдария облысының территориясының 2,47%-ы, ал Жетісу облысының 2,45%-ы  егістік жерлер болды [8; 250-251 бб.].

Қарастырылып отырған кезеңде мақта өсіру кәсібі айтарлықтай дәрежеде дамыды. Кәсіпкерлер ресейлік мақта-мата фабрикаларын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында мақта өсіру кәсіпшілігіне үлкен мән берді. Түркістанда алғашқы мақта өсірумен айналысушылар жақсы пайда тапқандықтан, бұл салада кәсіпкерлік кеңейе түсті. Оған мақта кедені саясаты қолайлы әсер етті.

ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстанда балық кәсіпшілігі дами түсті. Қазақстанның оңтүстік аймағындағы балық кәсіпшілігі теңіздік, көлдік, өзендік балық аулау болып бөлінді. Теңіздік балық аулау Арал теңізінде жүргізілді. Балық пен балық өнімдері Ресейдің Мәскеу, Н-Новгорд, Орынбор, Саратов, Самара, сондай-ақ Түркістан өлкесінің көптеген аймақтарына шығарылды. Мысалы, тек Ташкент теміржолы арқылы 1910 ж. Еуропа мен Ресейге 1 825 750 пұт балық, ал 1912 жылы 1 976 000 пұт мөлшерінде (бағасы 5 млн. рубльге) балық жөнелтілді [9; 144 б.]. 1917 ж. облыста балық кәсіпшілігімен 500 қазақ кәсіпкері айналысты [10; 125-126 пп.]. ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басында Сырдария және Жетісу облыстарында балық шаруашылығы жедел дамыды. Оған Орынбор – Ташкент теміржолының салынуы, Арал теңізі мен Сырдария өзендерінде, көлдерінде балықтың мол болуы және балық аулаушылардың санының өсуі әсерін тигізді. Теміржол қатынасының пайда болуы, балық кәсіпшілігінің дамуына жақсы жағдай жасап, Ресей мемлекетінің қазынасына түсетін кірісті көбейтті.

ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында оңтүтік аймақта ауыл шаруашылығының бау-бақша, омарта шаруашылығы сияқты салалары кәсіпкерлік дамудың алғашқы кезеңінде тұрды.

Жалпы, Қазақстанның оңтүстік өлкесінің табиғаты, климаттық ерекшелігі ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерліктің жандануына қолайлы жағдай туғызды. Патшалық Ресей өздерін аграрлық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында, бұл салада кәсіпкерліктің дамуына қолдау жасады. Бұл - өлкенің жер үсті байлығын кәсіпкерлік сипатта игерудің алғашқы қадамы болатын. Дегенмен,  әлі де болса дамуға тежеуші факторлар жеткілікті еді. Ол ең алдымен өлкедегі халықтың осы саладағы б

12345След.
скачать работу

Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы (1861-1917 жж.)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ