Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы (1861-1917 жж.)

інші орынды жергілікті әкімшілік басшылары мен қазақ байлары құрады. Аймақтағы сауда келісімдері жергілікті билік элитасы өкілдерінің араласуымен жүргізілді. Оңтүстік өңірдегі қазақтардың байлық дәрежесі мал саны (тек жылқы малы) бойынша топтастырылды, кедей шаруашылықтың қатарында 1-3 немесе 3-8 бас жылқысы бар шаруашылықтар енгізілді, олар өлке шаруашылығының 57,6%-ын құрады; екінші топ 8-50 жылқысы бар шаруашылықтармен сипатталып, олардың үлесі 39,2%-ға теңесті; үшінші топқа 50 –ден жоғары жылқысы бар шаруашылықтар жатты, олар барлық шаруашылық санының 32%-ын құрады [15; 206 б.]. Сөйтіп, шамамен халықтың жартысынан астамы орта шаруашылық жүргізді.

Қарастырылып отырған кезеңде, аймақтың жергілікті тұрғындарының арасында кәсіпкерлік қалыптасып, ол үнемі даму үстінде болды. Қазақ кәсіпкерлері ертеден орын алған дәстүрге сәйкес, мал шаруашылығы саласында жұмыс жасады. Олар мал тұқымын асылдандырып, үлкен жәрмеңкелерге шығарумен айналысты. Дегенмен, қазақтардың шаруашылығы түрлі табиғи апаттарға жиі ұшырады, соған қарамастан олар кәсіпкерлікті интенсивті сипатта меңгере бастады. Сонымен қоса, осы уақытта қазақтар кәсіпкерліктің жаңа салаларына (өнеркәсіп, халыққа қызмет көрсету) бейімделуге ұмтылды. Оларға ұлттық интеллигенция өкілдері моральдық тұрғыдан барынша қолдау білдірді. Әсіресе, интеллигенттер кәсіпкерлерді жаңа экономикалық қатынастарды меңгеруге, пайда таба білуге шақырып, алданып қалудан сақтандырды.

Қорытынды

 

            Қорытындыда зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері жинақталып, диссертацияның ішкі мазмұнынан туындайтын тұжырымдар жасалынды:

1. ХІХ ғ. соңы −ХХ ғ. басында Қазақстанның оңтүстік аймағында капиталистік даму отарлық-бағынышты түрде қалыптасты. Бұл  жергілікті экономиканың көптеген салаларының кең түрде дамуын тежеді. Патша әкімшілігінің қазақ жерін тек шикізат көзі, тауар өткізу нарығы және арзан жұмыс күші ретінде бағалауы, жергілікті кәсіпкерліктің дамуына да отарлық сипат берді.

2. Қарастырып отырған аймақта тау-кен ісінің дамуы төмен, ал өнеркәсіптің өңдеуші саласы жоғары дәрежеде болды. Себебі, бұл саладағы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу негізінде қалыптасып, дамыды.

3. Өлкенің сауда саласындағы кәсіпкерлігі қазақ-орыс саудасын дамытуға бағытталды. Ол орыс сауда капиталы мен оның өкілдерінің қазақ даласына енуіне мүмкіндік берді. Кейіннен сауда кәсіпкерлігінің неғұрлым жетілген түрлері ұйымдастырыла бастады.

4. Капиталистік тауар-ақша қатынастарының ауыл шаруашылығына енуі, қазақ ауылында жеке кәсіпкерлік бағытының қалыптасуына жағдай жасады. Бұл әсіресе, тауар өндірісімен айналысатын бай шаруашылықтарда айқын байқалды. Ауыл шаруашылығын игерудің пайда табуға негізделуі, осы саладағы кәсіпкерліктің дамуына жаңа сипат берді.

5. Аймақ үшін жаңа болып саналатын кәсіпкерліктің маңызды саласының бірі - халыққа қызмет көрсету жүйесі көлік тасымалы, тұрмыстық және қолөнер-шеберханалық қызмет түрінде қалыптасы. Кәсіпкерлердің бұл салаға көңіл бөлуі жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетіп, жаңа мәдени дамуға жетеледі. Олар өз мүдделерін заңды түрде қорғау, кәсіптік деңгейді жетілдіру мақсатында кәсіпкерлік одақтарға, артельдерге бірікті. Сонымен бірге, кәсіптік білімдерін арнайы училищелерде жетілдірді.

6. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы оңтүстік аймаққа түрлі ұлт өкілдерінің қоныс аударуы нәтижесінде, өңір кәсіпкерлерінің әлеуметтік және ұлттық құрамы әр түрлі болды. Олардың ішінде орыстар мен өзбектер, ұйғырлар мен дүнгендер басым тұрды. Әлеуметтік және ұлттық әр түрлілігіне қарамастан, олардың кәсіпкерлікпен айналысуларына үкімет тарапынан кедергілер туындаған жоқ. Дегенмен, орыс кәсіпкерлері ерекше қолдауға ие болды.

7. Қазақтар арасында кәсіпкерлік қалыптасып, ол үнемі даму үстінде болды. Бірақ, қазақ кәсіпкерлігі көбінесе, мал шаруашылығы саласына бейімделді. Ал, кәсіпкерліктің жаңа түрлерін (өнеркәсіп, халыққа қызмет көрсету) баяу меңгерді.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

 

1 Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан // Егемен Қазақстан.  – 2007. – 28 ақпан. – 12 б.

2 Кронгардт Г.К. Национальный состав населения Южного Казахстана в конце ХІХ в. // Ист. науки: сб. ст. – Алма-Ата, 1976. –вып. 3. –С.33-37.

3Галузо П.Г. Туркестан-колония. (Очерк истории колониальной политики русского царизма в Средней Азии) – Москва: Изд. Коммунистического Университета трудящихся Востока им. И.В.Сталина, 1929. –227 с.

4Лаверычев В.Я. Государство и монополии в дореволюционной России. Проблемы вмешательства абсолютного государства в экономическую жизнь и воздействие капиталистических монополий на государственный аппарат. –Москва: «Мысль», 1982. –200 с.

5 Өзбекстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаты (әр қарай - ӨР ОММ). И-17-қ., 1-т., 13947-іс, 1-п.

6ӨР ОММ, И-17-қ., 1-т., 13950-іс, 15-п.

7 ӨР ОММ, 1-қ., 12-т., 1772-іс, 34-35, 53-пп.

8 Данилевский Г.И. Описание Хивинского ханства // Записки ИРГО. Кн. 5.− СПб., 1851. − С. 62-139. 

9Заорская В.В. и Александер К.А. Промышленные заведения Туркестанского края. –Петроград: «Екатеринбург типография», 1915. −559с.

10 Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаты. 64-қ., 1-т., 395- іс, 125-126-пп.

11 Туркестанские ведомости, 1899. - 5  апреля  (№29).

12 Туркестанские ведомости, 1899. - 28 октября  (№34).

13 Галузо Н.Г. Аграрны отношеня на юге Казахстана в 1867-1914 гг. –Алма-Ата: Наука, 1965. –345 с.

13 Соколов Ю.А. Ташкент и Ташкентцы и Россия. – Ташкент: Узбекистан, 1965. - 52 с.

15 Средняя Азия. Ежемесячное литературно –историческое издание. Книга ІХ-Х. – Ташкент: тип. Туркестан. Т-ва Дела, 1910. -206 с. 

 

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ

 

1 ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік және этникалық құрамының өзгеруі // Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60 жылдығына арналған жас ғалымдар мен студенттер мен оқушылардың «Жас ғалым 2005» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері. І бөлім. – Тараз: Тар МПИ баспасы, 2005. –33-37 бб.

2 Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерліктің қалыптасу тарихы (Қазақстанның оңтүстік аймағы материалдары бойынша ХІХ ғ. ІІ-ші жартысы  – ХХ ғ. басындағы.)  // Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60 жылдығына арналған жас ғалымдар мен студенттер мен оқушылардың «Жас ғалым 2005» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері. ІІІ бөлім. – Тараз: Тар МПИ баспасы, 2005. –5-8 бб.

3 Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуының экономикалық базасының құрылуы: банк ісі және теміржол магистралі (ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы)  // ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы. -  2005. - №4 (39). –38-41  бб.

4 Қазақ даласында кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихынан (ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы) // «Қазақстан халықтарының мәдени-тарихи мұраларын оқып үйрену және дамыту мәселелері» V Халықаралық Дулати оқуларының материалдары. - Тараз: ТарМУ баспасы, 2006. – 267-271 бб.

5 Мақта шаруашылығы саласындағы кәсіпкерліктің қалыптасып, дамуы (ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы)  // Отан тарихы: ізденістер, мәселелер болашағы: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 10 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары.  ІІ бөлім. - Астана: ЕҰУ баспасы, 2006. -  35-40 бб.

6 Тасымалдау кәсібі қалай қалыптасты? // Қазақ тарихы, 2006. - №3. – 39-43 бб.

7 Тұрмыстық қызмет саласындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы (ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы) // ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы. -  2006. - №4 (43).– 105-108бб.

8 Сауда саласында кәсіпкерліктің қалыптасу ерекшеліктері (Қазақстанның оңтүстік аймағы материалдары бойынша ХІХ ғ. 60 ж. – ХХ ғ. 17 жж.) // «Отан және Әлем тарихы ХХІ ғасырда: ғылыми парадигмалардың ортақтығы мен ерекшеліктері» атты Халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары. – Әл –Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. – Алматы, 2007. – 41-50 бб.

9 Оңтүстік Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуының саяси алғышарттары (ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы) // Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының құрылғанына 40 жыл толуына арналған жас ғалымдардың ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері. – Тараз:Тар МПИ баспасы, 2007. – 93-98 бб. 


 РЕЗЮМЕ

 

Абдирасилова Зауре Садуакасовна

 

История становления и развития предпринимательства в Казахстане (1861-1917 гг.)

(на материалах Южного региона Казахстана)

 

диссертация на соискание ученой степени кандидата исторических наук по специальности 07.00.02 – Отечественная история (История Республики Казахстан)

 

Объектом исследования диссертации является история становления и развития предпринимательства в южном регионе Казахстана в 1861-1917 гг.

Пред.6789
скачать работу

Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы (1861-1917 жж.)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ