Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы (1861-1917 жж.)
Другие рефераты
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінде өзгерістер болып жатқанда, оның өткен тарихи кезеңдерін түсіну мен зерттеудің маңыздылығының артатындығы белгілі. Еліміз тәуелсіздігін алған уақыттан бергі жылдарда қоғамда көптеген өзгерістер, жаңарулар болды. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығынан бері ел экономикасын қазіргі заман талаптарына сәйкес дамыту шаралары жүргізілуде. Осыған орай, нарықтық шаруашылықтың ұлттық жобасын құрудың белсенді ізденістері басталды. Бүгінгі таңда кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдау көрсету, оның аясын кеңейту мәселелері жолға қойылып отыр. 2007 ж. Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауының он үшінші бағыты − шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі дәйекті іс-қимылға арналды [1, 11 б.]. Бұл міндетті жүзеге асыруда әлемнің дамыған елдерінің тәжірбиесіне сүйенумен қатар, отандық кәсіпкерліктің даму тарихына да назар аударудың мәні зор.Қазақстанға ресейлік отарлау процесімен қатар енген капиталистік қатынастардың ерекшеліктерін анықтау, бүгінгі нарықтық қатынастардың заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан, Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы, оның аймақтық ерекшелігін тиянақты түрде зерттеу - заман талабынан туындап отырған қажеттілік.
Қазақстанның оңтүстігі ерте дәуірлерден бері геосаяси, әлеуметтік-экономикалық, этно-демографиялық және мәдени жағынан маңызды аймақ болып табылады. Бұл өлкенің осындай артықшылықтарын қазіргі уақытта тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін, оның экономикалық тарихына, әсіресе, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастаған жергілікті кәсіпкерлікті дамыту нәтижелеріне объективті баға беру қажет.
Кейінгі жылдары отандық тарихнамада кәсіпкерлік мәселесі бойынша зерттеулер жүргізу жандана бастады. Тарих ғылымыдағы бұл өзгеріс, Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихына қатысты жаңаша тұжырымдамалар мен деректер қорын қалыптастыруымен құнды. Дегенмен, зерттеушілер тарапынан Қазақстанның оңтүстік аймағындағы кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы кешенді түрде қарастырылмады. Белгілі бір саланың дамуының шынайы көрінісін жасау, оның барлық жақтары қамтылып, олар өзара салыстырылған жағдайда ғана іске асатындығы белгілі. Сондықтан, зерттеуде елдің оңтүстігіндегі кәсіпкерліктің өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылық және халыққа қызмет көрсету салаларында қалыптасып, дамуына басты назар аударылады. Сонымен бірге, кәсіпкерліктің дамуына әлеуметтік және этникалық тұрғыдан алғанда әр текті кәсіпкерлердің іскерлік мүмкіндіктері мен мемлекеттік қолдаудың ықпалына талдау жасау да өзекті болып табылады.
Осыған байланысты, бұл мәселенің зерттелуі өзекті болып табылады. Ол ең алдымен, 1861-1917 жылдардағы Қазақстанның оңтүстік аймағындағы кәсіпкерлік тарихындағы жетістіктер мен кемшіліктердің объективті бағалануына, сонымен қатар, жалпы Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытудағы әр аймақтың өзіндік орнын, ерекшелігі мен маңыздылығын айқындауға мүмкіндік береді.
Диссертациялық зерттеудің негізгі нысаны 1861-1917 жж. Қазақстанның оңтүстік аймағындағы кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы болып табылады.
Қазақстанның оңтүстік өлкесіндегі кәсіпкерліктің қалыптасуының алғышарттары мен оның дамуына тікелей ықпал еткен ішкі және сыртқы факторлар, кәсіпкерліктің түрлері мен оңтүстік өлкеге тән ерекшеліктері, кәсіпкерлердің әлеуметтік және этникалық құрылымызерттеу пәні болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кәсіпкерлік теориясына арналған тарихнаманы негізгі үш топқа бөліп қарастыруға болады: шетелдік, ТМД елдері мен отандық зерттеушілердің еңбектері.
Шетелдік ғалымдардың ішінде «кәсіпкерлік» терминінің мәні мен мазмұнын кешенді зерттеуге А.Маршалл, И.Шумпетер, және т.б. батыстық ғалымдар өз еңбектерін арнады. Олар экономикалық теориядағы әр түрлі ғылыми көзқарастарға баға бере отырып, кәсіпкерлік пен оның қызметі туралы тұжырымдамалар жасады. Кәсіпкерліктің теориялық мәселелерінің одан кейінгі зерттелуін П.Друкер еңбегінен көруге болады. Ол «кәсіпкер» тұжырымдамасына толықтырулар енгізіп, кәсіпкерлік қызметке терең талдау жасап, кәсіпкерлік саласындағы басқарушылық қызмет аспектісін дамытты.
«Кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» терминдерінің экономикалық мазмұнының тарихи қалыптасуын зерттеугеТМД елдерінің В.Автономов, В.М.Воробьев, Л.Колесникова, С.К.Никитина және т.б. еңбектері үлес қосты. Аталған ғалымдардың зерттеулерінде ресейлік кәсіпкерліктің даму тәжірибесінің негізіндегі тұжырымдары ұсынылған.
Қазақстан зерттеушілерікәсіпкерліктің экономикалық ой тұрғысынан отандық нұсқасын жасауға ұмтылыс білдірді. Олардың ішінде О.Ж.Әлиев, Р.Т.Дуламбаева, Б.А.Жакупова және т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады. «Кәсіпкер» термині туралы ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі теориялар мен тұжырымдамалардың генезисіне О.Ж.Әлиев зерттеу жүргізіп, кәсіпкерліктің адамзат тарихында орын алған жеті кезеңін бөліп көрсетті.
Жалпы, кәсіпкерлік мәселесі бойынша экономикалық ойларды талқылай отырып, мынадай қорытынды шығаруға болады: экономикалық теорияда өндіріс және кәсіпкерлік процесінің басты ресурсы және факторы болып табылатын, кәсіпкерлік қызмет субъектісінің болмысын көрсететін, нақты «кәсіпкер» терминінің экономикалық категория ретінде жалпы қабылданған анықтамасы жоқ; экономика ғылымында кәсіпкерлік теориясын құрастыруға және кәсіпкерліктің экономикалық болмысын анықтауға мүмкіндік беретін фундаменттік негіз қаланған. Бірақ, оны жетілдіру үшін, кәсіпкерлік тәжірбиесі туралы жаңа заманғы және жергілікті тәжірбиелерді де ескеру керек.
Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуын тарихи процесс ретінде зерттеу үшін, кәсіпкерлік тарихының тарихнамасын үш топқа, яғни революцияға дейінгі, кеңестік және қазіргі кезеңдерге жіктеуге болады.
Революцияға дейінгі дейінгі еңбектерде Қазақстанның экономикалық даму ерекшелігі әр түрлі аспектілер бойынша қарастырылды. ХІХ ғасырда қалыптасқан тарихнаманы, жалпылама экономикалық мәліметтер беретін А.И.Левшин, А.Н.Тетеревников, Е.Смирновтың еңбектері құрайды. А.И. Левшин қазақ қоғамындағы экономикалық қатынастарға, ал А.Н.Тетеревников қазақ даласындағы сауданың дамуына сипаттама жасады. Сырдария облысының саяси, экономикалық дамуы Е. Смирновтың еңбегінде қамтылды. Оның зерттеуі жалпы шолу сипатында қарастырылды.
Оңтүстік өлкенің отар аймаққа айналуы, патша әкімшілігінің отарлау саясаты жөніндегі еңбектер ХХ ғасырдың басында жарыққа шықты. Оның ішінде стратегиялық маңызды аймақтар мәселесі, оларды игеру жолдары И.В.Анчиков, И.И. Гейер еңбектерінде зерттелінді. И.В.Анчиков өз зерттеуін Түркістан өлкесін отарлау тақырыбына арнады. Аталған автордың еңбегі сол кезеңдегі қазақ қоғамына капиталистік қатынастардың енуі, кәсіпкерліктің тарихына қатысты фактілік деректер береді. Отар аймақтағы тұрпайы экономикалық қанауды тоқтатып, еркін капиталистік дамуды ұсынған авторлар да кездесті. Солардың бірі - И.И.Гейер. Ол Түркістан өлкесінің экономикалық даму деңгейінің төмендігі, өнеркәсіп орындарының ұсақ сипатта дамуы және капиталдың енуінің нашарлығын атап өтті. Аталған мәселелердің шешімін табу, несие жүйесін дамыту мәселесін көтеріп, ұсыныстар жасады.
ХХ ғасырдың екінші онжылдығында кәсіпкерліктің дамуы туралы жан-жақты мәліметтер беретін еңбектер жарық көре бастады. А.И.Добросмысловтың зерттеуінде Сырдария облысындағы қалалардың экономикалық дамуы, алғашқы кәсіпкерлер және олардың ұлттық құрамы, кәсіпкерлердің табысы, ақша айналымы туралы кең түрде жазылған.
Түркістан өлкесінің әлеуметтік-экономикалық дамуына жан-жақты шолу В.И.Масальский, В.А.Васильев еңбектерінде жасалды. Оңтүстік Қазақстан экономикасының капиталистік белгілеріне В.И.Масальскийдің еңбегінде назар аударылды. Онда мал шаруашылығы, өнеркәсіп және сауданың дамуы қарастырылып, капиталдың өнеркәсіпке қарағанда саудаға көп жұмсалғандығы, несиенің өсімқорлық сипатта болғандығы жайлы пікір білдіріледі. В.А.Васильев Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының пайда болуы, өнеркәсіп орындарының техникалық жабдықталуы, ондағы жұмысшылардың жағдайы туралы зерттеулер жүргізді.
Сауда-өнеркәсіп орындарының дамуы В.В.Заорская мен К.А.Александердің зерттеуінде талданды. Олар Түркістан өлкесіндегі өнеркәсіп орындары, олардың капитал айналымы, жұмысшылардың саны мен жағдайы, өнеркәсіптік салықтан түсетін мемлекеттік кіріс мәселелеріне көп көңіл бөлді.
Балық кәсіпшілігінің дамуы, осы саладағы кәсіпкерліктің қалыптасу тарихы Л.С.Берг және В.И.Майснер және т.б еңбектерінде зерттелді. Л.С.Берг өзінің еңбектерінде Сырдария және Арал теңізіндегі балық аулау кәсіпшілігі жөнінде көлемді зерттеулер жүргізді. В.И.Майснер Жетісудағы балық кәсіпшілігінің даму мүмкіндіктерінің жоғары екендігі жайлы пікір білдірді.
Қарастырып отырған аймақтағы мақта өсіру саласындағы кәсіпкерліктің тарихы А.Ф.Губаревич-Радобыльский, С.Г.Гулишамбаров зерттеулерінде қарастырылды. А.Ф.Губаревич-Радобыльский Түркістанның Ресеймен және басқа да Азия елдерімен сауда байланысы, ондағы тауар айналымы және елдегі мақта өсірудің қолға алынуын зерттесе, С.Г.Гулишамбаров Түркістан өлкесіндегі мақта кәсібі мен кеден және баж салығы тарихына назар аударды.
Қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстанның экономикалық жағдайы ХХ ғасырдың басындағы ұлттық интеллигенция өкілдерінің еңбектерінде талданды. Олардың ішінде Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев және С.Асфендияровтардың еңбектерінің маңызы зор. С.Асфендияров ресейлік капитализмнің қазақ даласына ену жолдары мен түрлерін айқындау қажеттілігін атап көрсетті және сауда капиталы туралы мәселеге көңіл бөлді.
Кең
| | скачать работу |
Другие рефераты
|