Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер

ал 1926 жылы 6%-ға аз көрсетілген.

1911 жылы қазақ халқының үлес салмағы 60%-ға дейін төмендеген, орыстар жалпы халық санының 19,6%-ын құраған. 1914 жылы қазақ халқының үлес салмағы 58,5%, ал орыстар 29,6% құраған.

1917 жылы Қазақстан бойынша қазақ халқы 4 млн. 980 мың. адамға жеткен (Семиреченск облысы бойынша 750 мың., Самарқанд облысы – 120 мың., Амудария және Сырдария облыстарында 1 млн.150 мың.). ССРО көлемінде 5 млн. 480 мың. қазақтар тұрған. М. Тынышпаевтың есебі бойынша, қазақтардың жалпы саныны 6 млн. адам болған.

Бірінші жалпы кеңес жұртшылығының санағы 1920 жылдың 28 тамызында жүргізілді. Бұл санақ әскери коммунизм мен большевиктер террорының кезінде жүргізілген. Азамат соғысы аяқталмағандықтан, Қазақстанның барлық аймағы санаққа кірмеген. Жалпы халық санағымен бірге ауылшаруашылық санағы да жүргізілді.

1923 жылдың 15 наурызында бірінші қалалық халық санағы жүргізілген. Санаққа сонымен бірге өндірістік және сауда мекемелері алынуы тиіс болатын. Халық жыныс, жас және шұғылданатын ісі бойынша бөлінген. Жаңа экономикалық саясаттың басталуымен ірі және кіші мекемелердің, яғни мемлекеттік немесе жеке коммерциялық мекемелердің жалпы тіркелуін жаңарту қажетті екендігі түсінікті-ақ болатын. Аталғандар салық төлеу мен мемлекеттік бюджетті толтыруға аса құштарлық білдірмеген. Бұл санақ кеңес үкіметтің билігінің нығаюы кезінде жүргізілген және ССРО территориясының, сонымен бірге Қазақстанның толық географиялық көлемін қамтыған. Санақтың мәліметтерін өңдеуде ССРО ОСБ (Центральное Статистическое Управление) демография бөлімінің меңгерушісі Б. Михайловский басты рөл атқарған.

Ең толық халық санағы  бұл 1926 жылы өткізілген Бүкілодақтық халық санағы болды. Қазақстан толығымен 1914 жылғы дәрежеге жеткен. 1925 жылдан бастап (санаққа дейігі 2 жыл ішінде) халық санағын жүргізуге дайындық пен санақты жүргізуіне байланысты мәселелер қызу талқылана бастады. 1920 жылдың орта шенінен бастап Қазақстанның губстатбюросы КазЦСУ дың басқаруымен құрылған.

ССРО ОСБ, РСФСР ОСБ, Қаз АССР ОСБ және жергілікті статистика мекемелерінің  жұмысты орталықтандыру қызметтері жақсаруда. 1925 жылы Каз СРО ОСБ түбегейлі қайта құрыла бастады, бұл 1926 жылғы халық санағының басталуына дейін аяқталған болатын. Халық санағы статистика мекемелерінің қайта құрылған жүйесінің негізінде жүргізілген. Санақтарды жүргізумен негізінен Қаз ОСБ демография бөлімі айналысқан. Кадрлар негізінен бұрынғы статистика бөлімдерінің, қоныс аударған, уездік және губерниялық статистикалық бюроларының қызметкерлерінен құралған. 1927 жылғы екінші Қазақстандық статистикалық конференцияда Қаз ОСБ санақ бөлім меңгерушісі Н. Крутилинның баяндамасы бойынша резолюциясында, халықты санақпен қамту толық болғандығы айтылған.1926 жылдың 17 желтоқсанындағы халық санағы бүкіл халықтық іс болды. Партияның орталық комитеті, жергілікті партия органдары статистиканың талаптарын бірінші кезекте орындады. Осы маңызды іс-шараға бүкіл халықты жұмылдырды.

1926 жылғы халық санағына дайындық кезеңіндегі басты жұмысы бұл санақ сызбалары мен қолданыс құралдарының дайындығы. Ең бірінші тапсырмалардың бірі бұл географиялық, схемалық, өзге де карталарды құрастыру және оларға елді-мекендерді енгізу болды. Ауылдардың әкімшілік шекараларын анықтау қиындық туғызды. Бұл мәселені шешу үшін Ленинград қаласындағы ірі мұрағаттың мәліметтері, жоғарғы геодезия басқармасының әскери-топографиялық бөлімінің және де Мәскеу қаласындағы хабарласу жолдары комиссариятының мұрағатының мәліметтері қолданылған. Картографиялау 1926 жылдың жазында ауылшаруашылық санағы кезінде және халық санағының жүргізілуі кезінде жүзеге асырылды. Қазақстанмен Бүкілодақтық халық санағының дайындық және оны жүргізу жоспары жалпы түрде 1925 жылдың қаңтар айында дайын болған. Ю.М. Иванованың «1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағынына дайындық жұмыстарын жүргізу туралы»  баяндамасында жұмыстың 2 кезеңі жайында айтылған: 1) техникалық жұмыстардың атқарылуы, — оларды санақ комиссиясының тек қана штабтық статистикалық жұмысшылары атқарады; 2) бағдарламаны ойластыру, дайындық жұмыстарының ұйымдастырылуы мен оларды орындау. Санақ 1926-1927 ж.ж. қатаң қыстың жағдайында жүргізілді. Жұмысқа статистиктер, мектеп және интернат мұғалімдері, халықтық жер комитетінің жұмысшылары, халықтық қаржы комитеті, халықтық ішкі істер комитетінің және жергілікті атқарушы комитеттерінің қызметкерлері тартылды. Қолдағы бар ауылдар мен қыстаулардың тізімі бойынша, кестелер, елді мекендердің  схемалық карталары бойынша халық санағы басталған. «…орыс және өзге қазақ емес шаруашылықтарда халықтың бір жерге жиналуын болдырмау, ауыл-қыстауларды аралауды міндетті түрде жүргізу – қазақ халқына арналған». Халық санағын қалаларда және қалалық үлгідегі елді мекендерде 1926 жылдың 25 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланған, ауылдық жерлерде орыс және өзге тұрақты халықты – 1927 жылдың 3 ақпанына, көшпелі қазақтар үшін – 1927 жылдың 18 ақпанына, тіркелген жерлердегі қазақ халқын қоспағанда, ол жерлерде халық санағы 1927 жылдың 15 қаңтарында аяқталуы керек болған. Жалпы санақ қойылған мерзімде аяқталған. Қоғамдық санақ бағдарламаларының қоры қазақ шаруашылықтары жайындағы арнайы шығарылған жинақпен толықтырылды. Бұл қосымша жинақ бақылау парақшасы ретінде қолданылды және қазақ жұртшылығының толық есепке алынуына мүмкіншілік берді. 1926 жылғы халық санағы кеңейтілген бағдарлама бойынша жүргізілген. Жеке парақша, жанұя картасы және т.б. сұрақтар енген, қосымша жинақ қазақ шаруашылықтарына арналған көп түрлі сұрақтар бағдарламасынан құрылған, мұнда этнографиялық, әлеуметтік–экономикалық аспектілерді қамтыған. Санақ бағдарламасын құруда белгілі демогрофтар, экономистер, этногрофтар, статистиктер жұмыс жасаған.

 

 

 

 

1897-1926 ж.ж. Қазақстан халқы

 

Ұлты

Жылдар

Абсолюттік

өсімі

Үлес салмақтағы өзгерулер

1897

1926

бөлімдерде

 % бен

Қазақтар

3392,8

3627,6

234,8

 

107

% бен

81,8

58,5

 

- 23,3

 
Орыстар

454,4

1275,1

820,7

 

281

% бен

11,0

20,6

 

+ 9,6

 
Басқа да ұлттар

300,6

1293,7

903,1

 

430

% бен

7,2

20,9

 

+ 13,7

 
Барлығы:

4147,8

6196,4

2048,6

 

49

% бен

100

100

     

 

 &

12345След.
скачать работу

Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ