Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер
тарындағы әкімшілік-территориялық шекаралар бойынша қайталап есептелінген. Талдықорған облысы Алматы облысына қосылған, Павлодар облысының Бесқарағай ауданы Семей облысына берілген; Алматы қаласының қоныстарының құрамы өзгертілді, Жамбыл (Тараз), Өскемен, Көкшетау, Теміртау жаңа қалалық қоныстар: Талғар, Сырдария және т.б. құрылған.
Қазақстандағы 1959 жылғы халық санағының ұлттық құрамы.
Ұлты
|
Ұлттың саны
|
%-бен
|
Барлық халық |
9309847
|
100
|
Қазақтар |
2794966
|
30
|
Орыстар |
3974229
|
42,7
|
Украиндар |
762131
|
8,2
|
Немістер |
659751
|
7,1
|
Татарлар |
191925
|
2,1
|
Өзбектер |
136570
|
1,5
|
Корейлықтар |
74019
|
0,8
|
Ұйғырлар |
59840
|
0,6
|
өзгеде ұлттар |
656416
|
7
|
1970 жылы қаңтарда бүкілодақтық халық санағы жүргізілді, бұл санақтың ұйымдастырушылық-методологиялық және баспа жұмыстары бойынша да алдыңғы жүргізілген санақтардан басым болды және оның қорытындылары 1926 жылғы халық санағының деңгейне жетті. 1970 жылғы халық санағының мәліметтері халықтық 25%-нан сұхбат жүргізу нәтижесінде алынған, бұл мәліметтер сол уақытта жоғары салыстырмалыққа ие болды.
1970 жылғы халық санағы 15-20 қаңтар аралығында 8 күн бойы жүргізілді. Салыстыру жұмыстарын қамтамасыз ету үшін Бүкілодақтық халық санағы 1939 және 1959 жылдардағы халық санақтары сияқты қаңтар айының орта шенінде жүргізілді. Халық тұратын жерінде, ең болмағанда уақытша тұрғын жерлерінде санаққа алынды, бірақ бұрынғыдай жұмыс немесе қызмет атқару орындарында есепке алынған жоқ. Санақ парақтарын арнайы іріктеліп дайындалған сұхбатшылар халық тұратындай немесе тұрғын үйлердегі, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерді аралап бақылау тәртібі бойынша толтырды. Санақ парақтарына әр бір ғимараттағы нақты халық 14-нен 15-ші қаңтарға қараған түні сағат 12-00 ден бастап есепке алынған. Тұрақты тұратын халықтың санына уақытша кеткендер де есепке алынған болатын. 1970 жылғы халық санағы бағдарламасы барлық халыққа арналған 11 сұрақтан және халықтың 25%-ы сұхбатталған тағы 7 сұрақтан тұратын. Санақ парақтары сұхбатшылардың халықпен сұхбат жүргізу арқылы толтырылған. Халық санағы аяқталғаннан кейін 1970 жылдың 24 мен 29 қаңтар аралығында 6 күн бойы санақтың дұрыстығын тексеру мақсатында іріктеп бақылау жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарды нұсқаушы-бақылаушылар сұхбатшылармен біріге отырып жүргізді. Қайталап бақылау мен қалалық жерлердегі әрбір есептік учаскедегі тұрғын ғимараттарының 50%-ы қамтылды, ал ауылдық жерде есепші учаскелердің 50%-ы қамтылған. Қайталап бақылау нәтижесінде халақтың 0,2%-ы сұхбатшылармен есепке алынбағандығы анықталды, ал бүкіл халықты тексеру кезіндегі көрсеткіш 0,25%-ды құраған. Халық санағының қорытындысын өңдеу мен дайындау кезінде әкімшілік – территориялық қайта жаңартулар да ескерілген, мысалы, Торғай облысындағы да, Қазақ пен Өзбек ССР араларындағы шекараларының ішінара жаңартулары да ескерілген.
1970 жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының этникалық құрамы
Ұлты
|
Ұлттың саны
|
%-бен
|
Барлық халық |
13 008 726
|
100
|
Қазақтар |
4 234 166
|
32,6
|
Орыстар |
5 521 917
|
42,4
|
Украиндар |
933 461
|
7,2
|
Немістер |
858 077
|
6,6
|
Татарлар |
287 712
|
2,2
|
Өзбектер |
216 340
|
1,7
|
Белорусьтер |
198 275
|
1,5
|
Ұйғырлар |
120 881
|
1,0
|
Корейлер |
81 598
|
0,6
|
Әзірбайжандар |
57 699
|
0,4
|
өзге де ұлттар |
498 600
|
3,8
|
ССРО аумағында 5 298 818 қазақ халқы, соның ішінде РСФСР – 477 820, Өзбек ССР – 476 310, Қазақ ССР – 4 234 166, Қырғыз ССР – 21 998, Тәжік ССР – 8 306, Түркімен ССР-да – 65191 халық тұрақтаған. 1970 жылдың халық санағының бағдарламасындағы адамдардың ұлты мен ана тілі бойынша сұрақтары былай тұжырымдалған: «Ұлты. Шетелдіктер қосымша азаматтылығын көрсетіуі керек» және «Ана тілі. Сонымен қоса ССРО елдерінің қайсысының тілдерін еркін меңгерген». Халық санағының нұсқаулықтарының талаптары бойынша ұлты жайындағы сұрақтарға сұхбатшылар «сұраққа алынушының атаған ұлтын » және ана тілі жайындағы сұраққа «сұраққа алынушының өзі ана тілім деп есептейтін тілді ғана» жазулары керек. Және де ана тілімен қатар ССРО елдерінің ішіндегі тілдер де жазылған (еркін меңгеріп, сол тілде сөйлей алған жағда
| | скачать работу |
Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер |