Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер

nbsp;        Келесі санақ 1937 жылдың қаңтар айында өткізілген. Бұл «атыс санағы» болған. Үлкен шығындар жасалып, маңызды ұйымдастырушылық жұмыстардың жүргендігіне қарамастан, санақ қорытындылары нәтижесіз болды, өйткені санақты ұйымдастырушылардың көп бөлігі ату жазасына ұшыраған. Бұл санақ, яғни оның бағдарламасы ал ең бастысы санақтың көңіл толтырмайтын қорытындылары Сталин мен оның қарамағындағыларды қанағаттандырмаған. Бұл санақтың мәліметтері өңделмеген және басылым беттеріне де шықпай мұрағаттарда қалған. Сондықтан тоталитарлы – репрессиялық өкіметтің қысымы жоғарылағандықтан жаңа санақты жүргізуге дайындықтар басталған, санақ алдыңғы екі бес жылдықтың табысты өткендігін дәлелдеуі керек еді, большевиктердің қуатты қаруы ретінде қызмет көрсетуі керек болған.

1937 жылы Бүкілодақтық бір күндік халық санағы өтті. Ол санақ 6 қаңтарда түнгі сағ 12-00 басталды. Бұл жалғыз бір күндік санақ болды. Бұл санақты 1932 жылы өткізу жоспарланған, одан кейін 1935 жылы өткізуге қалдырылған, нақты 1937 жылы өткізілген. 1932 жылы сынақ халық санағы Тула қаласында және бірқатар ауылдық аудандарда өткізілген. Санақты ұйымдастырып, оны өткізуге 1 млн. 250 мың. сұхбатшы жұмысқа тартылған. Жоғарыда айтылғандай санақты өткізуге бес жыл бойы дайындықтар жүргізілген. О.А. Квиткина, Л.С. Брандгендлер, М.В. Курман, И.А. Кровальдердің сіңірген еңбектерін атап өткен дұрыс. Санақ бюросын О.А. Квиткин басқарған, ол 1926 жылы табысты өткен санақтың ұйымдастырушылардың бірі, математик және медик (Сорбонн (Париж) университетін және МГУ медициналық факультетін аяқтаған). Болған санақты өткізу бойынша сұрақтарды Берлин қаласында зерттеген, неміс, француз және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. 1936 жылдың сәуір айынан бастап халық санағына белсенді дайындық жұмыстары жүргізіле бастады. ОК БКП (б) және ССРО ХКК халқына арналған арнайы үндеу таратылған, үндеуде санақтың халықшаруашылық мағынасы жайында айтылған және санаққа қатысу — әрбір адамның міндеті екендігі айтылған. Сонымен қатар, елде тотаритарлық құрылымның билігі байқалған. Идеологиялық тұжырымдамалар елеулі зиян тигізген: соцализм кезінде халық санының күрт өсуі байқалған, әлеуметтік қажеттіліктер жайындағы сұрақтарды қосу, дін, отбасылық жағдайы сұрақтар ашық сұрау түрінде жасалған. Мұндай сұрақтарға нақты жауап алу мүмкін емес болатын. Сұрақтардың сәтсіз қойылымы халықтың наразылығы мен қорқынышын тудырған. 1937 жылдың 2 қаңтарында И.А. Кроваль И.В. Сталин мен Молотовқа халық санағының ең алғашқы қорытындыларын хабарлаған (НКВД –нің арнай контингенті және әскер қатарындағылар бөлек тіркелген). Халықтың санақпен қамтылуы қанағаттанарлықтай еді. Халық санағының ұйымдастырушылық жоспары бойынша қайталап бақылау жұмыстары аяқталғаннан соң, бөлек шаруашылық кеңестеріндегі жұртшылықтың санақтан тыс қалмағандығын тағы да тексеру жүргізу үшін шаруашылық кеңестерінде санақ парақтарына жазылғандарды жеке-жеке аты-жөнімен салыстырған. Санақпен қамтылмаған халықтың саны 1 пайыздың бөлігін ғана құраған. Санақ ағымдағы тіркеудің халықтың санын асырып көрсететіндігін  анықтаған, АХАЖ тіркеу жүйесі, туу мен өлімді тіркеу жүйесінде кемшіліктер барын көрсетті. Мәліметтердің толық болуын қамтамасыз ету үшін бұл санақ тұрақты және нақты халықты есепке алудың дұрыстығын көрсетті. Тұрғылықты жерлерінен 1-2 күнге жолға шығып кеткендер ғана санаққа алынбай қалған.  Нұсқаулық нақты болмаған, анық нұсқауларсыз, сөздіктерді құру кезінде де біраз кемшіліктер болған. Бұл санаққа деген соңгы талаптар халықтың 1,3%-ның тіркелмегендігіне қатысты болған.

1937 жылғы халық санағының қорытынды мәліметтері өңделіп қатаң түрде құпияландырылған. Өңдеушілер жоғалтылған мәліметтер үшін сотқа берілген болатын.

1937 жылғы халық санағы халықтың ұлттық құрамы бойынша мардымсыз мәліметтер берген болатын.

 

1937 ж халық санағының Қазақстандағы халықтың ұлттық құрамы бойынша саны

 

Ұлты

Халық саны

% бен

Барлық халық

5 126 676

100

қазақтар

2 181 520

42,6

орыстар

1 917 673

37,4

украиндар

549 859

10,7

өзбектер

109 978

2,2

татарлар

92 096

1,8

немістер

80 568

1,6

ұйғырлар

32 982

0,7

мордвалар

21 511

0,4

дүнгендер

7 007

0,1

қырғыздар

5 024

0,1

өзге де

128 458

2,5

 

ССРО аумағындағы қазақ халқының саны 1937 жылға, мынадай 2 862 458, оның ішінде РСФСР – 292 099, ҚазССР – 2 181 520, УзССР – 287 214, Түркімен ССР – 60 035, Тәжік ССР – 12 396, Қырғыз ССР – 25 541.

ҚазХШЕБ (халықшаруашылығы есебі басқармасы) тығырыққа тірелді. Себебі  Қазақстанның 20-шы жылдардың аяғындағы жалпы халық санының күрт азаюының себебін ашаршылықты атамай көрсетуі қажет еді. Ағымдағы тіркеу бұл жылдары өте нашар жүргізілген еді, соған қарамастан ҚазХШЕБ орталыққа келесі халық санының өсу динамикасын көрсеткен.

 

Қазақстан халқының динамикасы(1930-1936ж.ж.)

    мың. адам

жылдар

1930

1931

1932

1933

1934

1935

1936

абсолюттік саны

5873,0

5114,0

3227,0

2493,5

2681,8

2926,0

3287,9

жыл бойына абсолюттік өсімі
12345След.
скачать работу

Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ