|
|
Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер
|
-759
|
-1887
|
-734
|
+188,3
|
+244,2
|
+361,9
|
Халық санының азаюы ҚазХШЕБ ССРО көшіп кеткен халықтың үлкен санымен түсіндірген (қайтып келгендерді есептен шығарылуымен және шығарылмауымен қоса). Сонда, қайтқандардың есептен шығарылуымен халықтың азаюы 1,3 млн. адам, ал қайтып оралғандырды есепке алғандағы сальдо шамамен 2 млн. адам санына жеткен.
1939 жылдың 17 қаңтарында ССРО да тағы бір халық санағы өткізілді. 1939 жылғы «тексеру» бағдарламасы 16 тармақтан құралған. Санақ керекті қорытындыларды берген жоқ, оның қорытындыларына «жөндеулер енгізіліп», сонымен қатар тұрғындардың санын ұлғайтқан.
1939 жылғы санақтың мақсаты партия және үкіметтің бұйрығымен берілгенді есептеу болған. Статистика осы қойылған шартпен орындап шығатындығына ешкімде күмән болған жоқ. Қала жұртшылығының күрт өсуіне дәлелдеу үшін бірқатар елді мекендердің мәртебесі өзгертілген: жүздеген поселкілер қала атағын алған. Қорытындыда керекті цифрларды алуға мүмкіндік туды. Сөйтіп бұл кездегі тұрғындардың саны 1926 жылмен салыстырғанда екі есеге көбейгендігін көрсетті.
Қамаудағы адамдарды санаққа алу бөлек мәселе болатын. Халықтың тығыздығының бір шаршы метрге бір адамнан келетін облыстардың, бір сәтте халқы тығыз қоныстанған облыстар болып шығуына жол берілмеуі керек болған. Сондықтан қамауда отырған адамдарға арналған санақ парақтары (1939 жылы шамамен 3 млн. дана болған) бүкіл елдің территориясы бойынша азғана мөлшерлермен біркелкі таратылған .
Дегенмен, талпыныстарға қарамастан 1939 жылғы халық санағының қорытындылары 1937 жылда алынған қорытындыларды жоққа шығарған жоқ. Санақты ұйымдастырушылар өздеріне дейіңгілердің қайғылы тағдырын кешетіндіктерін сезгеннен соң, шұғыл түрде санаққа алынбаған азаматтарды іздей бастады. Үй жайы жоқ адамдарды ұстап, санаққа алған және де қатынауға қиын жерлерге арнайы экспедициялар ұйымдастырған.
Үкіметке санақтан алынған қорытындылар аса көңіл қонарлықтай болған жоқ, соған қарамастан тағы да бір халық санағын ақаулы санақ деуге де болмады. Соңында ұйымдастырушыларды арнайы марапаттаған, ал мәліметтерді өте қысқа түрде басылымдарға шығарған. Санақтың басты мәліметтерін онымен қоса басылымға дайындалған жеті томдық басылымды қауіптік мақсатта құпияландырған, себебі аймақтық мәліметтерді қосқанда жалған қорытындыларының анықталуы мүмкін еді.
Санақты саясаттандырыу мен идеологияландырудың арқасында методологиялық және методикалық деңгейі күрт төмендеді. Статистикалық мекемелер 1926 және 1939 жылдардағы санақ мәліметтерінің қайталап есептеуін Қазақстанның әкімшілік-территориялық облыстары жүргізген бойынша.
1926 және 1939 ж.ж. Қазақстандағы халық санағы бойынша халықтың этникалық құрамы
|
1926 жыл
|
Абсол.
% бен
|
1939 жыл
|
Абсол.
% бен
|
Барлық халық |
6 198 467
|
100
|
6 093 507
|
100
|
Қазақтар |
3 627 612
|
58,5
|
2 313 674
|
38,0
|
Орыстар |
1 275 055
|
20,6
|
2 449 128
|
40,2
|
Украиндер |
860 201
|
13,9
|
656 676
|
10,8
|
Немістер |
51 094
|
0,8
|
92 379
|
1,5
|
Татарлар |
79 758
|
1,3
|
106 943
|
1,8
|
Өзбектер |
129 399
|
2,1
|
103 240
|
1,7
|
Белорустер |
25 584
|
0,4
|
31 309
|
0,5
|
Ұйғұрлар |
63 432
|
1,0
|
35 354
|
0,6
|
Корейлер |
42
|
0,0
|
95 903
|
1,6
|
Басқа да ұлттар |
86 290
|
1,4
|
208 902
|
3,3
|
Бірақ, бұл мәліметтер ұзақ уақыт бойы ССРО мұрағаттарының қорларында сақталған. Олардың жаңадан өңделуі 1959 жылы басталған. Дегенмен, этностар жайлы мәліметтер мардымсыз түрде болған. 1937-1939 жылдары репрессияға ұшыраған кәсіби мамандардың жоқтығы білініп тұрды. 1959 жылдың қаңтарында соғыстан кейінгі бірінші халық санағы жүргізілді. Бұл санақтың мәліметтерінде сталинизмдік идеология көрінісін тапты. Сонымен қатар 1939-1959 жылғы қайталап есепке алудың мәліметтері басылым беттеріне шығарылып, зерттеушілердің қолдануына ыңғайлы болды. Осы кезеңде ғылым әлеміне жаңа демографтар буыны енді. Демография 20-жылдардан кейін алғаш рет қайтадан қоғамдық ғылымдардың құрамына енгізілді.
1959 жылдың 15 қаңтарында Қазақстанда тағы бір кезекті халық санағы жүргізілді. Санақ есепке алу кезіндегі (1959 жылдың 14-нен 15-ші қаңтарға қараған түні) сол ғимараттағы адамдар, сол ғимаратта тұрақты немесе тұрақсыз түрде тұратындықтарына қарамастан, басқа қалаларға, ауылдар мен елді мекендерге, санаққа алынбауы мүмкін болатын жерлерге кеткен адамдар санаққа алынған. Бұл санақтың мәліметтері 1960 жылдың 1 қаң
| | скачать работу |
Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер |