Қазақстандағы камералық-аспаптық жанрдың қалыптасуы мен дамуы
айқындау істері әртүрлі болды. Халық композиторлары Құрманғазы мен Дәулеткерей шығармалары аса жоғары деңгейде өңделіп жұртшылыққа ұсынылды, бұл орайда Л.Хамиди өңдеген «Қосалқа», «Қызыл қайың», «Саранжап» сияқты шығармаларды атауға болады. Соғыс жылдарындағы қазақ композиторларының ішінде ұлттық мінезділігімен ерекше көзге түсетін сазгеріміз –М.Төлебаев, оның «Зұлқия» әнін негізге ала отырып шығарған скрипка мен оркестрге аранап жазған «Поэмасы» классикалық формадағы тамаша шығарма болды.
Соғыс жылдары қазақ фольклоры қазынасына қазақстандық қайраткерлерден басқа, өзге республика композиторлары да назар аударғанын айта кету абзал. Қазақ фольклоры О.Сандлер, Ю.Бирюков сияқты дарындардың тамаша өңдеулерімен толыға түсті, халық аспаптары оркестрі үшін пьесалар жазған З.Компанейцтің де еңбегі елеулі. Осы жылдары сазгер С.Туликовтың «Сармалай», Атты әскерлер маршы» атты күйден өңделген туындылары да жарыққа шықты.
Соғыстың ауыртпашылығына қарамастан Қазақстан жұртшылығы ұлы - Абай Құнанбаевтың жүз жылдық мерейтойын атап өтті, осыған байланысты біршама тамаша аспаптық шығармалар да туды. Камералық музыкаға қатысты шығармалардан В.Великановтың «Абайға тағзым триосы» мен М.Скорульскийдің фортепианолық квинтетін атауға болады. Жалпы соғыс жылдарындағы камералық мәдениет негізінен халықтық музыка өзегін меңгеруге арналды. Қазақ әнінің лирикалық табиғаты тамылжып тұрған туынды - А.Жұбановтың қобыз бен фортепьяноға арналған «Ариясы».
Музыкалық мысал.
Осының алдында жазылған М.Төлебаевтың скрипкалық шығармалары сияқты бұл да камералық шығарманың республикамыздағы тұңғыш рет өз ұлтымыздан шыққан сазгердің қолымен жазылуы ретінде есте қалды. Жалпы айтқанда, соғыс жылдары Қазақстанда жазылған камералық-аспаптық шығармалар осы бағыттағы жанрдың қалыптасу кезеңіне жатады.
40-жылдарда композиторларымыз халық аспаптарына арналған бірқатар көркем туындылар жазды. Олардың ішінде: С.Мұхамеджановтың «Толғау», «Көңілді би», «Нәзік гүл»; Д.Мацуциннің «Пьесасын» т.б. атауға болады.
Домбыра мен фортепиано сүйемелі қосылатын шығармалар соғыстан кейінгі уақыттарда қолға алына бастады. Шығармалар жазу барысында композитороларымыз байырғы күй сазына айрықша көңіл бөлді, оларға аспаптық лайықтау мен өңдеудің ұлттық ерекшелігінің сынын бұзбау міндетті болды. Фортепиано партиясы да біршама қиыншылықтарды бастан өткерді, бұл кедергілер композитордың аспапты шебер меңгеруі мен терең білімділігі, оның ұлттық сазбен етене таныстығы арқылы бірте-бірте өз шешімдерін тауып жатты. Х.Тастановтың домбыраға арналған шығармалар жинағына оншақты этюдтермен қатар, домбыра мен фортепианоға жазылған «Мелодия», «Романс», «Би», «Фантазия» сияқты автордың төл туындылары кірді. «Би» таза ұлттық аспаптық мәдениет ізімен шыққан шығарма, ал, «Мелодия» мен «Романс» болса орыстың классикалық музыкасының үрдісіне еліктеуден шыққан, «Фантазия» болса, жоғарыда аталған екі стильдік қасиеттерді ортақ үндестіру арқылы орындалады. Алдыңғы толқын, аға буын өкілі –Л.Хамиди домбыра мен фортепианоға арнап бірқатар шығармалар жазды. Оның қаламынан шыққан «Юмореско», «Сөзі жоқ ән», «Полька» атты шағын пьесалар бірден домбырашылардың сүйікті шығармаларына айналып кетті. Кейіннен оның Н.Ғизатовпен бірігіп жазған «Домбыра үйрену мектебі» атты кітабы көптеген кәсіби орындаушылардың өсіп жетілуіне үлкен себебін тигізді, домбырашылардың қолынан түспейтін көмекші құралына айналды. 50-60 жылдары Үрмелі аспаптарға жазылған шығармалардың авторлары көп емес: Е.Рахмадиев, ол кларнет пен фортепианоға арналған пьеса жазды; Г.Гризбил, оның қаламынан фортепиано мен кларнет және екі трубаға арналған «Шығыс әні» пьесасы туды; Н.Меңдіғалиев, ол кларнет, труба мен гобой және фортепианоға арналған сюйта, фортепианомен сүйемелденетін валторноға арналған ноктюрн сияқты шығармалар жазды. Қазақстан композиторларының соғыстан кейінгі жылдары игерген жетекші жанры мен классикалық формасы соната болды. Камералық-аспаптық жанрдың 50- жылдардағы алғашқы қарлығашы Қ.Мусинның скрипка мен фортепианоға арналған сонатасы (1946) еді, генерал Панфиловқа бағышталған бұл шығарма соната жанрының Қазақстандағы камералық-аспаптық музыка тарихындағы алғашқы қадамы болды. Бұл авторлық тақырыптармен қатар классикалық сонаталық форманың барлық салада қолданыста болғанын көрсетеді.
60-жылдарда жазылған сонаталарда романтикалық тенденция айқын аңғарылады. Олар Қойшыбаев пен Меңдіғалиевтардың шығармаларында ән тақырыптарының басты партияларында (фортепианоға арналған «Абайды еске алу» поэма-сонатасы) және 50-жылдарда жазылған Б.Байқадамовтың фортепиано мен скрипкаға арналған сонатасында кездеседі. Кейінгі толқындардан А.Серкебаев, Б.Жұманиязов, К.Дүйсекеевтердің сонаталық шығармаларында да романтизмнің ажарлы образдары, тондық әсем бояулары тамаша көрініс тапқан.
Д.Ботбаевтың «Ақсақ құлан» (Жошы хан заманынан қалған аңыз) сонатасында фольклорлық үрдіс жолы сақталған, композитор көне сарынды бүгінгі ұғымға жатық бейнелермен суреттей алған.
Балаларға арналған репертуарлық музыка жазу жұмысы қарқынды жүргізілді. 1951 жылы Е.Брусиловскийдің «Балаларға арналған 15 фортепианолық пьеса» атты жинағы жарыққа шықты. Б.Ерзаковичтің балалар пьесасының екі циклі және «Кішкентай музыкант» жинағы баспадан шықты. 70-жылдарда Л.Хамиди, В.Новиковтардың балаларға арналған циклдары пайда болды, сонымен қатар М.Сағатовтың үш балалар миниатюрасы жазылды. Халық музыкасын зерттеу, ұлттық ән мен күй, фольклорлық мұраларды қолданысқа енгі
| | скачать работу |
Қазақстандағы камералық-аспаптық жанрдың қалыптасуы мен дамуы |