Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы камералық-аспаптық жанрдың қалыптасуы мен дамуы

шығармалармен толысты. Е.Рахмадиевтің скрипка мен фортепианоға арналған екі шығармасы, Қ.Қожамияровтың виолончель мен фортепианоға жазған шығармалары, М.Қойшыбаевтың осы аталған аспаптарға жазған «Элегиясы» мен «Романсы», Ж.Дәстеновтің «Кешкі ертегісі» т.б. осы кезеңде шыққан туындылар қатарына жатады.

         Кеңестер Одағы ұлтаралық мәдениеттің өзара дамуының негізгі ұстыны бола алды. Орыс музыкасының қазақ мәдениетіне араласуы ХХ ғасырда белсенді болды, көптеген камералық-аспатық шығарма үлгілері осыны айғақтайды. Осы кезеңде жазылған туындыларды барлай қарағанда орыс халқының және туыстас ұлттардың музыкалық мәдениеттері біртұтас үлгі құрайтынын аңғара аламыз. Мысал ретінде А.Бычковтың «Диалог» шығармасын (1973) алуға болады, мұнда орыстың хикаяттық-жыр сарыны мен Естайдың «Қорлан» әні өзектесе дамиды, оған сериялық техниканы қолданған композитордың төл әуенінен құралған мақам қосылып тамаша музыкалық түйін (синтез) түзеді.  

 

                             Музыкалық  мысал. «Диолог»

                             Музыкалық  мысал. «Қорлан»

 

      Композиторәртүрлі тақырыптардың ішкі өзегін таба білген, ұлттық бояудағы әуендердің структурасы мен мәнеріне сәйкесөзара ортақ интонацияны сериялық техника арқылы өрбіте отырып, олардың өзара біртұтастығын музыка тілімен дөп басқан. Л.Измаилова бұл жөнінде мынадай пікір айтады: «А.Бычковтың көркемдік позициясы Щедрин, Слонимский, Тищенко, Гаврилин сияқты сазгерлердің шығармашылығына өте-мөте ұқсас, аталмыш композиторлардың халықтық үрдістегі қолтаңбалары және үнемі фольклорға сүйене бағыт ұстау салты А.Бычков еңбегінен де айқын білініп отырады». Композитордың қаламынан шыққан осы тақылеттес шығарма қатарына Ұлы Отан соғысының 30-жылдығына арнаған «Жоқтау» туындысын жатқыза аламыз, бұл 1975 жылы жазылды. Үш нотадан тұратын орыстың азалы әнінің тақырыбы жоғары көтерілетін ұлғайтылған кварта (увелияенная кварта) интонациясымен байланысады, одан соң төмен жүретін ұлғайтылған квартамен және ылдилаған септимамен өзектеседі, осындай әдістер арқылы додекафониялық сериялардың негізі пайда болады, нәтижесінде негізгі қайырымның ракоходтық және инверсиялық вариантының туындауына қол жеткізіледі.

       Композитор қолданған тәсілдер жазу заңына нұқсан келтірмейді және мазмұны өте нанымды шыққан, өйткені түптеп келгенде көркемдік деңгейі өте жоғары шығарманың төлтума бағыты әйгіленіп тұрады, осы арқылы сазгердің халықтық саз табиғатын тану дарыны да жарқырай ашылды десе болғандай.

        Өткен ғасырдың 60-80 жылдары аралығында қазақтың ұлттық аспаптарына арналған шұрайлы шығармалар көптеп жазыла бастады. Қазақ музыкасындағы төлтума саз бен көркем әуезді дыбыс бояулары композиторлар назарын өзіне аудармай қоймады. Е.Рахмадиевтің қобыз бен фортепианоға арнаған «Мелодиясы», Ғ.Жұбанованың бас қобыз бен фортепианоға арнаған поэмасы, Б.Жұманиязовтың қыл қобыз бен фортепианоға арнаған пьесасы, Б.Баяхуновтың қыл қобыз бен фортепианоға арнаған поэмасы ((шекті аспаптар оркестрінің сүйемелімен де орындалады), т.б.

        Сазгерлер мен ұлттық аспапта орындау өнерінің шеберлерінің шығармашылық қарым-қатынасы жаңа композиторлық идеялардың туындауына ықпал етті. Белгілі қобызшы Базархан Қосбасаровтың қыл қобыз аспабындағы күйшілік қарымы Б.Жұманиязов пен Б.Баяхуновтың тамаша шығарма жазуына түрткі болды. Б.Жұманиязовтың «Саз» атты пьесасының негізіне көне аспаптың өзіне тән шалу тәсілдері өзек болған. Аккомпаноментінде қазақ музыкасына тәнік кварта-квинталық үндестік ескерілген, бұл ладтық-интонациялық негіздің көлденең және тік даму құрылысына да қатысты.

       Үрлемелі аспаптарға арнайы жазылғаншығармалардың көпшілігі дерлік 70-80 жылдары жазылды. Бұлардың біршама бөлігін белгілі трубашы-виртуоз Хельсинки қаласында өткен сегізінші бүкіләлемдік фестиваль жүлдегері –Ю.Клушкин орындады. Ғ.Жұбанованың труба мен фортепианоға  жазған «Канцонетте» мен «Юмореска» және Е.Рахмадиевтің «Жарқын скерцо» атты шығармалары орындаушыға арнайы жазылды.         

 

    Музыкалық  мысал. Жарқын скерцо. Е.Рахмадиев.

 

     Е.Рахмадиевтің аталмыш шығармасы сазгердің ұшқыр қиялының тамаша жемісін жарқырата көрсетеді: ойнақы ырғақ, мелодиялық өзектің тамаша өрімдері, фактуралық және формажасаушы құралдар қазақы ән мен дәстүрлі аспаптық мелостың қасиеттерін ашуға ұмтылады.

     60-80 жылдары қазақтың аспаптық музыка өнерінде жаңа кәсіби-композиторлық шығармашылық – камералық күй жанры дүниеге келді. Бұл жанрдың дамуына Ғ.Жұбанова (виолончель мен фортепианоға арналған салтанатты күй), Б.Жұманиязов (домбыра-тенор мен фортепианоға арналған екі күй және виолончель мен фортепианоға арналған Концерттік күй), А.Бычков (труба мен камералық оркестрге арналған күй-фантазия) сияқты сазгерлер белсенді жұмыстар істеді. Көпшілік тыңдарманға кең тарап кеткен осы саладағы шығармалар қатарына М.Сағатовтың камералық оркестр мен скрипкаға жазылған күйін және Ғ.Жұбанованың виолончель мен фортепианоға жазылған Мерекелік күйін жатқызуға болады.

       Қазақтың атақты ғалымы, ұлттық музыка аспаптарын зерттеушісі –Б.Сарыбаевтың ықпалымен 1968 жылы Алматыда фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі ұйымдастырылды. Осы ұжымда қайта жаңғырған көне аспаптар үні отандық композиторлар шыбытына қанат бітіргендей болды, фольклорлық аспап үндерін жаңғыртуға бағытталған көптеген жаңа шығармалар жазылды. Атап айтқанда –К.Күмісбековтің «Қорқыт туралы аңыз», «Ой пернесі» поэмалары, Е.Өміровтің «Ауыл табиғаты» және Н.Тілендиевтің «Ата толғауы», «Аққу» күй-поэмалары таңдаушы қауым тарапынан ерекше ілтипатқа ие болды. Композиторларлардың қазақ халқының дәстүрлі күй өнеріне қалам тербеуі аспаптық күй және күй-поэма жанрының толысуына жағымды әсер етті әрі осы жанр арқылы домбыра үніндегі философиясы мол көне сарындарды жаңа заман ырғағына сай сөйлете білді.

      Сазгерлердің кіші буын өкілі –Б.Дәлденбаевтың «Отырарсазы» оркестрі үшін жазған «Замана сыры» күй-поэмасы ерекше назарға лайықты шығарма болды. Қазіргі заманның белсенді ырғағы қазақтың аспаптық үрдістегі сазына араласып тамашы тақырыптық оралымдар жасайды, бұл күйдің жасампаз үні мен аспаптық-камералық жанрдың жетістіктері бірлесе түзілген көркем туынды болды.

  

                  Музыкалық  мысал. Замана сыры. Б.Дәлденбаев.

 

Бұқаралық-көпшілік қауымға арналған дәуірлік музыка сұранысы жаңа шығармашылық ізденістерді талап ете бастады, ХХ ғасырдың жаңаша ырғақтары мен музыкалық мәдениеті ғаламдық қозғалыстардан тысқары болуы мумкін де емес еді. Бұл кезең байырғы дәстүр ізін жоғалтпай отырып әлемдік ізгіліктерге де қол жеткізуді міндеттеген жасампаздықпен ерекшеленеді, халық тұрмысындағы мәдени өркениет пен бұқаралық ояну кәсіби сазгерлікпен бірге әуесқой өнердің де қанат жаюына серпін берді.  Қазақ өнерінің синкреттілігін айғақтайтын мазмұнды шығарма қатарына Б.Аманжоловтың фортепиано мен виолончельге арналған екі пьесасын қосуға болады, «Қозы-Көрпеш пен Баян сұлу» эпосының тақырыбы қозғалатын осы туынды қазақы дастанды аспаптық-камералық тұрғыда қайта жырлағандай болады, ақындық сөз бен өткен оқиға елестері тыңдарманның жүрегін еріксіз ойға қалдырады.

      Жаңаша мазмұн іздеу композиторлардың шабытына әркезде қозғау салып отырды. Қазақ тұрмысына ене бастаған аспаптық-вокальды ансамбльдер, джаз, рок-топтар би алаңдары мен теле-радио ақпараттары арқылы кең насихаттала бастады. 

12345
скачать работу

Қазақстандағы камералық-аспаптық жанрдың қалыптасуы мен дамуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ