Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы камералық-аспаптық жанрдың қалыптасуы мен дамуы



 Другие рефераты
Родион Константинұлының шығармашылығы Педагогика Джона Локка как педагогика переходного периода Педагогика в Древнем Риме Қазақтың күйшілік өнерінің айрықша салаларының бірі

Қазақстандағы  камералық-аспаптық  жанрдың

                                     қалыптасуы  мен  дамуы

 

     Камералық-аспаптық  музыка -өмірдің  әр  саласын  қамтып,  тыңдарманға  қуаныш  сыйлай  алатын  тамаша  құбылыс.  Маңыздылығы  жағынан  алғанда,  Қазақстанның  камералық-аспаптық  музыкасы  күрделі  жанрлармен  иық  теңестіретін  дәрежеге  жетті  деуге  әбден  болады.  Қазақстандағы  ХХғасырдың  30-жылдарында  басталған  әлеуметтік  жаңару  әсерлері  ұлттық  мәдениетімізге  елеулі  өзгерістер  әкелгені  белгілі.  Осы  жылдары  байырғы  дәстүрлі  өнерді  дамытумен  қатар  европалық  үлгімен  дамуға  бет  алған  композиторлық  шығармашылықтың  да  іргетасы  қалана  бастады.  Қазақ  музыкасының  кеңес  заманындағы  даму  кезеңдері  халықтық  аспаптық  және  ән  фольклорының  композиторлық  хатпен  қосарлана  өсуін  қамтамасыз  етті,  бұл  ұлттық  өнердің  тарихи  және  эстетикалық  нормаларына  нұқсан  келтірген  жоқ.  Сазгерлердің  ұлттық  мінездегі  жаңаша  музыка  тудыруға  деген  тілектері  ауызша  дамыған  салттан  мүлде  бөлек  жанрдың  пайда  болуына  ігі  салдарын  тигізді  деуге  болады.   Алғашқыда  трио,  квартет,  квинтет,  соната  түрінде  жазылып  әрі  қарай  күй  тектес  поэмалар  (домбыра  туралы  аңыз.  Н.Меңдіғалиев) сияқты  күрделі  жанрларға  ұласқан  жаңа  сазгерлік  шығармашылық   камералық  күй  жанрын  дүниеге  әкелді, бұл  өткен  ғасырдың  екінші  жартысында  ұлттық  үрдіс  пен  классикалық  өнердің  тарихи  жарасымынан  туындаған  әрі  сапалы  даму  дәрежесіне  көтерілген  үлкен  шығармашылық  белес  болды.  ХХғасырдың  30-40  жылдары  елімізде  алғашқы  опералар,  симфониялар,  аспаптық-камералық  музыка  және  басқа  жанрлардың  пайда  болғаны  баршаға  белгілі.  Ендігі  жерде  қазақтың  кәсіби  музыкасының  іргетесын  берік  қалау  үшін  біршама  маңызды  істерді  меңгерудің  тарихи  қажеттілігі  туындады – олар:  европалық  музыка  жәдігерлерін  оқу,  оркестр  табиғатын  игеру,  ноталық  сауатқа  көшу,  композиторлық  өнердің  европалық  түрін  ұлттық  тақырыптармен  ұштастыра  білу.  Ең  үлкен  міндет  жаңа  тыңдаушы  қауым  тәрбиелеу  болды,  композиторлар  алдында  «ұлттық  бояуы  жойылмаған,  мағынасы  даңғайыр» (Котлова Г.К.  казахская  домбровая  музыка  как  основа  профессионального  творчества.  Авт.  Дисс.  Иск.  Алма-Ата;  1987,-с.3) шығармалар  жазу  міндеті  тұрды.

     Ән  мен  аспаптық  фольклор  негізінде  туындаған  алғашқы  шығармалар  көбіне  халықтық  әуендерді  қайталаумен  болды,  сөйтсе  де  әртүрлі  жанрлардың  негізін  қалауға  әсер  еткені  рас.  Хор  мен  фортепиано  жене  аспаптық  ансамбльдерге  арналған  алғашқы  туындылар  тыңдаушы  үшін  ұтымды  да  болды,  қазақтың  халық  күйлерінің  сарынымен  шыққан  әртүрлі  аспаптарға  жазылған  осынау  шығармалар  шоғыры  авторлық  тақырып  жасау  үшін  қолайлы  шығармашылық  ахуал  жасады.  Тыңдаушылардың  көңіліне   ұнасымды  болған  жанрдың  бірі –аспаптық-камералық  жанр  болды.  Олардың  ішінде  халықтық  әуендер -ән  мен  күйлердің  фортепианоға  өңделген  түрлері,  скрипка  мен  фортепиано,  аспаптық  соната,  шекті  аспаптар  квартеті,  программалық  пьесалар 

 

сияқты  шығармалар  тым  ұнасымды  болды.  Композиторлар  қауымының  ізденістері  текке  кетпеді,  олар  жалпыға  түсінікті  аспаптық-камералық  жанрдың  айшықты  үлгісін  табанынан  тік  тұрғызды,  бұл  шығармалардың  тыңдауға  да  орындауға  да  көп  қиындық  келтірмейтіні  бұқаралық  сипатқа  ие  болды.

     Аспаптық-камералық  музыканың  қалыптасуы  мен  дамуына  А.В.Затаевичтің  этнографиялық  білімге  сүйенген  орындаушылық  ықпалы  мол  болды.  Ол  қазақ  сазын  алғашқы  жазушы  бола  тұрып,  ұлттық  ән-күйлерді  әрқилы  аспаптарға  өңдеп,  ылайықтады.  Оның  белсенді  қайраткерлігі  арқасында  20  жылдары  қазақ  музыкасы  әлемді  шарлап  кетті,  1925  жылы  Парижде  өткен  Әлемдік  көрме  мен  Майндағы  Франкфурт  қаласындағы  музыкалық  слетте  қазақтың  ұлттық  әуенінің  жағары  бағаға  ие  болуы  әйгілі  фольклоршының  қатысынсыз  болған  жоқ.  Осы  шараларда  Затаевичтің  «фортепьяноға  арналған  халықтық  тақырыптағы  миниатюралары»  және  Г.Ю. Любимовтың  жетекшілігімен  құрылған  домра  квартетінің  орындауында   квартеттік  өңдеулер  орындалды.

      А.В.Затаевичтің  пьесаларында  халықтық  үлгідегі  мұралардың  ішкі  ресурстарын  ашу  тілегі  бар,  оның  осы  бағыттағы  дамытылуы  да  көңілге  қонымды.  Кез-келген  шығарманы  жазу  барысында  композитор  полифониялық  фактура  сапасына  қарай  мелодияның  өз  бойындағы  түзілістерді  құлпыртады,  күрделі  гармониялық  тізбектерді  батыл  қолданады.

                                Музыкалық  мысал. (Айнамкөз)

 

    Камералық-аспаптық  жанр  саласында  жемісті  еңбек  еткен  адам  Е.Брусиловский,  оның  фортепьяноға  арналған  пьесалары  ұлттық  бояуы  қанық,  жаңаша  жазылған  музыкалық  тіл  ретінде  бағалы.

    А.Затаевичтен  кейін  халық  әндері  мен  күйлерін  зерттеп,  оны  аспаптық  орындауға  түсірген  дарынды  музыкант,  шын  мәнінде  қазақ  ұлттық  музыка  мәдениетінің  алғашқы  «құрылысшысы» -Д.Мацуцин.  Оның  «кларнет,  флейта  мен  фортепьяноға  арналған  трио»  (1936)  шығармасы  Қазақстандағы  камералық-аспаптық  жанрдың  алғашқы  қарлығашы  болды.  Д.Мацуцин  алғытүбірді  (первоисточник)  ансамбль,  хор  арқылы  байытты.  1936  жылы  Б.Ерзакович  қазақтың  аспаптық  музыкасында  алғаш  туған  шекті  квартет  жанрын  дүниеге  әкелді,  бұл  қарапайым  өңдеу  емес,  күрделі  камералық –аспаптық  мәдениет  ретінде  жоғары  бағаланды.  Камералық-аспаптық  музыканың  алғашқы  кезеңінде  авторлар  халықтық  ән  мен  күйлерді  өңдеумен  ғана  шектелгенін  жоғарыда  айтқан  болатынбыз.  Алайда  бұл  жұмыстың  маңызы  да  мол  болатын,  өңдеулер  арқылы  дәстүрлі  қазақ  музыкасының  тақырыбы  бекіді,  тақырыптың  түпнұсқасы  қатал  сақталып  болашақ  күрделі  аспаптану  шараларына  дайындық  жасалғандай  болды.  ХХ  ғасырдың  30-50  жылдары  аралығында  камералық-аспаптық  музыка  жанрында  еңбек  еткен  сазгерлер –Е.Брусиловский,  А.Жұбанов,  Қ.Мусин,  Д.Мацуцин,  В.Великанов,  Қ.Қожамияров  және  басқалар.

       Соғыс  жылдарында  камералық  ансамбльдердің  формасы  мен  жанрын 

12345
скачать работу


 Другие рефераты
Психологический анализ привычек людей
Адам әрекетінен кейін табиғаттың өзгеруі
Сравнения в поэзии и прозе М.И.Цветаевой
Стили руководства персоналом


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ