Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы камералық-аспаптық жанрдың қалыптасуы мен дамуы

ялық әдістер қолданылады.

      Асқан қуатты Финал музыкасы күйдегі тақырыптық және формалық заңдылықтарға қатал жүгінеді. Бастапқы әуеннің ырғақтық-интонациялық кешені финалдың өн бойынан үнемі естіліп отырады. Бұл ерекше рефрен бола алатын тәсілдің арасында мелодиялық әндететін дербес эпизодтар кездеседі, бұл алдындағы арынды күй әуезінің фонында жүзеге асып отырады. Аталған ерекшеліктерді рондалық-вариациялық формаға батыл жатқызуға болады. Алайда, үш үлкен бөлімнің басымдылығы айқын аңғарылады, оған себеп болатын факторлар мынау: экспозицияның басында жоғары регистр таңдалады, форманың репризалық және дамитын кезеңдері ылғи қайталанады, динамика үнемі жеделдетіледі, т.б. Қорыта айтқанда, ронда мен вариация формасы бар шымыр және үшбөлімді ғажайып композиция салтанат құрады.

     Республикамызда дүниеге келген камералық-аспаптық ансамбль жанрындағы шығармалардың жалпы саны елу шақты, осының ширек бөлігі 60-80 жылдар арасында жазылды. Оның үстіне 60-70 жылдар аралдығындағы туындылар өзінше бөлек қолтаңбасымен ерекшеленетінін баса айта аламыз, бұл кезеңдегі шығармалардың ішінде көпшілікке жаңашылдығымен танымал болғаны В.Новиковтың екі скрипкаға арнап жазған квартет-сюитасы. Квартет қазақтың аспаптық дәстүрі мен әндерін негізге ала жазылған тамаша туынды болды.

          

                   Музыкалық  мысал. 2-квартет-сюита. В.Новиков.

 

       70-жылдардың аяғы, 80-жылдардың басында бұл салаға шығармашыл жастар тобы келіп жаңа заманға сай шығармалар жаза бастады. Атап айтқанда: Б.Қыдырбекованың, Т.Мұхамеджановтың А.Мейірбековтің шекті квартеттері, Б.Дәлденбаевтың скрипкаға, виолончельге, кларнетке арналған квартеті т.б.

     Кеңестік музыка мәдениетіне тән құбылыс – классикалық және арғы классикалық музыкалық жанрлар идеясы мен формаларын мейлінше сақтау болғаны баршаға аян ақиқат. Осындай көп насихатталатын жанрдың бірі concerto grosso. Бұл жанрда жазылған шығармалардан А.Бычковтың concerto grosso-сын, Т.Қажығалиевтің Концертштюгін, М.Сағатовтың фортепиано мен ұрмалы аспаптарға және шекті аспаптарға арналған күй-поэмасын т.б. атап өтуге болады. Сонда да осыған дейін сақталған ескі үрдістегі жанрлар жаңа ХХ ғасыр туғызған сазгерлік қолтаңбалар арқылы өзгерістерге де түскені рас. Негізгі өзгерістер шығарманың ладтық-тондық құрылысынан, тондық қолданыстағы еркіндіктерден (бұл жағдай А.Бычков шығармаларында бар, бірінші бөлімнің басты партиясы және финалдың негізгі тақырыбы жиырматондық серияға дейін қолданысқа түседі) және кеңейтілген тондық тәсілдерден (трактованные тональности) байқалатын еді (Т.Қажығалиев пен Б.Баяхунов шығармалары).

     Қазақстан композиторларының concerto grosso жанрында жазылған шығармаларынан аңғарылатын ортақ принцип әуени кеңістікті салыстыра дамыту болып табылады.  Бұл орайда динамиканың деңгейінің өсуін айтуға болады, себебі барокко дәуірінде музыкадағы қатаң заңдылықтың бірі И.Зейфасқа телінетін «әуеннің кеңістікке тәуелділігі физикалық әсер арқылы іске асырылу» қағидасы болатын. Бұл тұжырымдай айтқанда сатылай жоғары және төмен жүретін тәсілдің қолданысы арқылы көрнекіленетін тәсілдер, осы әдіс А.Бычковтың concerto grosso-сының үшінші бөлімінде байқалады, мұнда шығарма басынан аспаптар біртіндеп қосылады да (кларнет, фагот, ұрмалы аспаптар) негізгі тақырып динамиканың сатылай өсуіне алып келеді.., аңғарылатыны - әуен мен тақырып өзара салыстыруға түседі. Сатылай өсу тәсілі әуендер мен оның бөлімдерінің арасында да жүзеге асып отырады. Осындай салыстыру әдісінің тамаша көрінісі Т.Қажығалиевтің Концертштюгіндегі алғашқы тақырыптың өрбуінде бар. Мұнда тембрлік, динамикалық, фактуралық ара қатынаста екі әуеннің салыстырмалы дамуы көп аңғарылады: жоғары-төмен жүру заңдылығына негізделген бірінші әуен (скрипкадағы легато) және екідауыстылыққа жүгінген екінші әуеннің дамуы.

        

                          Музыкалық  мысал. Т.Қажығалиев. Концертштюк.

 

     Егер тақырыптық кешендер мен оның бөлімдерінің арасындағы салыстырулар болған жағдайда шығарманың формажасаушы жүйесі қалыпты түрде шегенделе бастайды, соған сай бөлімдердің де формасы ерекше қалыппен жарасымға ие болады.  А.Бычковтың шығармасының бірінші бөлімінде кездесетін негізгі және өтпелі тематизмді дамыту барысында оркестр топтары өзара сайысқа түскендей салыстырмалылыққа ұшырайды.

 

                              Музыкалық  мысал. А.Бычков. concerto grosso

                             Музыкалық  мысал. (интермедия)

 

       Б.Баяхуновтың камералық оркестрге арналған концертінде аталған принцип бөлім формаларының рельефті көрінісін айқындау үшін қолданылады. Кең шырқалатын қосалқы тақырып басты тақырыпқа қарсы қойылады, оның өрбуі шекті аспаптар тобы арқылы іске асады.

 

     Музыкалық  мысал. Б.Баяхунов. камералық оркестрге арналған концерт.

 

       Республиканың музыкалық мәдениетінде Б.Баяхуновтың Концерті әрқилы музыкалық дәстүрлерді жарасымды тоғыстыра алғаны үшін өзінің бағасын алған шығарма болды. Бұл concerto grosso жанры ізімен туындаған классикалық үрдіс үлгісіндегі дүние еді, соған орай оркестрлік тәжірибенің толысуына және қазақтың аспаптық музыкасының салтына жақын күй мақамына барабар шығармашылық форма туындады, бұл отандық сазгерлік қолтаңбаны айқындай алатын ерекше құбылыс болды.

       Қазақстан композиторларының сол кезеңдегі мазмұнды шығармаларына жалпы баға берер болсақ, сөз жоқ жасампаздық пен жаңашылдық лебі болғанын айтуға тиіспіз және сазгерлердің шығармашылық қолтаңбалары айқын, идеясы мен көркемдігі ұлттық бояуға қанық тамаша ізденіс нәтижесі де жемісті болғаны айдан анық. 

        Аталған уақыттағы домбыра күйлерінің ізімен дамыған камералық-аспаптық музыка шығармалары отандық мәдениетімізді жаңғыртқан музыканың жаңа жылнамасын жазды деуге болады. Қазақ күйшілерінің айшықты әуендері бұл салада басқаша қырынан ашылды, осы бағыттағы өңдеулердің (обработка) де ұлттық бояулары қанық болды, аспаптық мәдениет жаңа леппен жаңғыра түсті. Бұл орайда Дәулеткерей күйлерінің ізімен жазылған Б.Баяхуновтың флейта-пиккола мен камералық оркестрге арналған «Ысқырмасын», Құрманғазының «Назым» күйімен аттас Б.Лучинскийдің өңдеуін,  В.Новиковтың камералық оркестрге арнаған «Қара Қожа» тақырыбына арналған вариацияларын ілтипатпен атауға болады.

    Қазақ күйлерінің өзекті интонацияларына сүйене жазылған жаңа туындылар шоғыры толассыз жарық көре бастады. Әсіресе М.Сағатовтың 1973 жылы шекті квинтетке, флейта, литавр, рояльға жазған «Диологтар» поэмасы тыңдарман назарын өзіне аударды. Өмір туралы толғаныстары шығармаға өзек болған туындының философиялық шешімдері ұтымды әрі сәтті шыққан. Бұл бір бөлімді шығарма, оның негізгі бөлімшесі сонаталық аллегро формасында жазылған, кіріспесі мен түйіні арқылы шығарманың тұтас туындылық шешімі табылған.

 

                    Музыкалық  мысал.  «Диологтар».

 

Сериялық техникасы мен фольклорлық материалдардың жарасымын таба білген композитор осы шығармасы арқылы үлкен кәсіби шеберлікке қол жеткізе алды, музыканың бұқаралық-демократиялық қырын жаңаша белеске көтерді.

      Қазақ радиосы мен телевизиясы жанынан отау тіккен камералық оркестр ұжымы республика аймағындағы сазгерлер үшін нағыз шығармашылық орта болды, олардың батыл ізденістерге толы белсенді жұмыстары осы оркестр арқылы толайым табыстарға қол жеткізді. 70-80 жылдары жазылған қомақты дүниелердің ішінде осы оркестрдің орындауында жарыққа шыққан шығармалар қатарында Б.Баяхуновтың «Дүнген эскиздері», Қ.Қожамияровтың «Менің далам» туындылары, Н.Меңдіғалиевтың увертюрасы, В.Рождественскийдің аллегросы, М.Сағатовтың «Шұбар аты», Д.Лифшицтің қазақ әуендері тақырыбына арнаған сюитасы т.б. ерекше назар аудартады.

        Соната жанрындағы шығармалар да өндірте жазылды, бұл салада С.Еркімбековтің, Т.Мыңбаевтың, С.Ромащенконың, В.Миненконың фортепианолық сонаталарының орны бөлек, В.Миненко, А.Исакова, Ғ.Жұбанова, Д.Лифщицтер қаламынан шыққан жеке фортепиано үшін жазылған сонаталар да ұтымды дүние ретінде көпшілікке танылды, сонымен бірге Ж.Дәстенов (қобыз бен фортепиано) пен Т.Мыңбаевтың (фортепиано мен литавр) тембрлік көркемдікке қол жеткізе алған аспаптық сонаталары кәсіби танымдылықты шын мәнінде жоғары дәрежеге көтере білген дүниелер болды.

      Өткен ғасырдың 70-80 жылдар аясында жазылған шығармалар ұлттық музыка қорына қосылған үлкен үлес болды, концерттік орындаушылар репертуары жеке соло, фортепиано немесе оркестр сүйемелімен орындалатын аспаптық

12345
скачать работу

Қазақстандағы камералық-аспаптық жанрдың қалыптасуы мен дамуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ