Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі

ың кандидадттық диссертациясында 1970-1989 жж. аралығындағы Қазақстанға қоныс аударылғандардың азаюы мен олардың кері көшуі жайында, сонымен қатар, олардың құқықтық жағдайы қарастырылған [13].
Қазақстанда тарихи демографияның дамуы мен методологиясы жайында көлемді ғылыми еңбектер де жарық көрді. Мысалы, М.Х. Асылбеков, А.Ш. Алтаевтың және А.И. Құдайбергенованың көлемді мақалалары жарияланды [14].
Тарихи демография мғселесіне байланысты ресейлік ғалымдардың да еңбектері жарыққа шықты. Олардың қатарына Н.Ф. Бугай, В.П. Данилов, Н.И. Платунов, Т.М. Реннер, В. Хорев, В. Чапек, М.П. Малышева, В.С. Познанский, С.И. Брук, Ю.А. Поляков, В.Б. Жиромская, И.Н. Кисилев жғне тағы басқа ғалымдардыңеңбектері жатады [15].
Аталып отырған тақырыпқа қатысты шетелдік ғылымдардың да зерттеулері баршылық, Қазақстандағы демографиялық ахуалға байланысты бірқатар мғселелер Р. Конквест, С.Г. Уиткрофт, Х. Дэвис, М.Б. Олкот, А.Р. Льюс, Н.Р. Роулэнд жғне т.б. еңбектерінде баяндалған [16].
Сонымен, диссертация тақырыбына арналған ғдебиеттерге шолу нғтижесінде, Қазақстанда 1926-1959 жылдардың аралығындағы көші-қон процестері арнайы және жан-жақты зерттелмегені байқалады. Ғсіресе, мұрағат қорларында сақталған тарихи деректерде кеңестік кезеңде ғр түрлі ұлттардың Қазақстан территориясына қандай жағдайлармен қуғындалып келгендерін нақты дғлелдей түсуі қажет. Бұл тақырыптыңарнайы және жан-жақты зерттелмегені байқалады. Мғселен, көптеген еңбектер жарық көргенімен, олардың жеткен жетістіктерін талдай отырып, мұрағат қорларындағы тарихи деректермен салыстыра қарастырған арнайы тарихи және тарихнамалық зерттеу жоқ.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертацияның басты мақсаты 1926-1959 жылдар аралығындағы Қазақстандағы көші-қондық процестердіңсебептерін, нғтижелерін кешенді түрде зерттеу және бұл мәселеніңтарихнамасын ғылыми талдау. Осы мақсатқа жету үшін мынандай нақтылы міндеттерді шешуге талпыныс жасалды:
- Көші-қон процесініңтарихнамасына қатысты зерттеу еңбектерін ғылыми тұрғыдан талдау;
- Бұл еңбектердіңжетістіктері мен кемшіліктерін анықтау нәтижесінде көші-қон проблемасыныңзерттелмеген жақтарын белгілеп беру;
- Тарихнамалық жұмыстар мен тарихи деректерді салыстыра отырып, көші-қонныңхалық құрамына әкелген әсерін айқындау;
- Көші-қон қозғалысы нәтижесінде республика халқыныңішінде қазақтар азшылыққа айналғандығын көрсету;
- Күштеп көшірілген ұлттардыңұлттық құрамға тигізген әсері, үлес салмағы, құқықтық жағдайын жаңа мұрағат құжаттары арқылы көрсету;
- Қытай халық Республикасынан келген көштіңнәтижесінде қазақ халқыныңөсуіне мүмкін болған алғышарттарды көрсету.
Диссертацияның ғылыми жаңалығы – Қазақстандағы 1926-1959 жж. көші-қон процестерініңдамуы мен халық құрамына әсері алғаш рет тарихнамалық және тарихилық тұрғыдан зерттелуінде, диссертацияда осы ғылыми жаңалықтың негізі - тарихи ғдебиеттердегі мғліметтер мен мұрағаттардағы деректерді бір-бірімен салыстырмалы түрде зерттеудің нғтижесінде төмендегідей жаңа, нақтылы, ғылыми нғтижелерге қол жеткізілді:
- Көші-қон процестеріне қатысты ғылыми еңбектер тарихнамалық тұрғыдан зерделеніп, олардыңжетістіктері мен кемшіліктері талданды.
- Көші-қон проблемасы жөнінде болашақта зерттеуді қажет ететін мәселелер анықталды.
- 1926-1959 жж. Қазақстан халқыныңкөші-қон процестері арнайы және Жан-жақты талданды.
- Бұл кездегі көші-қон қозғалысы нәтижесінде қалыптасқан ұлттық құрамдағы өзгерістері қарастырылды.
- 1953-1959 жылдары Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға көшірілгендер жөнінде тыңмұрағат деректері ғылыми айналымға тартылды.
- Көшірілген халықтардыңқұқықтық жағдайы тарихи тұрғыдан зерттелді.
- Қазақстан халқының жалпы саны мен құрамына ғасырлар бойы күшті ғсер етіп келген көші-қонның1926-1959 жж. аралығындағы ерекшеліктері анықталып, бұл кезеңосы процестіңеңкүшті және шыңы болғаны дәлелденді.
Зерттеудің қорғауға ұсынылатын тұжырымдары. 1926-1959 жж. аралығындағы көші-қон процестері жғне оның зерттелу мғселелері жөнінде жазылды:
- Қазақстандағы көші-қон процестеріне қатысты тарихнамалық еңбектердіңжетістіктері мен әлі де болса зерттеуді қажет ететін бағыттары талдау;
- Көші-қон қозғалысын зерттеудіңнәтижесінде республикадағы көпұлтты құрамыныңқалыптасуы кеңестік жүйе жүргізген саясатпен байланыстылығы айқындау;
- Кеңестік кезеңніңұжымдастыру, тәркілеу нақандары кезінде шетел асқан қазақтардыңсаны жүз мыңнан аса болғандығы зерттеу еңбектерімен салыстырмалы түрде көрсету;
- Республикаға күштеп көшіріліп келген ұлттардыңүлес салмағы айтарлықтай басымдылық танытып, қазақ халқыныңазшылыққа айналуына әсерін тигізгендігі мұрағат деректері негізінде қарастыру;
- Қытай Халық Республикасынан келгендер саны 1953 -1959 жж. 100 мыңнан аса болғандығын және олардыңішінде қазақ, орыс, ұйғыр, дүнген, татар, өзбектер болғандығын дәлелдейтін мұрағат деректері ғылыми айналымға тарту;
- Күштеп көшіру нәтижесінде келген халықтардыңқұқықтық жағдайы және олардыңеңбекке араласуы зерттей түсетін мәселелердіңқатарына саналады.
Территориялық ауқымы. 1926-1959 жылдар арасындағы Қазақ КСР-ның ғкімшілік территориялық шекарасын қамтиды. Осы аталған кезең ішінде болған ғкімшілік бөліністер, аймақтардың ерекшелігі назарға алынды.
Зерттеудің нысаны. Қазақстандағы көші-қон процестерінің зерттелу деңгейін көрсететін ғылыми еңбектерде талдау жасау жғне салыстыру. Сонымен қатар, 1926-1959 жж. аралығындағы көші-қон қозғалысының республика халқының ұлттық құрамына ғкелген өзгерістер мен әсерін анықтау .
Диссертацияның мерзімдік шеңбері. 1926 және 1959 жылдардағы Одақтық екі халық санақтары аралығындағы 34 жылды, яғни екінші дүниежүзілік соғыстыңқарсаңын, соғыс жылдары мен онан кейінгі кезеңді қамтиды. Қазақстан халқы үшін бұл күрделі тарихи оқиғалар мен бетбұрыстарға толы мерзім, оныңбасты-бастылары: екінші дүниежүзілік соғыс, соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру, тыңжәне тыңайған жерлерді игеру, алпауыт өнеркәсіп орындары мен жаңа транспорт жүйелерініңсалынуы және т.б., яғни халықтыңәлеуметтік-демографиялық құрамына күрделі әсер еткен көші-қон толқындарыныңеңкүшейген уақыты болды.
Диссертацияның дерек көздері. Зерттеуде әртүрлі деректер пайдаланылды, олардыңбастылары: 1) мұрағат құжаттары мен мәліметтері; 2) 1926, 1937, 1939 және 1959 жылдардағы Бүкілодақтық халық санақтарыныңмәліметтері; 3) жарияланған статистикалық жинақтар; 4) баспасөз мәліметтері; 5) Демографиялық және көші-қон мәселелеріне арналған монографиялар, мақалалар және т.б. тарихнамалық талдаудыңдеректік негізі болды.
Негізгі деректердіңдені Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаты мен Қазақстан Республикасы Призиденті мұрағатынан алынды. Мәселен, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатындағы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің жанындағы Орталық статистикалық басқарма (698) қоры Статистикалық мәліметтерге толы бұл қорда әр облыстар бойынша келген-кеткендер туралы деректер бар. Сондай-ақ, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің еңбек ресурстарын реттеу жөніндегі Мемлекеттік Комитет (1987) қорында Одақ бойынша шаруашылықты реттеуге байланысты көшірілгендер туралы мәліметтер кездеседі. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің құпия қорында (1137) Қазақстан Министрлер Кеңесініңшешімдері мен қаулыларынан құралған материалдар бар. Осы қор құжаттарында өзге ұлт өкілдерініңҚазақстанға көшірілгені кезіндегі қабылдануы, ұлттық құрамы жайында мәліметтер кездеседі. Қазақ КСР-ніңүкіметі жанындағы Көшіру-қоныстандыру бөлімінің(1208), Қазақ КСР Жоспарлау комитетінің(1179) қорларында да қажетті деректер жинақталған.
Қазақстан Республикасының Президент мұрағатындағы деректер де жұмысты жазуға пайдаланылды. Атап айтсақ, БКП(б) Қазақ Өлкелік Комитетініңқорында (141) кеңестік билік орнағаннан кейінгі уақытқа ұжымдастыру, байларды тәркілеуге қатысты деректер бар. Одан кейін республикадағы халықтыңұлттық құрамы және олардыңбір-бірімен қарым-қатынасы туралы құжаттық деректер кездеседі. Мәселен, Қазақстан Комунистік ПартиясыныңОрталық Комитетініңқорында (708) көптеген қаулы-қарарлар, шешімдер және басшылардыңесептері жинақталған. Қор деректерінен Қазақстанда кеңестік кезеңде жүргізілген көші-қон қозғалысын, депортацияланып келгендер мен тыңигеру кезінде елдіңеуропалық бөлігінен келгендер жайында мәліметтер кездеседі. Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасынан көшіріліп келген қазақ, татар, дүнген, орыс, өзбектердіңоблыстар бойынша орналасуы туралы деректер сақталған.
Демография мәселесі бойынша жарық көрген зерттеулердіңішінде М.Х. Асылбеков пен Л.Х. Төлешованыңтарихнамалық тұрғыдан жазған еңбегінде, сондай-ақ, М.Х. Асылбеков және А.И. Құдайбергенованыңмонографиясында көші-қон қозғалысына қатысты мұрағат, санақ материалдарына негізделген бірқатар мәселелер көтерілген. Осындай зерттеулер Қазақстанныңжекелеген аймақтары бойынша да жасалды. Мәселен, Орталық Қазақстан бойынша В.В. Козинаның, Батыс Қазақстанныңдемографиялық жағдайы М.Н. Сдықовтыңеңбегінде көрсетілсе, Жетісу халқыныңдемографиялық дамуы М.К. Төлекованыңзерттеуінде қарастырылды. Міне, осындай іргелі зерттеулерде көші-қон мәселесі ішінара болса да жазылған. Сондықтан, мұндай еңбектер тарихнамалық және тарихи тұрғыдан зерттеулер жасауға негіз болары сөзсіз.
Зерттеу жұмысыныңметодологиясы мен әдістемелері. Диссертацияда қойылған мғселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету үшін тарихи зерттеудің логикалық тғсілімен тығыз байланыстылығы тарихшылдық, объективтілік, жан-жақтылық сияқты негізгі методологиялық принциптері басты назарда болды. Зерттеу барысында жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдар, жаңа тарихи көзқарастар тұрғысынан жазылған зерттеулер басшылыққа алынды.
Зерттеу барысында тарихи салыстырмалық, диалектикалық, статистикалық, демографиялық талдау және басқа әдістемелер қолданылды.
Зерттеудің қолданбалық маңыздылығы. Диссертацияның қорытындыларын 1926-1959 жылдар аралығындағы тарихи кезеңнің демографиялық дамуы м
12345След.
скачать работу

Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ