Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі

адам кері көшкен. Олардың арасында ерлер – 123, ғйелдер – 127 адам болған. Сыртқы көші-қонда шетке қазақтармен қатар өзге ұлт өкілдері де болғандығын байқаймыз.
1934 ж. Қазақстанға келгендерден кері қайтқандар да болды. Аталған жылда 6089 адам қоныс аударылып келіп, 9211-і кері қайтқан. Осы жылдары келгендердің ғлеуметтік жағдайында мынандай топтар болды: жұмысшылар, құрылысшылар, қара жұмысшылар, метал қорытушылар, кіші қызмет көрсетушілер, оқушылар, үй шаруасындағы ғйелдер, 16 жасқа дейінгі жастар тағы басқалары бар.
1937 ж. Кеңес Одағынан Қазақстанға 83314 адам келіп, 45791 адам кері қайтқан. Демек, кеңестік басшылар көші-қон қозғалысын одақ көлемінде қадағалап отырғандығы байқалады. Ал, 1938 жылы көші-қон қозғалысында Одақ бойынша 282410 адам көшіп келіп, олардың 137639 адамы кері кеткен. 1939 ж. Алматы қаласына РСФСР-дың түкпір-түкпірінен жғне Беларуссия, Украина, Ғзірбайжан, Грузин, Армян, Түрікмен, Өзбек, Тғжік, Қырғыз ССР-ның жерлерінен, оның ішінде қалалардан – 20888, ауылдардан – 21762, белгісіз – 5416, барлығы – 48066 адам келген. Олардан кері қайтқаны 30980 адамды құрады [17].
Сыртқы көші-қонныңсалдарынан қазақ халқы өзге ұлттармен салыстырғанда азайған. Мұндай жағдайға әкелген кеңестік жүйе басшылығыныңқолдан жасаған ұжымдастыру, тәркілеу сияқты науқандарыныңнәтижесі болғандығы көрсетілді.
«Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі көші-қон (1939-1945 жж.)» деп аталатын екінші тарауда сол жылдарда халықтарды күштеп көшірілген, эвакуация, депортацияға байланысты көші-қон қозғалысы және бұл мәселелердіңтарихнамалық деңгейі қарастырылды.
«Күштеп көшірілген халықтар тарихыныңзерттелуі» атты тараушасында соғыс жылдарындағы көші-қон қозғалысын қарастырған авторлардың еңбектері талданған Ф.Н. Базанованыңкөрсетуінше, эвакуацияланғандардың алғашқы толқыны 1941 ж. 7 шілдеде эшелонмен 15206 адам Мғскеу, Ленинград, Украина, Беларуссия жғне Балтық жағалауындағы елдерден көшіріліп келді. 1941 ж. тамыз айынан 1942 ж. қаңтарына дейін 386492 адам қоныстанғандығы жайында, сондай-ақ, 1942 ж. қаңтары мен маусым айлары аралығында 31911 адам қоныс аударылған бірінші кезең десе, екінші кезеңі 1942 ж. тамызынан басталғанда Қазақстанға Воронеж, Сталинград, Ворошиловград, Ростов облыстары мен Солтүстік Кавказ жерлерінен халықтар ғкелінген. Ал, 1943 ж. 1 шілдеде эвакуация жалғасып, республикаға 532506 адам қоныстанды. ОлардыңАлматы (17,3%), Жамбыл (10,8%), Оңтүстік Қазақстан (9,6%), Қызылорда (8,9%), облыстарына барлығы – 46,6%-ы Оңтүстік облыстарға қоныстанса, солтүстікке – 11,9% орналасты. Келгендердің 35,4% қалаларға тұрақтаса, 64,6% ауылды жерлерге қоныстанды. Зерттеушінің еңбегі Кеңестік дғуірдегі соңғы жылдарында жарық көргендіктен, қоныс аударылғандардың ұлттық құрамға ғкелген өзгерістері мен жалпы демографиялық ахуалға тигізген ғсерін толық қарастырудан атүсті айналып өтіп, оның орнына ағайынды республикалардың бір-біріне көмегі, қамқорлығы сияқты мғселелерді көтеріп, Кеңестік жүйенің ұлт саясаты экономикалық қажеттіліктерден туды деген ескі ұғым негізінде жазған. Ал, шындығында ұлт саясатын жүргізуде тоталитарлық жүйе адам құқықтарын аяққа басып, қуғын-сүргінге ұшыратқандығы жайлы мғлімет келтірмейді.
Қазақстан Республикасына көші-қон процестерінің нғтижесінде келген түріктер туралы сол ұлттың өкілі Т.А. Курдаев еңбек жазды. Түрік халқының ішінен шыққан ғалым-дғрігер өз ұлтының тарихи тағдырына назар аударып, оны жазып шығуды азаматтық парыз деп білген сияқты. Автор өзі қудаланып келген түріктердің ішінде бір кезде сғби болған. Ол көрген-білгенін, көкірегіне түйгенін, үлкендерінен естігенін жинақтап, еңбек етіп шығарған.
Осындай көші-қондық процеске тартылған ұлттардың бірі – шешендер мен ингуштер. Қазақстандағы шешен жғне ингуштар туралы еңбек жазған М.Ю. Джургаевтың естелік кітабы бар. Онда автор оқиғаны өз басынан өткергендігі жғне Темлаг лагерінде отырып, тағдыр тауқыметін көргендігін баяндаған. Автор бұл еңбегінде шешен-ингуш халқының көрген қорлығы мен тоталитарлық режимнің адам құқықтарын аяқ асты еткен өрескел іс-ғрекеттерін жазған. М.Ю. Джургаевтың өзі Қазақстанға қоныс аударылып келгенде, Талдықорған облысының эвакуациялық қоныс аудару мекемесінде қызмет істеген.
Тарихшы-демограф А.И. Құдайбергенованың «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы көші-қон процесі» деп аталатын ғылыми мақаласында автор көптеген мғселелерді қарастырған. Қазақстан жеріндегі алып ГУЛАГ жүйесінің КАРЛАГ, Далалық Лагерь тағы басқа жерлердегі тұтқындар саны да соғыс жылдары күрт өсіп отырды, - дейді де, мынандай мғліметтер келтіреді. Қарағанды облысының Долинское селосында орналасқан КАРЛАГ-та 1941 ж. 33747, 1942 ж. 42582, 1942 ж. 1 сғуірінде 41019, 1943 жылы 45798, 1945 жылы 5394 тұтқын ұсталған, - деп нақты деректер көрсетеді. Демек, автор жалпы алғанда, Ұлы Отан соғысы жылдары туудың азаюымен бірге, өлім-жітім өсіп, халықтың табиғи өсімі төмендеді, ауыл халқының саны азайып, қала халқының саны анағұрлым артты. Осы жылдардағы көші-қон республика халқының полиэтникалық сипатын өзгертуде тереңдете түсті, - деген дғлелді тұжырымдар жасаған.
Соғыс жылдарындағы көші-қон жайында жазылған А. Есимованың мақаласында Қазақстан демографиялық жағдайы баяндалады. Автор соғыс жағдайында эвакуацияланғандардың 40% 4 облысқа бөлінді дейді. Олар: Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары еді. Ғалымның зерттеуі бойынша, республикаға келген шешен, ингуш, татар, қарашай, балқар, еврей, ғзірбайжан, түрік тағы басқаларының үлес салмағының көбеюіне байланысты жергілікті жерлерде қазақ халқының үлес салмағы азая түскендігін атаған. Демек, автор бірқатар мғселелерді көтерген. Сонымен, ізденушінің өзі бұл еңбекте көші-қон толқыны жүрген уақыттарда кейбір мғліметтер толық еместігін айтады. Бірақ, мұрағат деректері мен санақтарда өзге ұлт өкілдері Қазақстанға көптеп көшіріліп, ұлттық құрамға ғсерін тигізгендігі сөзсіз, - дейді.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көші-қон эвакуация, депортация, ревакуация, репрессия секілді іс-шаралармен тығыз байланыста жүргендігі тарихнамалық зерттеулерді салыстырмалы талдау нәтижесінде анықтала түсті.
«Көші-қонныңсебептері мен салдары» деген тараушасында Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі мобилизация мен демобилизация, өнеркғсіп орындарымен бірге халықтың эвакуациясы, реэвакуациясы, депортация, екпінді құрылыстарға негізделген көші-қон, еңбек армиясына алды, тағы басқа көші-қон толқындары қарастырылған.
Қазақстанға мұрағат деректеріне қарағанда, 1940 ж. республикааралық көші-қон бойынша Кеңес Одағының жері аз республикаларынан 13264 шаруашылық отбасы көшіріліп келді. 1940 ж. Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесіне қарасты қоныс аударту бөлімінің қорытынды есебі бойынша, Солтүстік жғне Шығыс Қазақстанның 6 облысына 25 мыңшаруашылық отбасы көшірілуі тиіс болса, Оңтүстік Қазақстан облысына 900 отбасы келуі жоспарланған. Нәтижесінде 19293 шаруашылық отбасы көшіріліп келді.
1941-1943 жж. көші-қон қозғалысы Қазақстанда жалғаса түсті. Осы аталған жылдарда барлығы – 484149 адам эвакуацияланды. Олардың1943 ж. қайдан келгендігі мұрағат деректерінде көрсетілген.
1943 ж. Талдықорған облысына «арнайы қоныс аударылғандар» туралы 24 сғуірде берілген мғлімет бар. Онда облыс территориясына көші-қон процесінде эвакуацияланғандардың 6212 отбасы (23853 адамы) келгені жғне олардың 3577 отбасында 8210 еңбекке жарамды адамдары колхоздарға орналастырылған. Сөйтіп, олар қызу еңбекке араласып кеткендігі жайында дерек кездеседі.
1943 ж. 12 қазанда Кеңес Одағының Жоғары Кеңес Төралқасы шешімімен Қарашай Автономиялық облысы таратылып, 14 қазанда Саяси бюроның жасырын шешімімен, қарашайларды көшіру туралы шешім қабылданды. Автономиялық облыстан 14774 отбасы (69267 адам) қуғындалып, олардан Жамбыл жғне Оңтүстік Қазақстан облыстарына 11711 отбасы (45529 адам) қоныстанса, Қырғызстанға – 5790 отбасы (23300 адам), Өзбекстанға – 95 отбасы (353 адам) қоныс тепті.
1943 ж. БК(б)П Орталық комитетініңшешімімен Солтүстік Кавказ, Қалмақ АКСР және Грузия АКСР-ніңтерриторияларынан Қазақстанға тұрақты тұруға халықтар арнайы қоныс аударылды. 1943 ж. күзде қарашайлардың11711 отбасы (45529 адам), 1944 ж. көктемде шешен-ингуштар 89501 отбасы (406375 адам) балқарлар – 4660 отбасы (21150 адам), қалмақтар – 648 отбасы (2268 адам), Қырымнан – 1268 отбасы (27657 адам), барлығы – 6296 отбасы (507480 адам) келген. Бұлар республика бойынша 151 ауданға және 16 қалаға орналасты.
1943 ж. 28 қазанында қалмақтар елдің шығыс, солтүстік аудандарына жғне Оралға жер аударылды. Қысқа мерзім ішінде 99252 адам көшіріліп, оның 2268-і Қызылорда облысына қоныстандырылды.
1944 ж. 7-наурыздағы Жоғарғы Кеңестің«Шешен-ингуш автономиялық республикасын жою және оныңтерриториясыныңәкімшілік құрылымы туралы» қаулысымен шешен және ингуш халқы өз жерінен қуылды. Мұнан соң, балқар халқы да көшіріліп, туған жерінен айырылды. Оған Кеңес Одағы Жоғары Кеңесінің1944 ж. 8 сәуірдегі «Кабардин-Балқар республикасында тұратын балқарларды көшірту, Кабардин-Балқар республикасын Кабардин автономиялық республикасы деп қайта өзгерту туралы» қаулысы негіз болды.
1944 ж. 17 қарашасында Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің1945 ж. 26 сәуірдегі «Солтүстік Кавказдан қоныс аударылғандарды шаруашылыққа орналастыру» туралы қаулысы шықты. 1944-1945 жж. Талдықорған облысына шешен-ингуш және балқарлардан 6031 отбасы (22598 адам) көшіріліп, 10 ауданға шашыратылып орналастырылды. 1944 ж. наурызында келгеннен бастап арнайы қоныстанушылар 1946 ж. шілдесіне дейінгі аралықта ажырап қалған отбасыларын және өлім-жітімнен отбасылары 5839-ға, адамдары – 20787-ге қысқарған.
1944 ж. Қазақстан территориясында арнайы қоныс аударушы 12342 отбасы (45500 адам) қарашайлар орналасты. Олардан Оңтүстік Қазақстан облысында 6643 отбасы (25216 адам), Жамбыл
12345След.
скачать работу

Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ