Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі

ен тарихнамасына арналған жоғары оқу орындағы курстарда оқуда пайдалануға болады. Бүгінгі таңдағы еліміздегі көші-қон мәселелеріне қатысты саясатты белгілеуге де диссертация материалдары өзіндік игі ықпалын тигізе алады.
Диссертацияның сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі тұжырымдары бойынша 2004 жылы және 2005 жылы ҚазҰУ-де өткен дғстүрлі «Е. Бекмаханов оқуларына» арналған ғылыми халықаралық конференцияларында баяндамалар жасалды. Сондай-ақ, 2004 жылдың қазан айында Астанада өткен «Гуманитарлық жғне құқықтық білімдердің ғлеуметтік мғдени проблемалары» атты Қазақ гуманитарлық заң университетінің 10-жылдығына арналған халықаралық ғылыми теориялық конференциясында, 2004 жылы желтоқсанда Абай атындағы ҚазҰПУ ұйымдастырған «Қазақстан жғне ғлем: тарих жғне заман» деп аталатын ғылыми халықаралық конференцияда баяндамалар жасалды. Диссертация бойынша 9 ғылыми мақала жарияланды.
Диссертация Қазақстан Республикасы Білім жғне Ғылым министрілігі Ғылым комитетініңШ.Ш. Уғлиханов атындағы Тарих жғне этнология институтының «Қазақстанныңжаңа заман тарихы және тарихи демография» бөлімі мен «Тарихнама жғне деректану» бөлімдерініңбіріккен мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Диссертация құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, негізгі мғселені қарастыратын 3 тараудан, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған ғдебиеттер тізімінен тұрады.
ЖҰМЫСТЫҢНЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Жұмыстың«Кіріспе» бөлімінде зерттеу тақырыбыныңөзектілігі негізделіп, мақсаттары мен міндеттері, методологиялық принциптері мен әдістемелік негізі, ғылыми жаңалығы мен қолданбалы маңызы айқындалып, мәселеніңзерттелу дәрежесіне талдау жасалады және пайдаланылған деректер мен әдебиетке сипаттама беріледі.
Диссертацияның «Қазақстан қоғамын жаңғырту (модернизациялау) кезеңіндегі көші-қон (1926-1939 жж.)» деп аталатын бірінші тараудың «Көші-қон процестерініңтарихнамасы» тараушасында тарихи демография саласы бойынша зерттеу нысаны етіп алынып отырған көші–қонныңанықтамасы мен тарихнамалық еңбектерге талдау жасалды.
Ресейлік зерттеуші Т.А. Володинаныңғылыми еңбегінде тарихнамалық зерттеудіңәдістемесіне қызығушылық 1960-жж. туа бастағандығы айтылады. Тарихнамалық зерттеу мәселесіне және оныңғылымдағы алатын орнын анықтау барысында қызу талқылауға М.В. Нечкина, А.В. Черепин, А.М. Сахаров, С.О. Шмидт, А.Л. Шапиро, С.Л. Пештич, Е.Н. Городецкий және тағы басқа ғалымдар қатынасқан. Осындай талқылаудан кейін ғалымдар тарихнама тарих ғылымы болып табылады және мазмұны жағынан ғылым дамуыныңмынандай қырларын қамтиды деген тұжырымдар жасады: тарихи процестіңжалпы концепциясы; зерттеуге қойылған бағыт; зерттеу әдістері; жаңа әдістемелік мәселелер; жаңа деректерді ғылыми айналымға тарту; ғылымды жаңа сапаға көтеруде жаңаша ұйымдастыру мәселелері. Тарихнамалық зерттеу салыстырмалы түрде талдау әдістеріне сүйенгендіктен, ғылымныңбір кезеңінен екінші сатыға өткендегі жеткен жетістіктері мен кемшіліктерін көрсетеді, яғни бұл белгілі бір тақырыптардыңзерттелу, зерделену деңгейін көрсететіндіктен, ғылым саласы ретінде жаңа сапаға көтерілер шақта өте қажет зерттеу бағыттарыныңбірі болып табылады.
Жалпы әлемдік тарих ғылымдағы секілді Қазақстандық тарих ғылымында да көші-қон мәселесі классикалық теорияныңпрагматикалық ұғымдарыныңтаза пәндік шекаралық шеңберінде зерттелуде. Қазақстандық ғалымдар тарихи демографияныңбарлық мәселелері секілді 20 ғасырдағы өзгерістер әкелген көші-қондық үрдістерді жан-жақтылық және гуманистік таным бағытында жүйелі, объективті түрде нақты мәнін ашу бағытында зерттеуде.
Қазақстандағы көші-қон қозғалысы мен отарлау саясатына ашық та батыл көзқарастарын білдіргендер қазақ ұлтыныңзиялылары болды. Мәселен, Мұстафа Шоқайдыңпікірінше, Қазақстанды кеңестік отарлау шаруашылық өмірді ұйымдастырудыңбір жақтылық және шикізаттық ұстанымын қалыптастыру арқылы, Ресейге барынша тәуелді ету бағытынан бастау алады. Мұстафа Шоқайдыңкеңестік жер саясатының«Құлаған патшалық ескі саясатын еске түсіреді» деп сынағаны белгілі. Түркістанда «Орыс пролетариатыныңдиктатурасы» орнады дей келе, жаңа формадағы ұлт саясаты орыс өкіметініңпайдасына қызмет етуде деген тұжырымға келді. Демек, М. Шоқайұлы отаршылдық саясатты сезе де көре білген ұлт зиялысы ретінде күрес жүргізген. Осы жолда ойларын, пікірлерін ашық айтты. Бірақ оныңсын-пікірлері кеңестік билікке ұнамады. Соныңнәтижесінде ұлт зиялысы қуғындалды.
Қазақстан халқы үшін күрес жүргізген қазақ зиялыларының бірі С.Сғдуақасұлы партия басшыларының жүргізіп отырған солақай саясатына қарсы наразылығын білдіріп, орынды сынға алды. Оның ұлттық мғселеге байланысты жарық көрген «Большевик» журналындағы «О национальностях и националах» атты мақаласы болды. Автор өз еңбегінде Қазақстандағы айтыс-тартыс жағдайларыныңсебептерін дғлелдеуге тырысқан.
Кеңестік кезеңде халықтың хал-ахуалына назар аударып, ол үшін күрес жүргізген қазақ зиялыларының бірі М. Есболұлы Түркістан өлкесінің материалдары бойынша жер мғселесінің ушығуын сырттан ағылған көші-қоншылар санының артуымен тікелей байланыстырады. Автор нақты деректерге сүйене отырып, Түркістанды отарлау барысында көші-қон қозғалысына тартылған өзге жұрт өкілдерінің саны арта түскенін атайды. Келімсек атанған көші-қоншылардың барлық жері жергілікті халықтардың жерінен 15 есе артық екендігін дғлелдейді. Зерттеуші бір кездері Ресей империясынан кейінгі кеңестік қызыл империя жалғастырған орыс отаршылдарыныңорыс көші-қоншыларының санын арттыру арқылы жүзеге асыруға талпынғандығын да зерделейді.
1926 жылы Т. Шонанұлының «Қазақ жер мғселесі тарихы» деген еңбегінде аграрлық көші-қон патша өкіметінің отаршылдық саясатымен тығыз байланыста қарастырылып, қазақ жеріне қоныс аударылған келімсектерге көңіл аударған. Қоныс аудару саясатының нғтижесінде, Т. Шонанұлының пікірінше, «Қазақ жерлері отар аймаққа айналдырылып, қазақтар жерсіз қаңғырып өз атамекендерінен көше бастаған», қазақтардың өзі де көші-қон процестерінің иіріміне амалсыздан енгендігіне алғаш көңіл бөлді, қазақтар арасында сыртқа көшу жғне ішкі көші-қон процестерінің үдей түсуін отаршылдық саясатпен байланыстыра отырып: «Қазақты жерден қуып, қазақты переселенге айналдыру – отаршылдар жұмысының бірінші жемісі. Қазақтың отырған жерін жұрдай қылып талап, қазақты атамекенінен айдап, қолайсыз жерге ықтырып тастау – отаршылдар жұмысының екінші жемісі», - деп жазып, мғселені дғл басып көрсетті.
М. Тынышпаев Жетісу облысындағы қоныс аударушылардың тым көптігіне назар аударып, келімсектердің келуіне байланысты ғлеуметтік-экономикалық жағдайдың күрт төмендеуін ашып айтады. Аймақтағы шаруашылық құлдырап, құнарлы жерлер тартылып алынған соң, егіс-жайылым көлемі қысқартылып, халқы кедейленіп, адам танымастай өзгерген, - деп жазды.
Үкімет тапсырмасын орындап, Қазақстанның демографиялық жағдайын зерттегендер де болды. Мғселен, А. Донич өз еңбегінде 1926 ж. халық санағының материалдарын талдап, 1928 ж. дейінгі кезеңдегі халық санының өсу динамикасына назар аударды. Оның мғліметтеріне қарағанда, 1928 ж. күзіне дейін республика тұрғындары 6 миллион 507 адамды құраған, 3717094 адамы (51,1%) қазақтар, 1280000 адамы (19,7%) орыстар, 860978 адамы (13,2%) украиндар, 648923 адамы (10%) басқа ұлт өкілдері болған. Республика халқы санының тым аз өсіп, төменгі үлеске ие болуын автор механикалық өсіммен орынды байланыстырғанымен, табиғи өсімнің әсерін ашып бере алмаған.
Республикадағы 1924-1927 жж. ауыл тұрғындарының табиғи өсіміндегі ерекшеліктерін Н.Д. Трублаевич қарастырды. Ауыл тұрғындарының табиғи өсімі 1927 ж. 27,6 промильге ие болғандығын айқындап, оның ұлттар арасындағы ерекшелігіне тоқталды. Автордың көрсетуінше, осы жылдары табиғи өсім орта есеппен қазақтарда – 20,6 промиль, ұйғыр, дүнген жғне өзбектерде – 22,3, ал орыстарда – 30,6 промиль болған. 1920-жж. республика тұрғындары ішінде орыстардың табиғи өсімі жоғары болған. Бірақ, автор ұлттар арасындағы табиғи өсімнің ғркелкі көрсеткішке ие болу себептерін түсіндірмей, тек мғліметтер келтірумен шектелген. Демек, кеңестік өкімет жағдайында ашық жазу көпшілігіне мүмкін болмады.
Қазақстан халқы, оныңұлттық құрамы мен орналасуы мғселелері Т. Рысқұловтың 1927 ж. жарық көрген «Қазақстан» атты еңбегінде жғне М.О. Ғуезовтың 1930 жылы шыққан «Қазақстандағы ұлттар» деген кітабында көрініс тапқан.
Ә. Ғали өз зерттеуінде 1926 ж. халық санағына дейінгі сыртқы жғне ішкі көші-қон процестерінің ауқымын қарастырған. Оның көрсетуінше, 1926 ж. дейінгі аралықта 800 мыңнан астам адам республикаға келіп қоныстанған деген мәлімет келтірген.
Н.Ф. Базанованың еңбегінде көші-қондық процестер кеңес өкіметінің қоныс аудару саясатымен тығыз байланысты қарастырылып, көші-қонның Қазақстан халқы саны мен ұлттық құрамындағы өзгерістерге ғсері талданған. Автордың көрсетуінше, 1929 жылы Қазақ АКСР қоныс аудару басқармасы құрылғанға шейін, сырттан республикаға көші-қоншылардың ағылып келуі нғтижесінде ауыл тұрғындары 1920 жылдан бері қарай 26,4%-ға өскен.
Қазақстандағы ұжымдастыру науқаны мәселесін қарастырған Т. Омарбековтыңзерттеуінде зұлмат ашаршылық кезеңі қазақ тарихында үлкен демографиялық апатқа әкелгендігі баяндалады. Зерттеушініңқарастыруынша, 1930-1933 жылдары негізінен қазақтардан тұратын ауыл халқының3 миллион 379, 5 мыңадамға кемігендігін атайды. Мұның1 миллионнан астамы босқындар, - дейді.
Зерттеуші ғалым Т. Омарбеков осы мәселеге байланысты М. Тәтімов пен сонау 1930-жж. Қазақстанныңхалық шаруашылығы есебі басқармасын басқарған К. Саматовтыңесептеулері бір жерден шығып, 1930 ж. Қазақстанда еңкемі 4 миллион 170 мыңқазақ өмір сүргендігін дәлелдеді, - дейді. Автордыңпікірінше, осы көрсетілген санныңтеңжартысы қырылған. Өйткені, босқындардыңтірі қалғандары (Қазақстанныңішіндегі 300 000 дай адам) республикаға қайта оралған тағ
12345След.
скачать работу

Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ