Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі

да әлі де болса толық бағасын алмаған күрделі мәселелердіңбірі деп, осы тыңмәселесініңкүнгейі мен көлеңкесін анықтауға арнайы тоқталған. Ғалымныңкөрсетуінше, тыңигеру тарихы сол кездегі идеологияға сай асыра бағаланып, бір жақты, тек жағымды жақтардан қаралғаны мәлім, - дейді.
Осы аталған кезеңге байланысты тарихшы-демограф ғалым А.И. Құдайбергенова 1955 жылы Қытайдан Қазақстанға қоныс аударылғандардыңсаны 240 мыңнан асты деген мәліметті мұрағат деректеріне сүйене отырып дәлелді көрсете білген.
Соғыстан кейінгі уақыттағы көші-қонныңөз алдына ерекшелігі бар. Мәселен, соғыс аяқталса да Қазақстанға көшіріліп келген арнайы қоныс аударылған ұлттар болды. Сондай-ақ, тыңигерумен байланысты көші-қон толқыны жүргендігі көрсетілді.
«Көші–қон және ұлттық құрамдағы өзгерістер» деп аталатын тараушада 1946 ж. 1 қаңтарда ҚазССР Министрлер Кеңесі жанындағы Көшіру-қоныстандыру бөлімініңбастығы Д. Родинніңжасаған баяндамасында Республикаға арнайы қоныс аударылғандар ретінде 107272 отбасы (412 191 адам) тіркелгендігін айтылған. 1946 ж. ішінде арнайы қоныс аударылғандардыңсаны өзгеріп отырды. Мәселен, 5955 отбасы (23362 адам) келіп, 7135 отббасы (33102 адам) кеткен. Ал, өлгендер саны – 7271 адам деп көрсеткен.
1947 ж. 1-қаңтардағы мәлімет бойынша, Қазақстандағы арнайы қоныстанушылардыңұлттық құрамы төмендегідей болды: шешен-ингуштар 32650 отбасы немесе 317375 адам, балқарлар 4924 отбасы немесе 17269, қарашайлар 9450 отбасы немесе 34387 адам, қалмақтар 752 отбасы немесе 1937 адам, Грузиядан 6835 отбасы немесе 27256 адам, бұрынғы Қырым АССР-нан 1431 отбасы немесе 4227 адам – барлығы 402451 адам немесе 106092 отбасы.
1948 ж. Қазақстанға Украина, Мәскеу, Ленинград, Ордженикидзе, Ферғана, Саратов тағы басқа жақтардан 192 адам әкелінді. Олардыңішінде орыс, украин, поляк, татар, балгар, неміс, грек, беларус, латыш, венгер, ингуш, қазақ, кәріс, эстон, еврей ұлтыныңөкілдері болды. Осы жылы бұрын қудаланып келген 102537 поляк адамдары атамекендеріне қайтарылды.
Мұрағат деректеріне қарағанда республикада 1949 ж. шешен-ингуштердіңсаны көп болған. Олар облыстарда барлығы – 11007 отбасы 37386 адам деп көрсетілсе, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті бірінші хатшысы П.К. Понамаренконыңатына жолданған есеп беру мәліметтерінде 1949 ж. 1 қыркүйегінде республикада арнайы қоныстанушылардың250428 отбасы (892671 адам) тұрды. Осы аталған арнайы қоныс аударушылардыңішінде шешен-ингуштар – 306994 адам, немістер – 417478, гректер – 37108, қарашайлар – 33783, балқарлар – 17856, поляктар – 32652, қалмақтар – 2269, Грузиядан көшірілгендер – 29832, Қырымнан – 6149, власовшылдар – 1077, оуновецтер – 7474, литвалық – 2 адам тіркелді.
Қазақстандағы тыңигеруге байланысты 1954 ж. 27 ақпанында Украинадан комсомолдар тобы Қостанайға келді. Одан кейін наурыз айында Мәскеу және Украинадан 4000 мыңнан астам еріктілер келіп, 6691 адамды құрады.
Мұрағат қорларында сақталған деректерге қарағанда, 1954 ж. 1 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында 30272 арнайы қоныстанушы тіркелген. Яғни, бұлар соғыс уақытында қуғындалып келген арнайы қоныстанушылар екендігі байқалады.
1954 ж. 20 желтоқсанда Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің№ 915 қаулысы бойынша, Украинадан 2000 отбасы, Беларусиядан 1000 отбасы қоныс аударылып келеді деп күтілді. Бірақ, іс жүзінде Украинадан 1790, Беларусиядан 1100 отбасы және ішкі көші-қонда 455 отбасы келді. Демек, бұл көші-қон қозғалысына тартылғандар тыңжәне тыңайған жерлерді игеру мақсатында келген сияқты болып көрінгенімен түпкі мақсат орыстандыру екендігінде күмән жоқ.
1955 ж. соңында Көкшетау облысыныңКөшіру-қоныстандыру бөліміне жолдаған өкімет адамдарыныңтүсініктеме хатында 1954 ж. облысқа 1581 отбасы (6752 адам) қабылданған.
1955 жылы Солтүстік Қазақстан облысыныңКөшіру-қоныстандыру бөлімініңОрталық партия Комитетіне жолдаған түсініктеме хатында облысқа Беларусиядан 1180 отбасы, Украинадан – 89 отбасы, ішкі көші-қонда 312 отбасы әкелінгенін баяндаған. Яғни, бұл көші-қон толқынында келгендер соғыстан кейінгі уақыттағы республика шаруашылығын қалпына келтіруге және тыңигеруге байланысты көшірілгендер еді.
Арнайы қоныстанушылардыңАлматы облысындағы жағдайы бойынша мынандай деректер бар: 1955 ж. 1 қаңтарда Алматы облысында арнайы қоныстанушылар 34563 адам болған.
1955 ж. 20 мамырда Семей облысындағы арнайы қоныстанушыларды анықтау кезінде облыс бойынша 30573 адам болды. Соныңішінде шешендер – 10453, немістер – 19890, басқалары – 230 адам екен. Мұндай деректерге қарағанда Қазақстанныңәр облысына жоспарлы ретпен көші – қон толқыны келгендігі байқалады.
1955 ж. 1 қыркүйекте Ақмола облысында 68409 адам арнайы қоныстанушылар болса, олардың20854-і шешен-ингуштер, басқалары – 7047 адам екендігі анықталған. Арнайы қоныстанушыларды өкімет адамдары өте қатты қадағалаған.
1955 ж. 6 қыркүйекте Қостанай обылысы бойынша 44072 адам арнайы қоныстанушы ретінде тіркелген, оныңішінде 15700 адамы Солтүстік Кавказдықтар болған. Ал, осы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 62632 арнайы қоныстанушы тұратындығы белгілі болған.
1955 ж. 20 қыркүйегінде Атырау облысында 5154 адам арнайы қоныс аударылғандар есебінде тіркелген. 1956 ж. Батыс Қазақстан облысында қоныстанушылар саны 1302 отбасын құрады. Олардыңішінде 1954 ж. 5960 отбасы қабылданған. 1955 ж. Украинадан – 111 отбасы, Беларусиядан – 86 отбасы, ішкі – көші қонда 468 отбасы, 1954 ж. басқа республикалардан – 585 отбасы көшіріліп қоныстандырылды. 1956 ж. бұлардан 396 отбасы сыртқа көшкен.
1958 ж. басқа жерден келгендер облыстар бойынша былайша орналасқан: Алматы – 500 отбасы, Ақмола – 1650, Ақтөбе – 1200, Шығыс Қазақстан – 1000, Атырау – 400, Жамбыл – 1400, Батыс Қазақстан – 900, Қарағанды – 1050, Қызылорда – 200, Көкшетау – 750, Қостанай – 230, Павлодар – 1050, Солтүстік Қазақстан – 1600, Семей – 900, Талдықорған – 300, Оңтүстік Қазақстан – 3500 отбасы әкелінді, барлығы – 18700 отбасы болды.
Көшіру-қоныстандыру бөлімініңмұрағат қорында сақталған деректерінде 1959-ж. 1-мамыр күніне дейін Қазақстанныңоблыстарына Украинадан, Беларуссиядан, Молдавиядан, Литвадан, сондай-ақ, Қазақстанныңөз ішінен барлығы 13716 отбасы көшіріліп келген.
1954 ж. Кеңес ОдағыныңМинистрлер Кеңесінің16 сәуірдегі № 751-329 сс бұйрығымен Қытай Халық Республикасынан маусым-тамыз айларында «кеңес азаматтарын» тыңигеруге көшіру туралы қаулы қабылданды. Соған сәйкес 1954-1955 жж. Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға 11945 отбасы (65564 адам) кешіріліп келді. Олардан колхоздарға 3513 отбасы және совхоздарға 8432 отбасы орналастырылды. Осы тұста Қазақстан Орталық партия Комитеті қызметкерлерініңанықтауынша республиканың9 облысына (Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Семей және Талдықорған) орналастырылып, жұмыспен, баспанамен қамтамасыз етілген.
1957 ж. Қытай Халық Республикасынан келгендер саны мұрағат деректерінде кездеседі. Мәселен, осы жылы Қазақстанныңоблыстарына барлығы – 18500 отбасы көшіріліп келді. Демек, Қытай Халық Республикасынан көші-қон толқыны жылма-жыл келгендігін байқаймыз.
1959 ж. Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға әр облыстар бойынша шашыратып орналастырғанда 6680 отбасы (37998 адам) келді. Яғни, мұрағат деректеріне қарағанда, 1953-1958 жж. аралығында Қазақстанға 82225 отбасы келіп, 13792 отбасы кері көшкен [19].
1959 ж. Бүкілодақтық халық санағында көп ұлтты республикаға айналған Қазақстандағы ұлттардыңсандық көрсеткіші мынандай болды: беларустар – 107463, украиндар – 163131, кәрістер – 74019, поляктар – 53102, әзірбайжандар – 38562, мордвалар – 14844, армяндар – 9204, күрдтер – 6109, грузиндер – 3467, дағыстандар – 3254, қытайлар – 3158 және тағы басқа ұлт өкілдерініңкөп сандық мөлшерде қазақ жерінде болуы кеңес өкіметініңжүргізген ұлт саясатына байланысты болды. Соныңнәтижесінде Қазақстан халқыныңұлттық құрамы айтарлықтай өзгеріп, демографиялық ахуалы сандық және ұлттар арасындағы үлес салмағында айырмашылықтар байқалды.
«Көшірілген халықтардыңқұқықтық жағдайы» деген тараушасында 1926-1959 жж. аралығындағы көші-қон қозғалысы кеңес өкіметініңұстанған ұлт саясатымен тікелей байланысты болғаны көрсетілген. Қуғындалған халықтардыңішінде түрлі этникалық топтар, әлеуметтік жіктер, тұтастай ұлттар бар еді. Бұлардыңбарлығы дерлік тоталитарлық режим тарапынан қудалауға ұшыратылып, құқықтық жағдайлары аяқ асты етілді.
Қазақстанға жер аударылғандардыңтұрмыстық тіршілігін жаңа қоныстанған жерлерінде Ішкі істер министрлігінің(ІІХК) арнайы комендатуралары бақылауға алып, тексеріп, отырды. Сондықтан, айырылып қалған туысқандарымен табысу, емделу және тағы басқа жағдайларда қоныстанушылар үнемі комендатураныңрұқсатын алуға мәжбүр болды. Олар тұрағыныңжәне жұмыс орныныңауысуы жайлы да үш күн ішінде комендатураға хабарлауы тиіс болды.
Орналасқан жерлерінде көшірілгендердіңсаяси құқықтық жағдайы өте ауыр еді. Олар ешқайда кетуге еркі болмады. Мәселен, Кеңес Одағы Жоғары КеңесініңТөралқасының1948 ж. 28 қарашадағы «Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Одағыныңшалғай аудандарына міндетті қоныс аударылғандардыңбарған жерлерінен қашып кетулеріне байланысты қылмыстық жауапкершілік жағдайы» жарлығында былай деп көрсетілген: «Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесініңбелгілеген шалғай аудандарға міндетті түрде қоныс аударылған қалмақтардың, немістердің, қырым татарларыныңбарған жерлерінде тұру мерзімі көрсетілмеген, себебі олар сол жерден енді қайтпай, онда тұрақты тұратын болады».
Кеңес Одағы Мемлекеттік Қауіпсіздік Министрлігінің1951 ж. 25 қазандағы № 00776 бұйрығында көрсетілгендей Жоғары Кеңес Төралқасының1951 ж. 9 қазандағы
Пред.6789
скачать работу

Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ