Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі

нұсқауы бойынша күштеп көшірілгендердің, яғни, неміс, шешен, қалмақ, қарашай, түрік, грек, қырым татарлары және басқаларыныңкөшірту нәтижесінде қоныстанған жерлерінде мәңгілік қалдырылатыны, сондай-ақ, күштеп көшірілгендердіңжұмыс істейтіндері кәсіпорын құрылыс аяқталғанға дейін, одан соңбасқа да осындай жұмыстарға қалдырылатыны ашық айтылған.
Сталиндік жаппай қыру (террор) құрбандарын ақтау ісімен ресми органдар 1953 ж. бері айналысып келеді. Бірақ бұл процесс саябыр тартты да ақтау ісі жазықсыз жазаланғандар мен олардыңтуыстарыныңжеке өтініштері бойынша ғана жүзеге асты.
1954 ж. 5 шілдесінде Одақтағы Орталық партия Комитеті «Арнайы қонысаударылғандардыңқұқықтық жағдайындағы кейбір шектеулерді алып тастау» туралы және 1955 ж. 29 маусымында «Арнайы қоныс аударылғандар арасында жаппай үгіт-насихат жұмысын күшейту» жөнінде қаулылар қабылданды. Міне, осындай шектеулер алынғаннан кейін Ақмола обылысынан 4149 адам сыртқа көшіп кеткен. Яғни, кеңестік жүйеніңтоталитарлық режимімен қудаланып, қатаңбақылауда ұсталғандардыңотандарына оралуына бірқатар жағдайлар жасала бастағандықтан олар сыртқы көші-қондағы қозғалысқа тартылды.
1955 ж. 13 желтоқсанда немістердіңжәне олардыңотбасыларына құқықтық бостандық берілді. 1956 ж. 28 сәуіріндегі Кеңес Одағы Жоғары КеңесініңТөралқасы қаулысында жер аударылып, арнайы қонысқа жіберілген қалмақтардың, қырым татарларының, түріктердіңжәне олардыңотбасыларына қойылған құқықтық шектеулер жойылды. Сол сияқты 1956 ж. 27 наурызда грек, болғар, армян және олардыңотбасыларына қойылған бұрынғы қатаңшектеулерді алып тастау туралы арнайы қаулылар қабылданды. Міне, осындай заңды күші бар қаулылар шыққаннан кейін ғана күшпен көшірілгендер өз бас бостандықтарын алды. Осыдан кейін жер аударылғандардыңтұрмыстарына көңіл бөлініп, жағдайлары оңала бастады. 1956-1957 жж. Украина, Молдавия, Литва, Латвия, Эстония елдерінің Жоғарғы Кеңесінің Төралқалары комиссиялар құрып, жазықсыз қудаланған отандастарын қайтарып алу мақсатында талпыныстар жасады. Соның нғтижесінде 1948-1952 жж. қуғындалған латыш, эстон, литвалық, мордвалардың құқығы қайта қалпына келтіріліп, халықтар өз тарихи атамекендеріне қайтуға мүмкіндіктер алды.
1957 ж. 11 ақпанда Кеңес Одағының Жоғары Кеңесінің шешімімен «балқар, шешен, ингуш, қалмақ жғне қарашай автономиялары қалпына келтірілсін», - деген қаулы қабылданды. 1958 ж. Кабардин-Балқар АССР-ның Обкомы мен Министрлер Кеңесі Қазақстан мен Қырғызстаннан балқар ұлтының өкілдерін қайтарып алу жөнінде қаулы қабылдады. 1958 ж. 16 наурызда Қазақстаннан балқарлардың 4291 отбасы (16659 адам) қайтарылуы тиіс болды. 1958 ж. сғуірде балқар отбасылары қайтарылды, олардың 1958 ж. 1 қаңтарына дейін барғандарын қосқанда – 5706 отбасы (21966 адам) болды.
Көші-қон процесінде кері қайтуға өкімет тарапынан берілген рұқсат 1960 ж. 7 қаңтарда Кеңес Одағының Жоғары Кеңесі төралқасының шешімімен «арнайы қоныс аударушылар» деген айыптауларды Украина, Эстония, Латвия, Литва жерлерінен келген көші-қоншылардан алынсын деп бұйрық берілді. Міне, сол өзгерістерден кейін ғана бұл халықтардыңшектеулері алынып, құқықтары теңестіріліп, ІІМ бақылауынан босатылды.
Қорытындыда Қазақстандағы 1926-1959 жж. аралығындағы көші-қон процестерініңнәтижелері жайлы тұжырымдар, сондай-ақ, мәселеніңтарихнамасына қатысты түйіндер де жасалған.
- Көші-қон процестерініңтарихнамасын талдау мәселесініңнегізгі желісін, оныңелеулі жеке құбылыстары дұрыс пайымдауға жол ашып, оныңәлі де зерттеле түсуі тиіс проблемаларын көрсетеді.
- Көші-қон қозғалысыныңнәтижесінде Қазақстандағы ұлттардыңара салмағында өзгерістер болды. Мәселен, 1926 жылғы санақта қазақтар – 55,6%, 1939 жылы 38%, 1959 жылы қазақтар – 30%, құрады. Яғни, өзге ұлт өкілдерініңреспубликамызға көптеп көшірілгендігі байқалады.
- Сыртқы көші-қон процесінде Қазақстанныңтерриториясынан шығып кеткендер саны 100 мыңнан аса болғандығын ғалымдар әртүрлі мәліметтерге сүйене отырып көрсеткен. Шетел асқан қазақтардыңқырылғаны бар, босқыншылыққа түскені тағы басқасы бар, сол көрсеткіштен артық болмаса, кем түспейді.
- Екінші дүниежүзілік соғыс жағдайына байланысты республикамызға эвакуацияланғандар саны 1941-1943 жж. аралығында 484149 адам болса, кеңестік жүйеніңдепортациясына ұшырап, қуғындалған халықтар одақ бойынша 100% деп алсақ, 1949 ж. 1-қаңтарындағы мәлімет бойынша 36% Қазақстанға тиесілі болған.
- 1953-1959 жж. Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға келгендер саны 100 мыңнан аса көрсеткіште болғандығына мұраға қорларында сақталған деректер дәлел бола алады. Осы аталған жылдар аралығындағы көші-қонда қазақтармен бірге орыс, татар, ұйғыр, дүнген, өзбектер де келгендігі көрсетілді.
- Соғыстан кейінгі 1946-1959 жылдар аралығындағы көші-қон қозғалысында елімізге 1 миллионнан аса өзге ұлт өкілдері қонысаударылғандығы анықталды.
- Көшірілген халықтардыңқұқықтық жағдайы кеңестік кезеңде өрескел іс-әрекеттермен бұзылып, қуғын- сүргінге ұшыратылғандығы анықтала түсті.
- Көп ұлтты Қазақстан халқыныңбілім деңгейі, мамандықты құрылымы, ұлттар арасындағы қарым-қатынастыңерекшелігі тіпті тіл мәселесініңтуындауы да сол кездегі партия басшылығымен жүргізілген көші-қон саясатыныңзардабы екендігі нақтыланды.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі:

1 Депортация: Қазақстанға қоныс аударылған иран ұлтыныңөкілдері // ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы, 2003. -№ 1. -128-130-бб.
2 Депортацияланған халықтар және Қазақстан // Қазақ Ордасы, 2003. -№ 3. -53-55-бб.
3 Қаралы кезеңдегі Халық санағы // Қазақ тарихы, 2004. -№ 6. -122-124-бб.
4 Қазақстандағы көші-қондық процестердіңзерттелуі / Бекмаханов тағылымы – 2004. Халықаралық ғылыми конференция материалдары. -2004 ж. 18-19 мамыр. –Алматы: Қазақ университеті, 2004. -290-293-бб.
5 Қазақстанға депортацияланған ұлттардыңдемографиялық жағдайға тигізген әсері / “Гуманитарлық және құқықтық білімдердіңәлеуметтік-мәдени проблемалары”. Қазақ гуманитарлық заңуниверситетініңон жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясыныңматериалдары. -2004 ж. 20 қазан. –Астана: КазГЗУ, 2004. -118-123-бб.
6 Көші-қон процесініңҚазақстан ұлттық құрамына тигізген әсері // “Қазақстан және әлем: тарих және заман” Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияныңматериалдары. -2004 ж. 22 желтоқсан. -Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2005. -40-43-бб.
7 Қазақстанныңұлттық құрамындағы өзгерістер // “Қазақстан жалпы адамзаттық ойлау аясында” атты Халықаралық Бекмаханов оқуларыныңматериалдары. -2005 ж. 25-26 мамыр. –Алматы: Қазақ университеті, 2005. -176-180-бб.
8 Көші-қон процестерініңтарихнамасы // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. -2005. -№2. -33-35-бб.
9 Көші-қондық үрдістердіңзерттелуі // Қазақ тарихы. -2006. -№ 6. -65-68-бб.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Тынышпаев М. История казахского народа: Учеб. пособие. -Алматы: Қазақ Университеті, 1993. -С.224; Шонанұлы Т. Жер тағдыры – ел тағдыры. -Алматы: Жазушы, 1999. -224 б.; Есболұлы М. Түркістанда келімсектерге арналған аудандарда жер мғселесі. -Ташкент: Түркістан Мемлекеттік баспасы, 1923. -62-б.; Асфендияров С. История Казахстана. 2-е издание. -Алма-Ата: Қазақ Университеті, 1993. -304 с.; Рысқұлов Т. Собрание сочинений. В 3-х томах. -Т.2. -Алматы, 1997. -350 б.; Сғдуақасұлы С. Таңдамалы. 2-том. –Алматы: Алаш мұрасы, 1993. -86-б.
2 Донич А.Н. Народонаселение Казахстана // Народное хозяйство Казахстана. -Кзыл-Орда, 1928. -№ 11-12. -4-39-бб; Турблаевич Н.Д. Естественное движение сельского населения Казахской ССР за 1924-1928 гг. // Народное хозяйство Казахстана, 1930. -№ 1-2. –C. 91-99.
3 Нусупбеков А.Н. Формирование и развитие советского рабочего класса в Казахстане (1917-1940 гг.). -Алма-Ата: Наука, 1996. –С. 241; Абжанов Х.М. Сельская интеллигенция Казахстана в условиях совершенствования социализма. -Алма-Ата: Наука, 1998. -192 с. и.др.
4 Гладышева Е.Н. О взаимовлиянии миграции национального состава населения. -М.: Статистика, 1973. -256 с.; Бекмаханова Н.Е., Кабузан В.М. Русско-украинская миграция в Казахстане в ХІХ начало ХХ вв. // Известия АН КазССР. Серия общественных наук, 1982. -№ 2. –С.20.
5 Абылхожин Ж.Б., Козыбаев М.К., Татимов М.Б. Казахстанская трагедия // Вопросы истории, 1989. -№ 7. –С.25-36.; Абжанов Х.М. О чиленности и составе сельской интеллигенции Казахстана (40-50-е гг.) // Известия АН КазССР. Серия обществ. наук, 1989. -№ 4. -С. 23-29.
6 Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980 гг.). -Алма-Ата: Ғылым, 1991. -252 с.
7 Қойгелдиев М.Қ., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? -Алма-Ата: Ана тілі, 1993. -208 б.
8 Алексеенко Н.В. Сельское население Казахстана. Автореф. ... д.и.н. -Алматы, 1994; Такижбаева Н.З. Изменение социальной и национальной структуры сельского населения Казахстана (1946-1992 гг.). Автореф. ... д.и.н. -Алматы, 1999. –С.21.
9 Айымбетов С. 1926-1939 жылдар аралығындағы Қазақстан халқының этно-демографиялық жғне ғлеуметтік құрамындағы өзгерістер. Т.ғ.к. дисс. -Алматы, 1998. -190 б; Кожекеева Л.Т. Изменения в социально-демографической структуре населения Казахстана накануне и в годы Великой Отечественной войны (1939-1945). Автореф. ... к.и.н. -Алматы, 1997. -147 б; Козыбаев М.К., Алдажуманов К.С. Тоталитарный социализм: реальность и последствия. -Алматы: Фонд «ХХ век», 1997. -28 с.
10 Сдыков М.Н. Население Западного Казахстана. История и формирования и развития (1897-1989 гг.). -Алматы: Ғылым, 1995. -220 б; Төлекова М.К. Жетісу өңірі халқының ғлеуметтік-демографиялық дамуы (1897-1999 жылдар). Т.ғ.д. ... автореф. -Алматы, 2003. -51 б.
11 Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождени
Пред.6789
скачать работу

Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ