Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қырғыз Республикасының Су Кодексі

бап. Су ресурстары мен су қорының жерлеріне меншік иесі

1. Қырғыз Республикасының су ресурстары мемлекеттің жеке және ажырамас меншігі болып табылады. Әрқайсы осы Кодекстің ережелеріне сәйкес мемлекетік шекарасы шегінде су ресурстарын пайдалану құқығы бар.
2. Су нысандарымен немесе мемлекеттік ирригациялық, дренаждық жүйелерімен және су шаруашылығы имараттарымен қамтылған су қорының жерлері жеке мемлекеттің меншігі болып табылады.

5 бап. Су ресурстарын басқару және бассейндік көзқарас

1. Су ресурстарын басқару – бұл осы Кодекске су ресурстары мен қоршаған ортаны қорғау, тиімді пайдалану, дамытуды, адамдар денсаулығын қорғауды, сондай-ақ жергілікті мекендерді, өнеркәсіптік аумақтарды және барлық меншік түрлерін судың қауіпті әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін басқада нормативтік құқықтық актілерге сәйкес шаралар, нормалар мен тәртіптердің кешенді жүйесі.
2. Бассейндік көзқарас су ресурстарын пайдалануды басқару және қорғау Қырғыз Республикасының негізгі өзендері мен Иссык-Көл көліне қатысты гидрографиялық қағида бойынша негізгі өзен аумағының шекарасында жүзеге асырылады.  Су бойынша Ұлттық кеңестің негізгі ұсыныстары негізінде Қырғыз Республикасы Үкіметі әр бассейндік су әкімшілігі мен бассейндік кеңесі қызметінің аймағын белгілейді. Қабылданған шешім ресми басылымда жарияланады.
3. Әр негізгі бассейнде тиісті бассейндік су әкімшілігі мен бассейндік кеңес осы Кодекстің ережелеріне сәйкес су ресурстарын басқару бойынша нақты аспектілерге жауап береді.
4. Министрліктер мен әкімшілік ведомствалардің мемлекеттік әкімшілік және аумақтық органдардың жергілікті органдар шешімі осы бапқа және су ресурстарын басқару бойынша бассейндік көзқарасқа сәйкес қабылданады.

6 бап. Су ресурстарын басқарудың қағидалары

Су ресурстарын басқару мына қағидаларға негізделеді:
- қатысу қағидасы: барлық мүдделі тұлғалар шешімдерді жоспарлау және қабылдау барысына қатысуы тиіс;
- суға тұтынушылық есеп принципы:  су ресурстарын пайдалану және қорғау бойынша шешім қабылдаған кезде осы шақтағы және келешек ұрпақтың тұтынушылығын ескерілуі керек;
- су ресурстарының экономикалық құндылықтарының принципы: су ресурстарын пайдалану және қорғау бойынша жоспарлауда, шешім қабылдауда және қфзметті жүзеге асыруда су ресурстарының экономикалық құндылығы ескерілуі тиіс;
- ластануға төлем жүргізу принципы:  су ресурстарын ластаушы адамдар табиғатты пайдалану сияқты қашыртқыға төлем жүргізуі тиіс;
- шешім қабылдауда алдын ала ескерілуі тиіс: толық ғылыми ақпараттың кемшілігі су ресурстарына, қоршаған ортаға немесе адамдар өміріне үлкен зиян келтіру қауіпі бар жерде тиімді шараларды қабылдаудан бас тарту немесе кейінге шегіндіру үшін себеп болып табылмауы тиіс;
- нақты кепілдіктер принципы:   олардың құқықтары мен заңды қорғауды іске асыруда нақты кепілдіктермен суды пайдаланушыларды қамтамасыз ету;
- рұқсат ету принципы:  су нысандары мен су ресурстарын пайдалану және жағдайы туралы ақпарат қоғамдастық өкілдеріне рұқсат етілуі тиіс.

2 ТАРАУ. СУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ

7 бап. Су ресурстарын басқару саласында Қырғыз Республикасының Жогорку  Кенеш құзыреті
Қырғыз Республикасының Жогорку  Кенеш құзыретіне енеді:
- су заңнамасына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу, әзірлеу, қабылдау;
- су қатынастары саласында халықаралық шарттарды бекіту және күшін жою;
- ирригация және дренажға жыл сайынғы дотацияны бекіту;
- табиғи ресурс ретінде суды пайдалануға төлем көлемін белгілеу.

8 бап. Су ресурстарын басқаруда Қырғыз Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қырғыз Республикасы Үкіметінің құзыретіне енеді:
- су ресурстарын басқару гидрографикалық принципі негізінде басты бассейндердің аумақтық шекараларын бекіту;
- Су жөнінде Ұлттық кеңесті құру;
- бассейндік кеңес туралы ережені бекіту;
- осы Кодексті іске асыру мақсаты үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарды анықтау;
- су ресурстары мониторингінің жүйесін белгілеу;
- мемлекеттік су шаруашылығы бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру, оларды инвестициялау және қаржыландыру;
- суды пайдалануға арнайы рұқсатты беру;
- осы Кодексте анықталған басқада міндеттерді орындау.

9 бап. Су жөніндегі Ұлттық кеңес және оның құзыреті

1. Қырғыз Республикасы Үкіметі келесі міндеттерді шешу үшін су жөніндегі Ұлттық кеңесті құрады:
- су ресурстарын басқару, оларды пайдалану және қорғау жөніндегі министрліктердің, әкімшілік ведомстваларды және басқада мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
- басты бассейндердің гидрогеографикалық шекараларын белгілеу бойынша ұсыныстарды дайындау және Қырғыз Республикасы Үкіметіне ұсыну;
- Ұлттық су стратегиясы жобасын дайындау және Қырғыз Республикасының Президентіне бекітуге оны ұсыну;
- заң жобасын дайындау және оны Қырғыз Республикасы Үкіметіне ұсыну;
- Мемлекеттік су әкімшілігі қызметін қадағалау;
- осы Кодексті іске асыру үшін ережелер мен нұқсаулықтарды әзірлеу;
- осы Кодексте анықталған басқада міндеттерді орындау.
2. Су жөніндегі ұлттық кеңес қаржылық аспектілер мен мемлекеттік қауіпсіздікті қоса су ресурстарын басқаруға жауапты министрліктердің басшыларынан, әкімшілік ведомствалардан және басқада мемлекеттік органдардан тұрады. Кеңес құрамы Қырғыз Республикасы Үкіметімен анықталады.
3. Су жөніндегі Ұлттық кеңестің төрағасы ретінде Қырғыз Республикасының Премьер-министрі, оның орынбасары – Мемлекеттік су әкімшілігінің басшысы болып табылады.
4. Су жөніндегі Ұлттық кеңес жылына бір реттен кем емес жиналады. Су жөніндегі Ұлттық кеңестің қызметі Қырғыз Республикасы Үкіметімен бекітілген ережемен, осы Кодекспен және оларға сәйкес қабылданған Қырғыз Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
5. Су жөніндегі Ұлттық кеңес Ұлттық су стратегиясын дайындау немесе осы Кодекске сәйкес өзінің міндеттерін орындау үшін қажетті министрліктен, әкімшілік ведомствадан, басқада мемлекеттік органдардан және қоғамдық ұйымдардан кез-келген ақпаратты, мәліметті, шолуды, сондай-ақ техникалық және кеңес беру көмегін алуға құқы бар.
6. Мемлекеттік су әкімшілігі су жөніндегі Ұлттық кеңестің хатшылығы қызметін жүзеге асырады.

10 бап. Бассейндік кеңестер және олардың өкілеттілігі

1. Су жөнінідегі Ұлттық кеңестің су қатынастарын реттеудегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру үшін Мемлекеттік су әкімшілігінің ұсынысы бойынша әр басты бассейн үшін бассейндік кеңес бекітіледі.
2. Әр бассейндік кеңеске бассейндік су әкімшілігінің, қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік органның, төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік органның, гидрометерология бойынша мемлекеттік орган, гидрогеология бойынша мемлекеттік орган, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық орган аумақтық құрылымдары аталған басты бассейнде қызметін жүзеге асыратын, жергілікті мемлекеттік әкімшілігі өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар және суды пайдаланушылар, суды пайдаланушылар қауымдастығын қоса өкәлдері енеді.
Бассейндік кеңес төрағасы бір уақытта бассейндік су әкімшілігінің бастығы болып табылады. Кеңестің төрағасының орынбасары бассейндік кеңес мүшелерінен ішінен сайланады.
3. Бассейндік кеңестердің міндеттері болып табылады:
- Су жөніндегі Ұлттық кеңеске бассейндік жоспарды әзірлеу және ұсыну;
- Қырғыз Республикасы Үкіметімен бекітілген бассейндік кеңес қызметі жөнінде процедуралық тәртіптер жобасын әзірлеу;
- басты бассейн ішіндегі су секторында қызметті үйлестіру;
- ирригация және дренаж бойынша бассейндік және жергілікті комиссия құрамын бекіту;
- осы Кодексте анықталған басқада міндеттер.
4. Бассейндік кеңестің отырысы жылына бір реттен кем емес өткізіледі.
5. Сәйкес бассейндік су әкімшілігі бассейндік кеңес хатшылығы қызметін жүзеге асырады.
6. Қырғыз Республикасы Үкіметімен бекітілген ережемен бассейндік кеңестің қызметі реттеледі.

11 бап. Мемлекеттік су әкімшілігі және оның құзыреті

1. Су ресурстарын басқаруға жауапты мемлекеттік орган Мемлекеттік су әкімшілігі болып табылады.
2. Мемлекеттік су әкімшілігінің құзыретіне енеді:
а) су ресурстарын басқару саласында:
- Су жөніндегі Ұлттық кеңес хатшылығы қызметін жүзеге асыру;
- бассейндік кеңес жұмысына қатысу;
- мониторинг және жоспарлау бойынша қызметті жүзеге асыру;
- су ресурстарын пайдалануды басқару және реттеу;
- жер асты суларын пайдалануды реттеу;
- сарқылу және ластанудан су ресурстарын қорғау жөнінде міндеттерді іске асыру;
- қорғау аймақтары режимін белгілеу және сақтау жөнінде міндеттерді іске асыру;
- төтенше жағдайлар шартында іс-шараларды жүзеге асыру;
- бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді іске асыру;
- су қоры жерлеріне қатысты қызметті жүзеге асыру;
- мемлекеттік су инспекциясы қызметіне басшылық жасау;
- су ресурстары туралы ақпараттық жүйелерді басқаруға қатысу;
- осы Кодекстің тарауына сәйкес уақытша ережелерді іске асыру;
- Қырғыз Республикасы Үкіметінің және Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешиің құзыретіне осы Кодекспен жатқызылмаған су қатынастарын реттеу;
- суды пайдалануға рұқсатты беру;
б) ирригация, дренаж және басқада су шаруашылығы қызметі саласында:
- ирригациялық, дренаждық жүйе және су шаруашылығы имараттарын ұстау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, оңалту, жобалау және салу;
- мемлекетаралық мәні бар ирригациялық, дренаждық жүйелер мен су шаруашылығы имараттарын ұстау;
- суды пайдаланушылармен әзірленген суды жеткізуге жыл сайынғы шарттармен және келісімдерге сәйкес суды жеткізу;
- суды жеткізуге келісімдерге сәйкес суды пайдаланушылармен

12345След.
скачать работу

Қырғыз Республикасының Су Кодексі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ