Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қырғыз Республикасының Су Кодексі

егенде, өтемақы алуға құқы бар.

29 бап. Суды пайдалануға рұқсатты ұзарту

1. Рұқсатты берген мерзім өткенге дейін он екі айдан кешіктірмей оның иесі аса қысқа уақытқа немесе келесі он бес жыл кезеңіне рұқсаттың мерзімін ұзартуға Мемлекеттік су әкімшілігіне өтінім беруіне болады.  Өтінімге Қырғыз Республикасының Үкіметімен бекітілген ережелермен анықталған құжаттар қоса беріледі. Өтінім берген уақытта суды пайдалануға сәйкес рұқсат өтінімді соңына дейін қараған уақытқа өз күшінде қалады.
2. Мемлекеттік су әкімшілігі суды пайдалануға рұқсат мерзімін ұзартады, сәйкес бассейндік жоспарда белгіленген басымдылықтан басқа қолданыстағы рұқсатқа қарсы су көлемін төмендету қажет болған жағдайда немесе рұқсаттың мерзімін ұзартудан бас тарту үшін мәнді қоғамдық мүдделері болуына байланысты басқа мақсаттар үшін барлық суды немесе бөлімдерін қайта бөлу жоспарланады.   Мемлекеттік су әкімшілігі қолданыстағы рұқсатпен қарастырылған судың аз көлемін пайдалануға рұқсаттың мерзімін ұзарту немесе суды пайдалануға рұқсаттың мерзімін ұзартуға өтінімді қанағаттандырудан бас тарту бойынша өз шешімінің жазбаша негіздемесін береді.
3. Суды пайдалануға арнайы рұқсат жатқызылатын инвестициялар бойынша шығындарды рұқсат қызметінің бастапқы мерзімі қалпына келтірмейтіндігін рұқсат иесі дәлелдейтін жағдайларда Қырғыз Республикасы Үкіметімен ұзартылуы мүмкін. Бұл жағдайларда рұқсат иесі Қырғыз Республикасы Үкіметімен бекітілген ережелерге сәйкес мерзімін ұзарту қажеттілігіне негізделетін мәліметтермен ұзартуға өтінімді жолдайды.

30 бап. Суды пайдалануға рұқсатты тапсыру

1. Суды пайдалануға рұқсаттың иесі және суды пайдалануға арнайы рұқсат иесі суаруға қатысты рұқсаттан басқа, бөгде адамға рұқсатты тапсыра алады.
2. Суару үшін суды пайдалануға рұқсат осы баптың 3 тармағына сәйкес қана берілуі мүмкін.
3. Суару үшін суды пайдалануға рұқсаттың иесі, жер учаскесін сатады немесе рұқсаттың қатысы бар жер қатынастарында өзінің мүдделерімен өкілеттік етеді, оған рұқсат жатқызылады, Мемлекеттік су әкімшілігіне рұқсаттан бас тартуы немесе жаңа иесіне тапсыруға не болмаса жер иесіне тапсырылуы мүмкін.
4. Егер жаңа иесі немесе пайдаланушы екі ай ағымында келісім жасағаннан кейін рұқсатты Мемлекеттік су әкімшілігінде қайта тіркелгенде тапсырылған рұқсат жарамды болып табылады.
5. Рұқсаттың иесі қаза болғанда немесе қызметі тоқтатылған жағдайда оның мұрагері немес құқықтық мұрагері суға құқық берген күннен екі ай ағымында суды пайдалануға рұқсатты Мемлекеттік су әкімшілігінен қайта тіркеуден өтуге міндетті.

31 бап. Суды пайдалануға рұқсатты беруге, өзгертуге, жаңартуға және тіркеуге әкімшілік төлем

1. Суды пайдалануға арнайы рұқсатты қоса суды пайдалануға рұқсатты беруге, өзгертуге, мерзімін ұзартуға және тіркеуге әкімшілік төлем Мемлекеттік су әкімшілігімен өтеледі.
2. Суды пайдалануға арнайы рұқсатты қоса суды пайдалануға рұқсатты беру, өзгерту, мерзімін ұзарту және тіркеуге әкімшілік төлем көлемі жариялау бойынша негізделген шығынды қоса, сәйкес өтінімдерді қарауға жауапты мемлекеттік органдар мен Мемлекеттік су әкімшілігінің нақты әкімшілікі және басқада шығындардың есебімен Қырғыз Республикасының Үкіметімен анықталады.

32 бап. Суды пайдалануға рұқсатты тіркеу

Мемлекеттік су әкімшілігі тіркеуді жүргізуге міндетті, оған енеді:
- осы Кодекске сәйкес берілген суды пайдалануға барлық рұқсаттың ұқсас мазмұны;
- жаңа рұқсаттарға немесе қолданыстағы рұқсаттарды өзгертуге қатысты барлық берілген өтінімдердің ұқсас мазмұны;
- рұқсат шартына сәйкес Мемлекеттік су әкімшілігіне рұқсат иесі жолдаған мониторинг бойынша кез-келген ақпарат;
- суды пайдалануға рұқсат иесі суды жеткізуші болып табылған жағдайда рұқсатқа қатысты суды жеткізуге барлық келісімдерді ұқсас мазмұны;
- рұқсатқа қатысты мемлекеттік су инспекциясымен салынған барлық айыппұл мен тұрақсыздықтың ұқсас мазмұны.

5 ТАРАУ. СУДЫ ЖЕТКІЗУГЕ КЕЛІСІМШАРТ НЕГІЗІНДЕ СУДЫ ПАЙДАЛАНУ

33 бап. Суды жеткізуге келісімшарт

1. Суды жеткізушімен тікелей сумен жабдықталатын суды пайдаланушылар осы тараудың ережелеріне сәйкес келісімшартты жасау мәселесі жөнінде хабарласуына болады.
2. Осы баптың 1 тармағына сәйкес өтінімді алғанда суды пайдаланушылар қауымдастығы, өнеркәсіптік кәсіпорындар немесе муниципалды органдар, қалада және басқада жергілікті мекендерде суды беруге жауаптылардан суды жеткізуші суды жеткізуге олармен келісімшарт жасалуы тиіс.
3. Осы баптың 1 және 2 тармақтарына сәйкес өтінімді алғанда кез-келген басқа су пайдаланушылардан суды жеткізуші суды жеткізуге олармен келісімшарт жасайды, бірақ ол «Суды пайдаланушылар бірлестігі (қауымдастығы) туралы» Қырғыз Республикасы Заңына сәйкес суды пайдаланушылар қауымдастығымен қызмет көрсетілетін аймақта орналасқан жерді пайдаланатын немесе иеленетін адаммен суды жеткізуге келісімшарт жасай алмайды.

34 бап. Суды жеткізуге келісімшарт қызметінің мерзімі және олар бойынша суға құқықты белгілеу

1. Суды жеткізуге әр келісімшарт он бес жыл мерзімге жасалады; суды пайдаланушы өтініміне сәйкес ол басқа қысқа мерзімге жасалмайды.
2. Әр келісімшартта суды пайдаланушылармен суды жеткізуге жоғарғы және төменгі құқықтары айтылады.
3. Суға жоғарғы құқық астында суды пайдаланушы суды жеткізушіге алу үшін хабарласуы мүмкін, су ресурстарынан жоғарғы жылдық су көлемі көрсетіледі.
4. Суды жеткізуге төменгі құқық астында төтенше жағдайларға байланысты немесе құрғақшылық немес аз сулылыққа байланысты осы Кодекстің 27 бабына сәйкес өзгертілмеген немесе тоқтатылмаған суды жеткізушіге суды пайдалануға берілген рұқсат жыл сайын суды жеткізуші суды пайдаланушыға беруі тиіс төменгі су көлемі көрсетіледі.

35 бап. Суды жеткізуге келісімшарт бойынша суға құқықтарды анықтау

1. Суды жеткізуге әр келісімшартқа қатысты суды жеткізуге жоғарғы құқық және төменгі құқық жеткізушімен анықталады және келесі белгілерге сәйкес келеді:
- ирригациялық жүйелерден, су шаруашылығы имараттарынан немесе ауыз сумен қамту жүйелерінен су пайдаланушы немесе оның мұрагері пайдаланған нақты су көлемімен ирригациялық жүйелер, су шаруашылығы имараттары немесе ауыз сумен қамту жүйелерінің жобалық параметрлері есебімен және соңғы жиырма жыл немесе одан ұзақ кезеңдегі мәліметте айқындалған;
- суды пайдаланушымен өтінілген су көлемі;
- ұқсас мерзімге сол ирригациялық жүйеден барлық суды пайдаланушымен, суды жеткізушімен немесе оның мұрагерімен жеткізілген жиынтықты жылдық су көлемі;
- сол ирригациялық жүйенің немесе су шаруашылығы имарттарынан суды жеткізушіден суды алатын басқада суды пайдаланушылардың қолданыстағы құқықтары.
2. Әр ирригациялық жүйе немесе су шаруашылығы имараттары үшін әр суды пайдаланушыға суды жеткізуге жоғарғы құқық пен төменгі құқық өткен жылдарға – жиырма жылдан артық кезеңге құжаттар мен мәліметтердің болу негізінде анықталады.
3. Өткен жылдарға – өткен жиырма жылға суды пайдаланушымен немесе оның мұрагерімен суды алуын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, сондай-ақ жаңадан салынған немесе жиырма жылдан бұрын салынған суды пайдалану нысандарының иелері мен пайдаланушылардың суға жоғарғы құқық және төменгі құқық Мемлекеттік су әкімшілігімен бекітілген нұсқаулық негізінде анқталады.

36 бап. Суды пайдалануға келісім бойынша суды бөлу

1. Суды жеткізуге келісімде ескерту уақыты анықталуы тиіс, оған әр суды пайдаланушы келесі жыл ағымында пайдалану үшін жоспарланған, сондай-ақ суды жеткізу ұсынығлан кестесі, су көлемі туралы жеткізушіге хабарлауы тиіс.  Суды пайдаланушы суды жеткізуге жоғарғы құқығына дейін су көлемін немесе аз көлемін өтінуге сұраныс беруі мүмкін.
2. Есркету алғаннан кейін төрт апта ағымында суды жеткізуші бар гидрометеорологиялық ақпарат негізінде анықтайды:
- келесі жылда су шаруашылығы имаратында немесе әр ирригациялық жүйеде жоспарланған жалпы су көлемінің болуы;
- олардың ескертуінде көрсетілген сұратылған көлемде әр суды пайдаланушыға суды жеткізу мүмкіндігі.
3. Осы баптың 2 тармағына сәйкес анықталған ирригациялық жүйеде жоспарланған судың болуы, сұратылған су көлемінде барлық суды пайдаланушылардың тұтынушылығын қанағаттандыруы мүмкін, онда суды жеткізуші суды жеткізу және оған төлем жүргізу кестесін қоса берумен суды жеткізуге жыл сайынғы шартты әр суды пайдаланушымен жасауы тиіс.
4. Осы баптың 2 тармағына сәйкес анықталған ирригациялық жүйеде жоспарланған су көлемі суды пайдаланушымен сұратылған су көлемдерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болғанда, онда суды жеткізуші пропорционалды негізде суды беру көлемін төмендету, суды жеткізуге келісімі бар әр суды пайдаланушыға ұсынуға тиіс.
5. Суды беру көлемін жоспарланған төмендету туралы суды пайдаланушыларды ескерткеннен кейін суды жеткізуші бір ирригациялық жүйеден немесе су шаруашылығы имаратынан суды алатын әр суды пайдаланушымен суды жеткізу кестесін келісуі тиіс.
6. Егер суды жеткізуге жыл сайынғы шартты жасаудан кейін гидрометерологиялық ақпарат нақтыланады және жыл сайынғы шарттар бойынша жеткізудің жиынтық көлеміне сәйкес сол келмейтін ирригациялық жүйеде немесе су шаруашылығы имаратында судың жалпы көлемінің болғанда, онда суды жеткізуші әр суды пайдаланушымен келісу бойынша суды жеткізу жаңа кестесін және оған төлемді қоса берумен жыл сайынғы шартқа өзгеріс енгізеді.
7. Жыл сайынғы шарт жасаған кезде жеткізілген су көлемін төмендету қарастырылады, онда жеткізуші Мемлекеттік су әкімшілігімен бекітілген нұсқамаға сәйкес пропорционалдық негізде осы жүйе шарттарының иелері арасында суды таратуға міндетті.

37 бап. Суды пайдаланушылар өтініші бойынша суды қосымша жеткізу

1. Суды пайдалануға келісім иесі суға жоғарғы құқықтан асатын су көлемін жеткізуге су жеткізушісін сұрайды.
2. Су жеткізуші суды жеткізуге жоғарғы жеткізуде

Пред.678910След.
скачать работу

Қырғыз Республикасының Су Кодексі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ