Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қырғыз Республикасының Су Кодексі

ерілген қызмет;
- рұқсаттың иесі алуға, жинауға, бұруға және пайдалануға құқы бар судың көлемі, немесе тіркелген көлемде, не болмаса ағыннан үлесте;
- осы Кодекстің 86 бабында 2 тармағында анықталған шарт, қиыршық тасты және басқада материалдарды алуға рұқсат жағдайында;
- кейін ағыс көлемі, кейін ағысты бұру орны мен оның болуы;
- суды пайдаланатын мақсаты;
- суаруға суды пайдалану жағдайына жататын жер алаңы;
- рұқсаттың қызмет мерзімі;
- Су жөніндегі Ұлттық кеңестің ұсынысы бойынша Қырғыз Республикасының заңнамасымен бегіленген басқада шарттар.
2. Суды пайдалануға әр рұқсат келесі жалпы талаптарды мазмұндайды, ол бойынша рұқсат иесі тиісті:
- қоршаған ортаға зиян келтірмей және ластауды болдырмай нақты мақсаттарға суды тиімді пайдалануға;
- суды пайдалануға рұқсат берумен байланысты барлық шығындарды төлеуге;
- Мемлекеттік су әкімшілігі талаптарына сәйкес су көлемін өлшеу үшін имараттар немесе құралдарды орнатуға рұқсат беру немесе орнату;
- Мемлекеттік су әкімшілігінің талаптарына сәйкес дренажды және кері ағынды қоса, пайдаланылған су көлемінің есебін жүргізу;
- Мемлекеттік су әкімшілігіне суды пайдалануға рұқсатқа жататын суды жеткізуге келісімшартпен анық ақпарат беруге, егер суды пайдалануға берілген рұқсаттың иесі жеткізуші болған жағдайда осындай келісімшартқа кез-келген өзгерістер мен толықтырулар ұсынуға;
- Мемлекеттік су әкімшілігінің суды пайдалануға қатысты ақпаратты егер бұл су ресурстарын басқару үшін негізделген және қажетті болған жағдайда береді.
3. Суды пайдалануға рұқсат арнайы шарттаны тұруы мүмкін, оған енеді:
- суды пайдалану;
- суару жағдайында жер асты сулары деңгейіне қатысты талаптарды сақтау;
- суды пайдалануда маусымды немесе уақытша өзгерістер;
- аумақтық ластану әсерін төмендететін шаралар;
- қоршаған ортаны қорғау бойынша қосымша шаралар;
- Қырғыз Республикасы Үкіметімен қажеттілігі анықталған басқада арнайы шарттар.
4. Ауыз су мақсаты үшін суды алуға және жеткізуге берілетін суды пайдалануға рұқсат беру рұқсат иесін «Ауыз су туралы» Қырғыз Респубикасы Заңына сәйкес санитарлық-гигиеналық және қаржылық талаптарды сақтау қажеттілігінен босатпайды.

26 бап. Суды пайдалануға рұқсат алуға өтінім және оны іріктеу

1. Суды пайдалануға рұқсатты алуға өтінім Мемлекеттік су әкімшілігіне жазбаша түрде беріледі.  Суды пайдалануға әр өтінім стандартты түрде беріледі, онда мазмұндалады:
- өтінім жатқызылатын жоспарланған пайдалануға саралама сипаттама;
- жоспарланған пайдалануға жататын су шаруашылығы имараттары немесе басқада жабдықты орналасуымен жоспарланған пайдаланудың орналасқан орнын сипаттау және жоспар;
- Қырғыз Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайда экологиялық сараптау;
- пайдалану үшін тұтынатын судың көлемін, сондай-ақ дренаждық және ағынды суларды бұру және кері ағыс көлемін сипаттау;
- пайдаланылатын және бұрылатын судың көлемін есептеу ұсынылған өлшем бірліктерін сипаттау.
2. Өтінімді алған күннен 30 күн ішінде Мемлекеттік су әкімшілігі өтінімге қатысты учаскеге зерттеу өткізуі тиіс, кейін жергіікті бұқаралық ақпарат құралдарында өтінім туралы хабарландыруды жариялайды. Учаскені зерттеу және жариялау бойынша негізделген шығындарды өтініш иесі төлейді.
3. Басқада заңды немесе жеке тұлғалардың құқықтарына зиян келтіретін немесе бұзатын суды пайдалануға өтінім хабарландыру жарияланғаннан кейін 30 күн ішінде Мемлекеттік су әкімшілігіне арыздануы мүмкін.
4. Өтінімдерді қарау және іріктеу барысында Мемлекеттік су әкімшілігі келісуді өткізуі тиіс:
- қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен;
- егер өтінім жер асты суларын пайдалануға немесе қиыршық тас және басқада материалдарды алуға қатысты болса, гидрогеология бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен;
- орманды қорытудан басқа барлық жағдайларда уәкілетті мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органмен.
Осындай келісімдер үшін Қырғыз Республикасының Үкіметі үрдістерді анықтайды.
5. Суды пайдалану су нысандарына қалдықтарды, ағынды суларды және ластаушы заттарды тастаумен беттескен жағдайда суды бұруға рұқсат және жаңадан суды пайдаланушылар үшін суды пайдалануға рұқсатпен бір уақытта рәсімделеді. Барлық жағдайларда суды пайдалануға рұқсат алуға берілген өтінімдер осы баптың ережелеріне сәйкес осы Кодекстің 52 бабының ережелеріне сәйкес суды бұурға рұқсат алуға берілген өтінімге сәйкес келуі тиіс.
6. Мемлекеттік су әкімшілігі суды пайдалануға арнайы рұқсаттан басқа осы баптың тармағына сәйкес суды пайдалануға рұқсатқа әр өтінімді іріктеуді өткізеді.
7. Мемлекеттік су әкімшілігі осы баптың 8 тармағына сәйкес суды пайдалануға арнайы рұқсатты беру үшін Қырғыз Республикасы Үкіметіне қарау және іріктеу үшін жазбаша қорытындымен Қырғыз Республикасы Үкіметіне әр төтінімді береді.
8. суды пайдалануға арнайы рұқсат немесе суды пайдалануға рұқсат алуға әр өтінім қарастырылады, есебімен:
- Ұлттық су стратегиясы;
- жеткілікті су ресурстарының саны болуы;
- халықаралық құқық бойынша Қырғыз Республикасының міндеттері мен сәйкес бассейндік жоспарда суды бөлу;
- суды пайдалану бойынша белгіленген басымдылықтар;
- басқада суды пайдаланушылармен суды пайдалануға қолданыстағы құқы және суды пайдалануға рұқсат беру жағдайында ;
- Қырғыз Республикасының замнамасымен қарастырылған қоршаған ортаға әсер етуін бағалау немесе кез-келген экологиялық сараптама мазмұны;
- өтінімге кез-келген жазбаша қарсылық;
- осы Кодекстің 64 бабында анықталған судың төменгі экологиялық ағын жағынан су нысандарына экологиялық талаптар.
Суды пайдалануға жаңа рұқсатты алуға әр өтінімді қарастыруда осы Кодекстің 28 бабында анықталған жағдайлардан басқа, осы Кодекске сәйкес берілген суды пайдалануға қолданыстағы рұқсат бойынша адамдардың құқықтарын шектеу рұқсат етілмейді.
9. 30 күн ішінде Қырғыз Республикасының Үкіметі суды пайдалануға арнайы рұқсат алуға өтінімді қарастырғанда және суды пайдалануға рұқсат алуға өтінімді қарастырған кезде суды пайдалануға рұқсат алғанда өтінімді қарастырған кезде Мемлекеттік су әкімшілігі жазбаша түрде өзінің шешімі туралы (келісу немесе бас тарту) өтініш иесіне хабарлайды.  Бас тарту дәлелденуі тиіс.
10. Суды пайдалануға рұқсатқа өтінімнен бас тартылған жағдайда, суды пайдалануға арнайы рұқсаттан басқа, шешімді қайта қарау туралы Мемлекеттік су әкімшілігінің басшысына өтініш иесі жазбаша өтініш беруі тиіс; қайта қарау өтінішті алу бойынша 60 күн ішінде өтуі тиіс. Қайтадан бас тарту кезінде жазбаша негіздеме беріледі.

27 бап. Суды пайдалануға рұқсатты уақытша тоқтату және рұқсатты өзгерту

Суды пайдалануға рұқсат және арнайы суды пайдалануға рұқсат мына жағдайларға сәйкес Қырғыз Республикасы Үкіметімен және Мемлекеттік су әкімшілігімен уақытша тоқтатылуы және/немесе өзгеруі мүмкін:
а) құрғақшылық немесе аз су кезінде;
б) рұқсат иесінің рұқсат шарттарын бұзған жағдайда;
в) рұқсат иесінің өтініші бойынша;
г) «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қырғыз Республикасының Заңына немесе осы Кодекстің 70 бабына сәйкес төтенше экологиялық жағдайды немесе экологиялық зілзаланы жариялаған жағдайда.

28 бап. Суды пайдалануға рұқсатты уақытша өзгерту немесе жоққа шығару

1. Суды пайдалануға рұқсатты уақытша өзгертіледі немесе жоққа шығарылады:
а) сәйкес бассейндік жоспарлармен және қоғамдық мүдделерге сәйкес басқа мақсаттар үшін суды қайта бөлу қажеттілігі жағдайында;
б) уақытша тоқтатылған немесе өзгертілген рұқсаттың қызмет мерзімі өтуіне және шартын рұқсат иесімен сақталмаған жағдайда;
в) осы Кодекстің 30 бабын бұзумен рұқсатты берген жағдайда;
г) рұқсат иесінің өтініші бойынша;
д) рұқсат берілген суды үш жыл қатарына пайдаланбаған жағдайда;
е) рұқсат иесінің қызметін тоқтатқан немесе қаза болған жағдайда;
ж) осы Кодекспен анықталған жауапкершілікке рұқсат иесін тартқан жағдайда.
2. Суды пайдалануға рұқсат Мемлекеттік су әкімшілігімен жоққа шығарылуы немесе уақытша өзгертілуі мүмкін. Суды пайдалануға арнайы рұқсат Қырғыз Республикасының Үкіметімен жоққа шығарылуы немесе уақытша өзгертілуі мүмкін. Арнайы суды пайдалануға рұқсатты қоса суды пайдалануға рұқсатты жоққа шығару немесе уақытша өзгерту туралы шешім соттық тәртіпте арыздануы мүмкін.
3. Суды пайдалануға рұқсатты өзгерту туралы өтінімге Қырғыз Республикасының Үкіметімен бекітілген ережесімен анықталған барлық қажетті ақпарат, өтінімді қарауға шығындарды төлеу туралы түбіртек қоса беріледі.
4. Егер рұқсат иесі суды жеткізуші болып табылғанда, Мемлекеттік су әкімшілігі рұқсатты жоққа шығару немесе өзгерту алдында суды пайдалануға рұқсатқа қатысты суды жеткізуге барлық келісімшарттарды ескеруі тиіс. Осы баптың 1 тармағындағы «б», «г», «д», «е», «ж» тармақшаларына сәйкес рұқсатты жоққа шығару туралы шешім қабылдаған жағдайда, Мемлекеттік су әкімшілігі немесе Қырғыз Республикасының Үкіметі осы суды алуға келісімшарты бар бір немесе бірнеше адамға, немесе олардың үміткерлеріне тиісті рұқсат тапсырылуы мүмкін.
5. осы баптың 1 тармағының «а» тармақшасына сәйкес рұқсатты жоққа шығару немесе уақытша өзгерту жағдайында:
- рұқсат иесіне баламалы су көзінен эквиваленттік су көлеміне жаңа рұқсат берілуі тиіс;
- немесе баламалы су көзі болмаған жағдайда өтемақы төленеді
Өтемақыны төлеу Қырғыз Республикасының Үкіметімен бекітілген ережелер негізінде жүзеге асырылады.
6. Өтемақы сомасы тараптар арасында келісілмеген жағдайда іс сот тәртібінде шешіледі. Рұқсат иесі суды жеткізуші болған жағдайда рұқсатқа қатысты суды жеткізуге келісімшарттар иесі, егер олар басқа су көзінен қамтамасыз етілм

12345След.
скачать работу

Қырғыз Республикасының Су Кодексі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ